Жоспар 1 Кіріспе


ΙΙ тарау . Заңды тұлғалардың жауапкершілігі



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі278.5 Kb.
#133830
1   2   3   4

ΙΙ тарау . Заңды тұлғалардың жауапкершілігі.

2.1 Коммерциялық ұйымдардың құрылуы және жауапкершілігі

Коммерциялық ұйым дегеніміз өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс келтіруді көздейтін заңды тұлға болып табылатды. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.

_Өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік қоғам болып танылады. Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады.

Мемлекетік кәсіпорынға:1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген;

2) Оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады.

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу азаматтық айналымда құқықтық дербес субьектісі ретінде қатысу, жеке тұлғаға ғана емес. Заңды тұлғаларға да тән. Занды тұлға азаматтық құқыктық заңмен танылған бірыңғай субьектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде занды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекетпк заңды тұлғалардың маңызы, мәні, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың анторлары заңды тұлға ииституты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның, мән-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С.О. Аскназий "мемлекеттік ілімнің" анторы. Ол былай деп айтқан:"мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді де өзі ұстайды. Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған "егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой" деген айтады. Академик А.В. Венедиктон "ұжым ілімін" алға тартты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік занды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген:

а) мемлекет атынан барлық халық;

ә) аталмыш заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкерлерінің ұжымы. Ал, ғлым Д.М.Генкин "әлеуметтік ақиқат" теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихы-экономикалык, заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профсссор Ю.К. Толстой "директор ілімін" алға тартты. Оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші- директоры болып табылады.

Азаматтық құқықтандыруда О.А.Красавчиковтың "әлеуметтік байланыстар ілімі", А.А.Пушкиннің "ұйымдастыру ілімі",

Е.А. Сухановтың "мақсатты мүлік" тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп заң тұлғаға "адамдардың қатысы жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда анторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның біріндс бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісіндс адамдардың әрекеті осы институтпен (саламен) реттеледі, үшіншісіндс адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады. Кейбір анторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысты, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін "жасырын" атқарушы тұратындығын дәлелдемек болады. Бұл мәселе туралы Батыс Еуропа әдебиетіндс де әртүрлі теориялық көзқарастар кездеседі. Мәселен, К.Ф.Савиньи "Фикция теориясының" негізін қалады. К.Ф.Саниньи көзқарасы бойынша, шын мәнінде құқық субъектісінің қасиетін тек адам ғана еншілей алады. Ал заң шығарушы болса заңды тұлғаның сыртында оны белгілейтін адамдық тұлғаның қасиеті тұрғанын мойындайды. Сондықтан да заң шығарушы заңдық фикцияға жүгінеді, абстракциялық түсінік ретінде құқықтың ойдан шығарылған субьектісін алға тартады. Ал неміс ғалымы Гиркс болса, "органикалык теорияның" тұжырымын ұсынып, заңды тұлғаны адам тұлғасымен салыстырады. Бұл орайда оны дербес құрылым деп қарайды.

Б.э.н. II-I-ғасырдың өзіндс Рим Рсспубликасының заңгерлері: Азаматтық айналымда бөлінбейтін оқшау мүлікті иеленетін ұйымның құрылуы туралы мәселелер қаралды. "Заңды тұлға" Рим заңгерлеріне белгісіз болғаны белгілі, және оның мәні олармен зерттелген жоқ, ерекше ұйым есебінен жеке құқык, субьектісі шеңберін кеңейту туралы идея солардікі болғандықтан біз Рим құқығына міндеттіміз. Орта ғасырда Рим құқығының догматтарына заңды тұлғаның шығуы оларға әсерін тигізді. Глоссатр мен посиглосатр дамып жатқан шаруашылықтың қажетілігін бейімдеуге тырысты. Осы ғасырда және жаңа заманда заңды тұлға құрылысы іс жүзінде кең өріскс ис болды. Германиядағы Фуггер сауда үйі, Генуэзадағы Қасистті Георгия банкі, ағылшын және голлан "Ост-Вест Үнді" компаниясы сауда кәсіпорындарында "күрделі істерді ұжымдық жүргізу техникасы" өндірілді,

XIX ғасырда Азаматтық жәнә Сауда кодекстерінің шығуына заңды тұлғалардың қатысуын олардың жинақталған нәтижссін реттейтін қатынас зор орын алды. XIX ғасырлар ортасы мен аяғында экономиканың қарқынды дамуы заңды тұлғалар туралы ғылымның дамуына қатты септігін тигізді.

ҚР-ның 1994 жылы 24 желтоқсанда қабылданған АК-сі заңды тұлғаға мынадай түсінік берген: "меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.''



Заңды тұлға көптеген қоғамдық және шаруашылық қызмет саласында пайда болады. Бірақ, осы институттың қажеттілігі мен маңыздылығы алдымен мүліктік қатынастың субьектісі заңды тұлғаны кім құрды, содан бөліп қарастыруға жол берумен анықталады. Сонымен қатар, заңды тұлға бұл өзіндік мүліктік құқықтар мен мімдеттердің бөлектелген субьектісі, ереже бойынша оның құрылтайшылары, олардың қарыздарына жауап бермейді. Заңды тұлға құрылтай құрылтайшылары өздеріне қажетті деп есептемейтін кәсіпкерлік сома тәуекелімен шектеуге мүмкіншілігі бар. Мұндай жағдайда заңды тұлға әуелі мүліктік азаматтық -құқықтық қатынастары үшін практикалық мағына береді. Заңды тұлғаның мүліктік бөлінуі қолдануға құқылы мүлікті бекітуі арқылы көрінеді. Бекітудің нысандары әртүрлі. Көп жағдайда бұл нысан меншік құқығы бойынша заңды тұлғаға тиесілі мүлік, Сондықтан заңды тұлға меншік иесі ретінде осы мүлікке қатынасатын барлық құқықтар мен міндеттерге ие болады. Басқа жағдайда заңды тұлғаның мүлкі шаруашылық жүргізу құқына жатады. Осындайлар тек мемлекеттік кәсіпорындар ғана болып табылады. Алайда меншік құқығы бойынша мүлік меншік иесіне тиесілі, кәсіпорынның мүлікке билік етуіне шектеулер бар. Иелену және пайдалану құқығы заңды тұлға өзі толық көлемде сақтайды. Дегенмен кейбір заңды тұлғалар, көбіне мемлекеттік мүлік жедел құқық басқармасында бекітіледі. Мұндай құқықтар билік ету, сонымен қатар шаруашылық жүргізу құқығымен салыстырғанда өте шектеулі. Бірақ, барлық жағдайларда мүлік: а) заңды тұлғаға тиесілі; б) оның өзіндік қызметіне материалдық база ретінде қызмет етеді; в) заңды тұлғаның өзіндік балансымен бекітіледі; г) мүлік (тек заңды тұлғаның жедел құқықтық басқармасында тіркелгендерден басқа) заңды тұлғалардың қарыздарын өтеудің және басқа субьектілермен міндеттемелері бойынша материалдық жауапкершіліктің қайнар көзі ретінде қызмст етеді. Өздерінің міндеттемелері бойынша заңды тұлға өздеріне тиесілі барлық мүлікке жауап береді, яғни тек заттық құқық негізіндс тиесілігі ғана емес, мысалға алсақ, заңды тұлғаларға басқа тұлғалар беретін ақшалар. Заңды тұлға азаматтық айналымда, яғни барлық мүліктік (сонымен қатар мүліктік емес) құқық қатынастарында өз атынан жауап бере алады. Заңды тұлға өзінің жетекшісінің ұйымдастырушысының немесе мемлекеттің атынан ғана әрекет жасай алады. Бұл маңызды тәжірибелік мән (мағына) береді. Сонымен белгілі бір төрелік іс бойынша, совхоз бастығы өз совхозы атынан кепілдік міндет берді деп белгіленеді. Біраз уақыттан соң совхоз басшысы басқа адаммен ауыстырылды. Кепілдік міндетті орындау қажеттілігі туған кезде жаңа басшы өзінен бұрынғы басшы қол қойған кепіл хаттың жарамсыздығы туралы жариялайды. Төрелік сот істі шешу барысында басшы заңды тұлғаның органы болып табылады, ол азаматтық айналым кезінде өз атынан әрекет жасайтынын атап көрсетті, міндеттеме басшыда емес, заңды тұлғада пайда болды, міндеттеме бойынша басшы емес, заңды тұлға жауап береді. Осы бапта заңды тұлғаның өзінің атауы бар мөрі болуы қажет деп айтылған. Мөр аса қажетті жағдайларда, құжат осы заңды түлға да шығарылғандығын растайды. Сондықтан ол заңды тұлғаға азаматтық айналымда жеке белгісі ретінде қызмет етеді. Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқан бірлігі, 2) мүліктік оқшаулығы, 3) дербес мүліктік жауапкершілігі, 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Әрбір заңды-тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән касиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі занды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады. Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіме тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгілененеді. Мүлікті оқшаулық заңды тұлғаның экономикалық-құқықтык белгісі болып табылады, және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Конституциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.

Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз- ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікнен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал меншік иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық кәсіпорындар АК-тің 44-бабының 1-тармағы, 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады. Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін. Бұл АК-те былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі; 2) кооператин міндеттемелері бойынша өндірістік кооператин мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тың 96-бабының 3-тармағы); 3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тың 44-бабының 3-тармагы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тың 94-бабының 2-тармағының 2-ші бөлігі); сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі (АК-тың 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы); 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкерлігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тың 77-бабы 1-тармағы 2-бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік. Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-құқықтық белгісі ол оның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.

ҚР АК-тың 38- бабының 1-тармағына сәйкес заңды тұлғаның оның басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Занды тұлғаның атауы оның құқық субьектісі ретінде дараландыру құралы болып табылады. коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның атауы занды тұлғаны тіркегеннен кейін оның фирмалық атауына айналады. Заңды тұлғаның өзінің фирмалық атауымен занды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік түзіліміне енеді. Фирмалық атау коммерциялық ұйымның тіркелуімен бір мезгілде тіркесуге жатады және интеллектуалдық меншікке қатысты құқықтық ерекше обьектісі болып табылады. Ботен фирмалық атауды меншіктейтін тұлғаның талабымен оны қолдануды дереу тоқтатуға және келтірілген залалдың орнын толтыруға міндетті. Заңды тұлғаның атауы оның қалай аталатынын және ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуді қамтиды. Ол заңдарда көзделген косымша мағлұматты қамтуы мүмкін Заңды тұлғаның тұрған жері іс жүзінде өте маңызды. Занды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жері оның тұрған жері болып табылатынын және заңды тұлғаның тұрған жері құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып көрсетіледі.



2.2 Заңды тұлғалардың жауапкершілігі

Шаруашылық серіктестік туралы жалпы ұғымы.

Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады.

Шаруашылық серіктестіктері толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысанында құрылуы мүмкін.

Қызметі серіктестікке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, инвестициялық және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) ақшасы мен басқа мүліктерін тартуға негізделген ұйымдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес шаруашылық серіктестігі нысанында құрылады.2

ҚР-а шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы ҚР-ң Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және ҚР-ң өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер ҚР-ы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Шаруашылық серіктестіктері нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерінің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері, оны құру мен пайдаланудың ерекшеліктері, мүлкінің құқықтық режимі, шаруашылық қызметін шектеу осы Заңмен қатар арнаулы заң актілерімен реттеледі немесе арнаулы заң актілерімен белгіленген тәртіппен.

Осы Заңда қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін ҚР-ң заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.

Шаруашылық серіктестіктің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері

Толық және сенім серіктестігі

Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақасып жауап беретін шаруашылық серіктестігі толық серіктестік деп танылады.

Толық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері.

Толық серіктестікке қатысушылардың:

Заңда және серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша толық серіктестікті басқаруға, соның ішінде серіктстік алған пайданы бөлуге қатысуға;

толық серіктестіктің қызмет туралы толық ақпарат алуға, соның ішінде серіктестіктің бухгалтерлік және басқа да құжаттамасымен танысуға;

егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, толық серіктестіктің мүлкіндегі өз үлесінің мөлшеріне қарай оның қызметінен пайда алуға;

белгіленген тәртіп бойынша толық серіктестіктен шығуға;

толық серіктестік таратылған жағдайда серіктестіктің кредиторлармен есп айырысқаннан кейін қалған мүлкіндегі немесе оның құнындағы өзінің үлесіне сәйкес толық серіктестік мүлкінің бір бөлігін алуға құқығы бар;

Заңда және (немесе) серіктестіктің жаргысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.

Толық серіктестіктерге қатысушылардың Заңға, басқа заң актілеріне және серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкін.

Толық серіктестікке қатысушылар:



  1. толық серіктестіктің құрылтай құжаттарын сақтауға;

  2. толық серіктестіктің қызметіне құрылтай құжаттарында белгіленген тәртіп бойынша қатысуға, соның ішінде серіктестіктің атынан іс жүргізуге немесе қызметін жүзеге асыруда оған көмек көрсетуге;

  3. толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен, тәсілмен және мөлшерде салым салуға;

  4. өз атынан және өз мүддесі үшін серіктестік қызметінің мәні болып табылатын істермен біртектес мәмілелер жасаудан тартынуға;

  5. толық серіктестік құпия деп жариялаған мәліметтерді жарияламауға міндетті;

  6. серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жерінен және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

5. Толық серіктестікке қатысушылар Заңда және басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да міндеттер қабылдай алады.

6. Толық серіктестікке қатысушы Заңда, басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген міндеттерін орындамаса, соның салдарынан серіктестікке немесе оған қатысушыларға зиян келтірілсе, басқа қатысушылар мұндай қатысушыдан зиян өтеуге, ал елеулі зиян келтірген жағдайда оның серіктестіктен сот арқылы шығарылуын талап етуге құқылы. 3

Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетілуге тиіс, онда:


  1. барлық қатысушылардың есімі, сондай-ақ «толық серіктестік» деген сөздер, не болмаса;

  2. «және компания» деген сөздер қосылған, бір немесе бірнеше қатысуышының есімі, сондай-ақ «толық серіктестік» деген сөздер болуы керек.

Толық серіктестіктің қатысушылары жарғылық қор құрады, оның мөлшері қатысушылар жарғылық капиталға үлес қосқан сәтте Қазақстан Республикасында заңдармен белгіленген есептік көрсеткіштің жиырма бес мөлшерінен кем болмауы керек. Толық серіктестіктің жарғылық капиталының мөлшері, оны құрау тәртібі мен мерзімі серіктестіктің құрылтай құжаттарында белгіленеді.

Толық серіктестіктің жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болыа табылады. Толық серіктестіктің ішкі мәселелері жөніндегі шешім барлық қатысушылардың ортақ келісімі бойынша қабылданады. Серіктестіктің құрылтай құжаттарында қатысушылардың көпшілік даусымен шешім қабылданатын реттер де көзделуі мүмкін. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртібі көзделмесе, толық серіктестіктің әрбір қатысушысы бір дауысқа ие болады. Құрылтай құжаттарында қатысушылар ие болатын дауыс санын олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне қарай белгілеу көзделуі мүмкін.

Толық серіктестікті басқаруда ескере отырып толық серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардың құзыры құрылтай құжаттарында белгіленеді. Толық серіктестікке қатысушының өзге қатысушылардың келісуінсіз өз атынан және өз мүдделері немесе үшінші тұлғаның мүдделері үшін серіктестік қызметінің мәнімен біртектес мәмілелер жасауға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серіктестік өз қалауы бойынша мұндай қатысушыдан не серіктестікке келтірілген шығынның орнын толтырылуын, не осындай мәмілелерден тапқан бүкіл пайданы серіктестікке беруін талап етуге құқылы.

Серіктестіктің ісін жүргізу тапсырылған толық серіктестік органдары қатысушылардың талап етуі бойынша олардың бәріне өз қызметі жайында толық ақпарат беріп отыруға міндетті.4

Өкілеттігі болмаса да орталық мүдделер үшін іс-әрекет жасаған қатысушы, оның іс-әрекетін қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер ол, өзінің іс-әрекеті арқасында серіктестік құны жөнінен серіктестік шеккен шығыстардан асып түсетін мүлікті сақтап қалғандығын немесе тиісінше сатып алғандығын дәлелдейтін болса, серіктестіктен өзі жасаған шығыстардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Қатысушы серіктестіктен шыққан, ол банкрот деп танылған немесе серіктестік мүлкіндегі оның үлесін кредитор (кредиторлар) өндіріп алуды қолданған, толық серіктестікке қатысушы қайтыс болған, оны қайтыс болды деп жарияланған, белгісіз жағдайда хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулуі деп танылған жағдайларда, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген немесе қалған қатысушылардың келісімімен белгіленбеген болса, толық серіктестік тоқтатылуға жатады.

Толық серіктестік өз қызметін одан әрі жалғастырған жағдайда, сондай-ақ қатысушының серіктестік мүлкіндегі үлесі басқа қатысушыларға немесе үшінші тұлғаға көшкен, қатысушы серіктестіктен шығарылған, немесе серіктестікке жаңа қатысушылар қабылданған жағдайларда, құрылтай құжаттарында тиісті өзгерістер енгізіле отырып, толық серіктестік қайта тіркелуге тиіс.

Толық серіктестікке қатысушы серіктестікке қатысудан бас тартатыны жайында мәлімдеп, одан шығуға құқылы. Қатысушы толық серіктестікке қатысудан бас тартатынын серіктестіктен нақты шығардан кемінде алты ай бұрын мәлімдеуге тиіс. Бес жылға дейінгі мерзімге құрылған толық серіктестіктен мерзімінен бұрын шығуға дәлелді себептер бойынша ғана жол беріледі. Толық серіктестіктің құрылтай құжаттарында қатысушылардың серіктестіктен шығу туралы арыз беруінің осы бапта белгіленгеннен өзгеше мерзімі көзделуі мүмкін. Серіктестікке қатысушылардың серіктестіктен шығу құқығынан бас тарту туралы өзара келісімі жарамсыз болып табылады. Толық серіктестіктен шыққан қатысушыға серіктестік мүлкінің сол қатысушының серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара-бар бөлігінің құны төленеді. Толық серіктестік мүлкінің одан шығатын қатысушыға тиесілі бөлігінің құны қатысушының серіктестіктен шығу сәтіне жасалған серіктестік балансына сәйкес анықталады және қатысушының серіктестіктен нақты шыққан күнінен бастап 30 күн ішінде төленеді. Шығатын қатысушының қалатын қатысушылармен келісуі бойынша толық серіктестік мүлкінің бір бөлігінің құны мүлікті заттай берумен алмастырылуы мүмкін. Шығып кеткен қатысушыға оның сол жылы серіктестікте болған кезеңінде толық серіктестіктің осы жылда алған пайдасының оған тиесілі бір бөлігі де төленеді. Толық серіктестіктің жарғылық капиталына өз салымын ішінара қосқан қатысушыға шығар кезінде, егер құрылтай құжаттары мен қатысушылардың келісімінде өзгеше көзделмесе, оған сол салымның бір бөлігінің құны ғана төленеді. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше белгіленбесе, шығатын қатысушының толық серіктестіктің пайдалануына берген мүлкі сыйақысыз қайтарылады. Қатысушы толық серіктестіктен шыққан кезде құқығы (соның ішінде шартты жер үлесіне құқығы) серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде берілген жер учаскесін нақтылы бөліп шығару Қазақстан Республикасының жер заңдарында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Қатысушы шыққан кезде қалған қатысушылардың толық серіктестік мүлкіндегі үлесі, егер құрылтай құжаттарында немесе қатысушылардың келісуімен өзгеше көзделмесе, ол үлес қатысушы серіктестіктен шыққан күнге белгіленген бастапқы мөлшеріне бара бар ұлғайтылады.

Толық серіктестікке қатысушы өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) қалған барлық қатысушылардың келісуімен ғана серіктестіктің басқа қатысушыларына немесе үшінші тұлғаға беруі мүмкін. Үлес серіктестіктің басқа қатысушысына немесе үшінші тұлғаға берілген жағдайда толық серіктестіктен шыққан қатысушыға тиесілі құқықтар мен міндеттердің бүкіл жиынтығы да ауысады. Серіктестікке қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жарияланған рете, құқығын иеленуші (мұрагері) барлық қатысушылардың келісуімен серіктестікке кіре алады. Толық серіктестікке қатысушылар бір немесе бірнеше қатысушының дәлелді себептер болғанда, атап айтқанда, олар өз міндеттерін өрескел бұзған немесе істі байсалды жүргізуге қабілетсіздігі анықталған жағдайда қалған қатысушылардың бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша, сотқа беру тәртібімен серіктестіктен шығарылуын талап етуге құқылы. Қатысушы шығарылған жағдайда оның серіктестікке келтірген барлық шығыны толық серіктестік мүлкінің оған төленетін бір бөлігінің шығарылған қатысушының басқа мүлкінен өндіріп алынады.

Қатысушының толық серіктестіктегі үлесінен оның жеке борыштары бойынша өндіріп алуды қолдануға борыштарын өтеу үшін оның өзге мүлкі жеткіліксіз болған кезде ғана жол беріледі. Мұндай қатысушының кредиторлары сол мүліктен өндіріп алуды қолдану мақсатында борышқордың серіктестіктің жарғылық капиталындағы салымына бара-бар серіктестік мүлкінің бір бөлігін бөлуін толық серіктестіктен талап етуге құқылы. Серіктестік мүлкінің бөлуге жататын бөлігі немесе оның құны кредиторлардың бөлу туралы талап қойған сәтіне жасалған баланс бойынша анықталады.5 Толық серіктестікке қатысушы әрекетке қабілетсіз немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған кезде серіктестік сақталатын болса онда осы қатысушының қорғаншысы немесе оның мүлкі серіктестіктің қалған қатысушыларының бәрі келіскен жағдайда ғана серіктестік қызметіне қатыса алады. Серіктестіктің барлық қатысушысының осындай келісімі әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған қатысушының серіктестік қызметіне қатысуы үшін де талап етіледі. Әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған қатысушыға, серіктестік немесе сол қатысушының қамқоршысы серіктестік қызметіне қатысудан бас тартқан жағдайда, сол қатысушыға нақ осындай тәртіп бойынша серіктестік мүлкінің бір бөлігінің құны төленеді.

Жаңа қатысушылар толық серіктестікке барлық қатысушылардың келісуі бойынша ғана қабылдануы мүмкін.

Жана қатысушыларды қабылдаған кезде толық серіктестіктің құрылтай құжаттарына мындай: серіктестікке қатысушылар үлесінің жаңа мөлшеріне; серіктестікті басқару тәртібіне; серіктестіктің жаңа қатысушысы салымының мөлшеріне, оны енгізу; тәртібіне, мерзімі мен тәсіліне; жаңа қатысушыны қабылдауға байланысты басқа да қажетті өзгерістер енгізіледі.6

Толық серіктестіктің пайдасы мен шығынын бөлу. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығыны қатысушылар арасында, егер құрылтай шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық қорындағы үлесінің мөлшеріне бара бар бөлінеді.

Толық серіктестікке қатысушылардың әлде біреуін пайда мен шығынды бөлуге қатысудан аластататын келісімдер жарамсыз болып табылады.

Сенім серіктестігі

Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктестімен) ортақтасып жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, жауапкершілігі серіктестіктің (салымшылардың) жаргылық капиталына өздері салған салым сомасымен шектелетін және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына қатыспайтын бір немесе одан да көп қатысушалардаң тұратын шаруашылық серіктестігі сенім серіктестігі деп танылады.

Сенім серіктестігіне қатысатын толық серіктестердің құқықтық жағдайы және олардың серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің қатысушылары туралы ережемен белгіленеді.

Шаруашылық серіктестік туралы Занңың толық серіктестік туралы (10-25 баптар) нормалары сенім серіктестігіне қолданылады, өйткені бұл сенім серіктестігі туралы ережелеріне қайшы келмейді. 7

Сенім серіктестігі салымшыларының құқықтары мен міндеттері. Сенім серіктестігі салымшыларының: серіктестік пайдасының бір бөлігін құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша мүліктегі және жарғылық капиталдағы өз үлесіне бара-бар мөлшерде алуға;

серіктестіктің жылдың есебімен және баланстарымен танысуға, сондай-ақ олардың дұрыс жасалуын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап етуге:

мүліктегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін Заңда және серіктестік құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша басқа салымшыға немесе үшінші тұлғаға беруге;

серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіп бойынша серіктестіктен шығуға құқығы бар;

серіктестіктің қызметі туралы ақпарат алуға;

Сенім серіктестігінің салымшылары:

серіктестіктің құрылтай құжаттарының шарттарын сақтауға:

серіктестіктің құрылтай құжаттарында көзделген тәртіппен тәсілмен және мөлшерде салымдар салуға;

Серіктестіктің құрылтай құжаттарында көрсетілген жағдайларда серіктестің өз қызметін жүзеге асыруына жәрдемдесуге, соның ішінде серіктестікке қызмет көрсетуге міндетті;

серіктестіктің атқарушы органына жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің, заңды тұлғалар үшін атауының және орналасқан жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.

Сенім серіктестігінің салымшысы шаруашылық серіктестік туралы Заңда және басқа заң актілері мен құрылтай құжаттарында көзделген өзінің міндеттерін орындамау арқылы серіктестікке немесе оның қатысушыларына зиян шектірсе, толык серіктестер мұндай салымшыдан оны өтеуді, ал елеулі түрде зиян шектірсе- оны сот тәртібімен серіктестіктен шығаруды талап етуге құқылы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет