Жоспары: Ежелгі дәуірдегі саяси ілімнің дамуы Орта ғасырдағы саяси идеялар Қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман тұсындағы саяси ойлар Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы 1



бет1/2
Дата21.06.2024
өлшемі78.5 Kb.
#502740
  1   2
Бақдаулет саясат


Жоспары:
1. Ежелгі дәуірдегі саяси ілімнің дамуы
2. Орта ғасырдағы саяси идеялар
3. Қайта өрлеу дәуірі мен жаңа заман тұсындағы саяси ойлар
4. Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы

1. Саяси ой-пікірдің қалыптасу және даму тарихы саясат пен мемлекеттік басқару формаларының пайда болуынан бастау алады. Саяси ой Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болып, ұзақ уақыт бойы қоғамдағы қарымқатынастар мен үдерістер діни-мифолологиялық көзқарас тұрғысынан түсіндіріліп келді. Ежелгі Шығыс елдері Египет, Вавилон, Қытай, Үндістанда қоғамдағы әлеуметтік-саяси іс-әрекеттер құдайдың құдіретімен, тылсым күштердің әсерімен байланыстырылды. Ежелгі Шығыстың саяси ойлары тарихындағы беделді ілімнің бірі ежелгі Қытай философы, әрі көрнекті ойшылы Конфуций (б.д.б. 551-479) негізін салған конфуцийшілдік болды. Конфуцийдің саяси көзқарастары негізіне ең алдымен этика, яғни әдептілік нормалары тән. Бұл барлық басқару жүйесіндегі басты фундамент болуы шарт. Билеуші өз құзырындағы бағынышты халыққа өз баласындай қамқорлық танытып, сәйкесінше, халық билеушілеріне құрмет көрсетіп, сөзсіз бағынуы тиіс. Конфуций ілімі бойынша «табиғатында барлық адамдар ұқсас болып келеді, оларды бір-бірінен бөліп тұратын әдет-дағдылары мен алған тәрбиелері. Тек жоғары даналық пен шектен шыққан ақымақтық қана әрдайым өзгермейді». Бірде Конфуцийге шәкірті Цзы Гун мынадай сауал қояды: «өмір бойына қолданатын тәртіп ережесін бір ғана сөйлеммен білдіру мүмкін бе?». Конфуций «мүмкін. Өзіңе тілемеген нәрсені, өзгелерге де тілеме», - деп жауап берген екен. Рақымшылдық, адамгершілік пен ізгілік Конфуций этикалық ілімінің негізгі идеялары болды. Ежелгі Үндістандағы саяси ой-пікірлердің көрнекті өкілінің бірі б.з.д. VI ғасырда өмір сүрген, Будда деген атпен белгілі болған Сиддхартха Гаутама. Гаутама ілімі бойынша «ең бастысы – адамның атағы мен шыққан тегі емес, оның адамгершілігі». Будда ілімін жақтаушылардың пікірінше, адам өмірінің мәні байлық пен атақта емес, әрқашан шындықты айтып, мейірімділік пен қайырымдылыққа ұмтылуында.
Ежелгі Үндістандағы Дхарма түсініктемелеріне (адамның өз міндеттері) сәйкес адамдардың бір-біріне бауырмалдығы, қайырымдылығы, жамандыққа жақсылықпен жауап беруі арқылы ізгілікті өмірге қол жеткізуге болады. Адамның өз міндеттерін (дхарма) адал атқаруына қалай жетуге болады деген сұраққа «Артхашастраның» («Табиғат пен адамның өз міндеттерін адал атқаруы туралы») авторы, император Чандрагупта Маурьидың бас кеңесшісі Каутилья (б.з.д. IV ғ.) жауап беруге тырысты. Оның көзқарасы бойынша құдайдың құдіретімен орнаған жердегі тәртіпті ақылды билеуші ғана сақтай алады. Ол халықты тура жолға бастап, олардың өз міндетін адал атқаруына қол жеткізуі тиіс. Ежелгі Шығыстың саяси ой-пікірі Ежелгі Грецияның саяси ілімдеріне үлкен ықпал етті. Дегенмен гректердің мемлекеттік істерге белсенді қатысуы, полистердегі қызу саяси өмір мифологиялық түсініктің дағдарысын тудырып, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерді түсіндірудің басқа бір үлгісі - саяси сана теориясын өмірге әкелді. Ежелгі грек ойшылдарының қатарында ұлы ойшылдар Сократ(б.з.д. 470-б.з.д.399), Платон (б.з.д. 427- б.з.д.347), Аристотель (б.з.б.384-б.з.д.322), Цицерон (б.з.б. 106-б.з.д. 43) , т.б. бар. Сократ Ежелгі Грек философиясының негізін қалаушы ежелгі грек философтарының бірегейі. Сократтың шәкірті Платон былай жазған екен: «Мен өз шығармаларымды ең ұлы дана - Сократқа арнадым. Адамдар мені ұмытып кетуі мүмкін, бірақ менің шығармаларым арқылы Сократты ұмытпайтын болады». Сократ философия тарихында үлкен бетбұрыс жасаған ойшыл. Ол ғарышты зерттеуден адамды зерттеуге, адамның ішкі рухани шындығына үңілуге, себепті танудан мақсатты тануға бұрылуға әсер етті. Оның этика саласына жасаған үлесі айырықша. Этика мәселесінде Сократ рационализм қағидасын дамытқан. Ол рақымшылдық білімнен келеді, мейірімнің не екенін білетін адам ешқашан жамандыққа бармайды. Мейірімнің өзі білім, сондықтан ақыл-парасат мәдениеті адамды мейірбан ете түседі деген пікірде болған. Сократтық диалектика әдісі күні бүгінге дейін түрлі пікірталастарда жиі қолданылады. Оның мағынасы: түрлі-түрлі сұрақтар тек жауап алу үшін ғана емес, қатысып отырғандарға қарастырылып отырған мәселенің түп-тамырына үңілу үшін де қойылады. Платон - атақты философ, Сократтың үздік шәкірттерінің бірі болды. Платонның екі жүздей еңбектері бар екен. Олардың ішінде саясаттану ғылымына тікелей қатысы бар мына шығармаларын атауға болады: «Мемлекет», «Заңдар», «Саясатшы», «Парменид», «Софист». Платонның пайымдауынша, игіліктің төрт түрі бар. Оларға жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік кіреді. Мұндай игіліктер бар адамға бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеуметтік топтар үш топқа бөлінеді:
1) Игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарыған - философтар, бұлар мемлекетті басқарулары керек.
2) Данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарыған әскербасылар.
3) Игіліктің соңғы екеуі ғана дарыған қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б.
Бұл әлеуметтік топтардың әрқайсысы мемлекет үшін пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Дамыған мемлекетте осы үш әлеуметтік топ бір-бірімен тіл табысып, әрқайсысы өз ісімен айналысқанда мемлекетте игілік орнайды. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.б. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек. Платон мемлекеттік құрылыстың бес түрін бөліп көрсетеді. Олар аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде аристократиялық мемлекетті ең жақсысы деп таниды. Оның пікірінше, аристократиялық мемлекетте ақыл-естілік, парасаттылық үстемдік етеді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-дамай, жанжалдарды тудыратын жеке меншік деп есептеді. Ежелгі грек ойшылдарының қатарында Платонның шәкірті Аристотель бар. Афины қаласында өз мектебін ашып, онда тұңғыш рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ береді. Сол себепті де көпшілік «Аристотельді саясаттанудың әкесі» деп таниды. Саясаттану ғылымына қатысты «Саясат», «Афиналық полития», «Этика» атты еңбектері бар. Аристотель өзінің қоғам мен мемлекеттік билік туралы негізгі ойларын «Саясат» атты трактатында баяндаған. Ойшылдың пікірінше, мемлекет адамдар арасындағы келісім нәтижесінде емес, тарихи, табиғи жолмен пайда болады. Мемлекеттің қайнар көзі – отбасы. Аристотель кез-келген мемлекетте азаматтардың үш тобы: ауқатты, орта және кедей кездеседі. Бұлардың ішінде тәртіпке икемдісі - орта топ, соларға сүйеніп мемлекеттік төңкерістердің себебі болып табылатын байлар мен кедейлер арасындағы антагонизмді бәсеңдетуге болады деп есептеді. Мемлекетте тұрақтылық болуы үшін орта топ басқа екі топтан немесе соның бірінен әлдеқайда басым болуы шарт. Ол адамдардың аса байып немесе шектен тыс кедейленіп кетуін құптамады. Аристотель ұстазы Платон ұсынған қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті қолдады.
2. Орта ғасырда саясаттың діни – этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін салушы – Фома Аквинский. Ол саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса,халықтың оларды құлатуына болады деген байлам жасады. Саяси ой тарихында орта ғасырдағы феодалдық қоғамның орны ерекше. Батыс Еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды. Бұл дәуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Храистиан діні феодалдық қоғам көзқарасының өзегі, біртұтас христиан мәдениетінің негізі болды. Орта ғасырдағы христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин(354-430) еді. Ол хритиан фәлсафасының негізгі қағидаларын зерттеп, жетілдірді. Оның саяси көзқарастары «Құдай қаласы туралы» деген еңбегінде баяндалған.Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп 2 түрге бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде 2 қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдай мен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін,жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың 2 қоғамы деп түсіндірді.
Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шынына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары «Билеушілердің басқаруы туралы», «Теологияның жиынтығы» деген еңбектерінде қаралды. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жекедара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты – «ортақ игілікке» жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс.Фоманың ойынша, билік құдайдың құдыретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның түсіндіруінше, аспанда құдай жерде Рим папасы билеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет