Шалқар ауданының әкімі Е.Данағұловтың «2015 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қортындылары және 2016 жылға қойылған міндеттері туралы» аудан тұрғындарымен есепті кездесуінің
жүргізілу тәртібі
02.02.2016ж сағ. 09-00
Аудандық Мәдениет Үйі.
Мәжіліс президиумы:
Сапарбаев Б.М облыс әкімі
Байбеков Ш.З ҚР Президенті Әкімшілігің
мемлекеттік инспекторы
Данағұлов Е.Ж аудан әкімі
Күн тәртібі:
«2015 жылғы ауданның әлеуметтік –экономикалық дамуының қорытындылары және 2016 жылға қойылған міндеттері туралы»
аудан әкімі Е.Данағұловтың баяндамасы
Төрағалық етуші Е.Данағұлов
Қайырлы күн құрметті аудан тұрғындары, есепке қатысушы қонақтар!
Бүгінгі жиналысымызда Елбасымыздың «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында аудан әкімінің есебі берілгелі отыр. Осы есепті кездесуге Ақтөбе облысының әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы және ҚР Президенті әкімшілігінің инспекторы Байбеков Шалқар Заманбекұлы қатысып отыр.
Осы есепті кездесуге қала, ауылдық округтер әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, ардагерлер, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау саласының, аудандағы мекемелер мен өндіріс орындарының басшылары және жұмысшы-қызметкерлері, аудан тұрғындары мен зейнеткерлері, жастар ұйымы өкілдері шақырылып, қатысып отыр.
Жиналысымызды бастамай отырып, Сіздерге төмендегі жұмыс регламентін хабарлаймын:
Баяндама жасауға -35минут,
Шығып сөйлеушілерге 5минут,
Есепті үзіліссіз 1,5 сағатта аяқтау.
Сұрақ қоюшыларға, шығып сөйлеушілерге залда микрофон қойылған, сонымен қатар сұрақтар, ұсыныстар мен пікірлеріңізді жазбаша беруге де болады.
«2015жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2016жылға қойылған міндеттері туралы» есеп аудан әкімі Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
-
баяндама аяқталған соң, әрі қарай кездесудің жүргізілу барысында залдан сөз сұраған ұсыныстар келіп түсті.
1. сөз беріледі
2. сөз беріледі
3.
4....
Сөз облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлына беріледі.
Сөз ҚР Президенті әкімшілігінің инспекторы Байбеков Шалқар Заманбекұлына беріледі
Сұрақтарға жауап беру және жиналысты қорытындылау: аудан әкімі Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
Есепті кездесу аяқталды, қатысқандарыңызға рахмет.
Достарыңызбен бөлісу: |