«Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы



Дата24.02.2016
өлшемі34.32 Kb.
#11977



«Жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 11 мамырдағы № 493 және «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң көліктік бақылау саласындағы мемлекеттiк қызмет стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі № 1153 Қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына

түсіндірме жазба


р/с№

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

««Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2013 жылғы 1 шілдедегі № 99-р және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2013 жылғы 6 тамыздағы № 132-р Өкімдері

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкелмейді


4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі және болжанатын тиімділігі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру және функцияларының қайталануын болдырмау, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 1463 Қаулысы

7.

Заңнаманы кейіннен жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етілмейді

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері

Өткізілген жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

Рұқсат етіледі

11.

Жобаның интернет - ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің сайтында www.mtc.gov.kz 2013 жылғы 23 шілдеде орналастырылған


Қазақстан Республикасының

Көлік және коммуникация министрі А. Жұмағалиев

2013 жыл «___» __________





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет