Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім



бет2/4
Дата05.03.2024
өлшемі35.19 Kb.
#494395
1   2   3   4
Кіріспе бөлім
1. Қазіргі жерге орналастырудың мақсаты, міндеттері және мазмұны
Қазақстанда жүргізіліп жатқан жер реформасының негізі ретіндегі заң актілерінде, жер қатынастарын реттеудің негізгі жолдары мен принциптері белгіленген. Онда жер ресурстарының, бірінші кезекте, ауылшаруашылық мұқтаждықтарына, экологиялық тұрғыдан қауіпсіз және ұтымды пайдалануына бағытталған іс-шаралар көрсетілген. Бұл бағыттарда жерге орналастырудың басты міндеті –ғылыми тұрғыдан негізделген , экологиялық–экономикалық және әлеуметтік жағынан тиімді жер иелену және жер пайдалану жүйесін, соңғысына сәйкесті территориялық реттілікті қалыптастыруды себептейді. Қазақстан Республикасының жер заңдарында, жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге, жердің тиімді пайдаланылуын және қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі ретінде сипатталады. Бұның нәтижесінде қолайлы экологиялық жағдай қалыптасып, табиғи ландшафттар жақсартуға тиісті. Жалпы алғанда, қабылданған заңдар мен актілер− жер қатынастарын, жер иелену мен пайдалануды реттеуші негізгі, ал жерге орналастыру үкіметтің және оның атқарушы органдарының осы актілерді жүзеге асыру жөніндегі тұрақты құралы болып табылады. Бірақ жерге орналастырудың экономикалық мәнін, жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі формаларын ұйымдастырудағы, сонымен қатар оның басқа инженерлік− экономикалық кешендермен байланысын, жермен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын (ғимараттар мен құрылыстарды, жол торабы мен гидротехникалық қондырылғыларды, көпжылдық көшеттерді және т.с.с.) орналастырудағы ролі мен маңызын толығырақ көрсете отырып, мақсатын нақтылай түскен дұрыс болар.Өндірістің , әсіресе ауылшаруашылық өндірісінің, жоғары тиімділігін қамтамасыз ету, қай салада болса да жермен байланысты еңбектің өнімділігін арттыру− жерге орналастырудың мақсаты болып табылады.Жерді жалпы өндіріс құралы ретінде ұйымдастыра отырып, жерге орналастыру, әр түрлі өнеркәсіптік, транспорттық, энергетикалық және басқа кәсіпорындар мен ұйымдардың, олардың технологиялық процестерінің ерекшеліктерін ескере отырып, территориялық негіздерін жасайды. Әсіресе жерге орналастыру, жер басты өндіріс құралы ретінде пайдаланылатын, ауылшаруашылық өндірістің тиімділігіне тікелей әсер етеді, бұнда жер тек қана операциялық базис бола қоймай, бүкіл кеңістік қасиеттерімен, бірінші кезекте құнарлығымен, өндіріс процесінің нәтижелерін себептейді. Сондықтан жерге орналастыру жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құрумен, оларды үнемі пайдаланушылықтарды құрумен, оларды үнемі жетілдіріп отырумен, межелерін жүргізумен шектелмейді.Ауылшаруашылығы саласында жерге орналастыру ауылшаруашылық алқаптарының құрамын, өндірістік бөлімшелердің, танаптардың және жұмысшы учаскелерінің, сонымен бірге ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың, жол торабы мен шаруашылық орталықтарының орналасуын белгілей отырып, бүкіл өндірістің ұйымдастырылуына территориялық негіз қалыптастырады.
Жерге орналастырудың осы мақсаттына сәйкес оның негізгі міндеттері ағындайды. Соңғылары жер заңдылықтарымен себептеледі және мынандайларға саяды:

  • Республика заңдарының негізінде жер қатынастарын реттестіру;

  • Жерде шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең даму жағдайларын жасау;

  • Жердің ұтымды пайдалануын және қорғалауын ұйымдастыру;

  • Топырақтың құнарлылығын ұдайы өндіру, табиғи ортаны және сақтау және жақсарту, тұрақты

агроландшафттарды жасау;

  • Жылжымайтын мүлік ретіндегі жердің рыногін қалыптастыру және дамыту.

Әрбір тарихи кезеңде жерге орналастырудың мақсат міндеттеріне қарай оның мазмұны қалыптасып отырады. Қазіргі кезде ол мынадай жерге орналастыру іс−қимылдарын қамтиды:

  • Республикалық, облыстық және аймақтық жерге орналастыру схемаларын(жобалау), жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу:

  • Жаңа жер пайдаланушылықтарды құру, іс жүзінде барларын реттестіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау, учаскелерді жер бетінде көрсету және межелерін жүргізу, оларды иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды дайындау;

  • Елді мекендердің шекараларын( шептерін) белгілеу және жер бетінде көрсету, олардың жер пайдаланушылықтарын реттестіру жөніндегі жобаларды жасау;

  • Әкімшілік− территориялық құрылымдардың, айрықша қорғаудағы табиғи территориялардың және де басқа да ерекше пайдаланудағы жер учаскелерінің шекаралары мен межелерін жер бетінде көрсету;

  • Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобаларын, сонымен қатар жаңа жерлерді игеруге, бүлінгендерін қалпына келтіруге және басқа да жердің пайдалануына немесе қорғалуына байланысты жобаларды жасау;

  • Жерді түгендеу, пайдаланылмай, орынды пайдаланылмай немесе берілген мақсатына сәйкес емес пайдаланылып жатқан жерлерді анықтау;

  • топографиялық−геодезиялық, картографиялық, топырақтық, гео−ботаникалық және басқа зеттеулер−іздестіру жұмыстарын орындау:

  • жер кадастры мен мониторингін жүргізу:

  • жер ресурстарының күйі мен пайдалану жөніндегі кадастрлық және тақырыптық карталар мен

атластарды жасау;

  • жерді бағалау жұмыстарын жүргізу.

Жерге орналастырудың мазмұны құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру−техникалық шаралар жүйесі болып табылатын жер реформасының жүзеге асырылуымен тығыз байланысты. Соңғысы нарықтық жағдайлардағы жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарын мүлде жаңа құрамын қамтамасыз етуге тиісті. Осыны жүзеге асыру барысында жерге орналастыру ауылшаруашылық және ауылшаруашылық емес мақсаттағы жаңа және бұрыннан бар жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтарды құру және жетілдіру жөніндегі жобаларды жасаумен айналысады. Сонымен бірге оған жергілікті әкімшіліктің арнайы жер қорын қалыптастыру, осы қордан жаңа ШФҚ мен ӨК құруға, ЖМ(Қ)Ш кеңейтуге жер бөліп беру міндеттері жүктелеген. Жерді бөліп беру, тарату, елді мекендердің шептерін белгілеу, олардың жер шаруашылықтарын реттестіру, жер учаскелерін иеленуге немесе пайдалануға құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және қайта рәсімдеу жөніндегі іс−қимылдар да жерге орналастыру міндеттерінде қамтылған. Аталған күрделі жобалау жұмыстарын жүргізу, аналитикалық және есептеу міндеттерін орындау, жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі республикалық, облыстардың, аудандардың өндірістік күштерінің 15-20жылдың ішінде орналасуы мен дамуының негізгі бағыттары қамтылуға тиісті.Соңғы уақытта ауылды елді мекендердің, поселкелердің және қалалардың және шаруашылықтарын реттестіру жөніндегі жобалардың сонылылығы едәуір артуда. Бұндай жобалар урбанизацияланған территориялық пайдалану тиімділігін жоғарылатуға, қалалар мен басқа елді мекендерде, оларды ары қарай дамытуға қажетті, жер аудандарын іздестіруге бағытталған. Қарастырып отырған жобалардың елді мекендерге қатыстыларында, аса маңызды, оларға соңғы жылдары бөлініп берілген орасан зор көлемді ауылшаруашылық әсіресе мал азығы алқаптарының, дұрыс пайдалануын ұйымдастыруды ескерген.Осымен қатар жерге орналастыру тақырыбына табиғат қорғау, рекреациялық және қорықтық тәртіптегі айрықша қорғалудағы территорияларды реттестіру және межелерін белгілеу жатады. Басқаша айтқанда, қорықтар мен мәдени зоналарда, сонымен бірге экологиялық дағдарысқа ұшыраған аймақтарда жердің орынды пайдалануын ұйымдастыру.Заң бойынша жерге орналастыру іс−қимылдарына әкімшілік–территориялық құрылымдардың(облыстардың, аудандардың) шекараларын жер бетіне түсіру жатады. Бұндай іс қимылдар ретінде ҚР мемлекеттік шекараларын делимитациялау және демокрациялау жөніндегі жұмыстарды да қарастыруға болады.
Жерге орналастыру мазмұнының ең көлемді бөлігі болып ішкі шараушылық жерге орналастыру және ауыл шаруашылық алаптарын жақсарту жөніндегі жұмыс жобаларды дайындау табылады. Жердің ауылшаруашылық өндірістің басты құралы ретінде ұйымдастырылудың нәтижесінде, агроландшафттың экологиялық тепе−теңдігі және сонымен бірге нарықтық жағдайларда ұдайы өндірісті жүргізуге қажетті тұрақты кіріс қамтамасыз етіледі. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобаларын жасау барсында жеке іс−қимыл ретінде жерді есепке алу мәліметтерін нақтылау, пайдаланылмай немесе нысаналы түрде пайдаланылмай жатқан жерлерді айқындау мақсатымен инвентаризация(жерді түгендеу) жүргізіледі. Бұның
нәтижесінде арнайы жер қорын қалыптастыру қажетті жер учаскелері де анықталып отырады. Жерді пайдалану, жақсарту және қорғау жөніндегі әртүрлі жұмыс жобаларымен қатар, пайдалы қазбаларды өндіру немесе басқа аптропогендік ықпалдардың салдарынан бүлінген жерлерді рекультивациялау(қалпына келтіру) жобалары жасалады.Жерге орналастыру іс−қимылдарына осылармен бірге топографиялық−геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу іздестіру жұмыстарын, жер кадастры мен жер мониторингін жүргізу, кадастрлық және тақырыптық карталар мен атластарды жасау, жерді бағалау жұмыстарын орындау жатады. Жерге орналастырудың негізгі міндеті−ғылыми−техникалық прогрестің деңгейіне сәйкес жер ресурстарының ұтымды пайдалануы мен қорғалуын ұйымдастыру. Сондықтан да ол өндіргіш күштердің дамуына қарай үнемі өзгертіліп және жетілдіріп отыруға тиісті.
2.Жерге орналастыру ұғымы, обьектісі және тақырыбы
Соңғы онжылдық ішінде ҚР жер қатынастары құрылымы, сондай ақ жерге орналастырудың
өндірістік және құқықтық процесі түбегейлі өзгереді. Жаңадан пайда болған шаруашылық құрылымдарының аудандары мен межелері көбінесе жобасыз, қарапайым техникалық тәсілдер арқылы белгіленуде. 90-шы жылдары орын алған дағдарысқа себепті ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары мүлде сұраныссыз қалды, ауылшаруашылық айналымынан орасан зор көлемді жерлер шығарылып, босалқы жерлер қатарына ауыстырылды, ауыспалы егіншілктер сақталмай, жалпы жер пайдалану реттілігі бұзылды. Бүгінгі күннің тәртібінде осы кемшіліктерді жою, жерге орналастыруды жаңа деңгейге көтеру шешімін куттіртпейтін мәселеге айналып отыр.Жерге орналастырудың тәжірибесін, мақсат−міндеттері мен қазіргі және жақын болашақтағы мазмұнын талдай отырып, толық түрде оған мынадай ғылыми сипаттама(дефинция) беруге болады.Қазіргі жерге орналастыру− бұл еңбектің жоғары әлеумеіттік экономикалық тиімділігі мен экологиялық тұрғыдан қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатымен жер заңдарын жүзеге асыруға, жер қатынастарын реттеуге, жерде әртүрлі шаруашылық жүргізу формаларының дамуына тең және қолайлы жағдайлар жасауға, жерді аса маңызды табиғи ресурс және өндіріс құралы ретінде ұтымды пайдалануға және қорғауға бағытталған шаралар жүйесі. Бұндай күрделі сипаттама жерге орналастыруды аса маңызды инженерлік−экономикалық, техникалық, ұйымдастыру−шаруашылық және құқықтық шаралар кешені ретінде бейнелейді. Ол жерге орналастырудың бүкіл аспектілері мен жерді және онымен үзілмес байланыстағы өндіріс құралдарын реттеуге қатысты басқа да инженерлік−экономикалық кешендерімен өзара байланыстарын ашып көрсетеді. Сондықтан бұл түсініктің сипаттамасын жеке бөліктерге жіктей отырып ұққан дұрыс:

  • жерге орналастыру−жеке дара іс қимыл емес, ол шаралар жүйесі;

  • жерге орналастыру−мемлекеттік шаралар жүйесі, өйткені оның нәтижесінде Заң негізінде пайда

болатын территориялық реттіліктердің формалары міндетті түрде орындалуға тиісті;

  • жер заңдарын жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік құрал ретінде, жерге орналастыру, біріншіден,

жер қатынастарын реттеуге, жер пайдаланушылықтар және жер иеленушіліктер жүйесін қалыптастыруға және үнемі жетілдіріп отыруға, екіншіден, жердің ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға және ысырапты жұмсаудан, ұқыпсыздықтан, табиғи теріс құбылыстар мен антропогендік ықпалдардан қорғауға бағытталады;

  • жерге орналастырудың түпкі мақсаты−әрбір жер учаскесінің жалпы өндіріс құралы және аса маңызды табиғи ресурс ретіндегі пайдалану тиімділігін арттыру.

Өткен ғасырдың 40-70 жылдарында жерге орналастыру ғылыми мектебінің жетекшісі академик С.А.Удачин жерге орналастыруды техника мен құқықтың экономика арқылы сынып көрінетін ұшқырлы призмамен салыстыра бейнеленген болатын. Шынында да, жерге орналастыру экономикалық тиімділікті арттыруға бағытталған, бірақ ол геодезиялық және басқа да техникалық тәсілдерді қолдана отырып, әртүрлі инженерлік жобаларды жасау, болжауларды әзірлеу арқылы жүзеге асырылады және тек осыларды орындау барысында әрқашанда құқыққа−заңдар мен нормативтік актілерге негізделеді.Соңғы уақытта экологиялық жағдайлардың асқынуына байланысты осы жағынан қауіпсіз технологияларды қолдану және алқаптардың құрамын қалыптастыру қажеттілігі тууда. Бұнда ландшафттың қасиеттерін ескерген аса маңызды.
С.А.Удачиннің жерге орналастыруға жоғарыда берген сипаттамасына, енді экология ұғымын қоса айтқан әбден орынды болар еді. Жерге орналастыру обьектісі ретінде республиканың, облыстардың, аудандардың, қалалардың және басқа да елді мекендердің территориялары, бірінші кезекте ауылщаруашылық және ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер иеленушіліктері мен жер пайдаланушылықтары, жеке дара алқаптары мен учаскелері болып табылады.Жерге орналастырудың тақырыбы және оның нақты нәтижелері−экономикалық тұрғыдан тиімді, экологиялық жағынан қолайлы жер категорияларының, жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылардың, өндірістік бөлімшелер мен әкімшілік территориялардың, жер алқаптары мен әртүрлі ауыл шаруашылық алқаптарының( ауыспалы егістіктер мен танаптардың, ауыспалы шабындықтар мен жайылымдардың жеміс жидек көшеттері квартлдарының), сондай ақ сызықтық контурлардың(жолдардың, каналдардың және т.с.с.) межелері мен аудандары.
3.Жерге орналастырудың экологиялық−экономикалық мәні
Жерді халық шаруашылығы салаларының мұқтаждықтарына бөліп беруге және оған себепті
ауылшаруашылық алқаптары көлемінің үнемі қысқарылуына байланысты экологиялық жағдай соңғы жылдары күрт кұрделене түсуде. Ауылшаруашылық өндірістің биологиялық негізі болып топырақтың құнарлығы, жердің мелиоративтік күйі, эрозияға ұшырағандығы, топырақ құрамындағы қорда мен негізгі қоректік элементтердің мөлшері және өсімдік тіршілігі ортасының басқа да қасиеттері, сонымен қатар дақылдардың биологиялық ерекшеліктері табылады. Ауылшаруашылық өндірістің биологиялық жағы, өзі кезегінде, экономикалық және территориялық жағдайлармен байланысты, өйткені соңғылары салалардың мамандандырылғандығын, алаптардың құрамы мен орналасуын, территорияларының реттілігін, а.ш. дақылдарын өсіру агротехникасын, демек, жалпы өндірістің рентабельдіктігі мен тиімділігін себептейді. Сонымен, ауылшаруашылық дақылдарды өсірудің биологиялық жағдайлары бір жағынан өндірістің экономикалық тиімділігін, ал екінші жағынан бүкіл шаруашылық жүргізу жүйесін өздеріне сәйкесті бейімдеуді себептеп отырады. Демек, жерге орналастырудың экологиялық−экономикалық мәні жер учаскелерінің экономикалық тұрғыдан тиімді межлерін, аудандарын және орналасуын, сондай ақ өндірістің мақсатына сәйкес мамандандырылғандығын, агроландшафттың экологиялық тепе−теңдігі мен жердің өндіргіш қасиеттерінің артуын қаматамасыз ететін өндірістің территориялық негізін жасауға саяды.
4.Жерге орналастырудың құқықтық негіздері
Жерге орналастыру өзі функцияларын жер қатынастарын құқықтық тұрғыдан реттеу
жүйесінің негізінде жүзеге асырып отырады. Бүкіл құқықтық құжаттарды шарттарды түрде 4
топқа бөлуге болады:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы;

  2. Парламент әзірлеп, Президент бекітетін заңдар;

  3. ведмостволық нұсқаулар мен ұсыныстар;

  4. облыстық және аудандық мәслихаттар мен әкімшіліктердің өзі құқықтық құзырларындағы

аймақтың шешімдері.
ҚР Конституциясы бойынша жер, оның қойнауы, суы, өсімдік және жануарлар әлемі,
басқа да табиғи ресуртар мемлекет меншігіне жатады. Сонымен қатар, жер заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікке де берілуі мүмкін. Осы уақытқа дейін бұндай құжат ретінде 2001 жылдың 24-ші қаңтарында бекітілген «Жер туралы» заң қолданылып келді. Қазіргі кезде жер қатынастары жаңа Жер Кодексі негізінде реттеледі. Бұл құжатта республикада жер қатынастарын реттеудің жалпы концепсиясы, біртұтас жер қорының құрамы, жерді пайдалану және қорғау жөніндегі талаптар, ақылы жер иелену және жер пайдалану принциптері, жер иелену мен жер пайдаланушылардың құқықтары және міндеттері, жерді жеке меншікке беру тәртібі, жеке меншік, тұрақты пайдалану, жерді ұзақ және қысқа мерзімге жалға алу шектері мен механизмі, жер жөнінде әртүрлі келісім шарттарды жүргізу реттілігі белгіленген. Кодекстің жеке баптары жерге орналастыруға, жер кадастры және мониторингқа арналған. Сонымен қатар әр түрлі органдардың жер ресурстарын басқару құқықтары көрсетілген.Жер заңдарынан басқа, жер қатынастары мен жерге орналасутырудың құқықтық негізі ретінде Азаматтақ Кодекс, «Шаруа қожалығы туралы» (1998ж.) , « Ауыл шаруашылық серіктестіктері туралы», «Жер салығы
туралы», «Ипотека туралы» және бір қатар заңдар қолданылады. Бұлардың кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей, ал кейбіреулері жер мен жерге орналастыруға тікелей қатысты. Сондықтан оларды жеткілікті деңгейде оқып білу қажетті. Мысалы, жекешелендіру заңында көп укладтық экономикаға, жерде шаруашылық жүргізудің әр түрлі формаларына көшу жағдайлары қамтылған.
5.Жерге орналастыру техникасы
Жоғарыда айтылғандай, жерге орналастырудың экологиялық, әлеуметтік−экономикалық және
Қазіргі кезде геодезиялық жұмыстарды жүргізу барысында, ғылыми−техникалық прогрестің жетістіктері ескерілген өлшеу аспаптары мен құралдары, соңғы үлгідегі компьютерлер мен аэрофото және аэроғарыштық әдістер мен материялдар кең қолдануда.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет