Қант диабеті
Жоспар Кіріспе Негізгі бөлім 1. Этиологиясы және патогенезі 3. Диагностика және ажырату диагностикасы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Зерттеу сұрағы Қант диабеті қазіргі таңда неге жасарып бара жатыр? Қант диабеті - бұл инсулин секрециясының немесе инсулин әсерінің жетіспеушілігінен дамытын ағзада зат алмасу бұзылыстарымен сипатталатын нәтижесінде көптеген жүйелердің жүрек бүйрек көздің қан тамырлардың зақымдануымен жүретін созылмалы ауру. Инсулин- бұл ұйқы безінің лангерханс аралшасының бетта клеткасынан өндіріліп тікелей қанға сорылатын қалыпты жағдайда қандағы қант денгейін жоғарлатпай бір денгейде ұстап тұратын гормон болып табылады. - Инсулин- бұл ұйқы безінің лангерханс аралшасының бетта клеткасынан өндіріліп тікелей қанға сорылатын қалыпты жағдайда қандағы қант денгейін жоғарлатпай бір денгейде ұстап тұратын гормон болып табылады.
Этиологиялық факторлар
Аутоиммундық өзгерістер
Вирусты аурулар
Тұқымқуалаушылық
Экзогенді және эндогенді аурулар
Осы себептердің салдарынан ұйқы безі зақымдалып инсулинді бөліп шығару қызметі төмендеуінен қандағы инсулин мөлшері азайып қандағы қант денгейінің қалыпты мөлшерінен жоғарлауына алып келеді.
Қант диабеті
Инсулинге тәуелді (Ітип,жасөспірімдік)
Инсулинге тәуелсіз (ІІтип,ересек)
Қант диабетінің 1 типі дамуы: диабетке бейімділігі жоғары адамдарда вирусты инфекция Лангерганс аралшалары клеткаларына қарсы антиденелер түзілуін туғызады. Бұл антиденелер инсулинтүзуші клеткаларды бұза бастайды, бірақ қант диабетінің белгілері (шөлдеу, жиі несеп шығару, дене салмағын жоғалту, шаршағыштық) тек бета клеткалардың 80% жойылғанда дамиды. Осыған байланысты антиделер түзілуі, аурудың басталуымен диабеттің айқын белгілері пайда болуы арасында айлар кейде жылдар өтуі мүмкін. Қант диабетінің 1 типінде инсулин түзілуі төмендейді, абсолютті инсулин жетіспеушілігі дамиды, сондықтан аурудың басынан бастап науқастарды инсулинмен емдеу керек. Отбасында ата-анасының біреуі диабетпен ауырса балаларда диабет даму қаупі 3-5%-ды құрайды. Егер ата-анасының екеуі де диабетпен ауырса диабет даму қаупі 10-25%-ға өседі. Қант диабеті 1 типі әзірге толық жазылмайды, қазіргі уақытта бета клеткалардың бұзылуын баяулатуға байланысты әдістер жасалуда, ол ауру басталуын кейінге шегеруі немесе дамуының алдын алуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |