География, 11 нұсқа Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі



Дата11.06.2016
өлшемі57.38 Kb.
#128244
География, 11 нұсқа

1. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі:

A) Тонга. B) Мариан. C) Кермадек. D) Атниба. E) Рондыш.



2. Жер бетінің белгілі бір масштабпен жасалған сызбасы:

A) План. B) Карта. C) Аэрофотосурет. D) Сурет. E) Космостық сурет.



3. Жер осі өтетін нүктелер:

A) Шың. B) Полюстер. C) Солтүстік, оңтүстік. D) Эпицентр. E) Координаттар.



4. Жердің терең қабатына батқан, жоғары қысым, температураның әсерінен өзгерген тау жыныстары қалай аталады?

A) Жер қыртысы. B) Мантия. C)Шөгінді жыныстар.

Д) Магмалық. E) Метаморфтық.

5. Аллювийлік жазық:

A) Үнді – Ганг, Месопотамия. B) Каспий маңы ойпаты. C) Ұлы Қытай жазығы.

D) Месопатамия, Шығыс Еуропа жазығы. E) Шығыс Еуропа – Батыс Сібір.

6. Көлемі жағынан екінші орындағы материк:

A) Еуразия. B) Солтүстік Америка. C) Аустралия. D) Африка. E) Оңтүстік Америка.



7. Солтүстік жарты шардың ең суық полюсі:

A) Солтүстік. B) Гренландия. C) Солтүстік жер. D) Челюскин м. E) Оймякон.



8. Оңтүстік Қазақстанның басты салалары:

A) Ауыл шаруашылығы, түсті металлургия, тау-кен және машина жасау.

B) Ауыл шаруашылығы, қара және түсті металлургия.

C) Мұнай-газ өнеркәсібі, қара металлургия.

D) Энергетика, түсті металлургия . Е) Қара, түсті металлургия, отын өнеркәсібі.

9. Тропосфераның бір-бірінен температура, мөлдірлігі, ылғалдығы жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктері:

A) Климат. B) Ауа массалары. C) Ауа райы. D) Ылғалдылық. E) Булану.



10. Тұщы су қорының тұрақты болу себебі:

A) Су айналымы. B) Үгілуден. C) Ағыстардан. D) Толысу. E) Жер сілкінісі.



11. Ең үлкен арал:

А) Гренландия. B) Жаңа Зеландия. C) Кюсю. D) Мадагаскар. E) Исландия.



12. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл:

A) Сарез көлі. B) Байкал. C) Қызыл. D) Балқаш. E) Каспий.



13. Табиғат компоненттеріне жатпайды:

A) Жер бедері. B) Атмосфера. C) Су. D) Қала. Е) Өсімдіктер.



14. Африканың қай тауы Альпі тау құрылысында қалыптасқан?

A) Қап. B) Аир. C) Айдаһар. D) Дарфур. E) Атлас.



15. Жер қыртысының қозғалысын бақылайтын аспап:

A) Нивелир-деңгейлегіш. B) Компас. C) Сейсмограф. D) Барометр. E) Эхолот.



16. Қазақстан Каспий теңізі арқылы қай елдермен байланысады?

A) Армения, Әзірбайжан. B) Иран, Турция.

C) Әзірбайжан, Иран. D) Грузия, Армения. E) Иран, Грузия.

17. Платформа дегеніміз ... :

A) Тектоникалық тұрақты аймақ. B) Қатпарлы аймақ. C) Төбелі аймақ.

D) Су толған ойпат. E) Аласа таулы өлке.

18. Қазақстанның ең биік нүктесі орналасқан тау:

A) Сауыр. B) Тарбағатай. C) Жоңғар Алатауы. D) Тянь-Шань. Е) Алтай.



19. Қазақстанның қай бөлігінде ең аз жауын-шашын түседі (139 мм)?

A) Батыс Алтай. B) Зайсан ойпаты. C) Арал теңізінің солтүстік-шығысы.

D) Каспий маңы ойпаты. Е) Солтүстік Қазақстан жазығы.

20. Мамандандырудың түрлері:

A) Кооперативтендіру. B) Құрамдастыру. C) Бұйымдық, бөліктік.

D) Еңбек бөлінісі. E) Шоғырландыру.

21. Басы үлкен, қошқар тұмсық, денесі ықшам, аяғы жіңішке жануар:

A) Дуадақ. B) Бұғы. C) Елік. D) Ақбөкен. E) Марал.



22. Осы қорым арқылы Шығыс Еуропа мен Азия, Қазақстанды жалғастырған Жібек жолы өткен:

A) Тастау. B) Қотыртас. C) Жоңғар қақпасы. D) Қарақия. E) Жалаңаш.



23. Қазақстанның мемлекеттік құрылымы:

A) Монархия. B) Отар. C) Федерация. D) Конфедеративті. Е) Унитарлық.



24. «Кіші Мекке» деп қай қаланы атайды?

A) Тараз . B) Қызылорда. C) Шымкент. D) Түркістан. E) Алматы.



25. 300-500 м тереңдікте жатқан жер асты суы орналасқан жер:

A) Қызылқұм. B) Сарыесік. C) Қарақұм. D) Мойынқұм. E) Тауқұм.



26. Шығыс Қазақстанның полиметалл өнеркәсібінің орталықтары:

A) Семей, Аягөз. B) Өскемен, Зырян. C) Семей, Өскемен.

D) Риддер, Семей. E) Зырян, Риддер, Өскемен.

27. Қант зауыттарын орналастыру принципі:

A) Шикізат көздеріне. B) Тұтынушыға жақын. C) Электр энергиясы.

D) Су. E) Көлік торабы.

28. Көлемі бойынша ең үлкен облыс:

A) Батыс Қазақстан облысы. B) Ақтөбе облысы. C) Қарағанды облысы.

D) Қостанай облысы. E) Павлодар облысы.

29. Хром, никель рудаларының кен орны шоғырланған:

A) Ақтөбе облысы. B) Маңғыстау. C) Атырау.

D) Батыс Қазақстан облысы. Е) Қостанай.

30. Су буларының сұйық күйге айналуын ... дейді.

A) Абсолют ылғалдылық. B) Салыстырма ылғалдылық. C) Конденсация.

D) Жаңбыр. E) Тұман.

География, 12 нұсқа

1. Бумеранг – қай халықтың қаруы?

A) Ацтектердің. B) Кароибтердің. C) Аборигендердің.

D) Үндістердің. E) Эскимостардың.

2. Көкжиек тұстарын анықтайтың аспап:

A) Термометр. B) Деңгейлегіш. C) Флюгер. D) Анероид. E) Тұсбағдар (компас).



3. Оңтүстік полюстің географиялық ендігі:

A) 66,50 с.е. B) 23,50 о.е. C) 900 о.е. D) 00 с. E) 900 с.е.



4. Тау жыныстарын құрайтын заттар:

A) Минерал. B) Пайдалы қазбалар. C)Топырақ. Д) Қарашірік. E) Тыңайтқыш.



5. Ломоносов атты су асты жотасы бар мұхит:

A) Атлант мұхиты. B) Тынық мұхиты. C) Солтүстік Мұзды мұхиты.

D) Үнді мұхиты. E) Оңтүстік мұхиты.

6. Мазмұнына қарай карталар бөлінеді:

A) Жалпыгеографиялық, топографиялық. B) Тақырыптық, полиграфиялық.

C) Климаттық, тақырыптық. D) Жалпыгеографиялық, тақырыптық.

E) Физикалық, тақырыптық.



7. Ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі организмдер:

A) Планктон. B) Бентос. C) Балдырлар. D) Нектон. E) Маржан.



8. Солтүстік Қазақстанның 80% егістігін құрайды:

A) Астық. B) Жем. C) Техникалық. D) Бау-бақша. Е) Картоп.



9. Көкжиектің негізгі тұстары:

A) 2. B) 4. C) 5. D) 8. E) 10.



10. Құрлық жағалауы жоқ, ашық мұхитта орналасқан теңіз:

A) Арабия. B) Кариб. C) Солтүстік. D) Баренц. E) Саргасс.



11. Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі:

А) Өлі теңіз. B) Турфан. C) Афар. D) Өлім аңғары. E) Катара.



12. Су өткізбейтін тау жыныстары:

A) Еспе су. B) Құм, тастар. C) Гранит, құмтас. D) Саз,құм. E) Тас, қиыршықтас.



13. Ең үлкен табиғат кешені:

A) Тау, жазық. B) Географиялық қабық. C) Мұхиттар, теңіздер.

D) Таулар, теңіздер. Е) Биоценоз.

14. Анды тауының ең үлкен құсы

A) Кондор. B) Тырна. C) Страус. D) Қоқиқаз. E) Бүркіт.



15. «География» сөзінің авторы кім?

A) Тараган. B) Эратосфен. C) Бехайм. D) Армстронг. E) Птолемей.



16. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын үкімет органы:

A) Парламент. B) Мәжіліс. C) Әкімшілік. D) Үкімет. E) Сенат.



17 Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау үшін ... білу қажет:

A) Радиактивті элементтердің ыдырау заңын. B) Тектоникалық құрылымын білу.

C) Қазіргі жер бедерін. D) Геологиялық даму тарихын.

E) Шөгінді тау жыныстарын құрайтын қабаттардың ретті орналасуын.



18. Құм, кристалды тақтатастардан түзілген батыстағы таулар:

A) Баянауыл. B) Ұлытау. C) Маңғыстау. D) Қызыларай. Е) Мұғалжар.



19. Воейков белдеуі Қазақстан жерін қандай ендік бойымен кесіп өтеді?

A) 400 с.е. B) 450 с.е. C) 500 с.е. D) 500 о.е. E) 50 ш.б..



20. Құрал-жабдық жасайтын «А» тобына жататын өрнекәсіп салалары:

A) Жеңіл. B) Ауыр. C) Ауыл шаруашылығы. D) Қызмет көрсету. E) Көлік.



21. Жауын-шашын мол түсетін табиғат зонасы:

A) Орман. B) Орманды дала. C) Дала. D) Шөлейт. E) Шөл.



22. Герцин қатпарлығында пайда болған палеозойлық таулы өлкеге жатпайды:

A) Мұғалжар. B) Сарыарқа. C) Тянь-Шань. D) Жалпы сырт. E) Маңғыстау.



23. Шаруашылықты, халықтың аумақ бойынша таралуын, табиғат байлықтарын зерттейтін ғылым:

A) Әлеуметтік география. B) Экономикалық география. C) Физикалық география. D) Экономикалық және әлеуметтік география. Е) Экономикалық және саяси география.



24. Өз атамекеніне оралуы:

A) Эмиграция. B) Иммиграция. C) Реэмиграция. D) Депортация. E) Көш-қон.



25. Тектоникалық көлдер:

A) Каспий, Арал. B) Арал, Теңіз. C) Зайсан, Марқакөл.

D) Балқаш, Сілеті. E) Арал, Балқаш.

26. Шойын, болат, прокат шығаратын кәсіпорынды ....

A) Толық емес циклді комбинат. B) Толық циклді комбинат. C) Қайта балқыту зауыты. D) Кен байыту комбинаты. E) Ферроқорытпа зауыты.



27. Бидай өсіретін белдеу:

A) ОҚО, Жамбыл, Алматы. B) Павлодар, Ақмола, Қостанай. C) СҚО, Павлодар.

D) Қостанай, Ақмола, СҚО. E) БҚО, Қостанай, Ақмола.

28. Кеме көлігі қай өзендерде дамыған?

A) Жайық, Есіл. B) Іле, Сырдария. C) Ертіс, Жайық.

D) Жайық, Сарысу. E) Іле, Есіл.

29. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының түсті металлургия орталығы:

A) Қаратау, Шымкент, Тараз. B) Жезқазған, Балқаш. C) Зырян, Риддер, Өскемен.



D) Семей, Өскемен. Е) Саяқ, Қоңырат, Балқаш.

30. Жер қыртысының терең жарықтарында орналасқан көл:

A) Балқаш. B) Чад. C) Зайсан. D) Эри. E) Каспий.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет