Бас маман лауазымына біліктілік талаптары
санаты Е-R-4,№ 10-1-3, 1 бірлік
-
Критерий
|
Талаптар
|
Білімі
|
Жоғары экономикалық білім. Тәжірибелік жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі экономикалық білім рұқсат етіледі.
|
Кәсіби құзіреттілігі
|
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», ««Кәсіпкерлік қызмет туралы» заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымға сәйкес мамандандырылған салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
|
Практическалық тәжірибесі
|
Экономика саласында мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда, ортадан кейінгі білім рұқсат етіледі.
Компьютерде жұмыс істей білуі.
|
Функционалдық міндеттері
|
Экономика нақты секторының бағдарламасын әзірлеу және іске асыру, аймақ кәсіпорындарында индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүргізу және іске асыру. 2012-2020 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдауды (моноқалаларды дамытуды) іске асыру. Кәсіпкерлікті қолдау қорлары және екінші деңгейлі банктер арқылы несиелендірудің негізгі бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Кәсіпкерлік мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек корсету. Индустрияландырудың аймақтық картасы шеңберінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, индустрияландыру картасы шеңберінде іске асыру жобаларының мониторингін жүргізу, аймақтағы өнеркәсіп мекемелерінде сапа менеджменті жүйелерін енгізу. Дамыту, индустрияландырудың аймақтық дамуы бағдарламаларын іске асыруды қамтамасыз ету.
Шахтинск аймағы кәсіпорындарында қазақстандық құрам мониторингін жүргізу.
|
Достарыңызбен бөлісу: |