Жоспар: Ұйғыр жазуы. Ұйғыр тілі. Сары Ұйғыр тілі. Ұйғыр жазуымен жазылған бірде-бір мұра-“Құтадғу Біліг”. Ұйғыр жазуының зерттелуі. Ұйғыр жазуы



Дата23.02.2016
өлшемі69 Kb.
#6460
Жоспар:

  1. Ұйғыр жазуы.

  2. Ұйғыр тілі.

  3. Сары Ұйғыр тілі.

  4. Ұйғыр жазуымен жазылған бірде-бір мұра-“Құтадғу Біліг”.

  5. Ұйғыр жазуының зерттелуі.

Ұйғыр жазуы — соғды жазуынан (б.з.б. 1 ғ. — б.з. 9 ғ-лар) бастау алатын ежелгі ұйғыр тайпалары пайдаланған жазу. Жоғарыдан төмен қарай тік әріптермен солдан оңға бағыттала жазылатын бұл жазу түрі сирия-арамей әліпбилерінің біріне саяды. Ұйғыр жазуының әліпбиін кейінірек басқа да түркі тайпалары (наймандар), олардан моңғолдар үйренген. 13 — 14 ғ-ларда Орт. Азияда құрылған түркі-моңғол ұлыстарының көпшілігі Ұйғыр жазуын пайдаланған. 16 ғ-да кейбір өзгерістермен маньчжурлар қабылдады. Кей халықтар Ұйғыр жазуын 18 ғ-ға дейін, ал сары ұйғырлар 19 ғ-ға дейін қолданып келді. ҚХР-ның Қшкі Моңғолия автономиялы районында қазірге дейін қолданылады. Ұйғыр жазуының ескерткіштері бізге Шығыс Түркістаннан табылған қолжазбалар арқылы жетті. Олардың ішіндегі ең көрнектісі — Жүсіп Баласағұнидың “Құ-тадғу біліг” (1069) дастанының Вена нұсқасы. Ұйғыр жазуы туралы мәліметтерді Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат-ит-түрк” (1073) еңбегінен де кездестіруге болады. Ұйғыр жазуы ескерткіштері қатарында “Манихейлердің жалбарыну дұғасын” (6 ғ.), “Һибатул-хақайық”, “Алтын яруқ” (“Алтын жарық”), будда дініне қатысты қолжазбалар (11 ғ.) мен заңи құжаттарды (10 — 13 ғ-лар) атауға болады. Ұйғыр жазуының әліпбиі 22 әріптен тұрады. Таңбалауда ы/і, о/у, ө/ү дауыстылары мен п/б, к/г, т/д дауыссыз дыбыстары бірдей жазылғанымен, дыбысталуы әр түрлі. Жазудағы әріптер сөз басында, ортасында, аяғында түрліше таңбаланады.

Ұйғыр тілі- түркі тілдерінің оңт.-шығыс тобындағы қарлұқ бұтағына жатады. Көне Ұйғыр тілінен ажырату мақсатында қазіргі Ұйғыр тілі, жаңа Ұйғыр тілі деген атаулар қолданылады. Ұйғыр тілі. ҚХР-ның Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы районына (8 млн., 2004) және Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан республикаларына (300 мың), Үндістан, Пәкстан, Ауғанстан елдеріне (200 мың) таралған. Ұйғыр халқы ертеректе өз тілін қәшқәр тили, таранчи тили деп те атаған. Ұйғыр тілі. орт. (Қле бойы), оңт. (хотан), шығыс (лобнор) диалектілеріне бөлінеді, онда өзбек тілімен салыстырғанда қыпшақтық элементтер сирек кездеседі. Ұйғыр тілінде үндестік заңы сақтала бермейді, сөз басында қазақ тіліндегі “ж” дыбысының орнына “й” қолданылады (мыс., йәл-жел, йол-жол). Бір буынды сөздердегі а, ә дауыстылары сол сөзге жалғанатын қосымшалардың кері ықпалының әсерінен е, о, ө дыбыстарына ауысады (мыс., аты-ети, балық-белик). Ұйғыр тілінде а, ә дауыстылары редукциясының басымдығы байқалады, сөйлеу тілінде р, л дыбыстары түсіріліп айтылады (мыс., бар-ба, барса-баса, кел-кә, т.б.). Ұйғырлар 11 ғ-дан араб жазуын қолданған. Қазақстан мен Орта Азия ұйғырлары 1930 жылдан латын жазуын, 1947 жылдан кириллицаны тұтынып келеді. Орыс әліпбиіне қосымша ә, ө, ү, қ, ғ, ң, ї, ж әріптері таңбаланған Ұйғыр тілі ШҰАР-да мемл. тіл ретінде қызмет атқарады. Бұл тіл Қазақстанда да дамыған, қазақ жерінде Ұйғыр тілінде көркем, қоғамдық-саяси, ғыл. әдебиеттер ұдайы басылып тұрады, бұқаралық ақпарат құралдарында түрлі хабарлар тарайды.

Сары ұйғыр тілі орыс. язык жёлтых уйгуров — Кытайдын Гансьу провинциясында тараған түркі тілдерінін бірі. Онымен 4 мындай адам сөйлейді. Айкын диалектілік белгілері жок, тек таулык және далалык говорларында дыбыстык, лексикалык ерекшеліктер кездеседі. Сары ұйғыр тілі (әсіресе лексикасында) түркілік және түркілік емес (санскрит, тибет, монгол, кытай) тілдерінің коспасы болып табылады. Дегенмен, грамматикалык күрылысы н да түркілік сипат сакталған. Сары ұйғыр тілі көне ұйғыр тіліне жакын деген болжам бар, оған сөз басында /-дің, шығыс септігінің-tin формасының, көне сан жүйесінін (11-ден 29-ға дейін) колданылуы, есімдіктің екі түрлі септелуі т. б. дәлел болады. 18 г. басына дейін сары үйғырлар көне ұйғыр әдеби тілін пай- далануы мүмкін, бірак Тибеттің әсерімен көне ұйғыр жазуы ұмы- тылған. Казір Сары ұйғыр тілі тұрмыстыкдеңгейде ғана колданылады.

Ұйғыр жазуымен жазылған бірде-бір мұра-“Құтадғу Біліг”.

Ұйғыр жазуын зерттеу 19 ғасырдың басында ғана қолға алынды.Ол жөнінде академик В.В.Радлов көп еңбектер жазды.Ескі Ұйғыр жазу үлгісінде ең көне ескерткіштерінің бірі әлемге әйгілі Жүсіп Баласағұнның “Құтты Біліг”атты дидактикалық еңбегінатаймыз.В.В.Радлов сол Құтадғу білігтің А Бамбери бастырған вариантымен танысып оны түгел аударып шыққан.Ежелгі Түркістанның батысы мен шығысында бірдей ІХ ғасырдан бастап-ақ ықпалды іргелі елдік құрған Қарахандар әулетінің билігі дәуірлеп тұрған заманнан (841-1212 ж.ж.) бізге жеткен Жүсіп Хас Хажибтың «Құтты білігі» адамзат өркениетінің өлмес қазыналарының баға жетпес асыл мұрасы. Осындай кең толғамды, тарихи, парасатты пайымдаулар мол ғылыми ойдың, ақындық өнердің үздік дара туындылардың дүниеге келуіне белгілі бір өркениетті ахуалдың құнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта тынысы мен қоғамдық саяси жағдайлардың заңдылықтары болғаны күмәнсіз.Бұл классикалық шығарма сол кездің өзінде белгілі дәрежеде тарихи-идеологиялық, психо-педагогикалық, әдеби-мәдени дәстүрдің, көркемдік–эстетикалық танымның қалыптасқан мектебінің болғандығын меңзейді. Мұндай көлемді шығармалардың дүниеге келуі, жазылуы–тұтас бір шығармашылық кезеңнің, өрісті дәстүрдің жемісі. Сол кездің өзінде-ақ түрлі ірілі-ұсақты, мәнді-мәнсіз сан алуан шығарма, жазбалардың болғандығын бүгінге дейін сақталып келген түрлі тізбелерден жақсы аңғаруға болады. Бір қызығы, Орта Азия мен Қазақстан жерінде жазылған шығармалар жөніндегі көне сипаттамаларда, библиографиялық тізбелерде осы еңбектің аты аталмайды. Мәселен, Әбу Сеит Сәмәдидің (1113 ж.ө.) белгілі «Китәб Әл-әнсәб» [1] атты еңбегінде, сол дәуірдегі белгісіз, ұсақ авторлар жөнінде жүздеген бет мағлұматтар жазылғанда, Жүсіп Баласағұнидың әлемге аян еңбегі хақында еш дерек түспеген. Аталып, түстеліп, хатталып ен тағылған шығармаға қарағанда «Құтты біліктің» бізге тұтастай сақталып жеткені ерекше жағдай.Түркі мәдениетінің ұлы да ұлағатты әдеби ескерткіші «Құтадғұ білік» дастанын жазған Жүсіп Баласағұнидың өмірі мен қызметі, мақсаты, жас шамасы хақында деректерді негізінен шығарманың өз мәтінінен ғана табамыз. Дастанның ел өміріндегі маңызы, сипаты мен қасиеті, мұрат-мақсаты мен тілі жайлы мағлұматтар да мәтінде кездесетін автордың өз пайымдауларынан жақсы аңғарылады.Бұл тақырып бүгінгі күнде өте өзекті және әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Сондықтан осы тақырыпты алған себебім, мақсатым, біріншіден осы «Құтты білікті» терең зерттеп, ашылмаған мәселелерін ашқым келеді, екіншіден Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнға жеке тұлға ретінде тоқталғым келіп отыр. Үшіншіден еңбектің жалпы адамзат әлеміне тигізген әсері қандай екен, соны білгім келеді. Төртіншіден бұл сонау ХІ ғасырда жазылған еңбек біздің заманымызға қалай жетті, мазмұны неде, автордың аңсағаны не?Міне негізінен мақсаттарым осы болып табылады.Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн–ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне белгілі болған данышпан-ойшыл, энциклопедист-ғалымы, белгілі қоғам қайраткері.Жүсіп Баласағұн өз замандастарына және өзінен көп жылдар кейін өмір сүрген ұрпақтарға орта ғасырдың ғалымы, дәлірек айтсақ, табиғаттану, риезиет (математика), фәләкиәт (астрономия), тарих, араб-парсы тілдер білімі т.б. толып жатқан ғылым салаларын жете меңгерген ғұлама ғалым ретінде жақсы мәлім болған.Әйтсе де, Жүсіптің есімін әлемдік әдебиет тарихында мәңгілікке өшпестей етіп жазып қалдырған бірден-бір тарихи-әдеби мұрасы–«Құтадғұ білік» дастаны. Бұл дастан кәзіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихы, қоғамдық саяси өмірі, ғылымы, әдебиеті мен мәдени дәрежесі, әдет-ғұрпы, наным-сенімі т.б. жөнінде аса қызықты да құнды, әрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды.Ақын «Құтты білікте» қандай адам «Ұлы Хас Хажиб» болып істеуі мүмкін деген сауал қойып, оған өзі егжей-тегжей жауап айтады. «Ұлы Хас Хажиб-әмірші-патшаның көрер көзі, есітер құлағы, ол мемлекет заңдары мен сол елдің әдет-ғұрпының дұрыс орындалуын қадағалап отырады. Сондай-ақ, ұлы-уәзір-қазына ісін басқарушы адамға, сарайда қызмет ететін хан көшірушілер мен қолөнершілерге патша атынан әмір етеді, елшілерді қабылдап, шығарып салады, ресми түрдегі салтанатты жиындардың заңға сәйкес өтуін қадағалайды, әрі кедейлер мен жетім-жесірлердің арызын тыңдап, оны эликбекке, яғни Табғаш Қара Богра ханға жеткізіп отыруы тиіс» [2].Бұған қарап, Жүсіп Баласағұнның патша сарайында қандай қызмет атқарғанын емес, сонымен бірге ақын «Құтты білікте» өзіне өте жақсы таныс мәселелерді мейілінше терең біліп барып жазғанын да аңғарамыз.«Арабша, тәжікше кітаптар көп. Ал, бұл–біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы».«Біздің тіліміз» деп ақын түркі тілін айтып отырғаны мәлім. Сондай-ақ бұл дастанға қарасөзбен жазылған кіріспеде шығарманың тілі жөнінде айтылған мынадай пікір бар: «Шығыс елдерінде, бүкіл Түркістан халықтарында түркі сөздерімен бограхан тілінде жазылған бұдан артық кітап жоқ»[3].Табғаш Қара Богра хан әулеті Қарахан мемлекетінде билік жүргізген дәуірде кеңінен тараған жазба-әдеби тіл кезінде «бограхан тілі» деп те айтылған [4].Сонымен, «Құтты білік» дастанының тілін казіргі түркі тілдерінің қайсы тобына жатқызуға болады деген сауал туады. Бұл жөнінде бүгінгі түркология ғылымында әртүрлі пікір айтылып келеді. Мысалы, С.Е.Малов «Құтты білік» көне ұйғыр тілінде жазылған дейді, өйткені, шығарманы аударғанда ұйғыр сөздері көп кездескен» [5] (және нұсқаның біреуі ұйғыр тілімен көшірілген; Вена нұсқасы).Ал А.И.Щербак қарлұқ тілінде, Г.Ф.Благова дастандағы сөздердің талдану сипатына қарап, бұл шығарма қарлұқ-қыпшақ тілінде жазылған деген қорытынды жасайды.Ол қалай болған күнде де Жүсіп Баласағұн өз дастанын сол кезде Қашқардан бастап, сонау Амударияға дейінгі ұлан-ғайыр өлкелер мен уәлаяттарды өзіне қаратқан Қарахан мемлекетінде өмір сүрген түркі тайпаларының бәріне бірдей түсінікті, ортақ тілде жазғаны даусыз. Оның үстіне есімі күллі әлемге белгілі шығыстанушы-ғалым В.В.Бартольдтың: «қарахан елінің азаматтары өздерін ұйғыр деп атаған емес, Жүсіп Баласағұн үшін өзі жазған тіл ұйғыр тілі болған емес» [6]-деген әділ пікір айтты.Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның, «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге дейін сақталған үш нұсқасы бар:Біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба кәзір Венаның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Сол үшін оны Вена нұсқасы дейді. Ал дәл осы қолжазбаны Герат нұсқасы деуінің себебі, бұл қолжазба 1439 ж. Герат шаһарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әрпімен көшірген адамның есімі–Хасан Қара Сеиіл [7].Дастанның осы Вена нұсқасының тағдыры қызық. Бұл қолжазба әлде кімдер арқылы Гераттан Түркияға жеткізіледі. Ал, 1474 жылы «Құтты білік» қолжазбасын біреу сатып алып, Стамбулға әкетеді. Арада 300 жылдай уақыт өтіп, 1796 жылы Австрияның белгілі ғалымы Иосиф фон Хаммер–Пургшталь Стамбулда дипломатиялық жұмыста жүрген кезде біреуден осы қолжазбаны сатып алып, оны Венадағы корольдік кітапханаға сыйға тартады.Екіншісі Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әріпімен көшірілген. Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 ж. неміс ғалымы Б.Мориц тапқан [8]. Белгілі орыс ғалымы В.В.Радлов Петербург ғылым академиясының Азия музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіріп алады. Казір бұл қолжазба Ресей Ғылым академиясы шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінде сақтаулы тұр.Үшіншісі, Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А.В.Валидов Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді [9]. «Құтты білік» дастанының араб әріпімен көшірілген ең толық саналатын осы нұсқасы Өзбекстан Республикасының Ғылым академиясының Әбу Райхан Әл-Бируни атындағы шығыстану институтында сақталып келеді.Ал енді тарихнамаға келетін болсақ өзбек ғалымы Каюм Каримов Наманган нұсқасы бойынша ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, 1971 жылы дастанды казіргі өзбек әріпі негізінде транскрипция жасап, оны ғылыми хаттамасымен бірге жеке кітап етіп басып шығарды.Әрине, жоғарыдағы аталған үш қолжазбаның әр қайсысының өзіндік ерекшеліктері, яғни әрбір қолжазбаның өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан, ғалымдар үш нұсқаны да өзара салыстыра зерттеп «Құтты біліктің» ғылымға негізделген толық мәтінін жасап шығу үшін көп еңбек сіңірді.«Құтты білік» дастаны жөнінде тұңғыш рет баспасөз бетінде хабар беріп, оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы «Азия» журналында бастырып шығарған ғалым француз Жауберт Амадес болды [10].Бұл істі кейінірек венгр ғалымы Герман Вамбери қолға алды. Ол дастанның бірнеше тарауын транскрипциялап, неміс тіліне аударды, оған түсінік беретіндей сөздік жасады. Соның бәрін қосып, 1870 жылы «Құтты білікті» жеке кітап етіп шығарды [11].Әйтсе де, мұның бәрі әлі де алдағы үлкен жұмыстардың бастамасы ғана еді. «Құтты білікті» кең көлемде зерттеу, оны басқа тілдерге аударма жасау саласында келелі істер тындырған адам академик В.В.Радлов болды. В.В.Радлов бұл шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу істерімен 20 жыл бойы (1890-1910ж.ж.) айналысты. Дастанның бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, баспасөзде шетінен жариялай бастады. Алайда, осы кезде «Құтты біліктің» бұрын белгісіз болып келген Каир қолжазбасының табылуына байланысты В.В.Радлов шығарманы неміс тіліне аудару және кітап етіп шығару жұмыстарын уақытша тоқтатып қойды. Өйткені алдымен Каир нұсқасының ерекшеліктерін зерттеп біліп алу қажет еді [12].Қазақтың белгілі ақыны, әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубаев «Құтты білік дастанының қазақ әдебиетінің қалыптасып, дамуына идеялық-көркемдік әсері» (дәстүр, поэтика және аударма мәселелері) деген тақырыпқа ғылыми еңбек жазды. Сондай-ақ, ол ақын ретінде «Құтты білік» дастанының түпнұсқаға мейілінше жақын поэтикалық аудармасын жасап шықты [13].Поэманың кейбір үзінділерінен орыс тіліне бірнеше рет С.Е.Малов аударып шықты. Еркін аудармасы «Ғылым бағытқа ие» деген атпен 1971 жылы И.Гребнев арқылы жүзеге асып, жоғарыда айтылғандай, К. Каримов «Кұтадғұ білікті» өзбек тіліне аударды. Р.Р.Арат жоғарыда айтылған үш қолжазбамен үлкен зерттеу жұмысын жүргізе отырып, 1947 ж. ғылыми жинақты жазып шықты. «Құтты білік» атты «Құтадғұ біліктің» толық мәтінін орыс тіліне С.И. Иванов Москвада 1983ж. аударып шықты [14].Жекелеген бәиіттердің басылымы академиялық дәрежеде академик А.И.Кононов пен С.И.Ивановтың редакциялық етуімен жүзеге асты. 1970 ж. Ленинградта «Құтадғұ білікке» арналған ІV-түркологиялық конференция өтіп, онда бұл ескерткішті терең зерттеудің ауқымын кеңейту қажеттілігі айтылып өтті.Баласағұни шығармашылығын жалпы мәдени орта көлемде алғашқы араб халифатының құрылуымен байланысты зерттеу керек екенін алғаш неміс ғалымы Отто Альбертс [15] ұсынды, ол Баласағұн көзқарастарының әйгілі ғалым Ибн-Синамен байланысын, атап айтқанда, оның этика туралы көзқарастарының ұштасып жататыны туралы айқындамасын ұсынды. Сонымен қатар, Альбертс Аристотель мен Жүсіптің этикасын салыстырып зерттеуге әрекет жасады.Баласағұнның шығармашылығын зерттеуде орыстың шығыстанушы ғалымдары В.В.Бартольд пен С.Е. Малов, белгілі кеңес тарихшысы мен әдебиеттанушы ғалымдары С.Э.Бертельс пен А.И.Самойлович, А.И.Кононов және басқалары ойдағыдай нәтижеге жетті. Бірақ бұл ескерткіш лингвистика, әдебиеттану және тарихи - мәдениет саласында құнды бола тұрса да, шығыстың ойшыл ғалымының еңбектерін зерттеу көбінесе тарихи-филологиялық жоспарда жүрді. Ғалымдар еңбектің философиялық тұрғыдан зерттелуін ұлғайтудың қажеттілігі туғанын атап көрсетті [16]. Баласағұнның «Құтадғұ білігі» сол кездегі ресми әдеби тіл–араб тілінде емес, түркі халқының тіліндегі бірінші энциклопедиялық еңбек болып табылады. Мұны Баласағұнның ана тілге сүйіспеншілігі, халықтың төл перзенті, шынайы өкілі деп білуге болады. Сол кездегі әлі көшпенділіктен айырыла қоймаған ортаазиялық қараханидтер әулетіне дамыған отырықшы аймақтардағыдай (Мауреннахр, Шығыс Түркістан) билеу саясатын жүргізуге ұмтылу тән болды. Сондықтан да, бұл еңбек көшпелі қараханидтерге түсінікті болу үшін түркі тілінде жазылды деп атап көрсетті А.А.Валитова [17]. Бірақ «Құтадғұ білік» тек қана саяси трактат емес, ол сол ғасырдағы әртүрлі ғылым мен мәдениет салаларының да дамуын да көрсетті. Бұл еңбек автордың өмірді көрсетудегі философиялық пайымдауының тереңділігін, адам құқының сол замандағы дамуын көрсетеді. Жалпы алғанда, Баласағұн еңбегі кең көлемді философиялық мінез-құлықты, практикалық өмірдің эстетикалық көзқарасын көрсетеді. Жүсіп Баласағұнның «Құтадғұ білік» поэмасы түрік тіліндегі мұсылман дінін үгіттейтін бірден-бір ежелгі еңбек болып есептеледі деп атап көрсетті А.И.Кононов [18]. Поэманың философиялық негізінде мұсылмандық элементтер қалыптасқан деп есептеледі. А.И.Кононовтың айтуынша, Ж.Баласағұнның «Құтадғұ білік» поэмасы әзірге, ертедегі түрік тілінде жазылған шығармалардың ішіндегі мұсылман идеологиясына негізделген және сол «идеологияны» уағыздаған бірінші шығарма [19].Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты тарихи-философиялық ғылыми шығармасын жан-жақты зерттеу казіргі уақыттың келелі мәселесі. Ол орта ғасырлық халқымыздың мәдениетін, шығыс мәдениетімен салыстыра зерттеуге жол ашады.

Ұйғыр халқының тарихы бізге олардың соғдылардан біздің заманымыздың алғашқы ғасырларында Орта Азия жерінде өмір сүрген мәдениетті халықтардан бастау алғанын танытады.Соғды жазуының негізінде ұйғыр алфавиті жасалған.Сондықтан ірі түркологтар көне ұйғыр жазуы соғды жазуының негізінде пайда болған деуі әбден дұрыс.

Жазулардың дамуы ”атты еңбегінде чех ғалымы Ч.Лоукотқа :”Түркілер үлкен соғды жазуынан ұйғыр жазуын жасады.бертін келе бұл жазу жалпы түркілік болып қалыптасқан.Оны Түркістан мен Монғолия жеріндегі түркі тайпалары мен моңғолдар кеңінен қолданды” ,-дейді.



Көне ұйғыр жазуын моңғолдар өздеріне икемдеп алған.

Көне ұйғыр жазуы 11-12ғасырларда араб тілімен жарыса қолданылған.

Көне ұйғыр жазуы ескерткіштерінің текстін аударуда ғалымда көп еңбек сіңірген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Баласағұн Жүсіп. «Құтты білік».-Алматы,1986.

2. Егеубай А. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік», Жұлдыз–1996. №3.

3. Егеубай А. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік».-Алматы: «Ана тілі»,1905.

4. ІХ–ХVІІІ ғасырлардағы қазақ ақын-жырауларының шығармалар жинағы.–Алматы,1971.

5. Қазақстанның ХІ–ХV ғасырлардағы тарихының жаңа материалдары.-Алматы: «Рауан»,1960.

6. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет