Жалпыадамзаттық құндылықтар: АҚИҚат үсенбаева Гүлжан Жұмалбекқызы 2016 ж Жоспар



бет1/5
Дата10.02.2024
өлшемі30.87 Kb.
#491564
  1   2   3   4   5
Реферат тақырыбы Жалпыадамзаттық құндылық Ақиқат (1)



Тақырыбы:


Жалпыадамзаттық құндылықтар: АҚИҚАТ

Үсенбаева Гүлжан Жұмалбекқызы

2016 ж

Жоспар

І. Кіріспе


Жалпыадамзаттық құндылықтар – мектептің бүкіл педагогикалық үдерісінің негізі
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Ақиқат – өзін –өзі тану мақсаты;
ә) Абсолютті ақиқат. Салыстырмалы ақиқат
б) Менің өмірімдегі ақиқаттың маңызы
ІІІ. Қорытынды
ҮІ пайдаланған әдебиеттер

Рухани-адамгершілік–адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттерді қамтиды, сондай-ақ кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық та рухани-адамгершілікке жатады.


«Жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту – «Өзін-өзі тануға» негізгі рухани жол болып табылады»
Сара Алпысқызы:«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да кез келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек. Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі».
«Адам дегеніміз үш түрлі жүйеден (Тән, Жан, Рух) тұратын тіршілік иесі». «Адам табиғатындағы үш жүйенің: Тән, Жан, Рухтың тәрбиесі түзелмей, әділетті қоғам да, мейірімді мемлекет те болуы мүмкін емес!...»
Қазіргі заманда жалпыәлемге ортақ адамзаттың бірлігі өлшеусіз өсіп келеді, жалпы тағдыр және жалпы жауапкершілікпен бірлескен жаңа жүйе қағидасы қалыптасуда, сол себепті социологтар біртұтас өркениет құру туралы айтқанды жөн көреді. Барлық адамдардың өмірлік қызығушылығына түрткі болатын – “қазіргі жаhандық мәселелер” деген атау алды. Бұл мәселелер құрамы адамзат алдына жаhандық мәселені қойды. Яғни “адамзат күн көріс” үшін жасалған әреккеттер адамзаттың рухани жұтаңдыққа әкеледі.
Қазіргі замандағы жаһандық мәселелер
Жеке тұлғалық қоғамдық әлемдік экологиялық
дағдарыс дағдарыс дағдарыс
Жеке тұлғалық дағдарыс(жеке бас дағдарысы)

  1. Зияткерлік- жан-жағындағы барлық затты үйреніп алғысы келіп күйзеліске келу.

  2. Эмоционалдық – көрген білгенін үйрене алмай күйзеліске ұшырау.

  3. Тәндік – күйзелістен ішкі тәндік дағдарысқа келу.

Қоғамдық әлемдік дағдарыс

  • Экономикалық- мамандық түрі көп, жұмыс жоқ.

  • Саяси- алыс сапарға шығу үшін уақыт тауып жол жүреміз, алайда жақын жердегі көршінің үйіне баруға уақыт таппаймыз.

  • Мәдени- адамдар керемет ақылды, адамгершілігі төмен.

  • Отбасылық- салынып жатқан үйлер өте көп, алайда тату- тәтті отбасылар жылдан жылға азайып барады.

  • Білім беру- ғылыми дәрежесі бар адамдар өте көп, парасатты ойлайтын данышпан жоқ.



Аксиология-( грек тілінен алғанда «құндылық», логос- ілім құндылық категориясын зерттейтін философия саласы. Адам үшін аса маңызды заттар құбылыстар, қасиеттер, жай күйлерді құндылықтар деп атаймыз. Жеке адам үшін барлық құндылықтардың біреуінің маңызы жоғарырақ болса, екіншісінің маңызы азырақ болады. Өмірде адам санасында құндылықтар тұрақтап қалмайды. Бірі алға шықса, енді бірі екінші кезекке жылжиды.
Т.И. Петракова құндылықтар жүйесін үшке бөліп қарастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет