Бастауыш сынып оқушыларының ОҚу жетістіктерін бағалаудағы критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі р. К. Измагамбетова «Бaстaуыштa oқыту пeдaгoгикaсы мeн әдiстeмeсi»



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493431
  1   2   3   4   5
bastauysh-synyp-o-ushylaryny-o-u-zhetistikterin-ba-alauda-y-kriterialdy-ba-alau-zh-yesini-tiimdiligi



Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 4 (76), 2018 
131 
ҒТАХР 14.25.09 
 
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН
БАҒАЛАУДАҒЫ КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ 
Р.К. Измагамбетова
«Бaстaуыштa oқыту пeдaгoгикaсы мeн әдiстeмeсi»
мaмaндығының 1 куpс PhD дoктopaнты, 
Пeдaгoгикa жәнe психoлoгия институты, 
Aбaй aтындaғы ҚaзҰПУ, 
Алматы қ., Қазақстан, email: izmagambetova1988@mail.ru 
 
Мақалада білім берудегі бағалау түрлері қарастырылған. Жалпы білім беретін мектептердегі бағалау 
мен Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі бағалау жүйесі салыстырмалы зерттелініп, оларға мониторинг 
жасалынған. Жалпы білім беретін мектептердегі бағалаудың тиімсіз жақтары талқыланған. Қазіргі таңда білім 
беру жүйесіне енгізетін өзгерістердің бірі ретінде бағалауға қажетті реформалы өзгерістер қажеттілігі 
талданады. Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі Білім берудің кіріктірілген бағдарламасына енетін 
пәндер бойынша оқушының жетістіктерін бағалаудың бірнеше түрлері қамтылғаны нақты деректермен 
қамтылған. 
Түйін
сөздер: 
критериалды бағалау технологиясы, білім жетістігі, тапсырмалар, баға, бағасыз 
оқыту, кері байланыс 
Еліміздегі соңғы жиырма жыл ішінде білім беру жүйесіне көптеген өзгерістер еніп, білім беру 
реформаларында екі инновациялық жоба жүзеге асты. Сол жобалар – Назарбаев Университеті мен 
қазіргі таңда өзіміз еңбек етіп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектебінің білім беру бағалау жүйесін 
зерттеп және мониторинг жасауды жөн көрдік. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің білім беру 
жүйесіне өзгерістер алып келері сөзсіз, себебі: мектептің нақты алдына қойған айқын мақсаты бар, 
жаңа бағдарламалар әзірленіп, үштілдік саясаты, мұғалімдердің білімін арттыру бағдарламаларымен 
бірге жаңашыл мектепте сабақ беретін оқытушылардың профессианальды өсуіне әкелетін жобалар 
«Lesson Study» және «Action Research» жүзеге асырылуда. 
Қазақстан Республикасының ұлттық бағалау жүйесі ішкі бағалаудан және сыртқы бағалаудан 
тұрады. Ішкі бағалау оқу бағдарламасына сәйкес мектеп мұғалімдерімен іске асырылатын ағымдағы 
және қорытынды бағалау. Ал Ұлттық сыртқы бағалау оқу бағдарламасына сай мектепті бітіруші 
түлектердің оқу жетістіктерін бағалау болып саналады. (оқу жетістіктерін сырттай бағалау және 
Ұлттық бірыңғай бағалау). Қазіргі таңда Ұлттық бағалау жүйесіндегі ішкі және сыртқы 
бағалаулардың жылма-жыл білім сапасының төмендігін, әрі оқушылардың нақты білімдерін 
айқындай алмайтындығын мынадай фактілерді келтіру арқылы көз жеткізуге болады. Мысалы: ҰБТ 
тапсыру кезіндегі «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер мен басқа да келеңсіздіктер, бұқараның 
мемлекеттік билікке деген сенімін жоғалтып қана қоймайды. Кейінгі жылдары мектеп бітіретін 
шәкірттердің көңілдеріне әлдебір бұлыңғырлау «үміт» оятып, сабаққа деген ынтасын жоятынын 
байқап жүрміз [1]. 
ҰБТ-ның кемшілігін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Еліміздегі білім беру жүйесінде 
ҰБТ-ның қолданыстағы форматы қазіргі білім беру саласына енгізіліп жатқан жаңа бағдарламамен 
("Кембридж технологиясымен") жанаса бермейді. Сондықтан білім беру реформасындағы жаңа 
бетбұрысты Назарбаев Зияткерлік мектептерінің алға қойған миссиясы мен міндеттері өзгерте 
алары хақ [2].
Ұлттық Зияткерлік потенциалдың дамуына үлес қосуда Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 
алға қойған миссиясына байланысты: дүние жүзілік деңгейде бәсекеге қабілетті, алған білімін 
өмірлік ситуациялық жағдайда қолдана алатын, функционалды сауатты, зияткер, дамыған тұлғаны 
қалыптастыруда Қазақстандық және дүние жүзілік білім беру жүйесімен бірлесе жасаған 
инновациялық орта білім беруді дамытудың жаңашыл моделін жүзеге асырылып келеді. 
Зияткерлік мектептердің білім беру бағдарламасы ұлттық және халықаралық тәжірибелердің 
ең үздік үлгілерін кіріктіруді көздейді. Осы мақсатта Кіріктірілген білім беру бағдарламасын 
әзірлеуге Зияткерлік мектептердің үздік практик мұғалімдері мен стратегиялық әріптесіміз – 
Кембридждің Халықаралық емтихандық кеңесінің кеңесшілері тартылды. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет