Пульстік қысым дегеніміз – диастолалық артерия қан қысымы мен систолалық артерия қан қысымы көрсеткіштерінің айырмашылығы 40 – 50 мм.с.б тең. Артерия қан қысымының көтерілуі көптеген ауруларда байқалады: гипертониялық ауру, жедел және созылмалы гломерулонефрит, бүйрек үсті безі мен гипофиздің қатерлі ісігінде, жайылмалы токсикалық жемсауда т.б.
Кеуде сарайының бетінде вертикальды болжам сызықтарға жатады:
– дене орта сызығы – төс сүйегі, омыртқа ортасынан өтеді;
– төс маңай сызығы – төс сүйегі қырынан 2 см. он, сол жақта ;
– бұғана орта сызығы – бұғана сүйегі ортасы арқылы өтеді оң жақта, сол жақта;
– қолтық асты алдынғы сызығы – қолтық асты аймағының алдынғы бұрышы арқылы өтеді оң жақта, сол жақта;
– қолтық асты ортанғы сызығы – қолтық асты аймағының ортасы арқылы өтеді оң жақта, сол жақта;
–қолтық асты артқы сызығы – қолтық асты аймағының артқы бұрышы арқылы өтеді оң, сол жақта;
– жауырын сызығы – жауырынның төменгі бұрышы арқылы өтеді оң жақта, сол жақта;
– омыртқа маңай сызығы – омыртқаның көлденен өсіндіктері арқылы өтеді;
Қабырғалар саны алдынан бұғана сүйегінен басталады, себебі бірінші қабырға бұғана астында жатады. Науқастың арқасынан қабырғаларды санауда болжам белгілер болып есептеледі: жауырын төменгі бұрышы денгейіне VІІ қабырға сәйкес келеді, шығынқы болып VІІ мойын омыртқа анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |