Жүргізуші: Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. жүргізуші
ТӘРБИЕ САҒАТ ЖОСПАРЫ:
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, және студенттер! Бүгінгі «Отбасы және қазіргі қоғам» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!
Барлық өнеге отбасы деп аталатын шағын мемлекеттен басталады. "Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер" деп, ата - бабаларымыз тегін айтпаса керек.Үйдегі тәрбие- баланың болашағына үлкен әсер етеді.Әр бала- өз отбасының тарихын, ата- тегін біліп өсуге тиіс.Ата- ана өз баласына адами қасиеттерді үйретіп отырады ."Әке асқар тау, ана-бұлақ, бала - жағасындағы құрақ"- дейді .Бүгінгі ашық сабағымызда ата- ананың отбасындағы беретін тәрбиесінің қазіргі таңда өзекті мәселеле екені және әр баланың өз отбасындағы жеке тұлға болып дамуына нені қажет ететіні туралы ой бөлісеміз. Ендеше ашық сабағымызды бастамас бұрын миға шабуыл ретінде студенттер отбасы жайлы ойларымен бөлісе кетсе.
2 жүргізуші: Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді.
1 жүргізуші: Дұрыс айтасың Аяулым немесе Алия. Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы дей келе бүгінгі практикалық сабағымызға арналған электрондық сұрақтарға кезек берсек
2 жүргізуші Отбасы — әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген, әлеуметтік жүйенің негізгі саласы. Отбасы – қоғамдық құрылымның шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын адамдардың тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. Отбасы қалыптасуы үшін неке қалыптасуы қажет.
Неке — әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың табиғи шарты, өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы.Неке – отбасының заң жүзіндегі негізі, еркек пен әйелдің өзара түсінісуінің, еріктілігінің негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмірінің қажеттілігі. Неке ер мен әйел арасындағы сүйіспеншіліктің адамгершілік, эстетикалық қатынастың ұйытқысы. Алия или Аяулым студенттер тақырыппен біраз танысып қалды, ендеше олардың біліктілігін тексеру мақсатында бірге сөзжұмбақ шешіп көрсек.
1 жүргізуші:
Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады. Ендеше тек қана тапсырма орындамай, барлық студенттер ат салысу үшін, шағын ғана өз арамызда пікірталас өткізсек. Пікірталасқа арналған қызықты әрі өзекті деген сұрақтарымыз бар. Ендеше Алия немесе Аяулым сұрақты бастап оқи кетсеңң.
1) Қыз баласы үшін қанша жаста тұрмысқа шыққан жөн?
2) Отбасының негізін қалайтын некеге не тең болу керек?
3) Отбасының мазмұнымен қатынасы тікелей неге байланысты?
4) Отбасының өмір сүріп дамуынын ерекше жағдайлары бар ма?
5) Отбасы дегеніміз не?
6) АХАТ қандай мағынаны білдіреді?
7) Тәрбие – табалдырықтан басталады дегенді қалай түсіндіресіз?
8) Отбасы некеге қарағанда күрделі жүйема?
9) Бақыт сырын ұғыну дегеніміз не?
10) Отбасы және оны сақтау халықтың фзиологиялық және рухани қажетіліктерін қанағаттандыруы жүзеге асырыладыма?
2 жүргізуші: Пікірталас біз ойлағаннан да қызықты өтті. Студенттеріміз өз ойларын ортаға салып, еркін форматта өтті десекте болады. Олай болса студенттердің шаршағанын басу үшін әрі көңілдерін көтеру мақсатында сергіту сәті, яғни ойынға кезек берсек.
Қорытынды сөз _______________ апайға беріледі.
Осымен біздің ашық тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Отбасыларыңызда әрқашан береке бірлік, татулық орнасын!