2.Бетонды қоспасын дайындаудың технологиялық үрдісінің қысқаша сипатталуы
Бетонды қоспаны дайындаудың негізгі технологиялық операциялары – бұл бастапқы материалдардың мөлшерленуі мен араластырылуы. Қасиеттердің алдын – ала берілген көрсеткіштердің мәндері және бір илеуден келесі илеуге дейінгі бұл көрсеткіштердің тұрақты болуын қамтамасыздандырылуы кезіндегі бетонды қоспаның маңызды талаптарының бірі құрамдас материалдардың мөлшерлеу дәлдігі болып табылады.
Қазіргі уақытта өндірілетін бетон араластырғыш торап – бұл құрамдас бөліктер мөлшерлеуінің жоғары дәрежелі дәлдігінің, біртектіліктің, алынатын қоспа құрамының тұрақтылығының кепілдігін беретін, және толтырғыштар параметрлерінің өзгерісі кезінде өзін өзі керекті күйге келтіру қамтамасыздандыратын жүйені айтамыз.
Материалдарды циклдік немесе үздіксіз мөлшерлегіштермен мөлшерлейді. Біріншілерде қолша, жартылай автоматтандырылған және автоматтандырылған басқаруы болуы мүмкін. Жаңа автоматтандырылған мөлшерлегіштер жоғары дәлдікті мөлшерленуін, өлшеудің үлкен жылдамдығын және басқарудың жеңілділігін қамтамасыз етеді. Көлемді мөлшерлегіштер үлкен емес бетон араластырғыш қондырғыларында пайдаланады. Басқа жағдайларда тек массалық мөлшерлегіштер қолданылады.
Жартылай автоматтандырылған мөлшерлегіштерде жүктеме қақпақтары белгіленген массасы бар материал өлшегішті толтырғаннан кейін жабылады немесе ашылады. Түсіру тесігін қолша басқарады. Автоматтандырылған мөлшерлегішті орталық пульт арқылы басқарады. Материалдың керекті мөлшері автоматты түрде екі кезең бойынша: алғашында шаманың 90 % - ын, содан соң қалғанын өлшейді.
Циклдік және үздіксіз мөлшерлегіштер көмегімен өлшенетін бастапқы материалдардың өлшеу қателігі ±1 % - дан аспау керек (цемент, су, құрғақ химиялық үстемелер, сұйық химиялық үстемелердің жұмыс ерітіндісі), ал толтырғыштар үшін ±2 % - дан аспау керек.
Бетонды араластырғыштар өз алдында мөлшерлегіштер тәрізді екі түрге бөлінеді: циклдік және үздіксіз. Үздіксіз әдіс кезінде жабдықтар үздіксіз түрде толтырылып, үздіксіз жүктеме астында болады. Бұл жағдайда бетонды қоспа үздіксіз алынады.
Циклдік мөлшерлеудің ерекшелігі: жабдықтар тек бір илеуден келесі илеуге дейін толтырылып, жұмыс істейді. Сондықтан, циклдік принципті қолданған кезде бір илеуден келесі илеуге дейін жедел түрде қажеттілікке байланысты бетонның маркасын өзгертуге болады. Қазіргі кезде бетон араластырғыш цехтер циклдік принцип бойынша жұмыс ітеп тұр.
Бұл жұмыста бетонды қоспаны дайындаудың циклдік принципі қарастырылады.
Материалдарды араластыру әдісі бойынша бетон араластырғыштар гравитациялы (еркін түсу) машиналар мен материалдарды мәжбүрлі араластыру машиналары болып бөлінеді. Гравитациялы бетон араластырғыштарда материалдар ішкі бетінде қалақшар орналасқан барабан ішінде сол барабанның айналуы кезінде араластырылады. Бұл жағдайда қалақшалар қозғалу кезінде қоспаның құрамдас бөліктерін іліп алады да, белгілі бір биіктікке көтереді. Құлаған кезде олар араластырылады.
Мәжбүрлі әрекетті бетон араластырғыштарда материалдар валға қадалған қалақшалар қозғалысы арқылы қозғалмайтын барабан ішінде араласады.
Бетон араластырғыш қондырғыларда екі негізгі технологиялық схема қолданылады: құрамдас бөліктер материалдарын бір рет биіктікке көтеріетін биктік әдіс (бір сатылы). Келесі араластырулар төмен тартқыш күш ісерінен жүреді.
В3 сұлбасында бүгінгі күнгі бетон араластырғыш цехтің негізгі технологиялық жабдықталудың функциональдық сұлбасы көрсетілген. Сұлбада көрсетілгендей, технологиялық жабдықталу цехтің кеңістігінде тік, бірінің үстіне бірі орналасқан, яғни бұл жағдайда тік жиналған сұлба бейнеленген. Технологиялық жабдықтаудың орналасуы олардың өндірістік қызыметі бойынша орналасуын в қосымшасына сәйкес шартты түрде үш деңгейге бөлуге болады.
Бірінші деңгейде сәйкес тасымалдау жолдары – цемент желісі, конвейер, құбыр арқылы цемент, құм, әр түрлі фракциялы щебень, су, химиялық үстемелер түсетін мөлшерлегіш үсті бункерлер орналасқан.
Екінші деңгейде – мөлшерлегіш бөлімде мөлшерлегіштер орналасқан. Мөлшерлегіштердің ішінде мөлшерлегіш үсті бункерлерден келген бетонды қоспаның құрамдас бөліктерінің мөлшерленуі жүреді.
Үшінші деңгейде бетонды қоспаның құрамдас бөліктерінің араласуы жүретін тікелей бетонды қоспаны дайындайтын бетон араластырғыштар орналасқан. Одан кейін, технология бойынша, дайын бетонды қоспа бетон араластырғыштан беру бункерлер арқылы бетон тасушы арбашаларға түседі де, тұтынушыға барады. Бұндай технологиялық жабдықтаудың тік жиналуының артықшылығы: мөлшерлегіш үсті бункерлерден бастап, бетон тасушы арбашалармен бітетін бетонды қоспаны дайындау барысындағы барлық материал өзінің салмағының ауырлығының әсерінен өздігінен ағып тұрады.
Осындай қондырғыларда цементтің жіберілуі пневматикалық әдіспен, ал аз қуатты қондырғылар үшін тік элеваторлар көмегімен жүзеге асырылады. Мөлшерлегіш үсті бункерлер немесе шығыс бункерлер құрғақ құрамдас бөліктерінің 2 -4 сағаттық қоры ретіндегі аралық сыйымдылықтар болып табылады. Ол материалдар фракцияларының және толтырғыштар түрінің, сонымен қатар, цементтер маркасы мен басқа тұтқыр заттардың қажетті мөлшеріне сәйкес қалқалармен бөлінген аралықтардан құралады. Бункердің кез – келген аралығы босаған кезде оның толтырылуы басталады. Бұл жағдайда аралықтардың толтырылу кезіктілігі босалу кезектілігінен тәуелді болмайды. Бұндай аралықтардың аз саныннынң толтырылуының қатаң алгоритмі өндірістің жалпы ырғығын бұзбайды, және бункерлердің босауының кезектілігіне сәйкес толтырылу кезектілігін қатаң түрде сақтайтын автоматикалық коррекцияның шығаруына мүмкіндік береді.
Қоспаның барлық материалдары алынғанан кейін, циклдік әрекетті автоматтандырылған мөлшерлегіштердің толтырылу үрдісі басталады. Мөлшерлегіштер қоспаның құрамдас бөліктерінің керекті шамасын қабылдағаннан соң, материалдар жіберілуі тоқтатылады да, қоспаның құрамдас бөліктері жима құйғышқа түседі. Сонымен қатар, су мен химиялық үстемелер өзінің мөлшергіштері арқылы жима құйғышқа түседі. Ары қарай барлық құрамдас бөліктер бетон араластырғышқа түседі. Қоспаның жақсы араласуы үшін мөлшерлегіштер бірнеше сатылы босатылады, бұл, өз алдында, қоспа материалдарының жима құйғышқа біртіндеп түсуін қамтамасыз етеді. Араластыру үрдісі біткен кезде дайын бетонды қоспа бетон араластырғыштан шығарылады да, үрдіс қайталанады.
Бетон араластырғыш цех келесідей сипаттамаларға ие болатын күрделі нысандардың бірі болып табылады: технологиялық үрдістің циклдік немесе үздіксіз қайталануы; бетон араластырғышта тармақтануы мен бетон шығару тораптарында қайта біріктірілуі; аралық сыйымдылықтардың бар болуы; бөлек, салыстырмалы түрде жылдам жүретін үрдістер (судың және бункерлерден келген инертті материалдардың мөлшерлегіштерге ағуы); физика – техникалық пармаметрлер (температура, ылғалдық, тұтқырлық); технологиялық режимдерінің өзгеруіне әсер ететін едәуір кешігулер.
Одан басқа, бетонды қоспаның сапасына әсер ететін мөлшерлеу мен араластыру үрдістерінің зор мағынасы бар. Бұл жағдайда мөлшерлеудің дәлділігі неғұрлым жоғары болса, араластыру үрдісі кезінде соғұрлым талаптардың қатаңдығы төмен болады. Кері жағдайда, бетон араластырғыштағы араластыру уақытын ұзартатын құрамдас бөліктерінің қосымша коррекциясы көмегімен бетон сапасын жақсарту қажеттілігі пайда болады.
Бетонды қоспаның араластырылу ұзақтығы оның қозғалғыштығынан және бетон араластырғыштың көлеміне байланысты болады: неғұрлым бетонның қозғалғыштығы аз және бетон араластырғыштың көлемі көп болса, соғұрлым араластырылудың оңтайлы уақыты ұзақ болады.
Қарастырылып отырған бетонды қоспаны дайындау үрдісінің ерекшеліктері мынандай сипатта болады:
Бетон араластырғышқа түсетін материалдардың жіберілуінің мерзімділігі.
Басқарылатын шамалардың өзгеруін туғызатын әсерлердің бар болуы.
Басқарылатын әсер мен кіріс шамаларына қойылған шектеулердің бар болуы.
Бетонды қоспаны дайындау үрдісінің динамикалық сипаттамаларының тұрақты болмауы.
Басқару мен бақылау координатасы бойынша кешігудің болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |