Жуманов Д, Эк-14-3бм тобының магистранты



Дата23.02.2016
өлшемі138.11 Kb.
#3746
Жуманов Д, Эк-14-3бм тобының магистранты,

Казбекова Л.А., э.ғ.к., доцент
Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардағы корпоративті басқару мәселелері

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы кезекті биік белесті бағындыру қарсаңында тұр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің 20 жылы ішінде елді зор жетістіктерге жеткізіп, ұлттық экономикамызды әртараптандыру арқылы ғылыми-инновациялық даму жолына түсіруді қолға алды, әлеуметтік саланы жаңартып жетілдіру және бүгінгі күннің талабына сәйкестендіру жөнінде біраз іс-шараларды жүзеге асырды.

Заман талабына сай басқарудың да формалары өзгеріп отырады. Сондықтан да әр заманның өзіндік басқару стилі мен қолтаңбасы болады. Бұл ретте Қазақстан аумағында енді ғана қолға алынып жатқан корпоративтік басқару тұғырнамасына қатысты да біршама пікір айтып еткен абзал.

Соңғы кезде Республикамызда корпоративті басқару мәселелеріне реттеуші мемлекет тарапынан да, нарыққа қатысушылардың өздерінің тарапынан да ерекше назар аударыла бастады, нормативтік негіз жасала бастады, конференциялар өткізілуде, мәселелер талқылануда.

Қалай десек те, корпоративті басқару институты - Қазақстан үшін жаңа нәрсе. Акционерлік қоғамды басқару туралы айтқанда, біз бірінші кезекте корпоративті басқару туралы да айтамыз. Акционерлік қоғамдардың бизнесті ұйымдастырудағы механизмі өте күрделі болады, сондықтан кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін осы үдерістің барлық қатысушылары бір-бірімен нақты әрекеттескенінің манызы өте зор.

Кәсіпорындағы корпоративтік баскарудың ұстанымдарын еңгізудің қажеттілігі әрбір акционердің, басқару органының, аткарушы органның, компания кызметкерлерінің мүдделерін ескеруге мүмкіндік беретін басқарудың оңтайлы жүйесін жасап шығаруды қамтиды. Корпоративті басқарудын мәні - акционерлердің өздері қоғамды басқарудың ұстанымдарын, менеджменттің қызметін бақылаудың тәртібін анықтаулары және қабылдауларынан, сонымен бірге бизнесті дамытуға және капиталды сақтауға ықпал етуінен көрінеді. Корпоративті басқарудың ұстанымдарын, яғни акционерлердің жалпы жиналысы қабылдаған корпоративті басқарудың кодексін бұлжытпай орындау компания туралы қаржылық нарықта байсалды мақсаттарды көздейтін компания ретінде көзқарасты, жағымды беделді, белгілі бір бет-бейнені қалыптастырады, инвесторлар капиталын қорғауды көздейді, яғни оның инвестиция үшін тартымдьлығын арттырады[1].

Корпоративтік басқару үлгісіндегі негізгі құрауыштар қатарын келесілерімен бөліп көрсетуге болады: тікелей қатысушылар құрамы, қызығушылық танытқан орта, акционерлік капитал құрылымы, директорлар кеңесінің құрамы, акционерлік қоғам қатысушыларының өзара әрекет ету тетігі, акционерлік қоғам қызметін нормативтік қамтамасыз ету және т.б. Аталып өтілген элементтердің нақты көрсетілуінің жалпы белгісі бойынша акционерлік қоғамның ағылшын – американдық, германдық және жапондық басқару үлгісін ажырату қабылданған (кесте 1).

Кесте 1 – Корпоративтік басқару отандық және шетелдік тәжірибелерінің ерекшеліктері



Англо-американдық тәжірибесі

Германдық тәжірибесі

Жапон тәжірибесі

Қазақстандық тәжірибесі

1. Тарату облысы

АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, жаңа Зеландия

Германия, Австрия, Нидерланды, Франция

Жапония

Қазақстан

2. Артықшылықтары

- тіркемелі капитал нарығының рөлі жоғары

-инвестициялық және коммерциялық бөлінісі



Барлық корпорати-втік компоненттері-нің деңгейіндегі банктің рөлі

Банктік және корпоратив аралық бақылауға көңіл бөлу

Заңды және нақты тұлға акционерлерінің өкілдігі

3. Үлгіні жүзеге асырудағы қатысушылар

-акционерлер

-басқарушылар

-директорлар кеңесі


-Банк

-Төраға


-Қадағалау кеңесі

Банк Аффилирленген корпоративтік акционерлер

Төраға


-акционерлер

-директорлар кеңесі

-төраға


4. Акцияны иемдену құрылымы

Жеке және инвестициялық инвесторлардың ие болуы

Банк және корпорация ие болу

Аффилирленген банктер және корпорацияның абсолюттік ие болуы

Отандық және шетелдік инвесторлардың бар болуы

5. Қызмет мониторингі

Нарықтық артықшылығы

Тұрақты негізінде банктің артықшылығы

Банктік және корпоратива-ралық абсолюттік ие болуы

Нарықтық артықшылығы

6. Қаржыландыру

Ішкі қаржыландыру қайнар көздерінің ие болуы

Бақылауға бейімделу – бақылау негізінде инвестициялық шешім қабылдау

Ақпараттандырылмаған

Ескерту – Автор отандық әдебиетке шолу жасау негізінде құрастырған

Бүгінгі таңда Қазақстандағы ұйымдар мен компаниялардың көпшілігі бұл жолда өз беттерімен, өз күштерімен жүріп өтті: қажетті мәліметтерді іздеді, корпоративті басқару мәселелері бойынша семинарларға және әлемдік банктермен өткізілген кездесулерге қатысты, шетелдік тәжірибелерді зерттеп, өз жағдайларын нарықка бейімдеді. Әр ұжым өзінің дербес корпоративті басқару кодекстерін (КБК) енгізді. Осы ретте бір айта кетерлігі, отандық АҚ КБК жасаулары және қабылдауларының басты факторларының бірі, қаржылық биржаның талаптары болды. Өйткені корпоративтік басқару ұстанымдарына сәйкес болғың келмесе, биржа дейтін қатал әлемде кім-кімге де орын жоқ.

Жалпы, корпоративті басқару ұстанымдарын енгізу процедурасы едәуір қомақты шығындарды талап етеді. Бұл - тиімді корпоративті басқаруды құрумен, құжаттарға, халықаралық стандарт талаптарына сәйкестікке сараптама жүргізумен, комитеттердің қажетті санын қамтамасыз етумен байланысты шығындарды туындатады. Басқа процедуралық шаралар да белгілі бір шығындарды талап етеді, мысалы, біліктілік талаптарының директорлар кеңесінің және комитеттердің мүшелеріне сәйкестігі және оған сай сыйақылар, директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілік деңгейін көтеру түйткілдері де кіреді [2]. Іс жүзінде шығындарды есептеу өте қиын, себебі қоғамда жұмыс атқаратын корпоративті басқаруды калыптастыру бойынша жұмыстың көлемі үлкен және көптеген бағыттарға бөлінеді. Бұл барлық ішкі құжаттардың, ұйымның ақпараттық жүйесінің, ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйелерінін КБК үйлесімділігін қамтамасыз ету және т.б. жауапты түйткілдерді қамтиды.

Ал уақыт шығындарына келетін болсақ, бұл жеке іс, бірақ қалай болғанда да, жылдам бола қоймайды. Мысалы, «Альянс Банкте» корпоративті басқару ұстанымдарын енгізу соңғы екі жыл бойы бірте-бірте жүзеге асырылуда. Толықтай корпоративті басқаруды енгізу үшін шамамен әлі де бір жылдай керек. Одан әрі банкте корпоративті басқарудағы өкілетті органдардың талаптарын ескере отырып, қолдау мен таңдаулы тәжірибеге сай болу қажет.

КБК барлық акционерлердің құқығын қорғауды көздейді, акцио-нерлерге ойластырылған және негізделген шешімдер үшін қажетті мә-ліметтердің жүйелі түрде және өз уақытында жеткізілуіне кепілдік береді. Басшылық акционерлерге жалпы жиналыста қарастырылатын мәселелер туралы, олардың мүддесіне қатысы бар жасалатын және жасалынған ірі мәмілелер туралы мәліметгерді береді, акционерлер ұйымның қызмет етуіне қатысты маңызды мәселелерді, директорлар кеңесінің және басқарма мүшелерінің сыйақыларының мөлшерін және тағы басқа көптеген мә-селелерді талқылауға қатысады.

Экономиканың қарқыңды дамуы, саяси тұрақтылық, Заңнама қорының халықаралық талаптарға сай келуі Қазақстанда корпоративті басқару ка-ғидаларын жүзеге асыруға ең қолайлы жағдай туғызуда. Азаматтық кодекс[3], «Акционерлік қоғам туралы» [4] заң қабылданып, биыл Қорды басқару жөніндегі ұлттық қор құрылды. Сала мамандары корпоративті басқару қағидаларын, яғни нарықтық тетіктердің кәсіпкерлерді бүгінгі ахуалды дұрыс бағалай білуге үйрену - мұның өзі бизнестің табысты жолын ашады.

«Қазақстан 2030» стратегиясына сәйкес [5], Қазақстан өтпелі кезеңнен ойдағыдай өтіп, өз дамуының сапалық жаңа кезеңіне нық қадам басты дей тұрғанымызбен де осы күнге дейінгі ұлттық экономиканың тек шикізатқа бағытталып дамып келгендігін естен шығармау қажет. Әрине, ендігі міндет экономиканың әртараптапдырылуын жылдамдату, яғни шикізаттық емес бағыттағы экономиканы дамытуды тез арада қолға алу.

Аталған бағыт шеңберінде Үкімет экономиканың басымдықты шикізаттық емес секторларындағы «ұшқыр» инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға аса көңіл бөлуде.

Атап айтсақ: біріншіден, Үкімет нақтылы еселемелі тиімділік беретін жаңа технологиялық және жүйе құрайтын өндірістерді дамытуға қажетті жағдай жасауда. Мұндай өндірістерге, айталық, мұнай-газ машиналары, арнайы құймалақ өндірістерін, биохимиялық және мұнай-химия өнімдері, тамақ, тоқыма, ауыл шаруашылық өнімдерін өндеу, құрылыс материалдары өндірістері және басқалары жатады.

Екіншіден, аграрлық саясат саласында Үкіметтің агроөнеркәсіп кешені салаларының өнімділігі мен табыстылығын арттыру, отандық өнімнің ұлттық бәсекелестік артықшылықтарын дамыту есебінен оны тұрлаулы дамыту бағдарламасын іске асыруды қолға алуда.

Үшіншіден, заңнамалық базаны жетілдіре отырып, жер қойнауын пайдалану мен жер қойнауын пайдаланушылардын міндеттемелерін атқаруының кешенді мониторингін жүзеге асыруда.

Төртіншіден, Үкімет жер қойнауын пайдалану, машина жасау және ауыр индустрия салаларында қазақстандық қызмет көрсету нарығын дамыту жөнінде пәрменді шаралар әзірлеуде.

Корпоративтік көшбасылардың құрылуы біз үшін жаңалық болғанымен бұл әлемдік тәжірибеде бар нәрсе. Көптеген дамыған елдер кезінде корпоративтік көшбасыларды құрып, оларды дамыту арқылы үлкен жетістіктерге кол жеткізген. Жалпы алғанда, экономиканы жаңғырту және әртараптандыру үдерісіне мемлекеттің қатынасуы, яғни отандық компаниялардың дамуы мен өсуі үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуді, нақтырақ айтсақ экономиканы дамытудағы мемлекеттің белсенді және жетекшілік рөлін қамтамасыз етуді сипаттайды.

Сонымен, кәсіпорындағы корпоративтік басқару барлық мүдделі тұлғалардың құқықтар мен ықыластарын құрметтеуді көздейді, дер мезгілде Қоғамның қиын тәуекелдерінің алдын алу және оларға қарсы шаралар қолдануды, Қоғамның қызметінің жетістіктеріне мүмкіндік тұрғызады, сонымен қатар оның құндылықтарының ұлғаюына жол береді, қаржылық тұрақтылығы мен табыстылығына қолдау береді. Тиімді корпоративтің басқаруы бар кәсіпорындар нарық саласында жоғары бағаланады, сонымен қатар шешімдер қабылдау процесстерін оңтайландырады.

Корпоративтік басқарудың сапасын жоғарлату үшін Қоғамның корпоративтік басқару кодексін енгізу Жоспары және басқа да қажетті құжаттар болу қажет, оларды 2010 жылы Акционерлік қоғамының директорлар Кеңесі әзірлеп және бекітуді жоспарлады.

Қоғамның негізін құратын қағидалары болып табылады:

• жалғыз акционердің құқықтары мен мүдделерін қорғау қағидасы;

• Қоғаммен директорлар Кеңесі мен Басқармасының тиімді басқару қағидасы;

• қоғамның дербес қызметі қағидасы;

• ақпарат беруде нақтылық пен объективті шындық қағидасы;

• заңдылық пен этикалық қағидасы;

• дивиденд саясатының тиімділік қағидасы;

• кадрлік саясатының тиімділік қағидасы;

• қоршаған ортаны қорғау қағидасы;

• корпоративтің қақтығыстар мен мүдделік кақтығыстар саясатын реттеу қағидасы;

• жауапкершілік қағидасы.

Қоғамның корпоративтік басқаруының негізгі мақсаттары:

• стратегиялық жоспарлау, мониторгинг және ішкі бақылау жүйесін жетілдіру;

• Қоғам туралы, ақпаратты дер кезінде қамтамасыз ету, сонымен қатар оның қаржылық жағдайы, экономикалық көрсеткіштер, жеке құрылымы мен басқару туралы;

• есеп беру жүйесін жетілдіру есебінен, ішкі бақылау тәуекелдері мен механизмдерді басқару Қоғамның қызметін тиімді жоғарлату;

• Қоғамға маңыздылығы зор басқару және қызметкерлермен жұмыс жүргізу тиімділігін жоғарлату, әлеуметтік және еңбек жағдайларын тәртіпке келтіру мәселелерін шешуде Қоғам мен қызметкерлер арасында серіктестік қатынастарды орнату;

• мүдделі тұлғалармен белсенді ынтымақтастықты орнату және т.б.

Келесі кестеде Қазақстан Республикасының соңғы 4 жыл мәліметтеріне негізделіп пайдаланудағы темір жол жолдарының пайдалану ұзындығы көрсетілген (кесте 2).
Кесте 2- Жалпы пайдаланудағы темір жол жолдарының пайдалану ұзындығы




2007

2008

2009

2010

Қазақстан

Республикасы



15082

15082

15079

15016

Ақмола

1619

1619

1619

1619

Ақтөбе

1450

1450

1450

1443

Алматы

1099

1099

1099

1099

Атырау

742

742

742

742

Батыс Қазақстан

431

431

431

431

Жамбыл

1105

1105

1105

1104

Қарағанды

1942

1942

1940

1940

Қостанай

1312

1312

1313

1276

Қызылорда

755

755

755

755

Маңғыстау

784

784

785

785

Оңтүстік Қазақстан

570

570

570

572

Павлодар

927

927

926

926

Солтүстік Қазақстан

804

804

804

804

Шығыс Қазақстан

1206

1206

1206

1206

Басқа елдер аумағындағы Қазақстан Республикасының жолдары

336

336

336

336

Ескерту- Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтері негізінде

Қорыта айтқанда, «Қазақстанның корпоративтік көшбасылар» сияқты институтын құру және нақты ұшқыр жобаларды іске асыру Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға ықпал ете отырып, 2015 жылға қарай елдің жоғары бәсекелестік қабілетке ие болуын және әлемнің дамыған елу елінің қатарына кіруді қамтамасыз етеді.

Соған сәйкес, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасылар» Мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуынан мынадай нәтижелерді күтуге болады:

— елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жақсарады, соның ішінде жалпы ішкі өнімнің, негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар көлемі, тауар және қызмет көрсету бойынша әлемдік саудадағы (экспортқа багытталғап) тауар айналымының үлесі артады.

— ұшқыр жобалардың тиімді іске асырылуы ұлттық экономиканың шикізат бағытталуынан кетуіне ықпал етеді;

— елімізге өнімді өндіруде жаңа үздік инновациялық технологиялар тартылып, соның арқасында экономикамыздағы қайта өндеуші салалардың үлесі артады;

— ұшқыр жобаларды іске асыруда мемлекет пен жеке бизнестің өзара серіктестік тетіктерінің қолданылуы кейінгі уақьптардағы мемлекет пеи бизнес арасындағы өзара қарым-қатынастардың негізіне айналады.

Демек, аталған нәтижелерге қол жеткізген жағдайда ғана «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасылары» өңірлік және ғаламдық эконюмикадағы бәсекелес ойыншыларға айнала алады деген жорамал жасауға болады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. М. А. Дерябина Корпоративное управление в переходной экономике, Общественные науки и современность. 2001. № 5. С. 39-46.

2. Удалов Д.А. «Методические рекомендации по количественной оценке состояния корпоративного управления». //«Журнал Финансы и кредит». - 27(411) - 2010г.

3. Бухвалов А. В. Корпоративное управление как объект научных исследований // «Российский журнал менеджмента». — 2005. — Т. 3, № 3. — С. 81−96.

4. ҚР Азаматтық кодексі

5. ҚР –ң «Акционерлік қоғам туралы» Заңы

6. Назарбаев Н. 2007 жылғы ақпанның 28-і жұлдызындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауы

7. ҚР –ң 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялық-инновациялық даму стратегиялық бағдарламасы

8. «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасылары» Мемлекеттік бағдарламасы

9 .www.stat.kz

Резюме


Самый передовой опыт корпоративного управления в Казахстане указан в кодексе корпоративного управления РК. Внедрение кредо корпоративного управления на предприятии позволяет производить ловкую систему управления учитывания интересов каждого акционера, органов управления, исполнительных органов, сотрудников компании. Важность корпоративного управления отражается в деятельности акционеров, которые принимают кредо управления обществом, выявляют дисциплину контроля деятельности менеджмента, а так же влияют на развитие бизнеса и сохранение капитала.

В связи с этим в статье рассмотрены вопросы корпоративного управления на предприятиях Республики Казахстан.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет