2.4. Мың көлеміндегі сандар
Тақырыпты оқу міндеттері:
Оқушыларды жаңа есептеу бірлігі-жүздікпен таныстыру;
III разрятың бірлігі ұғымын енгізу. 10-дық санау жүйесінің құрылу принципін меңгерту;
Үш таңбалы сандарды оқуға, жазуға, салыстыруға үйрету;
Үш таңбалы сандар көлемінде цифрлардың орындық мәнін бекіту;
Үш таңбалы сандарды нөмірлеу негізінде қосу және азайту біліктерін қалыптастыру.
Үш таңбалы сандар нумерациясынан алған білімдерін шамаларды өрнектеуге қолдана білуге үйрету.
10м=10 дм= 100см, 100см=1км
Үйретілген жаңа сөздер:
Үш таңбалы сан
Жүздік
III разрядтың бірлігі
Мың, км, г.
Қолданылатын көрнекіліктер:
Таяқшалар жүз-жүзден буылған, он-оннан буылған және жеке;
Разрядтық кесте, кеспе цифрлар, үш таңбалы сандар жазылған топшамалар.
«Мыңдар» тақырыбын оқып-үйрену барысында оқушылар жаңа есептеу бірлігін «жүздікпен» танысады және үшінші разряд бірлігі ұғымы енгізіледі, 1000-ға дейін санауды, оқуды, жазуды үйренеді. Үш таңбалы санның жазылу принципі әрбір цифрдың орындық мәнімен анықталады. Сондықтан оқушылар кез келген үш таңбалы сан бірліктерін, ондықтарын, жүздіктерін жасалатынын игеріп, санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде көрсетіп жаза білуі керек. Осыған орай дайындық жұмысы түрліше ауызша жаттығулар орындаудан басталады.
Көрнекілік ретінде метірлік лента немесе рулетканы пайдалануға болады да, 1дм = 10 см, 1 м =10 дм, 1 м =100см екеніне көз жеткізеді. Әрі ұзындықтың өлшем бірліктерін түрлендіруге байланысты жаттығулар қарастырылады. Мәселен, метірмен, дициметірмен, сантиметірмен өрнектеп көрсетіңдер:
Бұл кезеңде оқушыларға «Ондық», «Жүздік» тақырыптары бойынша алған білімдерің пайдаланып, сандардың натурал тізбегін әрі қарата жалғастырады, санағанда әрбір келесі санның алдыңғы саннан біреуі артық, ал алдыңғы санның келесі саннан кем екенін тиянақтай түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |