Жоспар: Бағалау – білім беру үрдісі


№12.Тақырып: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі



бет18/24
Дата04.10.2023
өлшемі455.12 Kb.
#479809
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24
askarkyzy bagalaudyn olshemdik

№12.Тақырып: Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі


ЛЕКЦИЯ ЖОСПАРЫ



  1. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау

  2. Финляндияда, Сингапурде, Ұлыбританияда бастауыш мектептегі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау.



ЛЕКЦИЯ МАЗМҰНЫ
Оқытудағы және тұтас әлемдегі заманауи қарқынды дамуы кезеңінде, Қазақстан оқытудың дәстүрлі әдістерінің балалар әлеуетінің толық дамуы үшін жеткіліксіз болып отырған факті алдында тұр. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде өмір бойы білім алуға, оқудың барлық деңгейінде сапалы білім алуға жол ашатын білім беру жүйесінің ұлттық моделінің дамуына барынша жағдай жасалғаны аталады. Бастауыш мектепке арналған жаңа стандарт дәстүрлі технологиядан жеке бағытталған сипаттағы оқытуды дамытатын технологияларға ауысуды талап етеді.
Осылайша, дәл осы бастауыш мектепте балалардың дамуын жалғастыру үшін іргелі база салынады. Оқытудың осы кезеңінде балаларды оқуға және сүйсініп оқуға, сыни, шығармашыл, инновациялық және объективті ойлау негіздерін дамытуға үйретуі тиіс. Сондықтан бұл бағыт
тұтас Қазақстандағы білім беру жүйесі үшін басым бағыттардың бірі болып саналады.
Білім беру жүйесі жаһандық білім беру жүйесіне бара-бара интеграциясы үшін кең мүмкіндіктерге ие. Отандық педагогикалық ойды ұғынуға, ашық қоғам жағдайында білім беру саласының және білімдегі интеграциялық үрдістердің келесі дамуына шетелдік тәжірибені талдау мен жинақтау ықпал етеді. Әлемдегі білімнің даму бетбұрыстарын түсіну үшін білім сапасының жоғары деңгейі халықаралық зерттеулермен расталып отырған елдердегі білімнің даму тәжірибесін зерттеу анағұрлым маңызды болып табылады. Білімнің жаңартылған мазмұнын және оқушылар жетістітерін критерийлік бағалауды іске асыру мен имплементациясы (іс жүзінде орындалуы) мүмкін болатын ұтымды шарттарды жобалау үшін әзірлеушілерге отандық және халықаралық тәжірибеде орын алып отырған ұқсас тәжірибеге жүгіну қажет болады.
Бастауыш мектептегі критерийлік бағалауды едәуір терең зерделеу үшін білім саласындағы Финляндия, Сингапур, Ұлыбритания мен Жапония секілді озық елдердегі тәжірибені қарастыруға болады.
Финлияндиядағы бастауыш мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау Финляндиядағы мектеп білімінде бағалауды ұйымдастырудың негізгі факторлары – ішкі,
сыртқы және олардың қатар үйлесімділігіндегі бағалау болып табылады.
Сыртқы бағалаудың мақсаты ретінде мектептердің білім туралы заңдарды іс жүзінде орындауы бойынша қызметін қадағалау, білімнің дамуына қолдау көрсету және білім шарттарын жақсарту шығады. Сыртқы бағалау тұтас білім беру жүйесі және білім беру үрдісінің жеке қырлары туралы ақпаратты білім беру мекемелерінің қызметі, олардың тиімділігі, нәтижелілігі, үнемділігі (білімдегі қажеттілік пен оған сұраныс, мектептегі білімнің түрлі деңгейлеріндегі оқушылардың оқуға түсуі мен санды құрамы; мектептегі білімнің тұтас және жеке бөліктерінің құрылымы мен қызметі; білім сапасы мен қолжетімді құралдар арасындағы байланыс; білім мен қоғам арасындағы арақатынас; оқу жоспарлары мен оқу курстары; оқу жетістіктері және т.б.) туралы түрлі деректерді жинақтау арқылы алуға бағытталған.
Ішкі бағалаудың мақсаты білім беру жүйесінің жағдайы туралы ақпаратты алу, білім беру ортасындағы жағымсыз құбылыстардың дамуына жол бермеуге және оның алдын алуға бағытталған, мектептің болжамдауға жататын өзгерістерінің жүйесін әзірлеу болып табылады. Ішкі бағалау оқу орнының қызметіндегі түрлі аспектілер бойынша өзін-өзі бағалаумен байланысты (емтихандардың нәтижелері, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастардың педагогикалық қырлары, оқу орнының материалдық ресурстары).
Сыртқы және ішкі бағалау қатар үйлесімділігінде жүретін бақылаудың негізгі түрлері келесідей көрініс береді: салыстырмалы бағалау (мектептің негізгі нәтижелерін, тек білімділік емес, дамуға да және белгіленген міндеттерді орындауға да мүмкіндіктерін осы аядағы ұлттық немесе халықаралық нәтижелермен салыстыру); жағдайлық бағалау (белгіленген міндеттердің қаншалықты жақсы шешіліп отырғанын анықтау үшін, мектептердің белгілі түрлерінің қызметін, белгілі бір білімділік секторды немесе тұтас білім беру жүйесін бағалау); тақырыптық бағалау (нақты білімділік пәндерді оқыту сапасын зерделеу, соның ішінде халықаралық деңгейде де); стандартталған бағалау (мектеп оқушыларының білімділік нәтижелерін тест үлгісінде іріктеп зерделеу).
Нақты нәтижелерге Финляндиядағы білім беру ісінің елдегі ішкі саясатта басым болуы алғы шарт ретінде шыққан. Мектептегі білім заманауи жаһандануда және бетбұрыстарда орныққан қағидаттарға және құндылықтарға негізделіп, Финляндиядағы білім өз мақсаты ретінде оқушының жеке тұлғасын, оның өзін өзі таныту, білімге бейімділігі, жылдам бейімделуге қабілеттілігін заманауи өмірдің шынайылығында дамытуды алға тартады. Финдер «не біз өмірге дайындаймыз, не – емтиханға дайындаймыз. Біз біріншісін таңдаймыз», деп айтады.
Өткізілген зерттеулер көрсетіп отырғанындай, Финляндияның біліміндегі бағалау тұжырымдамасы өз ерекшелігіне ие. Бағалау жүйесінің жеке білім беру орындарының оқудағы теріс нәтижелерін іздестіріп, көрсету арқылы емес, оқу орындары мен білімділік саясатын өткізіп отырғандардың арасында үйлесімді қарым-қатынасқа қол жеткізу арқылы білім сапасын көтеруге ықпал ету керектігі атап көрсетіледі.
Бағалау сенім беріп, алға басуға түрті болып, оқу орнының жұмысын жақсы жаққа өзгертуге қабілеттілігіне иландыруы тиіс. Оқу орындары қызметін бағалаудың осындай жүйесінде ынталандыру да, айып кесімдерін қолдануға жол берілмейді. Финляндияның біліміндегі бағалаудың мақсаты – бұл, ең алдымен, түрлі, елдегі оқу орындарының және тұтас мектеп білімі
жүйесінің қызметі туралы өзекті және сенімгерлігі жоғары ақпаратты ұсыну арқылы мұғалімдерге және білім беру мекемелеріне қолдау көрсету. Бағалау нәтижелері, сонымен қатар бағалау үшін қолданылған әдістер мен материалдар қоғам үшін жалпы қол жетімді. Оның нәтижелері Ұлттық оқу жоспарын түзуде ескеріліп, білімділік саясат саласындағы шешімдерді қабылдауға әсерін тигізеді. Осының барлығы ақыр соңында бір мақсатқа- елдегі білім сапасын жақсартуға бағынған.
Финляндиядағы мектеп білімін бағалауды ұйымдастырудың негізгі формалары – ішкі, сыртқы және олардың қатар үйлесімділігі.
Сыртқы бағалаудың мақсаты ретінде мектептердің білім туралы заңдарды іс жүзінде орындауы бойынша қызметін қадағалау, білімнің дамуына қолдау көрсету және білім шарттарын жақсарту шығады. Сыртқы бағалау тұтас білім беру жүйесі және білім беру үрдісінің жеке қырлары туралы ақпаратты білім беру мекемелерінің қызметі, олардың титімділігі, нәтижелілігі, үнемділігі (білімдегі қажеттілік пен оған сұраныс, мектептегі білімнің түрлі деңгейлеріндегі оқушылардың оқуға түсуі мен санды құрамы; мектептегі білімнің тұтас және жеке бөліктерінің құрылымы мен қызметі; білім сапасы мен қолжетімді құралдар арасындағы байланыс; білім мен қоғам арасындағы ара-қатынас; оқу жоспарлары мен оқу курстары; оқу жетістіктері және т.б.) туралы түрлі деректерді жинақтау арқылы алуға бағытталған.
Ішкі бағалаудың мақсаты білім беру жүйесінің жағдайы туралы ақпаратты алу, білім беру ортасындағы жағымсыз құбылыстардың дамуына жол бермеуге және оның алдын алуға бағытталған, мектептің болжамдауға жататын өзгерістерінің жүйесін әзірлеу болып табылады. Ішкі бағалау оқу орнының қызметіндегі түрлі аспектілер бойынша өзін-өзі бағалаумен байланысты (емтихандардың нәтижелері, мұғалімдер мен оқушылардың арасындағы қатынастардың педагогикалық қырлары, оқу орнының материалдық ресурстары). Сыртқы және ішкі бағалау қатар үйлесімділігінде жүретін бақылаудың негізгі түрлері келесідей көрініс береді: салыстырмалы бағалау (мектептің негізгі нәтижелерін, тек білімділік емес, дамуға да және белгіленген міндеттерді орындауға да мүмкіндіктерін осы аядағы ұлттық немесе халықаралық нәтижелермен салыстыру); жағдайлық бағалау (белгіленген міндеттердің қаншалықты жақсы шешіліп отырғанын анықтау үшін, мектептердің белгілі түрлерінің қызметін, белгілі бір білімділік секторды немесе тұтас білім беру жүйесін бағалау); тақырыптық бағалау (нақты білімділік пәндерді оқыту сапасын зерделеу, соның ішінде халықаралық деңгейде де); стандартталған бағалау (мектеп оқушыларының білімділік нәтижелерін тест үлгісінде іріктеп зерделеу).
Бағалау жүйесі төрт негізгі бағыт бойынша нәтижелерді анықтауға бағытталған: 1) оқу орны қызметін өз бетінше бағалау (ішкі бағалау); 2) мектеп оқушысының оқу нәтижелері (ішкі бағалау);

  1. оқу орындарының қызметі туралы түрлі деректерді жинақтау арқылы тұтас білім жүйесінің дамуы туралы ақпаратты алу (сыртқы бағалау); 4) білім беру үрдісінің жеке қырларынан жетістіктер туралы ақпаратты алу (сыртқы бағалау).

Финдік мектепте оқушылар бағамен (балмен) 12 жасына дейін бағаланбайды. Бастауыш мектепте емтихандар өткізілмейді. Әр оқушы өз ырғағымен ілгері қадам басып, дамуда. Баға қою оқушының білімділік жетістіктері жолындағы кедергі деп саналады. Баланың ата-анасы оның жетістіктері туралы ақпаратты жылына екі рет алады, онда баға жоқ, бірақ бала жетістіктерін сипаттау орын алады. Бастауыш мектептің өзінде мұғалім оқушыны өз бетінше бағалауға, ол оны өз ерекшеліктерін түсінуге және өз ресурстарын жақсы оқу нәтижелеріне жету үшін шоғырландыруға үйретеді. 1-5 сыныптар аралығында сөзбен бағалау кең тараған. Бұл кезде оқушымен өз қызметін өз бетінше бағалау үрдісіндегі бастауыш мектептің 1-сыныбынан тұрақты құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушының өз бетінше бағалауының негізгі функциясы – өзін прогрессивті түрде тану және өзінің үнемі оқуға деген қабілеттерін дамыту. Оның мақсаты – оқушыны өз қабілеттерін шындыққа сүйеніп бағалауға, оны өз жетістітерін қадағалауға, оқуда белгіленген мақсаттарын түсінуге, өзіне өз оқуындағы мақсаттарды белгілеуге үйрету. Өз бетінше бағалау жолымен оқушы өз жетістіктерін, өзінің оқу және жұмыс қабілеттерін бақылап, талдауға алады. Бұл жадайда оқушыға мұғалім тарапынан үнемі көмек пен қолдау көрсетіліп отырады [4].
«Жүріс-тұрысын бағалау» финдік негізгі мектебіндегі бағалаудың кешенді жүйесіне енеді. Бұл бағалау оқушының басқа адамдарға және қоршаған ортаға қатынасын, еңбекті қаншалықты бағалайтынын, мектеп қызметін, жалпы қабылданған ережелерді (соның ішінде, мектеп тік) құрметтейтінін ескереді. Білімділік құндылықтардың арасында мектеп құжаттамасында аталатындары: тіршілікті сүюі; тұрақты даму; бастамашыл, шығармашыл және сындарлы рухы; командада жұмыс жасау және әріптестік рухы; адамдар арасындағы айырмашылықтарды және т.б.
оң әсермен қабылдау. Финдік мектептің тәрбиелік тұжырымдамасында оқушымен өзінің бойында бірқатар қасиеттерді дамытудың мақсаты белгіленеді, соның ішінде:

    • Адал және сенімге лайықты болу.

    • Өзгелерді құрметтеу.

    • Әркімнің құқығын құрметтеу.

  • Әділ болу.

  • Әріптестік және жалпы жауапкершілік сезімдеріне ие болу.

  • Байсалды жұмыс ырғағын қолдап отыру.

  • Қызметшіл ілтипатты болу.

  • Алғыр және серпінді болу.

  • Жұмыстағы қоршаған ортаға және өмірге жауапты қатынас жағын қабылдау.

  • Мектеп жұмысының барлық міндеттері мен міндеттемелерін саналы қабылдау.

  • Мектептегі сабақтарға ұдайы қатысып жүру.

  • Өзінің меншікті қауіпсіздігіне және мектептегі қоғамдастықтың басқа да мүшелерінің қауіпсіздігіне ыпал ету.

Оқушының жүріс-тұрысына бағаны нақты оқушының білім алу үрдісіне қатысатын барлық мұғалімдер береді. Бұл баға балдар түрінде (4-тен бастап 10-ға дейін) ағымды оқу жетістіктерінде көрініс тауып, қорытынды сертификатта да (оқуды аяқтағанда), аралық сертификатта да (оқушы мектептен өз еркімен кеткенінде) тіркелмейді [5].
Бағалау сұхабы және өз бетінше бағалау.
Жыл бойында мұғалім, әдеттегідей, белгіленген мақсаттарға және міндеттерге жету оқушымен қаншалықты сәтті орындалғанын талқылау үшін, ата-аналармен және оқушымен бірнеше рет жолығады. Кездесулердің барысында оқушы алда қол жеткізуге ұмтылуы қажет болатын келешек мақсаттар да ойластырылуы мүмкін. Ата-ана тарапынан қолдау көру оқушы үшін өте маңызды. Бағалау, сонымен қатар, оқушы тарапынан өз жүріс-тұрысын және үлгерімін өз бетінше бағалауын да құрайды. Өз бетінше бағалаудың нәтижелері жазбаша түрде тіркеліп, оның ата-анасына көрсетіледі. Үлгерім туралы куәліктер мен өзге де құжаттарды көктемде, оқу жылының аяқталысымен оқушы оқу жылы бойындағы үлгерімі туралы куәлік алады. Одан өзге, жыл бойында үлгерімнің аралық табельдері беріледі.
Балл түріндегі бағалар (4-тен бастап 10-ға дейін) тек 6-сыныпта пайда болады. Пәнді толық білмеуі «4» балымен бағаланады. Бұл оқудың толық курсын қайталап өту қажеттігін білдіреді. «4» саны кездейсоқ таңдалған жоқ: негізгі мектептегі бағалаудың финдік жүйесінде «0» мәнімен берілетін баға арқылы баланың абыройын, намысын түсіруге болмайды. Түрлі балдар білімнің белгілі деңгейіне сәйкес келеді: 7 балл – орташа нәтиже, 8 балл – жақсы нәтиже, 10 балл – үздік нәтиже. Негізі мектептегі бағалар орта мектептің жоғары – жалпы білім беру немесе кәсіби бағдарлы сыныптарына оқуға түсу үшін негізгі фактор болып табылады. Жоғары сыныптарда да бағалар сол балмен қойылады (4-тен бастап 10-ға дейін), бірақ бұл кезде бағалау жиілігі өзгереді. Бағалау сынақ аптасы түрінде әр 6 апта сайын өткізіледі оның барысында оқушы тесттерді бірнеше уақыт бойында жазады (9.00-ден бастап 12.00-ге дейін). Орта мектептің соңында оқушылар зерделеніп отырған пәні сабақтарының 2/3 мазмұны бойынша өзінің жетістіктерін дәлелдеу керек, бұл орта мектепті аяқтағаны туралы сертификат алу үшін қажет болады. Осы емтихандардың барысында бағалаудың басқа шкаласы («0» балдан бастап – қанағаттанарлықсыз, 7 балл - «үздік нәтиже») қолданылады. Сәтсіз аяқталып, сынақта «0» балл алған жағдайында, оқушылар нақты пәнді зерделеуді қайталауға немесе белгілі мерзімде қайта емтиханнан өту мүмкіндігіне ие.
Осылайша, зертету көрсеткеніндей, Финляндиядағы мектеп білімі білім сапасын арттыруда бағалау ең маңызды рөл атқаратын айқын жүйені білдіреді. Бағалау оның көмегімен білім беру жүйесінің жағдайын, дамуындағы бетбұрыстарын, келешекте белгілі педагогикалық түзетулерді талап етуі мүмкін болатын нәтижелерін көрсететін қажетті ақпарат жинақталатын реттеуші құрал болып табылады. Сыртқы және ішкі бағалау нәтижелерінің ашық және қол жетімді болуы оларды басылым нұсқасында да, Интернет желісінде де жариялау арқылы орындалады. Бағалау нәтижелері туралы ақпарат білімді басқарудың жоғары органдарымен елдегі білімнің стратегиялық дамуы және білімділік реформаларды өткізу үшін де, педагогикалық ұжымдармен, жеке мұғалімдермен өзінің педагогикалық қызметін жетілдіру үшін де қолданылады.
Финляндия мектебіндегі оқушылар жетістігін бағалаудың уәжді функциясын да атап өткен
жөн, ол оқушы мен оның ата-аналарының назарын оқушының не білетініне және не істей алатынына аударады. Жетістіктерді бағалау оқушының оң бейнесін, ең алдымен, оның өзі үшін қалыптастыру үшін қызмет етеді, бұл оны жаңа оқу міндеттерін орындауға ынталандыруы мүмкін . Осы жағдайда бағалау өзінің жарысу сипатынан айырылып, ынталандырушы құралға айналады. Бағалаудың осындай нысанында сыныптағы күйзеліс пен алаңдаушылық жоқтың қатарына жетеді. Негізгі мектепті аяқтағанға дейін стандартталған тесттер мен емтихандардың жоқтығы мұғалімдерге ең алдымен балаларды өз бетінше білім алуға және оларды өз жетістіктерін өз бетінше бағалауға үйрету мақсаттарын белгілеп, бағаларды баяу және оң әсермен қолдану мүмкіндігін береді. Барлық мектептер «Wilma» мемлекеттік электрондық жүйесіне қосылған, бұл электронды мектеп күнделігіне ұқсап, ата-аналар оған арналған рұқсаттың жеке кодына ие болады. Педагогтер бағаларды қойып, өткізіп алған сабақтарды тіркеп, баланың мектептегі өмірі туралы хабардар етіп отырады; психолог, әлеуметтік қызметкер, «болашақтың мұғалімі», фельдшер де онда ата-аналар үшін қажетті ақпаратты қалдырып отырады.
Финдік мектепті бағалаудың қаһарлы реңкі жоқ және ол тек оқушының өзі үшін қажет, баланы белгіленген мақсатқа жету және өздігінен тексеру үшін қолданылады, бұл оқушының қалауы бойынша өз білімін жақсартуда қажет. Олар мұғалімнің, мектептің беделіне ешқалай әсерін тигізбейді және аудандық көрсеткіштерді бұзбайды.
Сингапурдың бастауыш мектептеріндегі оқушылардың жетістіктерін бағалау
Орта білім деңгейінде Сингапурдың саясатын «Ойлампаз мектеп, танымды ұлт» ұранымен жүреді. Бұл идея Премьер-министр Го Чон Донгтың философиясына негізделген, ол «ХХІ ғасырдағы ұлттың ауқаттылығына азаматтардың білім алуға қабілеттілігі алғышарт болады», деп сенген (1979). 2010 жылы көпшілік назарына «Сингапурдағы ойлампаз мектептер: жоғары көрсеткіштермен, күшті атқарушылармен және білімдегі сәтті реформалармен ілесетін жылдам даму: Америка Құрама Штаттарындағы PISA бойынша сабақ» атты тұсаукесерінде оқушылардың сыни және шығармашыл ойын, өмір бойында білім алуға ынтасын және елжандылықты тәрбиелеуге қабілетті мектеп жүйесінің елестері көрсетілді. Танымды Ұлт – оқуды ұлттық мәдениет ретінде ұсыну идеясы, онда креативтілік пен инновациялар әр әлеуметтік деңгейде өркендеуде» (2008). «Ойлампаз мектеп, танымды ұлт» идеясы бірқатар жыл бойында бастамалардың кең спектрін қамтиды. Бұл идея білімді оқушының қабілеттеріне және қызығушылықтарына бейімдеуге, едәуір үлкен икемділікті қамтамасыз етуге, оқушылар үшін таңдау мүмкіндігін беруге және білім құрылымын жаңадан құруға арналған. Мұғалімдер үшін кәсіби даму мен ынталандыру жаңғыртылды, онымен бірге педагогикалық білім де жаңартылды. Оқу жоспарлары мен бағалау жүйесі де олармен бірге жаңғыртуға ұшырап, жобалық жұмысқа және шығармашыл ойға екпін алды. Негізгі ресурстардың міндеттері, үш кезектес бас жоспарлардың енгізілуі өз бетінше және бірлескен оқуларға арналған жаңа түрлердің белсендендірушісі ретінде ақпараттық және коммуникациялық (қатынас) технологиялар жүйесіне байланысты қабылданды. Оқушыларға арналған едәуір кең пәндік спектр түзілді, сонымен бірге математиканың, өнердің, ғылым мен спорттың аяларында мамандандырылған түрлі мектептердің портфолиосы, оған қоса бірқатар тәуелсіз мектептер түзілді. «Бізге жастарды көтеріп, өзінің жаңа құштарлығын іздестіруге және жоғары мақсаттарға жетуге шабыттандыру үшін озық тәжірибенің жалғыз шыңы емес, тау жотасы қажет», - деді Сингапурдың бұрыңғы білім министрі Тарман Шанмугаратнам.
Әкімшілік түрінде Сингапур 4 білімділік округке бөлінген, оның әрқайсысында 7 мектеп кластерінен бар, оларды суперинтенданттар басқарады, кластерде 12-14 бастаушы және орта мектеп бар (елде барлығы 350 мектептің артық саны бар, 5млн адам тұрғындарының санында, онда 522 мың мектеп оқушысы білім алып жүр).
Кластер шеңберінде мектептер бір-бірімен жобаларға немесе мамандандыруын тереңдетуге арналған қосымша қаржыландыруды алу үшін жарысып отырады. Онымен бір уақытта жақын орналасқан мектептер спорттың құрылыстары, зертханаларды, күрделі оқу жабдығын ұтымды пайдаланудың өзіндік орталықтарын түзеді.
Кластердің суперинтенданты, әдетте оның директорлық тәжірибесі болады, мектептердің директорларын қадағалап, қаржыландыруды үйлестіріп отырады. Оған қарамастан, мектеп директорлары жеткілікті дәрежеде дербестікке ие, бұл әсіресе қызметінің нәтижесімен автономды мәртебесіне ие болған мектептерге қатысты. Ондай мектептің директорында кадрларды таңдауда, қарды қызметінде және білім беру үрдісін құруда қосымша құқықтар пайда болады [8].
Барлық мектептер Білім министрлігіне бағынған, мұғалімдер мемлекеттік қызметкерлер қатарында. Мектеп өзінің тауашасын өз бетінше таңдап, оны дамытудың шынайылығын суперинтендант және министрлік алдында негіздейді. Бағдарламаны мақұлдаған соң, ол қосымша ресурстарды алып, осы кластерде таңғдаған бағыт бойынша үздік практикаларды дамыту орталығы болып шығады. Министрлік мамандандырылған мектептердің барлық кластерлер бойынша біртекті үйлестірілуін және әр кластерде түрлі мамандандырулардың болуын қадағалап отырады.
БАҚ мектептері бағытты таңдауы салдарынан, оның есептілік үлгілерінің ешбіреуі барлық мектептерге бірдей келе бермейді. Сондықтан әрбір мектеп өзінің меншікті мақсаттарын белгілеп,
9 функционалдық аймақ бойынша өзінің ілгері басуын бағалайды, олар: 5 «іске асыру мақсаттары», сонымен қатар академиялық үлгерім аясындағы төрт нәтиже. Әр алты жыл сайын Білім министрлігі мектептердің қызметін бағалау бойынша сырттай шолу жасайды. Шолулардың нәтижелерімен анықталғанындай, мектептер үшін таңдау еркіндігі мектептердің өзгерістерге жеткізуге қабілеттілігі, тиімділігі жоғары көшбасшыларын фокусты айқындалуына жетелейді.
Соңғы жылдары Сингапур бастауыш мектептегі ағынды оқытуды объектілі оқытуға алмастырды. Оған қоса, бұл жүйе оқушылар үшін орта мектеп деңгейінде және одан әрі қарай ағындар арасында көлденең қимыл үшін көбірек мүмкіндік тудырды. Сингапурдағы білім беру жүйесінің басқа бір ерекшелігі – үлгерімі төмен оқушыларға бөлінетін назар мен жұмсалатын ресурстар. Осындай көзқарастың нәтижелері әр түрлі оқушылардың білім деңгейін теңестіруге мүмкіндік береді.
Сингапурдағы мектеп алды білімі балаларда 3 жасынан басталып 3 жыл бойында жлғасады: бөбектер бақшасы, бірінші және екінші жылдар. Бала-бақшалардың шеңберінде балаларды бір- бірімен қарым-қатынас құруға, ана тіліне, есептеуге үйретеді. Ана тілінен өзге (қытай, малай немесе тамиль) балалар ағылшын тілін меңгереді.
Барлық бала-бақшалары жеке меншік қолында, соның ішінде діни ұйымдар немесе жеке қорлардың басқаруында.
Сингапурлық балалар үшін бастауыш мектепте білім алу 6 жасынан басталып, 2 кезеңге бөлінген, олар: негізгі (1-сыныптан бастап 4-сыныпқа дейін) және бағдарлы (5 және 6-сыныптар). Бастауыш мектепте білім алу, әр оқушыдан түрлі шығындарды өтеу үшін 13 сингапурлық доллар көлемінде ақы алынуына қарамастан, барлығы үшін тегін және міндетті. Бастауыш мектептің негізгі кезеңіндегі бағдарламаға ағылшын тілін, ана тілін (қытай, малай, тамиль) және математиканы зерделеу, сонымен қатар, азаматтылық негіздері, сурет, музыка және дене мәдениеті сабақтарына қатысу енеді. 3-сыныптан бастап бағдарламаға жаратылыстану ғылымдары қосылады. Бастауыш мектептің негізгі сатысынан кейін (1-4 сыныптар) оқушыларға ағылшын тілін, ана тілін, математиканы және ғылымдарды зерделеу бастауыш мектептің 5-6 сыныптарында бастауыш курстан өткеніне қарап, ұсынылады. Ана тілін зерделеудің бастауыш сыныбын жоғары балдармен өткен оқушылар ана тілінің жоғары деңгейін зерделеуге құқылы.
Бастауыш мектепте оқуын аяқтауымен, оқушылар білім алудың келесі сатысына ауысу үшін қажетті Бастауыш Мектептің Бітіруші Емтихандарын (PSLE) тапсырады [10].
Англия
Балалар тек білімді ғана емес, өзінің өмір сүретін қоғамының ережелерін де жылдам, әрі қызығушылықпен қабылдайды. Өркениетті әлемде қабылданған базалық құндылықтарды неғұрлым ерте меңгерсе, оларға ол жерде бейімделу ісі соғырлым жеңіл тиеді. Англиядағы бастауыш мектепте білім алып жүрген уақытында балалар жаңа ортада өзінің адамы ретінде қабылдануы үшін, өзін-өзі қалай ұстап, қалай қатынасқа түсу керектігін түсінеді. Бағасы жетпес осындай дағдылар оларда өмір бойында сақталып қалады. Ұлыбританиядағы бастауы ш білім дәстүрлі қазақстандық үлгісінен айтарлықтай ерекшеленеді. Барлығы баланың шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталған. Балалар командаларға бірігіп, бірлесіп жобаларды орындайды. Олар эксперимент жасайды, сынауларды өткізеді өзінің айқындамасын дәйектеп бекітеді және сындарлы диалог жүргізеді.
Нәтижесінде балалар оқулықтардағы тарауларды жаттап қана қоймай, құбылыстар мен заңдардың мәнін түсінеді. Мысалы, олар өз бетінше Пифагор кестесін түзеді. Одан басқа, оқуға деген осындай көзқарас бейімделу үрдісін жеңілдетеді: балалар үнемі құрдастарымен қатынаста болады, бұл дегеніміз, балалардың жылдам өзіне дос тауып, тілде тұрақты жаттығып отыратынын білдіреді.
Балалардың жетістіктерін бастауыш мектептерде бағалау (Англия мен Уэльс).
Міндетті мектеп жасындағы оқушыларды бағалауда заңмен белгіленген ресімдер Англия мен Уэльстің ұлттық білім беру бағдарламаларына және Солтүстік Ирландияның білім беру бағдарламасына қатысты. Бағалау ресімдері мұғалімдерге және оқушыларға көмек көрсетуге арналған:

  • Түзуші элементтер мұғалімдерге оқушының оқуы қалай ілгері басу керектігі туралы шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Элементтер мұғалімдерге және басқаларға олардың білімділік дамуына көмектесу үшін белгілі оқушыларды келесіде диагностикалық бағалаудың қажеттілігін анықтауға көмек көрсетеді. Бағалаудың бұл нұсқасы «оқу үшін бағалау» деп аталады.

  • Қорытынды элементтер оқушылар жетістіктеріне және олардың білімдеріне, материалды түсінуіне дәллдерді ұсынады. Бағалаудың бұл нұсқасы «оқуды бағалау» деген аталыммен белгілі.

  • Бағалаушы элементтер оқушылардың табыстары туралы ақпаратты ұлттық көлемде ұсынады, олар білім беру бағдарламасындағы келешектегі талпыныстардағы, ресурстардағы немесе өзгертулердегі қажеттіліктерді анықтауда қолданыла алады.

1998 жылғы қыркүйектен 2002 жылғы тамызға дейінгі аралықта Англия мектептерінің білім алшуылары бастауыш мектептегі оқу үрдісінің басталғанындағы алғашқы 7 аптасында тілдерден, математикалық, тұлғалық және қоғамдық дағдыларын бағалаудан өтті. Мектептер білім министрлігімен ұсынылған критерийлерге сәйкес құрылып, қабылданған бағалаудың негізгі жоспарын қолданған. Бағалау бойынша негізгі жоспарлар бастауыш мектепке оқуға қабылданған кезінде әр білім алушының білімі, ұғынуы, жүріс-тұрысы мен дағдыларының деңгейлерін зерделеуге бағытталған болатын. Бұл қызметкерлерге балалардың қажеттіліктерін айтарлықтай қанағаттандыру үшін, алынған деректерге сәйкес мектеп бағдарламасын жоспарлауға мүмкіндік берді.
Англиядағы ұлттық білім беру бағдарламасының бір бөлігі ретінде негізгі сатыны формалды бекіткен «Білім туралы» Заңы, сонымен қатар, негізгі бағалауды негізгі сатының бейіні
тұрғысында белгілі болып отырған ұлттық жоспарға алмастыруды ұсынды. Бұл өзгеріс өз күшіне 2002 жылғы қыркүйекте енді.
Англиядағы білімнің негізгі сатысы бала 3 жасқа жеткенінде басталып, мүмкін сыныптың соңына дейін, оқушы міндетті бастауыш білімнің 1-сыныбына ауыстырылғанына дейін жалғасады. Негізгі сатының деңгейі білім алушыларды сыныпта оқуының тұтас кезеңінде бақылауға негізделіп, әр жылдың соңында толтырылады. Бағалау негізгі сатыда білім алудың 6 аясын қамтып, мұғалімнің білім алушыларды бақылауын жалғастыруына негізделеді.
Мектеп алды (бала-бақшаға ұқсас) білімін аяқтаған соң, Ұлыбританияның балалары 5 жасында мектепке барады. Осы сәттен бастап міндетті білім басталады.
Тестілеу нәтижелері білім алушылар үлгерімінің бірыңғай ұлттық базасына енгізіледі.
4 жасында бастауыш мектепке оқуға түскенінде, оқушылар есеп жүргізумен, оқумен және жазумен тиянақты шұғылдана бастайды, бұл кезде үй тапсырмалары аптасына 1 рет беріледі. Міндетті түрде дене шынықтыру сабақтары өткізіледі, көптеген мектептерде аптасына 1 рет балалар бассейнге барады. Білім беруде басты назар білімдерді өз бетінше алу икемдеріне және оларды іс жүзінде қолдануға аударылады. Білім алушылар кітапханаларда және зертханаларда жаттығып, өз тапсырмаларын өздері есінде сақтауы тиіс. Білімдерді тексеру, әдеттегідей, жазбаша үлгіде – эссе мен жобалар түрінде өтеді. Бұл жағдайда мұғалім әдетте тек әлдебір мәселенің сұлбасын ғана белгілеп қояды, ал білім алушылар оның тақырыбын өздері тұжырымдап, материалды таңдайды.
Бастауыш мектептегі сабақтар ықыластық, ойын түрінде, барлығын бір жалпы деңгейге
«тықпалаусыз» өтеді. Әр бала жеке, өзінің мүмкіндіктерінің деңгейіне сәйкес дамиды.
Бағалау жүйесі Ұлыбританияның мемлекеттік оқу жоспарының құрамдас бөлігі болып табылып, түбегейлі сатыларымен тікелей байланыста.
Оқушылармен алынған білімдері мен дағдылары верификациясының үш межесі бар:
оқуға түскенінде (баланың 5 жасында арнайы білімділік қажеттіліктерін анықтау үшін алғашқы деңгейін айқындау),

  1. сатының соңында ( 6-7 жасында) және

  2. сатының соңында, бастауыш және орта білімнің 1, 2, 3 түйінді сатыларының соңына. Бастауыш мектепте математикадан, ағылшын тілінен, жаратылыстану ғылымдарынан, ал білім беру валлий тілінде жүретін мектептерде – валлий тілінен тесттер ұсынылады.

  1. сатыда ағылшын тілі тесттерінде тестілеуге түскен білім алушыдан ауызша сөзді қабылдау, оқылым мен айтылымды ұғыну; математикадан – қарапайым арифметикалық әрекеттерді орындау талап етіледі.

  2. сатыдағы тілдік тест оқу, сауатты жазу, шығарма құрастыру қабілеттері; математикадан – ойда, калькулятормен есептеу дағдылары мен математикалық ой өрістету деңгейін тексеру көзделеді.

Жаратылыстану ғылымдары бойынша тест ғылыми мәтінді ұғыну қабілетін қарастырады. 7 және 11 жасында өткізілетін мемлекеттік тесттер, сонымен қатар, мұғалімді және оның мемлекеттік білім беру стандартына және мектептің оқу жоспарына сәйкес қол жеткізген мақсаттарын бағалауды қарастырады. Жетуі міндетті мақсаттар мемлекеттік білім беру стандарттарында және оқу бағдарламаларында мұқият сипатталып, білім алушылардың білімдер мен дағдылардың белгіленген деңгейіне жетуін көздейді.
Пәндерді зерделеуде ілгері басуы сегіз деңгейлік шкаламен өлшенеді, бұл жағдайда мемлекеттік білім беру жоспары бастауыш мектептің соңына екіден бастап беске дейінгі аралықтағы үлгерім деңгейіне жетуді көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет