Жүрек-тамыр жүйесі қызметі бұзылған науқастарды бақылау және күту



бет1/3
Дата10.04.2023
өлшемі9.51 Kb.
#471985
  1   2   3
Жүрек-тамыр жүйесі қызметі бұзылған науқастарды бақылау және күт-melimde.com


Жүрек-тамыр жүйесі қызметі бұзылған науқастарды бақылау және күту

Жүрек-тамыр жүйесі қызметі бұзылған науқастарды

бақылау және күту

Жүрек-тамыр жүйесі қызметі бұзылуының көріністері: жүрек тұсының ұстама ауруы, жүрек астмасы, артериялық қысымның күрт жоғарлауы, естен тану, жүрек ырғағының бұзылуы.


  • Жүрек-тамыр жүйесі қызметі бұзылуының көріністері: жүрек тұсының ұстама ауруы, жүрек астмасы, артериялық қысымның күрт жоғарлауы, естен тану, жүрек ырғағының бұзылуы.


Ишемиялық жүрек ауруларының белгілері:
Жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы салдарынан өлі еттену ошағы пайда болады. Жүректің қыспа ауыруы – сол жақ иыққа, сол мойынға, сол қолға, сол жақ жауырын астына беріледі (иррадияция). Жүректің ұстама ауруы бірнеше сағатқа ал кейде бірнеше күнге созылады, ауырған кезде науқас күрт әлсірейді, өлімнен қорқу сезімі, сондай-ақ демікпе және жүрек қызметінің басқа да көріністері пайда болады.


Көмек:

  • Науқастың басын көтеріңкі етіп жатқызыңыз.

  • Науқасқа физикалық және психикалық тыныштық сақтаңыз.

  • Валидол немесе нитроглицерин түймедақтарының бірін тілдің астына қойыңыз.

  • Тез арада жедел жәрдем шақыртыңыз.

  • Жүрек тұсына қыша қағазын қойыңыз.

  • Дәрігер келгенше науқас адам қозғалмай, тыныштықта болуы қажет.

  • АҚ-ын және тамыр соғуын анықтаңыз.


Жүрек астмасы:
Жүрек тұсы ауырып, кенеттен тұншығу басталып, тыныстың тарылуы әсерінен, ауа жетпей жиі және үстірт дем алады, демі ысылдап, шулы шығады.
Дем алуы қиындағандықтан аузы алқызыл көбікке толады.

Көмек:

  • Науқасты кереуетке жартылай отырғызып, аяғын төмен түсіру қажет.

  • Кеуде тұсын ағытып, терезені ашып таза ауа келуін қамтамасыз етіңіз.

  • Тез арада жедел жәрдем шақыртыңыз.

  • Тіл астына нитроглицерин түймедағын беріңіз.

  • Жүрекке вена арқылы қан аз барып құйылуы әсерінен екі қолға, бір аяққа, яғни қатарынан үш байламды бірдей байлап, әрбір 10- 15 минут аралығында ауыстырып отыру қажет.

  • Науқасқа дымқылданған оттегіні су орнына, спирт немесе антифомсилан ерітіндісін, Бобров аппаратына құю арқылы жіберіңіз.

  • Дәрігер келгенге дейін науқастың жағдайын бағалаңыз, АҚ, тамыр соғуын анықтаңыз.

  • Күтім іс-әрекеттерін жатқан орнында атқарыңыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет