Деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі: оқу шығармашылық сатыға мұғалім арқылы емес, оқушының өзі, іс-әрекеті арқылы жүзеге асырылады.
Оқушылар білімін бағалау мен бақылау жүйесі арасындағы байланыс. Қоюшы әр сабақта жинаған ұпайларын «Даму мониторинг» кестесінде белгілеп отыру арқылы талдау жасалады.
Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін :
жеке тұлға ерекшеліктеріне;
психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне , ойлау ,қабылдау, зейін еркшелігіне , өзінің эмоциясын басқара білуіне );
пән бойынша білімді игеру деңгейіне (оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып , көңіл бөлу керек).
Бүгінгі күннің ұстаздарына қоғамымыздың экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік талапқа сай келетін білімді, мәдениетті азамат дайындап, тәрбиелеп шығару міндеті жүктеледі. Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын ізденіп әзірлену- ғалымдар мен тәжірбиелі ұстаздардың бірлесе отырып атқарар ісі.
2.2. Сыныптар бойынша білім, білік және дағдыларға қойылатын талаптар
2 – сыныптың соңына қарай оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар
Білуі тиіс:
0- ден 1000-ға дейінгі натурал сандардың ретін;
Натурал сандардың қасиеттерін;
Үш таңбалы сандардың ондық құрамын;
Үш таңбалы сандарды оқуға;
Арифметикалық амалдарға байланысты таңбалар мен терминдер;
Екі және үш таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша тәсілдерін;
Разрядтан атамайтын, разрядтан бір немесе бірнеше рет аттайтын қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдерін;
Сандарды жазудағы орнына қарай цифрлардың мәнін түсіндіру.
Білігі болуы тиіс:
Ондық санау жүйесіндегі 1000 көлеміндегі сандарды салыстыру;
1000-ға дейінгі сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысын жіктеу;
Келесі және алдыңғы сандарды табу;
Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу. [8]
3- сыныпта оқушының білім, білік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар
Білуі тиіс:
Арифметикалық амалдардың мән-мағынасы және қасиеттері туралы (қосу, азайту, көбейту, бөлу, қалдықпен бөлу)
Үш таңбалы сандарды шығарып алу туралы;
1000 көлеміндегі сандарды көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілін ;
Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілін;
Үш таңбалы санды екі таңбалы санға бөлудің жазбаша және ауызша тәсілін;
Үш таңбалы сандарды нөмірлеуден алған білімдерін шамаларды өрнектеуге қолдануға (1м =10дм=100см, 1000м = 1 км);
100 көлеміндегі сандар мен және 100 көлеміндегі амалдарға және кестелік жағдайларға келтірілген үш таңбалы сандармен ауызша есептеулер жүргізуін.
Достарыңызбен бөлісу: |