Жүрек кенеттен тоқтаған кезде медициналық көмек көрсету (ауруханаға дейінгі) Жабдықтау



Дата30.05.2023
өлшемі17.64 Kb.
#474488
СЛР КАЗ


Жүрек кенеттен тоқтаған кезде медициналық көмек көрсету (ауруханаға дейінгі)


Жабдықтау:

  1. Кушетка

  2. Манекен (стандартталған пациент)

  3. Қорғаныс маскасы (подручный материал)



Ситуациялық тапсырма: Аялдамада қарт ер адамның жағдайы кенеттен нашарлады


Тапсырма: Сіз кездейсоқ жақын жерде тұрған фельдшерсіз, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіңіз





Кезеңдер

Әрекет алгоритмі

1

Жағдайды бағалау

Өз қауіпсіздігіңізге көз жеткізіп, өзіңізді және зардап шегушіні қауіпсіздендіру қажет.

2

Пациенттің жағдайын бағалау

  1. Есін бағалау

Зардап шегушіні иығынан сілкіп/шапалақтау, қатты дауыстап: «Сіз мені естисіз бе? Есіміңіз кім?» (есін жимаған)

  1. Тыныс алуды бағалау

«Мен естимін, көремін, сеземін» қағидасы: құлағымызды мұрын-ерін үшбұрышына жақындатып, тыныс алуды тыңдаймыз, ұртында жылуды сезінеміз және кеуде қуысының экскурсиясын бақылаймыз. (тыныс жоқ)

  1. Қан айналымын бағалау

Күре тамырдағы пульсті пальпациялау: қалқанша без шеміршегін пальпациялау және одан екі саусақ төмен кеуде-бұғана-емізік тәрізді бұлшық еттің ішкі шетіне өту. (пульс жоқ)



3

Жедел жәрдем шақыру



Атаулы көмек шақыруды өтінеміз: «Ақ жейдедегі ер адам, жедел жәрдемнің реанимациялық бригадасын шақырыңыз!»

4

Жүрекке жанама массаж жасау

1. Зардап шегушіні қатты беткейге жатқызыңыз.
2. Қолды дұрыс қою - кеуденің төменгі үштен біріне. Саусақтарды «құлыпқа» орнату, осылайша тірек қолы осы аймаққа tenar және hypothenar болады. Қолды шынтақ буындарында пациенттің денесінің бетіне перпендикуляр болатындай етіп түзетіңіз.
3. Бірінші компрессия – бұл кеуде қуысының қаттылығын бағалау үшін тексеру. Қозғалыс бүкіл дене салмағымен жасалады.
Компрессия тереңдігі кемінде 5-6 см.
Компрессия жиілігі 1 минут ішінде 100-120.
Компрессия және тыныс алу арақатынасы 30:2.



5

Сафардың үш есе тәсілі

A. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру
Зардап шегушінің басын құтқарушыға қарай ( яғни өзіне қарай) абайлап бұру және ауыз қуысын бөгде заттардың болуына тексеру, одан әрі орамалға немесе дәкеге оралған саусақтардың көмегімен (орта және сұқ) ауыз қуысынан бөгде денені алып тастау қажет. Содан кейін басын бастапқы күйіне бұрыңыз.
В. Басын шалқайту
Оң қолдың алақанын мойынның астына қойыңыз. Сол қолыңызбен маңдайын ұстап, екінші қолыңызбен басын артқа шалқайтыңыз.
С. Аузын ашыңыз және төменгі жақты қозғаңыз
Бас бармақтың және сұқ саусақтың көмегімен төмен қарай қозғалта отырып ауыз қуысын ашу. Сұқ саусақтар төменгі жақсүйектің бұрыштарына қойылып, төменгі жақсүйекті төмен қарай жылжытады.

6

Жасанды тыныс алуды жүргізу.

- Қорғаныс маскасын қолдану.
- Зардап шеккен адамның танауын сол қолымен жауып, оң қолымен иегін ұстап, ауыздан ауызға әдісімен екі рет терең дем алдырыңыз.

7

ЖӨР-дің бір толық кезеңін өткізу



Реанимациялық шаралардың 5 циклін өткізу.

8

ЖӨР тиімділігін бағалау



Екі минуттық реанимациядан кейін (немесе 5 циклден кейін) реанимациялық шаралардың тиімділігін бақылау:
- күретамырдағы пульсті тексеру (пульс пайда болды),
- тыныс алуды тексеру (тыныс алу қалпына келтірілді),
- есін бағалау

9

Зардап шегушіні бүйірімен тұрақты қалыпқа ауыстыру

Ол үшін зардап шегушінің бір (оң) қолын бүйіріне қояды, екінші (сол) қолын шынтақ буынында бүгеді, (сол) аяғын сол жағында тізе буынында бүгеді. Бұл жәбірленушінің иығы мен жамбасын 2 иінтірек әдісін қолдана отырып, жәбірленушіні бүйіріне аударыңыз.

10

Науқастың одан әрі тәсілі

Одан әрі қолданылатын тәсілді анықтаңыз (реанимация бөліміне жеткізу, ЖӨР жалғастыру, ЖӨР тоқтату.).



Орындау уақыты -10 минут

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет