1 билет Нәрестедегі шартсыз рефлекстерді анықтау әдісі: оралді рефлекстер



бет1/16
Дата15.02.2024
өлшемі92.73 Kb.
#491997
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Нәрестедегі шартсыз рефлекстерді анықтау әдісі оралді рефлексте-emirsaba.org


Нәрестедегі шартсыз рефлекстерді анықтау әдісі: оралді рефлекстер

1 билет




1. Нәрестедегі шартсыз рефлекстерді анықтау әдісі: оралді рефлекстер
(іздеу, піл тұмсық, Бабкин, сору).
Шартсыз рефлекстерді бағалау үшін жылы, жарық бөлмеде үстөл үсінде жүргізіледі.Бала ояу,құрғақ және тоқ болуы керек.Шартсыз рефлекстер арқасынан,ішінен жатқанда және вертикальды іліп ұстап тұрғанда бағаланады.

Оральды сегментарлы рефлекстер:


  • Тұмсықтық рефлекс: Ерінді ақырын соқанда,бала ернін алдыға созып,шошайтады.


  • Іздеу рефлексі: Ауыздың жанын сипағанда,бала басын тітіркендіру жаққа бұрып ,ауызын ашады.Бұл рефлекс тамақтандыру алдында айқын анықталады.

Тұмсықтық және іздеу рефлекстері 2 айда жоғалады.




  • Сору рефлексі: егер баланың ауызына емізікті немесе саусақты салса,белсенді сору пайда болады.1 жастың соңында жоғалады.


  • Бабкин алақан-ауыз рефлексі: Баланың алақанына бас бармағын басқан кезде нәресте аузын ашып, басын алға еңкейтеді. Бұл рефлекстің болмауы немесе оның 3-4 айда жоғалғаннан кейін пайда болуы ОЖЖ зақымдануын көрсетуі мүмкін.


2. Баланың жүрек тұйықтығының салыстырмалы шекарасын анықтау.
Жүрек шекарасын жүректің тұйық дыбысына дейін анықтайды.
• Тікелей перкуссия пайдаланылады.
• Өте ақырын перкуссия жүргізіледі.
• Ашық өкпе дыбысынан (өкпеден) тұйыкталған (жүрек) дыбыска дейін кабырғааралығымен жасалады.
• Саусақтар анықталатын жүрек шекарасына параллельді қойылады.
Оң жақ шекара екі этапта анықталады:
1. Бірінші бауыр тұйық дыбысы шекарасын анықтайды, ол үшін саусақ - плессиметрді оң жақ 3-ші қабырғааралығына қабырғаға параллельді кояды да
бұғана ортасы сызығы бойымен перкуссия жасайды.
2. Жүректің он жақ шекарасын аныктау үшін саусак -плессиметрді бауыр тұйық дыбысы шекарасынан бір қабырга жоғары қойып, қабырғаларға перпендкулярлы төс сүйегіне карай перкуссия жасайды.
Сол жоқ шекара: жүрек ұшы соғысын тауып алып, саусақты кабырғаға перпендикулярлы қойып, ортанғы қолтық асты сызығынан ортаңғы бұғана сызығына карай перкуссия жасайды.
Жоғарғы шекара: саусақты бұғана үстіне қабырғаларға параллельді қойып ортаңғы бұғана сызығы бойымен төмен қарай тұйық дыбыс шыққанша перкуссия жасайды.
ҚОСЫМША ИНФОРМАЦИЯ:
Бірінші жүрек тұйықтығының оң, сосын сол және жоғарғы шекаралары анықталады. Алдын ала көк ет деңгейін болжап алу керек, себебі ол жүректің салыстырмалы тұйықтық өлшемдерінің нәтижесіне әсер етеді. Ол үшін оң өкпенің төменгі шекарасын бұғана ортаңғы сызық бойымен анықтау керек, ол 4 қабырға деңгейінде орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет