1.5. Имандылық пен адамгершілікке тәрбиелеудегі діннің ролі.
Ислам жолымен тәрбие беретін басты құрал – Алладан соңғы пайғамбарымыз Мұхаммедке (С.Ғ.С.) түскен – Құран кітабы.
Құран-ислам дінінің ең негізгі классикалық үлгісі, сондай-ақ араб әдебиеті тарихында кітап болып шыққан тұңғыш шығарма.
Құран-адам бойында адамгершілік қасиеттерді дарытатын асыл мұра. Әдепті инабатты, шындықты, адалдықты қастерлейтін қазина. Қазақтың бір ақиқаты дәлелденген болса "Құран атсын" істі қарғануы тегін емес қой. Қазақ баласы дүниесі таза, ар-ожданы пәк, арлы адамды "Иман жүзді" "Аузында алласы, қолында құраны бар екен деп құрмет тұтады. Немесе "Ал хаяу шоғбатун мин-ал-иман».
Ұят – имандылықтың бір бөлімі деудің тәрбиелік мәні де түсінікті ғой.
Иманшаратта: "Құдайға құлшылық еткен пенденің көңілін кірлетпе. Өз сенімі бар адамды сыйла. Еш нәрсеге сенбейтін, ешкімді сыйламайтын мәңгүрттен қорық. Иек астындағыны көрмейтін көңіл соқырларынан құтыл. Қорғансыздың көз жасын төкпе. Ата-анаңа мейірімді, халқыңа қайрымды бол, жасы кіші болса да сен деп сенсіремей, сіз деп ілтипат көрсет. Сіз деп сөйлеу кішіліктің белгісі. Жау іздеме, дос ізде. Билікке ұмтылма, бірлікке ұмтыл. Иманды сенім, ұлшылдық, тазалық, арды - қанағат деп түсін" деген парасатты ақыл кеңестер шығарманың негізгі арқауы.
Құран сүрелері мен бірге Халифа Алтайдың аударуымен жарық көрген хадистерді де тәрбие ісіне қолдану өте тиімді.
20 хадис. Шындық туралы.
Мұхаммед пайғамбар шындық туралы – 20 хадис ұсынған. Өйткені ислам діні ұдай турашылдыққа және шыншылдыққа өте маныз беріп, қисық жолға таюды айыптап отырған. Сондықтнп Мұхаммед пайғамбар әр орайда үмметіне шыншылдықты, әділдікті үгіттегендігін мынадай хадистерден білеміз.
-
Шындыққа жабысындар, өйткені шындық игілікке жетектейді.
Міндетті түрде өтіріктен сақтаныңдар, өйткені өтірік немесе өтірік
айтушылар жамандыққа жетелейді.
-
Өтірік айтудан қашатын жағдайлар бар. Яғни, өтірік айтпай-ақ ол
орындауға болады. Басқаша айтқанда ешкім өтірік айтуға мәжбүр
емес.
-
Шындыққа жабысындар, одан айрылмандар, өйткені шындық
жақсылық пен бірге болады да екеуі де жәннатта болады және әлуметтік тұрмыстық жағдайларды өте жетік білді. Сол арқылы оның шығармалары өз кезіндегі қазақ өмірінің айнасына айналды.
Шәкәрім Абай үлгі еткен өнер-білімді, адамгершілік пен қасиеттерді өзіне ұран тұтып, "Жастарға" деген өлеңінде былай дейді:
Қай жігіттер, күн болды ойланарлық,
Білім, әдеп, ақылды ойға аларлық.
Надандықтан еліріп босқа жүрсек,
Мына заман көрсетер бізге тарлық...
Асыл сол - ақыл, білім бойда барлық,
Айла, өтірік, арсыздық өнер емес.
Мен де айламдай болсам деп таласарлық,-
деп оларға қатарыңнан қалма, өтірік, өсек, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнегелі, өнерлі елдердің жастарынан үйрен, оқу оқып білім ал, талаптанып, талпынып бойындағы өнері мен білімін ел қажетіне жұмса дейді. Ол қазақ жастарына ақылды мен ақылсыздың, адалдық пен арсыздықтың ара жібін былай ашып көрсетеді:
Ақылды сол- нысаппен ар сақтайды,
Арсыз сол - адамдықпен жан сақтайды.
Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп.
Жаны үшін адамшылық ар сақтайды,-
деп соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп, үлкендер айтқан ақылды қабыл алып, ар тазалығы үшін күресуді, өтірік-өсек, ұрлық жолы адамгершіліктен аздыратындығын, қу-сұм болма, өзгеден айланды асыр, азғырушылардың "Ақыл-кеңесін алсаң оңбайсын, қор болып азып-тозып адамдық қалыптан айрыласың" дей келе:
"Өнер қаша ар сатып, жалдамақты,
Ұлық болып, елді жеп молдамақты.
Біреуді жеп біреуді табамыз деп,
Қашан жақсы көруші ек алданбақты.
Өлсең де ондай сөзге құлақ салам,
Ардан күсік, ақылдан құры қалма.
Әкең түгіл, арғы атаң айтса дағы,
Білімі жоқ наданың тілін алам!"
Ақынның жастарға ұсынған адамгершілік жолы адалдық пен ғылымды меңгеру. Осы екі жол кісіні қиындықтан құтқарады, надандықтан артылады, адамгершілік тезге салады. Осыған орай ақын жастарға арнап:
Байладым белді бекем буайын деп.
Жүректі адалдықпен жуайын деп.
Талпынған мақсат іздеп марқұм қалма,
Адамдық ғылым жолынан қуайын деп.
Он үшінші қара сөзінде:
"Иман дерлік илануға екі түрлі нәрсе керек. Әуел не нәрсеге иман келтірсе соның хақтығына ақылы бірлән дәлек жүргізерлік болып ақылы дәлел сипат қыларға жараса, мұны якини иман десек керек. Екінші кітаптан оқу бірән яки молдалардан есту бірлән иман келтіріп, сол иман келтірген нәрсесіне соншалық бірліктік керек."
"Отыз сегізінші" қара сөзінде:
"Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі — надандық , екінші — еріншектік, үшінші залымдылық деп білесің.
Надандық – білім-ғылымның жоқтығын, дүниеден еш нәрсені біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедсйлік бәрі осыдан шығады.
Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хибасына қосылады.
Абайдың өсиетті - адамгершілікке, өнер-білімге, әділеттілікке үндейді.
Мазмұны жағынан олар ел тілегі, халық мүддесі, болашақ қамы үшін айтылған адамгершіл ақыл-гақлия сөздер.
Атамыз Абай мал табуды тек еңбек деп қарастырмай, оны адамгершілікке, адамның еркіндігіне бастайтын жол екендігін ескертеді:
Қулық, сұмдық, ұрлық пен мал жиылмас. Сұм нәпсін үйір болса тез тиылмас. Зиян шекпей қалмайсыз ондай беттен, мал кетер, мазақ кетер, ар бұйырмас,- деп таза адал еңбекті жоғары бағалаған! Еңбектің ролі, байлықтың көзі адамгершілік жағынан тұтастылығын көрсетеді.
Адамның ішкі жан сырының неше алуан көріністерін еңбектің
оқудың, білімнің, өнердің адамға тән ынсап, рахым, ар-ұят, сабырлық, ой талаптың ортаға тигізер пайдасы, әсері, ықпалы туралы түбіне жеткізе айтқан адам Шәкәрім Құдайбердіұлы десек кателеспеген болар едік. Ол:
Ынсап, рақым, ар-ұят ,сабыр, сақтық, талапқа алты түрлі ноқта тақтық.
Сабыр, сақтық, ой талап болмаған жай,
Анық төмен болмай ма хайуаннан
Ынсап, рақым, ар, ұят табылмаса,
Өлген артық дүниені былғамастан,
деп, адамның қоғамдағы орнын жоғары пайымдай отырып, оған көп жүк артады, мақсат міндет қояды. Олардың орындауына қажетті шарттарды, жолдарды да нұсқайды. Мысалы : "Анық бақ деп айтарлық үш нәрсе бар: кірсіз рахым, мінсіз сөз адал еңбек"! Шәкәрім сол кездегі қазақ даласындағы қоғамдық саяси және өтіріктен өте сақтаныңдар, ол бұзықтықпен бірге болады да екеуі де тозақта болады.
-
Қауіп-қатер көрсеңдер де шындықты іздестіріңдер. Өйткені шындықта құтылу бар. Басың кессе де шындықты жақта.
-
Хазірет пайғамбар ғ.с. былай деп бұйырған: мен үшін алты нәрсеге
уәде берсеңдер жәннатқа кірулеріңе кепіл болайын, біреулерін сөйлегенде өтірік айтпасын, қашанда уағда етсе айнымасын, қашанда аманат етілсе қиянат етпсең. Харам нәрсеге қараудан көздерінді жұмындар, харамнан қолдарынды тыйындар және абыройларыңды қорғаңдар, зиянқорлықтан аулақ болыңдар.
13 хадис. Ар, ұятқа байланысты.
Адамзаттың қасиеттерінің бірі, сондай-ақ ең бастысы "ұялу". Басында миы бар, ақылы дұрыс адам ұялады. Ислам дінінде де әдептіліктің, ұятылықтың елеулі орны бар.
Сондықтан мұсылман адамдардың ар, ұятқа ие болуы шарт. "Ұят тұрған жерде иман тұрады" - деген мақал текке айтылмаған.
-
Ұят деген нәрсс харамнан сақтану, жүрекке ие бола алмаса да тілге
ие болу (ауыз бағу), абырой қорғау (зинадан сақтану).
-
Ұят иманнан, кімнің иманы болмаса оның ұяты жоқ.
-
Ұят пен иман бір-біріне жақын. Егер бірі көтерілсе, екіншісі де
көтеріледі. Басқаша айтқанда, бірі кетсе екіншісі де кетеді.
-
Ұят иманнан және иман иесі жаннатта болады. Шайпау сөз ренжітеді, көңіл қалдырады. Ал ренжітуші тозақта болады. Былайша айтқанда тілі ащы адам ұлмай басқаға тіл тигізіп ренжіткенде әрине адамнан кешірім сұрап, тәуба етсе - ол бір сәрі.
-
Ұят әмәнда жақсылық келтіреді.
-
Ұят пен салиқалы-иманның екі бөлімі. Ұятсыздық пен көпсөзділік сұрқиялықтың екі бөлімі.
Мейірімділік пен қайырымдылыққа байланысты.
1.Бір-біріне қайырлы, мейірімді, шапағатты бол, қол беріп амандасып жүріндер, сонда көңілдегі түйткіл кетеді.
-
Бір-біріңе қайыр-садақа беріндер, себебі ол сүйіспеншілікті оятады, жамандықтың алауына су боп құтылады.
-
Мүсәпірге қайыр берсеңіз ол - садақа боп есептелінеді, ал оны
туған туысқа үлестірсеңіз ол әрі адамгершілік.
-
Адамзаттың денелеріндегі барлық мүшелері қайырымдылық
жасауға ұйғарылған; әрбір күн, таң атқаннан бастап екі адамның арасында қайырымдылық жасаудан басталады. Малды күтімге алу немесе оған жүк арту - адамның оларға жасалған қайырымдылығы; жылы сөз - қайырымды іс, ғибрат жасауын орынға аттаған әрбір қадам қайырымдылық іс және жол үстінен ауырпалық жасап зиянын тигізген әрбір затты алып тастау - ол да қайырымылық іске жатады.
-
Кімде де кім соқыр адамды 40 қадам жетектесе, ол міндетті түрде
жұмаққа барады.
-
Мен жетімнің кепілдігіне алған адаммен о дүниеде де біргемін. Досың залым болсын, мүсәпір болсын – бәрібір жәрдем беру керек. Мүсәпірге көмектескен мақұл, залымға неге жәрдем беруіміз керек деген сауал туады. Оған берілген жауап: Оны зұлым болудан қайтарсаңыз, оған берген көмегіңіз сол болады.
-
Алла-тағалаға отбасының ішіндегі ең сүйіктісі – жетімді асырап, жақсы тәбие беріп отырған отбасы — дейді.
-
Өлгеннен кейін өкінбейтін адам болмайды. Жақсы адамдар бұл
дүниеде қайырлы істерді көбірек жасамағанына жаман адамдар райдан қайтып тәубеге келмегені үшін өкінеді.
-
Қайыр-садақа, жәрдем-көмек беруді әуелі өзіңен баста. Егер бір нәрсе өзіңен артылып қалса, оны бала-шағаңа бер, одан артылып жатса, туған- туыстарыңа бер, олардан да артылып жатса, басқаларға бер.
33 Хадис. Тәкаппарлық және кішіпейілдікке байланысты.
"Тәкаппар" - деген сөз арабша "Тәкаббүр", яғни өзін-өзі үлкен санау деген сөзден кірген. Қазақша паңдаңдайсыған, менмен және шікірейген деп атайды.
І.Жүрегінде тозаңның түйірінің салмағындай тәкәпарлық болған кісі, жаннатқа кірмейді. Ал бұзық мінез қатыгездік туралы айтатын болсақ. Адамды құдай жаратқанда бірдей етіп жаратты, оған бой, өн күш-қуат айда берді.
Дүниенің жарығын, бақытты қызығын берді, ксн дүниенің төрінде еркін өмір сүруді жазды. Бірақ адам баласының бәрі бірдей таза, адал ниетті бола алмайды. Біреуі өтірік айтты, біреуі ұрлық етеді, енді біреулері қан құмар алдаушы болады, нашақор болады,
Олар "бұл ісімізді ешкімге де білгізбелік" деп есептейді. Одан емес. Аллаға оның барлығы да аян. Жақсылық пен жамандлықтың тарзыға түсер өлшемдер, әрбір жан иесінің жауап берер кезі болады. Ол – қиямет күні. Кісі өлтіру, әлсіздікке зорлық қылу, әйел адамдарды қорқыту, зорлықпен күш көрсету, біреуге өтірік куәлік беру, біреуге нашар көзімен, біреуге жақсы пиғылымен қарамайтын әкімнің билігі, әділ қазылық жасамау, аңқау адамларды алдау, озбырлық жасау – мұның бәрі тыйым салынған харам істер екенін жан иесі білуге міндетті.
-
"Адам кішіпейіл болмай, жұмсақ болмайды".
-
"Сәлем беріп кірмеген адамды көзге білмеуге де болады".
14 Хадис. Көркем мінезгс байланысты.
-
Көркем мінез. Алланың мінезі жұмсақтың, сабыр, айыптарды
жасыру.
-
Су мұзды еріткендей көркем мінез күн оларды ерітеді. (жояды). Ал
жаман мінез ғамалды сіркебалды бұзғандай бұзады (жояды).
-
Досым Кәпірлерге болса да мінезінді көркемдестір, игі жақсылықтардың жолына кіресің.
-
Адамның сұлулығы – оның сөйлеген сөзінен белгілі.
Достық жолдастық туралы.
-
Адам мен адамның шын достығы, тыныштық пен татулықтың, ізгілік пен рахымдылықтың шынайы белгісі болмақ.
-
Достық жолы ауыр да, берір жол.
-
Екі кісінің арасын жарастыру үшін өтірік айтқан өтірікші емес.
-
Бір адам алыс ауылда жатқан досын көріп келу үшін сапарға шықса, Тәңірі оның жолында бір періштені қамқоршы етіп қояды.
Ол жолаушыдан:
-
Қайда барасың? - деп сұрайды екен.
-
Анау ауылда тұратын досымды көруге барамын, - деп жауап береді бұл.
-
Саған оның өтіп кеткен бір қызметі бар ма еді? - деп сұрайды періште.
-
Қызметі жоқ, бірақ мен оны Тәңірі жолында дос тұтқам. – дейді
жолаушы.
-
Мен саған Тәңірі жіберген елшімін. Сен досынды қандай жақсы
көрсең, Тәңірі де сені сондай жақсы көреді деген сөзді саған айтқалы
келдім,- дейді екен періште.
-
Тәңірі иман келтіруден кейінгі істердің жақсысы – адамдармен достасу.
-
Тәңірі досына қабақ түйіп қарайтын адамдарды жақтырмайды.
-
Дос үшін дана сөзден артық сый жоқ, себебі сол даналықтың
арқасында Тәңірі оны дұрыс жолға түсіріп, жамандықтан қайтарады.
-
Досыңның ауыртпалығын жеңілдету қиямет күні сенін-ақ қараңды өлшер таразының сауап салынған басына тас боп қойылады.
Қасиетті "Құран" және хадистерде бұлар басқа да тәрбиелік мәні зор жақсы қасиеттерге итермелейтін уағыздар да көп. Құранның мынадай ұлағатты сөздеріне құлақ түрейікші:
"Ей адамдар... Тегінде атасы баласына сүйеу бола алмайтын, баласы атасына көмектесе алмайтын күн болатынынан сақтаныңыздар.
"Ана тілі, ана тілегі, ана арманы, ана көркі, ана лағысы дүниеніц мәні мен мағынасы. Сондай-ақ ана қарғысы, ананың өкініші- өте қатерлі. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр, таразы жоқ. Ойткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр".
"Ананың ақ сүтін арда емген азамат та, сол сүттің бағасын білген пенде де ең алдымен жақсы жүрек, жайдары да жаздай мейірімді жан, таза рух, келісімді мінез-құлық, қасиетке толы қадір мен салт сана, ақыл-парасат, адалдық, инабаттылық, бойына толы адам болып қалыптасады".
Бұл үзінділер инабаттылық, имандылық қана емес, жалпы адамгершіліктің қайнар көзі қайда екенін меңзеп тұрған жоқ па?
Діни, имандылық, адамгершілік тәрбиесінің негізін, қағидаларын естерінде сақта дей отыра, мына қағидаларды ұсынамыз:
-
Әрқашан жақсылық істеуді ұмытпа.
-
Жақсылықты жалпы халыққа жаса!
-
Керісінше сөйлеме, теріс ой ойлама.
-
Қай істе болсын әділ бол.
-
Егер көңілінде қайғың не қуанышың болса, соған серік болатын
адамыңды тауып ал.
-
Қайғылы жаңға қуанышыңды айтпа.
-
Әр нәрсеге таңданып таңырқама. Таңдану жас сәбидің ғана ісі.
-
Үмітсіз болуға болмайды, әр іске үмітпен қараған жөн.
9.Біреудің еңбегін зая кетірме, еңбегіне қарай бағасын бер.
10.Жақсылықты ең алдымен өз жақыныңа істе.
11.Қарт қарияларды ізет құрмет көрсетіп сынай біл.
12.Білмегеніңді үйренуге намыстанба, үйрене білсең өкініштен аулақ
боласың.
Бұл әңгімені Мұхамбет пайғамбарымыздың сөзімен аяқтағымыз келеді: "Бір-бірлеріңе қайрымды, мейір шапағатты болып, қол ұшын беріндер, сонда іштеріндегі арам пиғылдан тазарасыңдар". Имандылық қашан да адамгершілік айнасы. Жастарымыз иманды болғай!
ІІ ТАРАУ.
Достарыңызбен бөлісу: |