Жоспар:
Мың көлеміндегі сандарды оқытуда деңгейлеп саралап оқыту технологиясының тиімділігі
Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1. Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы- оқыту
нәтижелілігін арттыру құралы.
Деңгейлік тапсырмалармен оқытудың
тиімділігі.
2.2. Оқу бағдарламасы бойынша білім мазмұнының
бөлінуі.
2.3. Мың көлеміндегі сандарды оқытуда, сыныптар
бойынша білім, білік және дағдыларға
қойылатын талаптар.
2.4. Мың көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі
2.5. Мың көлеміндегі сандарды оқытуда
қолданылатын деңгейлік тапсырмалар.
Тәжірбиелік бөлім
Қорытынды бөлім
Қосымша материалдар
1. Кіріспе
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауыш сыныпта қаланатыны бәрімізге белгілі. «Бастауыш мектептің негізгі міндеті -баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу, санаудың берік дағдыларын үйретуге бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды»,- делінген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында. «Математика оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулер болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді», - деген болатын атақты ғалым Д.И.Писарев. Сондықтан, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауыпкершілікті қажет ететін оқытуда орындалады. [5]
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында : «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін әр мұғалімде күнделікті ізденіс арқылы , барлық жаңалықтармен қатар тұру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға , жаңа қарым – қатынасқа өту қажеттілі туындайды. [1].
Қазақстан Республикасының білім беруді дамутыдың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында орта білім берудің мақсаты-жалпы білім беретін мектептертде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде онын табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту. 12 жылдық оқыту моделіне көшу жөнінде айтылған. [3]
«Бүгінгі таңдағы еліміздің білім ұйымдарының басты міндеті- баланың денсаулығына жағымды ықпал етуді көздейтін білім беру ортасын құру. Біз өмір сүріп отырған уақыт алдыңғы толқынның заманына ұқсамайды. Бала болашағы оның жаңа тұжырымдарды түсіну мен қабылдай білуіне, дұрыс таңдау жасай алуына, өзінің және қоғамының мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру..» делінген Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жылпы білім беру Тұжырымдамасында [2]
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Бастауыш сынып оқушыларына 1000 көлеміндегі сандарды оқыту және оқыту барысында деңгейлеп саралап оқыту технологиясын тиімділігін ұсыну сол арқылы оқушылардың шығармашылық қасиеттерін жан-жақты дамыту
Зерттеу объектісі: бастауыш сыныптарда математиканы оқытудадың барысы мен әдістемесі.
Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі мен педагогикадағы жаңа технологиялардың бірі, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы арқылы, педагогикалық зерттеу әдістерімен байланыстыра отырып зерттеу.
Зерттеудің мақсаты
Жаңа педагогикалық технологиялардың бірі, деңгейлеп саралап оқыту технологиясын 1000 көлеміндегі сандарды оқытуда тиімді пайдалана білу мүмкіндіктерін анықтау.
Іздену мен зерттеулер нәтижесінде жиналған теориялық және тәжірибелік білімдерін болашақтағы қызметімде қолдану.
Жаңа педагогикалық технологияларда педагогтың ақпарат беруші қызметімен бірге үйлестіруші, кеңесші, оқушының шығармашылық бесенділігі мен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы қызметіне көшу.
Зерттеу міндеттері:
Болашақ бастауыш сынып мұғалімі ретінде оқушыларды жаңа технологиямен жұмыс жасауға дағдыландырып, 1000 көлеміндегі сандарды оқыта отырып оқушылардың шығармашылық деңгейін анықтау .
Тәжірибе жинақтау барысында қолдану.
Жеке жұмыс жасай отырып, өз бетімен жұмыс жасауды, ой- өрәсән дамытуға
Зерттеудің әдістері: педагогикалық диагностика, рейтинг, деңгейлік
тапсырмалар
Зерттеудің болжамы:
Оқушылардың білім, білік, дағдыларының сапасы артады;
Білімдерінің даму деңгейіне сәйкес оқушыарды тану
Зерттеудің әдістемелік негізі: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020жылға арналған тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа жолдауы.
2. Негізгі бөлім
2.1 Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы- оқыту нәтижелілігін арттыру құралы
Қазіргі қоғамымызда болып жатқан түбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудың сан қилы әдістері мен формаларын білуі қажет. Сабақ барысында шәкірттің білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, еңбек етуге баулу, жауапкершілік сезімін қалыптастыру мұғалімнің басты талабы.
Оқыту дегеніміз – оқушылардың ғылыми білімі, іскерлік, дағдыларды меңгерту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дүниетанымын, адамгершілік, эстетикалық көзқарастары мен сенімдерін қалыптастыру үшін мұғалімнің белсенді оқу- танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруын және ынталандыру іс-әрекеті. [4]
Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады. «Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағнаны білдіреді. Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты.
Педагогикалық технология дегеніміз – қойылған педагогикалық мақсатқа жету жолындағы қолданылатын іс-әрекеттер мен әдіс-тәсілдерінің жиынтығы және жүйелі, нәтижелі жұмыс жүргізудің реті.
Жаңа талаптарға сай көптеген оқыту технологиялары бар. Солардың бірі –профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл технология оқушының ой-өрісінің дамуына, пәнге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Зерттеушілері: В.П.Беспалько, Ж. А.Қараев, Ж.У. Кобдикова
Технологияның негізгі мақсаты - сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек.
Профессор Ж.Қараев деңгейлеп оқыту технологиясын еліміздің көптеген мектептерінде қолданып жүрген:
Оқытуды дербестендіру мен деңгейлік диференциялдау;
Білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру
Принциптеріне негізделген педагогикалық компьютерлік технология зерттелген. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие процесіне, оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда:
Білімді демократияландыруға және ізгілендіруде,
Оқыту сапасын арттыруға,
Басқару тиімділігін жетілдіруге,
Оқушылардың дамуына бақылау жасауға,
Оған сәйкес бағалауға болатын дәлелденіп отыр.
Бұл жағдайда педагогикалық технология- компьютерлік техниканың тиімді пайдалануына мүмкіндік туғызады. Сондықтан да, бірқатар мектептерде жүргізіліп жатқан біздің тәжірибелік- сынақ жұмыстарымыздың басты міндеті- дәл осындай оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын оқыту процесіне енгізу болып табылады.
Бұл жүйеде:
Әдістемелік жүйе => {Мақсат, мазмұны, әдісі, сабақтың түрі, құралдары}
Бұл жерде: Мақсат – өздігімен білім алу мақсаты. Ол дәстүрлі оқытудағы мазмұнды, әдісті, сабақтың түрін, құралдарын жаңа мақсатқа сай өзгертілуін талап етеді.
Жалпы, педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерде де, технология бойынша, әдістемелік жүйенің басты компоненті – оқыту мақсаты болып қалады. Бірақ ол мақсат – жеке тұлғаға өздігінен дамуға жағдай жасау, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Бұл мақсат оқытудың Әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұны, әдісі, оқыту түрлері мен құралдарының) олардың өзара байланыстығын қалыптары мен өзгерулерін талап етеді.
Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігімен танып, іздену іс-әрекетінің әдісін меңгеруін талап етеді. Бұл әдістің мұғалімдердің күнделікті жұмыста пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Ізденушілік әдістің құрылымы:
С1-АН-Ср-Гл-С2
Бұл жерде:
С1- алғашқы синтез- тақырыптың мазмұны бойынша жалпы мәлімет
АН- анализ, тақырыптың әр абзацын талқылау;
Ср (сравнение) – абзацтың негізгі идеяларын салыстыру арқылы тақырыптың жалпы басты идеясын шығару
С2- сонғы синтез- тақырыптың мазмұны туралы қорытынды шығару.
Бұл жағдайда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы ынтасына, белсенділігіне аса назар аударылады.
Оқытудың негізгі түрі болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түрлеріндегі ең бастысы – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір- қасиет сезімін дамыту
Оқытудың фронталды түрі, көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуге ғана пайдаланылады.
Технологияның мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отыр. Ол –оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болу керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет.
Оқу мазмұны мен жаңа мақсатқа талап ететін жаңа оқулықтарда - оқу материалының мазмұны жаңаша баяндалу қажет. Оқулықтағы теориялық материалдың берілу жолы осы мақсатты қанағаттандыра алатын болып, оқушылардың өз бетімен білім ала алуына бейімделіп құрылуы керек.
С.Л. Рубинштейннің еңбектерінде айтылған, «ойлау барысында ойлау объектісін жаңа байланыстарға қосуға педагогикалық, психологиялық берік негізі бар» -деген ойынан алынған. Ол бойынша өнертапқыштық пен жаңалықтар ашуға жетелейтін баланың жаңа қасиеттерін ашуға болады екен. Технологиямыздың тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория- Л.С.Выготскийдің « оқыту процесінде оқушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму» аймағына ауысуы» туралы теориясы. Бұл ауысу – тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1-ші деңгейден өнімді іс – әрекетті қажет ететін жоғарғы деңгейлерге ауысу негізіндегі іс-әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай төрт іс-әрекет деңгейлердің тапсырмаларын басынан бастап бірінен соң бірін орындау арқылы оқушы оқу материалының әр түрлі деңгейіне көтеріледі.
В.П.Беспалько бұл деңгейлерді:
1-ші деңгей- « міндетті, оқушылық» ,
2-ші деңгей- «алгоритімдік»,
3-ші деңгей - «эвристикалық»,
4-ші деңгей – «шығармашылық» деңгейлердегі қабылдау деп аталады.
Сондықтан да, оқушылардың білім, білік, дағдыларын жетілдіру үшін, деңгейлеп оқытудың жаңа технологиясы бойынша , дифференциалды және дербес деңгейлік принциптерінің талаптарына сәйкес өткізілетін әр түрлі сабақ түрлеріне арналған жаңа тұрпаттағы оқулықтар мен оқу құралдары қажет. Бұлар: әңгімелесуші - оқулықтар және оларға қосымша төрт деңгейдегі тапсырмалар берілген жұмыс дәптерлері.
Әңгімелесуші - оқулық бойынша оқушылар а) жаңа тақырыпты өз бетімен меңгеріп: анықтама, ережелерін өзі шығарады. Мұндағы тапсырмалар «сұрақ-жауап» диалогы түрінде келтіреледі; б) жаңа меңгерген теориялық білімін үлгі ретінде қарапайым жаттығу-мысалдармен бекітеді. Бұл тапсырмалар оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін дамытуға бағытталады.
Жұмыс дәптеріндегі төрт деңгейлік тапсырмалар оқушылардың жаңа тақырып бойынша алған теориялық білімдерін дамытып ,тереңдетуге арналады.
Оларды барлық оқушы бірдей бірінші деңгейден бастап орындауға көшеді де, әркім орындап үлгерген тапсырмаларына сәйкес ұпайларын жинайды.
Аталған екі оқу құралдардың да мазмұндары кейінгі кезде технология бойынша әр пәннен құрастырылып жүрген оқушылардың арнайы оқу құралдырында әзірге біртұтас беріліп жүр.
Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға:
Жаттап алуға лайықталған болу керек.
Алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңі өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс.
Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.
Математика пәнінде мұндай талаптар жаңа тақырыпты игеру соңында шығарған есептерге ұқсас тапсырмалар құру арқылы орындалады және олар оқушының өзі шығарған ереже, анықтама ,заңдарын бекітуге арналады. Мұндай тапсырмаларды құрастырған кезде олардың танымдылығы мен қызықтылық жақтарына ерекше көңіл аударған жөн.
Екінші деңгейдегі тапсырмаларға:
Өтіп кеткен материалды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет болады.
Математикада мұндай іс-әрекетке келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер; кері байланыс функциясын атқаратын тексеру тапсырмалары, т.с.с
Оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болу қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.
Үшінші эвристикалық деңгейлік тапсырмалар:
Танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар , ол тағы да жаңа білімді меңгеріп , өзі үшін жаңалық ашуы тиіс. Эврика! Мұндай жұмыс – анализ бен синтез және салыстыру арқылы негізгісін анықтау, қорытындылау сияқты ой жұмыстарын қажет етеді. Мұндай есептерді шешу барысында оқушылар жаңа есептерге тап болады да, проблемалық жағдай туындайды. Оны шешу үшін оқушы жаңа әдістер іздеуі керек.
Әр түрлі әдіс,тәсілдермен шешілетін есептер.
Өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу ,жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар.
Төртінші шығармашылық деңгей тапсырмалары:
Оқушылардың жинаған өмірлік тәжірибесі мен қалыптастырған ұғым,түсініктерінің,қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген (теорема дәлелдеу, заңдылықтарды оқулыққа сүйенбей мұғалімнің көмегінсіз қорытып шығару).
Олимпиядалық есептер.
Берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау.
Демек, бұл тапсырмалар – оқушылардың біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Сонымен, қорытып айтатын болсақ, бұлар: бірінші деңгей үшін – бір,екі кезеңдерде игерілген теориялық материалды пысықтау мен қайталауға, ережелер мен анықтамаларды,формулаларды жаттауға арналған тапсырмалар және олар зачетпен бағаланады. Жоғары деңгейлер үшін – алған білімдерін өз бетімен қорыту мен жүйелеуге , оларды тереңдетіп, дамыту және тәжірибеде қолдануға арналған тапсырмалар.
Деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушылар 1- деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті және жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындауға құқылы.
Әр деңгейдің барлық тапсырмаларын бағалау үшін:
бірінші деңгей үшін – 5 ұпай
екінші деңгей үшін – 10 ұпай
үшініші деңгей үшін – 15 ұпай.
Тақырыпты меңгерудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгірімі өте жақсы оқушығы есептеліп, соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабақ үстінде орындап бітіруге, барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:
Бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға қалауы бойынша екінші, үшінші.... деңгейлердің тапсырмалары. Екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға қалауы бойынша одан да жоғары жеңгейлік тапсырмаларды жалғастырып орындай беру:
т.с.с деңгейден деңгейге көтеріле беру тапсырмалары.
Ең жоғарғы деңгейдің шығармашылықыты қажет ететін тапсырмаларын, әрине, еңбекқор және нақты осы пән бойынша дарынды оқушы орындай алады.
Оқушыны бағалаудағы әділетсіздік проблемасы шешіледі (өте жеңіл тапсырмалармен қатар күрделі тапсырмалалырдың жауаптары дұрыс болса болды, жоғарғы бағаның беріле беруі);
Оқушыға табиғи жолмен кәсіптік бағдар беру және оның қабілеті жететеін саласынан дарынын ашу проблемалары шешіледі.
Оқушыларды бағалау процентіне келейік: әр деңгейдегі тапсырмаларды оқушылар (дұрыс орындалғандығын мұғалімге тексертіп алып) тақтада ілулі тұратын «ашық журнал» деп аталатын және деңгейлік жұмыс дәптерлерінің соңындағы ведомостьта белгілеп отырады. «Ашық журнал» көрнекі түрде бүкіл сынып үшін деңгейлік тапсырмаларды жүйелі орындауына қарай оқушының оқу жетістіктері тіркеледі. Әр оқушының орындаған тапсырмасын осы журналға тіркеу барысында олар бір-бірінің алға жылжуын бақылау мүмкіндігіне ие болады және деңгейлік тапсырмаларды орындау дәрежесі туралы ақпарат алады. Нәтижесінде шынайы жарыс рухы пайда болады. [11]
Сонымен:
технологияның принциптері (оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру) жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап дамитын және өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады;
өздігінен оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асыу үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат – жаңа технологияның талаптарына сай жаңа оқулықтар буынын жазу болып табылады.
Айтылғандар жаңа педагогикалық технологияның барлық мүмкіндіктерін әлі толық ашпайды. Оның басқа да талай тиімді тұстарын күнделікті ұстаздық тәжірибемізден анықтай білетінімізге сенемін. [6]
2.1.1. Деңгейлік тапсырмалармен оқытудың тиімділігі
Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын әлемдік өркениетке көтерілетін білімді де мәдениетті, парасатты азамат тәрбиелеп шығару ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы басты міндетті. XXІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адам қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі –бүгінгі күн талабы. Бұл талапқа жету жолы-білім берудің тиімді жолдарын таңдай білу. Сондай тиімді жолдардың бірі –математика пәнін деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту.Оны меңгеру мұғалімнің өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдесін ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың жаңа технологияларын алдымен жете меңгеріп, одан соң оқу мазмұнына, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор. Осы технологияны қолдану негізінде әрбір бала бойындағы дара қабілет анықталады, әр оқушы әр сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймай, соны өзі игеріп, ізденіп, пікір таластыру деңгейіне жетіп, даму үстінде болады.
Академик В.Л.Беспальконын анықтамасы бойынша педагогикалық технология тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы.
Деңгейлік тапсырмаларға қойылатын
талаптар
|
Деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім – бақылаушы, кеңесші.
Жас құрамы бойынша (сыныптар, жасы бойынша тетелестер, әр жастағы білім деңгейі бір топта)
Деңгейлік тапсырмаларды қолдануда оқушылардың ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |