Жоспар I. Кіріспе



бет4/4
Дата05.05.2024
өлшемі354.28 Kb.
#500580
1   2   3   4
севинч мәдениеттану2,2

III.Қорытынды.
Біздің қазірше білетініміз, б.з.д. 484-425 жылдар арасында сақтар туралы Геродот былай тұжырымдайды: "парсылар барлық скифтерді сақтар деп атаған". Орта Азия мен Қара теңіз жағалауындағы көшпенділерді гректер скиф деп атаған деп хабарланды. Сонымен, қазір белгілі болып отырғандай, сақ тайпалары Орта Азияда, қазіргі Қазақстан аумағында мекендеген жөне массагеттер деген атпен белгілі болған. Ал еуропалық сақтар Каспий мен Қара теңіз жағалауындағы алқаптарда, яғни қазіргі кездегі Венгрия, Румыния, Болгария мемлекеттері орналасқан аумаета өмір сүрген.
Геродот сақтарды олардың айналысқан кәсіптеріне қарай жіктеген: егінші сақтар Зеравшан, Әмудария, Сырдария, Іле, Днепр мен Буг өзендері жағалауларындағы өлкелерде өмір сүрсе, көшпелі сақгар Днепрдің шығыс жағын мекендеді дейді. Сақтарда мал шаруашылы жақсы дамыды, әсіресе жылқы шаруашылығы алға басты, соған байланысты, негізгі жауын-герлері атты әскер болды. Сақ тайпалары көсемдерінің мола-ларынан ондаған, тіпті жүздеген аттың бастары табылған, олар сақ көсемдері өлгенде бірге көмілген. Б.з.д. V ғасырда сақ тайпаларында әскери демократия ұйымдары болды: ол тайпа жиыны, тайпа көсемі, тайпа көсемдері кеңесінен тұрды. Бұл қоғамдық ұйымдардың негізгі мақсаты соғыс жүргізу еді. Осыған байланысты, сақтар соғыс құдайларына үлкен құрбандыктар шалды. Б.З.Д. VI ғасырда сақ көсемдерінің орны мұраға қалдыры-лып, патшалық — мұрагерлік билікке айнала бастады. Сөйтіп, қолында үлкен саяси күші бар, мықты сақ мемлекеті пайда болды, оның үстемдігі бірнеше ғасырға созылды. Б.З.Д. VII ғ. сақтар басқыншылық соғыстар жүргізді. Олар Кіші Азияға басып кірді, Геродоттың айтуынша, олар мұнда 28 жыл үстемдік етті. Б.З.Д. VI—V ғғ. сақтар қорғаныс соғыстарын жүргізді, атап айтқанда, парсы әскерлерінің шабуылын тойта-рып отырды. Сақтардың ер-азаматтарының барлығы да жа-уынгер болды. "Сақтарда, - деп жазады Аристотель, - бірде-бір жауды өлтірмеген жауынгерге, үлкен мерекелерде айнал-дыра ішілетін ішіңціктен татуға рұқсат етілмейтін". Геродоттың айтуынша, сақтар соғыста түскен олжадан өлтірген жауының санына байланысты үлес алады, оның дәлелі ретінде, өз патшасьша өлтірген жауының басын өкеліп көрсет-кен. Ежелгі халық аузыңпа айтылатын, арабтардың тасқа, парсылардың өзенге табынғанындай, сақтар семсерге табынған. Сақтар еркіндік сүйгіштігімен, батылдығымен, ұрыста табандылығымен көзге түсті. Геродот сақтарды ақыл-ойы ерек-ше дамыған ел деп есептейді. Екінші бір ежелгі дүние тарих-шысы Юстиннің айтуы бойынша: "Бұл халық еңбекте қажымайтын, ұрыста бой бермейтін, қамалдай беріктігі төтенше. Олардың жоғалтатындай ештеңесі болған жоқ, жеңісте атақ-тан басқа ештеңе дәметкен жоқ".
IV.Пайдаланылған әдебиеттер.
1."Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 7-том.
2.Р. Жұматаев, тарихшы «Сақ» атауы қайдан шыққан? (қаз.). ukkz.net. «Үш қиян» газеті (23 Ақпан 2012). 
3.Тараз энциклопедиясы.
4. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. Алматы: Атамұра, 2010.
5. Әдеб.: Акишев К.А., Кушыев Г.А., Древняя культура саков и усуней долины реки Или, 1963; Артамонов М.И., Сокровища саков, М., 1973; Акишев А.К., Искусство и мифология саков, А.-А., 1984; История Казахстана, т. 1, А., 1996. А. Бейсенов.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет