Жоспары. Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар. Ақиқат


Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат



бет5/7
Дата21.10.2022
өлшемі133.49 Kb.
#463128
1   2   3   4   5   6   7
Ақиқат

Абсолюттік және салыстырмалы ақиқат. «Тап қазір» сәтінің күші. Адам өміріндегі шындықтың мәні,оның ар – ұжданмен байланысы.
Осы шақпен өмір сүріңіз.Мен болашақты болжағым келмейді. Мені қазіргі іс-әрекетім толғандырады, Жаратушы маған болашақты болжай алатын билік берген жоқ. Мен мына нәрсені түсіндім – Осы шақ пен өмір сүріп, оны қабылдай алу керек, алға қарай ұмтылуға кедергі болып жатқан ішкі қарсылағымызды жеңуге ұлы жол осы. Неге? Өйткені сіз осы шақпен өмір сүрсеңіз, онда сіз болашақта не болатынына үңіле бермейсіз, себебісіз болашағыңызды билей алмайсыз ғой. М.Ганди
Барлығының қайнар көзі болып табылатын тек бір ғана ақиқат бар,ол абсолюттік ақиқат.Сен оны тапқан кезде ғана, сенің іс әрекетің онымен үйлесім табады.
Ақиқат- көпқырлылықтың біртұтастығы түсіну, өзін бәріне қатысы бар. Адам үшін шындықты айту өте маңызды. Жалған сөйлеу адамға күйретуші, кері әсер етеді.Әрқашан шындықты айту керек.шындықты өте жұмсақ жеткізу керек.
Ақиқатты тануға ұмтылыс адамды өзіне мынандай сұрақтар қоюға итермелейді:
Мен кіммін?
Менің өмірдегі мақсатым не?
Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?
Өзімнің ішкі «Менімді» қалай тани аламын?
1. Мен кіммін?
Бұл менмін.Мен бармын,яғни мәңгілікпін. Мен осы келген қонақпын. Денем өлсе де мен өлмеймін.Менікінің барлығы уақытша.
Ақыл мен жан -мен өзім,тән менікі
«Мені » «Менікінің» мағынасы екі
«Мен» өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін,оған бекі
Өлсе, өлер табиғат адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келмес,
«Мені » мен «менікінің» айрылғанын,
Өлді деп ат қойыпты өңшең білмес- деп ұлы Абай жырлаған.
2.Менің өмірдегі мақсатым.
Өзімнің шынайы болмысымды тану,өйткені Ақиқат адамның шынайы болмысы. Ақиқатты жете түсіну адамның ішкі кеңістігін толтыратын энергияның қуаты ағынына жол ашады.Бес құндылық арқылы ақиқатқа жете аламын.
3.Қазіргі сәтте қалайша толық өмір сүре аламын?
Яғни бүгінгі сәтпен өмір сүруі керек.Кешегі күн тарих.Оны қайтарып ала алмаймыз.Ертеңгі күн болашақ.Бүгінгі күн ертеңгі күннің жемісі.Сондықтан дәл бүгінгі күнмен жүру керек. Әрекетіңді сүйіспеншілікпен жасасаң,ол дұрыс әрекет болмақ.Ертеңгі күні сол дұрыс әрекетіңнің жемісін көресің.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет