Үндістан (хинди भारत Bhārat, ағылш. India), ресми атауы — Үндістан Республикасы (хинди भारत गणराज्य Bhārat Gaṇarājya, ағылш. Republic of India) — Оңтүстік Азияда Үндістан түбегінде орналасқан мемлекет. Үндістан - Жұрты 1 210 193 422 адам – өзінің аса бай мәдениетімен және ежелгі өркениетімен әйгілі ел. Ол – терең тамырлы философияның, мол өзіндік ізгі рухани мұраның, сыры да, сыны да сақталған әдет-ғұрыптар мен дәстүрдің, жер-жаһанға әйгілі махаббат күмбезі Тәж Махал, Лотосхрам сынды сәулеттік жауһарлардың, терең қайнарлы би мен саздың, ғажайып үнді киносы мен жұпар иісті үнді шайының елі. Ол – “барлық халықтардың жүрегін біртұтас өмірдің ырғағында тоғыстырған” (Үндістанның “Халықтың жан жүрегі” мемлекеттік Әнұранынан) әр түрліліктегі бірлестіктің үлгісі. Ресми тілдері — хинди және ағылшын, сондай-ақ штаттарда 18 тіл ресми болып есептеледі. - Атлас и контурные карты. М: ПКО «Картография»,2009
- О. Г. Ульциферов «Индия. Карманная энциклопедия», изд-во "Муравей-Гайд", Москва, 2006
- Н.П. Неклюкова «География: справочное пособие».М.-:АСТ-ПРЕСС ШКОЛА, 2007
- Ю.Н. Гладкий, С.Б. Лавров «Экономическая и социальная география мира»: учебник для 10 кл.общеобразовательных учреждений. –М.:Просвещение, 2008
- Ушаков Д. С. Страноведение: учебное пособие / Д. С. Ушаков, 2009. - 256 с.
- Гладкий, Юрий Никифорович. Экономическая и социальная география зарубежных стран: учебник / Ю. Н. Гладкий, В. Д. Сухоруков, 2008. - 461 с.
- Колтакова И. А. Экономическая география: учебное пособие / И. А. Колтакова, 2008. - 257 с
- Страны мира: современный справочник / сост.: Т. В. Горячкина, И. Г. Ярич, 2008. - 608 с.
Достарыңызбен бөлісу: |