Жерге орналастырудың принциптері
Жерге орналастырудың түріне, түр тармағына және формасына қарамастан оның қай іс-қимылы болса да белгілі бір принциптерге негізделеді.
Принциптер деп белгіленген шараларды жүзеге асыру басшылығына алынатын аса маңызды методологиялық ережелер, басқаша айтқанда, осы дәрежеде қаралатын күрделі міндеттер аталады. Жерге орналастыру принциптерін екі топқа бөліп қарастырған ыңғайлы: жалпы принциптерге, жерге орналастыруға қатысты, бірақ онымен шектелмейтіндеріне және жеке принциптерге, жерге орналастыруға тікелей қатысты, оның ерекшеліктерін бейнелейтіндеріне,
Біріншілеріне, яғни жалпы принциптерге мыналарды жатқызуға болады:
коғамдық, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірістің жоғары тиімділігі мен тұрақты рентабельдіктігін қамтамасыз ету;
ауыл еңбеккерлерінің тұрмыс жағдайларын үздіксіз жақсартып отыру;
заңдар мен басқа нормативтік актілерді қатал ескеріп отыру;
қабылданған шешімдерді озат ғылыми және тәжірибелік жетістіктерге негіздеу;
күрделі қаржылардың барынша үнемделуін және жылдам өтелуін қамтамасыз ету.
Екіншілеріне - жеке принциптерге, мынадайларын жатқызуға болады:
ҚР Конституциясы мен жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын жетілдіру;
бүкіл халык шаруашылығының мүдделіктерін жан-жақты ескере отырып, ауылшаруашылығының жерге деген приоритетін сақтау;
жерді халық дәулеті және аса маңызды өндіріс құралы мен табиғат ресурсы ретінде жоғары тиімділікпен пайдалану және қорғау;
жерге иелік ету мен шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең құқық қамтамасыз ету;
жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың, олардың межелері мен аудандарының, ішкішаруашылық территория реттілігінің тұрақтылығын, өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының дамуымен себептелген ықтимал өзгерістерді мүқият дәлелдеу;
- жердің пайдалануын жақсарту мақсатымен аймақтар мен аудандардың, жеке шаруашылықтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайлары мен жердің кеңістік қасиеттерін барынша ескеру.
Атап өткен принциптердің негізінде әрбір бөлек жагдайға сай жос-парланған іс-қимылдардың ерекше міндеттері мен мазмұндары, схемалар мен жобаларды жасау амалдары тұжырымдалады. Жерге орналастыру жобаларында белгіленген әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздік осы принциптердің негізінде дәлелденеді. Сонымен бірге бұл принциптер методологиялық негіз ретінде нақты міндетерді орындау әдістемесін, демек ненің, қалай және қандай жүйелілікте орындалуын себептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |