Журналист этикасы: мәні, құрылымы, қызметі Дәріс жоспары



Дата17.09.2022
өлшемі32.44 Kb.
#460871
1-дәріс


1-ТАҚЫРЫП. Журналист этикасы: мәні, құрылымы, қызметі

Дәріс жоспары:


1. Этика терминінің мәні мен мазмұны
2. Аристотель іліміндегі этика мен адамгершілік ұғымы
3. Ойшыл ғалымдардың этика жэне мораль терминдерінің тарихы жөніндегі теориялық пікірлері
4. Әл-Фараби этикасының негізгі нысаны

Журналистік әдеп журналист қызметінің ең басты шарттарының бірі болып табылады. Мұнсыз баспасөздің де, журналистің де беделі болмас еді. Журналистің кэсіптік эдебін терең біліп, жан-жақты түсіну, оны зерттеу, эсіресе, біздің Қазақстан журналистикасы үшін зэру мәселелердің бірі болып отыр. Өйткені, бүл енді ғана назар аударыла бастағаны болмаса, элі ғылыми тұрғыдан да, кэсіптік шеберлікке қатысты да байыптап үлгермеген тың да күрделі мәселе. Сондықтан, этика мэселесі - журналистердің басты назарында болатын тақырыптардың бірі.


Журналистикадағы этика ғылымына Ресей ғалымдары соңғы он жыл ішінде ғана аса көңіл аудара бастады. Мәселен, ғалым Р.Г. Бухарцев қазіргі таңдағы кәсіби этиканың табиғатынан кәсіби этика мен журналистіц шығармашылық даму үрдісінің байланысын ашык дэлелдесе, орыс зерттеушісі В.А. Казакова журналистің жұмыс істеу барысындағы әдептілік қарым-қатынастың түрлерін жан-жақты атап көрсетті. Ал, ғалым В.М.Теплюк журналистің әлеуметтік мэселелердегі жауапкершілігі мен дерек, дәйектерді қолданудағы этикалық нормаларды қарастырды.
Әдеп (этика) - мораль туралы, адамгершіліктің түрлері мен нормалары туралы ілімдер жүйесі. Ол - сонымен бірге, философияның бір саласы, тәрбие туралы ғылымдардың арқауы. Ал, кәсіптік эдеп - жалпы адамзаттық моральдың бірлігі арқылы байланысады. Кәсіптік эдеп - жалпы моральдың жай ғана механикалық көшірмесі емес. Осы себептен де эр кэсіп саласының өзіне лайық эдеп нормалары туып, қалыптасады (Қаз¥У Хабаршысы. Журналистика сериясы. - 2005. - №5. 36 б. С.Ғұсманқызы. Журналистік әдеп жөнінде).
Этика термині ежелгі гректің ethos (этос) деген сөзінен пайда болған. Алғашқыда бұл мекен ету, орта, үй, жануарлар апаны, құс ұяшығы деген мағынаны, кейіннен әдет-ғұрып, салт-сананы, мінез-құлықты білдіретін сөзге айналды. Бұл «этос» сөзінен ұлы Аристотель «этикалық» деген түбірге қосымша енгізіп, адамзаттың ерекше қасиеттерін анықтайды. Сөйтіп, білім алудың ерекше түрі ретінде Аристотель ғылымға «этика» саласын енгізді (Гусейнов А.А., Апресян Р.Г. Этика, 1999. 9 б.).
Аристотель (б.д.д. 384-322 ж.ж.) - ежелгі грек философы, энциклопедист-ғалым. Ғұламаның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Никомах этикасы», «Евдем этикасы», «Үлкен этика», «Жан туралы», «Поэтика» т.с.с. атап өтуімізге болады. Аристотель адам бақытының мазмұны мен мэнін ашу үшін біртұтас теориялық жүйе этиканы жасады. Этикалық қасиетті кейде ол рухани қасиетке жатқызды. Адам ақыл-парасатының қабілетін этикадағы жоғарғы қозғаушы күш деп тапқан Аристотель: «Ракымшылдықка ең алдымен, дұрыс бағытталған ақыл қызмет етеді», - деген тұжырым жасады (Аристотель, Большая этика. 1983. 357 б.). Демек, адам баласының ішкі түйсік сезімі дүрыс бағытталса, ақыл-ойы да соған орай іс-әрекетке барады. Ғұламаның этикалык көзқарасы адам жөніндегі ұғымға негізделіп, этикалық идеялары коғамдағы іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылып отырды. Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттамасы деп таныды. Ол «Политика» деген еңбегінде былай деп жазады: «Мейірбандық пен зұлымдық, әділеттілік пен әділетсіздік, т.б. жанұя мен мемлекеттің негізін қалайтын ұғымдарды сезім тұрғысынан қабылдау адамның ғана қолынан келеді». Яғни, адамгершіліктің көзі енжарлық пен дәрменсіздікте емес, керісінше, белсенділік пен жасампаздықта деп түсінді. Адамның әділетті, жігерлі болуы оның игілікті ісімен тығыз байланысты.
Әркім өзін бақытқа лайықтымын деп есептеуге құқылы. Біреулер үшін бақыт - байлық, басқалары үшін - даңқ пен курмет. Үшіншілерге - рақаттану. «Тіпті бір адам үшін бақыт бірдебіреуі, бірде - басқасы: өйткені, адамдар ауырып қалғанда бақытты көреді, мүқтаждыкқа тап болғанда байлықты ойлайды, өзінің надандығын біле отырып, олардың түсінігінен асып түсетін жэне қандай да бір үлы нәрселер туралы пайымдаушыларға масаттанады» (Аристотель. Никомахова этика. 1984, 57 б.). Аристотель бақыт пен рахаттану түсініктерін борыш этикасы мен бақыт этикасы негізінде шешуге тырысады. Осы арадан бір салдар келіп шығады: Аристотель ұсынған бақыт анықтамасына сәйкес адам соңына қатыгез тағдыр түсіп, шыдауға болмайтын сынақтар мен қайғы-қасірет тиетін кездің өзінде де бақытты бола алады. Ол тағдырдың барлық соққыларына мызғымастан шыдап береді жэне бұған қоса бақытын жоғалтып алмастан, өзі де игі істер атқарады. «Шат-шадыманға бөленгендердің ешқайсысы бақытсыз бола алмайды, өйткені, ол ешқашан жиіркенішті жэне жаман қылықтар жасамайды» (Аристотель, 1984. 67 б.).
Аристотель ізгі ниеттерді дианоэтикалық жэне этикалық деп екі түрге бөледі. Біріншілері жанның зерделік бөлігіне жатады, бұлар - пайымдаушылық, тапқырлық, даналық. Екіншілері - жанның аффектілі бөлігіне жатады, олар - дарқандылық, эділдік, естілік. Біріншісі көп дәрежеде білімге қатысты болса, екіншісі тәрбиелеу мен дағдыларды қалыптастыруда пайда болады. Дианоэтикалық ізгі ниеттер - мінездің, рухани қалыптың қасиеттеріне ие. Өйткені, эділдіктің не екенін білу бір іс те, басқа іс эділ болуға ниеттену және бұған коса эділ қылықтар жасау. «Нақ осылайша біз дұрыс қылықтар жасай отырып - әділеттілерге, ақылды қылықтар жасай отырып - ақылдыларға, ер-жүрекпен қимылдай отырып - ержүректерге айналамыз» (Аристотель, 1984. 79 б.). Сондықтан да, Аристотель аса қиын міндетті этиканы ғылым ретінде жасауды қолға алды, ал, бұл бақыт мэнін анықтау мен оған сәйкес бақытты адам іс-әрекет жасайтын ізгі ниеттердің не екендігін қарастыруды білдіреді. Ойшыл «Никомах этикасында» ізгі ниеттіні енгізеді. Көптеген зерттеушілер Аристотельдің бақыт категориясына ең негізгі жэне түп негіздік ретінде қызығушылық білдіруін теріске шығара отырып, этикалық ілімін ізгі ниеттілер туралы ілім ретінде сипаттайды.
Жаңа тарихи жағдайларда «Бақыт - ізгі ниетті» дилеммасын ойшыл И. Кант қайта жаңғыртты. Оның пікірінше, ізгі ниетті мен бақыт сияқты тектері бірдей емес анықтамаларды теңестіруге болмайды, өйткені, олардың табиғаты мүлдем эр түрлі жэне себеп пен салдар ретінде ғана байланысты бола алмайды. Бақытты ізгі ниеттінің себебі деп есептеуге болмайды, өйткені, онда жалпыға ортақтық пен қажеттілік қасиет жоқ. Кант бақыттың өзіне әмбебаптық сипат беріп, оны іштей ізгі ниеттімен байланыстыруға тырысқан Аристотельмен келіспейді (Кант И., Критика практического разума. 1964, 37 б.).
Кант таза жанды, әділ жэне игілікті адам ғана бақытты бола алады дейтін Сократпен де келіспейді. Кант ең барып тұрған қаскүнем де өзін бақыттымын деп сезінуі мүмкін деген тұжырым жасайды. Борыш - бақыттың өзін емес, оның «қадір-қасиетін» жасайтын себеп. Кант: «Ізгілік пен бақыт бірігіп, бір жеке тұлғаның барлық жоғары игілікке ие болуын құрайды», - деп атап өтеді (КантИ., 1964, 441 б.).
Аристотель этикасына Цицерон моральдық (moralis) деген анықтама береді. Бұл сөз латыннан аударғанда мінез-құлық, сэн, салт-дэстүр дегенді білдіреді. Яғни, Цицеронның моральдык философиясы Аристотельдің этикасымен дэлме-дәл сэйкес келеді. Сонымен, IV ғ. б.з.д. латын тілінде болған «moralitas» «мораль» термині гректің «этика» сөзімен бірдей мағынада қолданылады екен (Гусейнов А.А., Апресян Р.Г., 1999. 9-10 б.). Мораль мен адамгершілік ұғымдары уақыт өте келе көп өзгерістерге ұшырады. Мәселен, Гегель моральды адамгершілік іс-әрекеті тұрғысында қарастырса (С.9, Гусейнов А.А., Апресян Р.Г., 1999), Аристотель моральды адам жанының маңызды рөлі ретінде анықтайды (Аристотель, 1983. 357-6.). Кейбір ғалымдар этика жэне мораль терминдерінің тарихын неміс тіліндегі «Sittlichkeit» терминімен («Sitte» «мінез», «slichkeit» «өнегелі») қарастырады (Гусейнов А.А., Апресян Р.Г., 1999. 10 б.). «Этика», «мораль», «адамгершілік» - бастапқы мәнде эртүрлі сөздер болганымен, бір терминдік ұғымдар. Уақыт өте келе бэрі өзгерді, мэдениет дамыды. Этика - білім, ғылым саласының басты тармағы, мораль - сол салаларды оқытатын пән болып табылады.
Ежелгі грек ойшылы Сократ (шамамен б.д.д. 469-339 ж.ж.) этикалық ұғымдарды (айбындылық, әділеттілік) анықтаумен жалпыландырудың үлгісін жасады. Ұғымды анықтаудан бұрын әңгімеге жол берілуі керек, соның барысында бірнеше сұрақтардың көмегімен әңгімелеушінің сөздеріндегі қайшылықтар анықталмақ. Бұл орайда Сократ майевтика (сөйлесу өнері) әдісін ұсынады. Сондай-ақ, Сократ этикасының мэні: «Жаңсақ эрекеттер білместіктен жасалады, ешкім де өз еркімен зұлым болмайды. Адам өзіне үңілген сайын, өзінің білімсіздігін аңғармақ. Менің білетінім, ештеңе білмейтіндігім» қағидасы арқылы айқындала түспек.
Сократ әділ, тамаша жанды адам ғана бақытты бола алатынына сенімділік білдіреді. Әділетсіз, арам, бұзылған жэне азғын жанды адам - бақытсыз жэне бейшара, ондайлар кұрмет пен байлыққа қол жеткізе алмас еді. Жэне де оның сіңірген еңбегіне қарай кек алынудан, жазадан кұтылып кетудің сәті түспейтіндігінен емес, керісінше, оның жазаланусыз қалатындығынан. Әділетсіз қылық жасау - жамандық, бірақ бұдан да зор бақытсыздық жазаланудан кашу, жасырыну. Ауру азаптаған адам өзінің қорқынышын жеңуі жэне шыдамдылық көрсетіп, денсаулық пен күшін қайтару үшін пышаққа түсуі, жараларын күйдіруі тиіс. Оның әділетсіз, кінэратты жаны ауруға ұшыраған жэне ол құтылудан үміттенуден де жоғары ең қатал шараларға бел буады». Сократтың сенімі бойынша, «Ең бақытты адам - жаны жамандықпен жэне әділетсіздікпен мүлде жараланбаған адам болса, ең бақытсыз адам - әділетсіздік жасап, жазадан қүтылып, жазаланусыз калатын адам» (Платон, Апология Сократа.).
Сократтың: «Ізгі ниеттілер - бакытты», - деген тұжырымын Эпикур ой елегінен қайта өткізеді. Оның ойынша, керісінше, бақыттан бастау керек, өйткені, ол ізгі ниеттіліктің шарты болып табылады. Бақыттылар жамандыкка қабілетсіз, олар жақсылық шұғыласына бөленген. Эпикур: «Барлық игіліктің бастамасы мен тамыры - кұрсақтың тоқтығы: тіпті даналық пен басқа мәдениет те оған қатысты болады», - деп тұжырымдайды (Антология мировой философии. 1969. 360 б.).
Платон (б.з.б. 427-347) - ежелгі грек философы, Сократтьщ шәкірті. Негізгі шығармалары: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон» (әдептілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Теэтет» (білім туралы), «Заңдар» т.б. Платонның пікірінше: «Шын ақиқатты түсіну үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып жанның идеялар әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда оған эрос көмектеседі, себебі, ол - адамдарды шығармашылыққа жетелейтін құдіретті күш. Өмірдегі әдептілік идеясы тек рухани махаббат негізінде ғана жүзеге асырылады. Игілік дегеніміз - жанның реттілігі мен үйлесімділігі».
Платонның түсінігінше, игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік жэне әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бэріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеуметтік топтарды үш топка бөлуге болады: игіліктердің төрт түрінің төртеуі де дарығандар - философтар, бүлар мемлекетті басқарулары керек. Данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар - әскербасылар, т.б., ал, игіліктің соңғы екеуі ғана дарығандар - қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеуметтік топтардың әрқайсысы мемлекетке пайдалы жэне өте қажет. Сондықтан, мемлекет өз тарапынан азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жасауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш элеуметтік топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды.
Ал, белгілі ойшыл Стагирит белгілі бір кәсіп иесінің өкілі ретінде адамның өз орны бар деп тұжырымдайды. Аяқ киім тігуші аяк киім тігеді, музыкалық шебер сыбызғылар жасайды. Өмірде өз орнын таппаған адамның болуы мүмкін емес. Адамзат тамақтану мен өсу үшін емес, бұл өсімдіктер өмірінде де бар немесе сезім үшін де емес, өйткені, олар жануарларда да бар, пайымдап, ойлау үшін өмір сүруі тиіс. Бұл кез келген қабілетті жанның ішкі белсенділігінде кездеседі. «Адам игілігі ізгі ниеттінің жанына лайық, егер ізгі ниеттілер бірнешеу болса, онда ең үздігіне жэне неғүрлым кемеліне келгеніне лайық қызмет болып табылады» (Антология мировой философии. 1969, 360 б.). Егер жанның қызметі ізгі ниеттіге лайықталса, онда байлық та, даңқ та жэне басқа да игіліктер осы анықтамаға енгізіледі, өнегелілік түрғысынан қолдау табады. Адамның тіршілік етуі - қызмет, ал, жүзеге асырылған тіршілік ету - жүзеге асқан қызмет. Кімде-кім әрекет етпесе, онда ол тіршілік етпейді. Ойшыл Эмманюэль Мунье мұны «Іс-эрекет жасау» деп атайды (Мунье Э., Манифест персонализма. 1969. 43-6.).
Қазақ этикасы - қазақ халкының ұлттық эдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін пэлсапалық пэн. Қазақ топырағында әдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, эмбебап ғалым - Әл-Фараби Әбу Нәсір Мухаммед ибн Тархан. Әл-Фарабидің әлеуметтік-этикалық көзқарастары «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жолында» деген зерттеулерінде ерекше назар аударылған (Әл-Фараби, 1975. 251 б.). Бұл еңбектерінде ғалым этикалық, эстетикалық мэселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық, білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Әл-Фараби: «Қайырымдылық екі түрлі болады: этикалық жэне интеллектуалдық», - дей келіп, екеуінің аражігін: «Интеллектуальдық-жанныңақыл-парасаттықжағынажатады. Олар: қайырымдылық, даналық, парасат, ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық - жанның ұмтылу жағына жататын қайырымдылық, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, эділдік», - деп анықтап бөліп береді. «Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді», - дей келіп ғулама: «Этикалық қайырымдылықтар мен жаман қылықтар адам жанында адамгершілік сападан туатын әрекеттердің белгілі бір уакыт бойына көп рет қайталануы жэне оған бой үйренуі нәтижесінде пайда болып, тұрақтайды. Дэл өнердегі сияқты мұнда да ізгілікті эрекеттер кайырымдылыкка, теріс эрекеттер жаман қылықтарға бастайды», - деп жақсы, жаман қылықтардың қыр-сырын дәлдікпен айқындап береді (Әл-Фараби, 1975. 195-196 6.).
Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан, оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да, оны кұрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қорытындының басты түйіні - білім, мейірбандық, сұлулык бірлігінде. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мэнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулык хақында былай дейді: «Көркемдік - өмір шындығының өзіне тэн қасиет, ол болмысты нақты түрде бар құбылыстардың, элеуметгік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — адамның денесі мен рухани жан-дүниесінің адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі».
Этиканың зерттеу нысанасы мораль, мінез-құлық, эдептілік нормалары екенін жан-жақты дэлелдеген Әл-Фараби этиканың ең жоғары категориясы бақыт болып табылады, адам бойындағы акылпарасатты этикалық-адамгершілік қасиеттерден бөліп қарауға болмайды, - дейді. Ақыл мен адамгершілік, қайырымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. Мэселен, Әл-Фараби «Бақыт жолын сілтеу» трактатында: «Бақыт - эрбір адам ұмтылатын мақсат, өйткені, ол белгісіз бір жетілу болып табылады. Мүны тусіндіріп жату артық сөзді керек етпейді, өйткені, бұл - мейлінше белгілі нәрсе», - дей келіп: «Игіліктердің ішінде бақыт ең үлкен игілік екендігі жэне қалаулы заттардың ішінде адам талпынатын ең жетілген мақсат екендігі айқын», - деп атап көрсетеді (Әл-Фараби, Әлеуметтік-этикалық трактаттар. 1975. 3 б.).
Бақытқа жетуге бастайтын жолға айрықша назар аудара отырып, Әл-Фараби адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік беретіндігін, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-құлықтың жетілуі арасында байланыс туатындығын: «Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып. екеуі біріккенде бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Адамның белгілі бір мінез-кұлыққа ие болуына немесе жакын жүғысудың арқасында бір мінез-құлықтан басқа мінез-құлыкка ауысуына себепші болатын нәрсе эдет болады», - дейді (11-12 бб, Әл-Фараби, 1975). Демек, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үшін, ең алдымен, өзіне-өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге мүмкіндік алады. Ал, әдеттену жаксы мінез-құлықка жеткізетін эрекет болып табылады.
Адам жаратылысының жақсылыққа не жамандыкка бейім болып тумайтындығын айта келіп, ғұлама: «Үстамдылыкты жақсы қүлық деп есептейді, ал үстамды болу үшін, шамадан тыс молшылық болса, одан жетіспеушілікке қарай ауытқып, ондай молшылықтан арылуымыз керек жэне керісінше, жетіспеушілік болса, біз молшылық жағына карай ауытқуымыз керек, сөйтіп, мінез-кұлқымызда үстамдылықты қалыптастырғанша осылай ете беруіміз керек», - дейді. Бұл корытындыға Фараби адам табиғатын терең зерттеу нэтижесінде қол жеткізді.
Шыншылдық пен адалдық Әл-Фараби ілімінің басты кағидасы екендігін: «Адамның өз ожданы алдында адал, шыншыл болуы өзіне-өзі ізгі қасиетті болуынан, жүріс-тұрысы ізгі болуынан ғана туады. Ал, егер өз бойында жоқ бола тұрып, адам өзін ізгі қасиетті адамға, жүріс-тұрысы жөнді адамға жатқызса, онда ол адамда өзі туралы жалған пікір туғандығы. Егер адам өз бойында жоқ нәрселерді өзіне жатқыза беретін болса, онда ол адамда көлгірсушілік пайда болады», - деген салмақты пікірінен айқын аңғаруымызға болады (Әл-Фараби, 1975. 19-20 бб.). Сол себепті кезекті бір ойында: «Жаман мінез-кұлық - рухани кесел», - деп кесімді анықтамасын бере қояды (Әл-Фараби, 1975. 21 б.). Жаман мінез-құлықтан арылтатын: «Адамның игі қылықтары мен жақсы эрекеттерін жасауға көмектесетін жан қасиеттері - ізгілікті қасиеттер», - екендігін білсек, «Адамның пасык істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары - сұрқиялық, кемшілік немесе опасыздық болып шығатынын байқаймыз» (Әл-Фараби, 1975. 188 б.). Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың көздеген мақсатына жетуі тек өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан өзін-өзі үнемі жетілдіріп отыруы тиіс, сонда ғана ақиқатты, айналадағы дүниені танып біле алады деп түйін жасайды. Қазақстан журналистерінің кәсіптік эдеп мәселесімен шындап бетпе-бет келгеніне көп уақыт өтпесе де, айтарлықтай тэжірибе жинақтайтын уақыт жетті. Қоғамдағы буырканған өзгерістер, баспасөз бостандығының берілуі, тэуелсіз басылымдардың кэптеп пайда болуы қазақстандық журналистиканың кәсіби эдебін теориялық жэне тәжірибелік тұрғыдан зерттеу мэселесін қолға алуды қажет етеді. Бұл ретте журналистік эдеп тарихының тағылымынан сабақ ала білу парыз. Өйткені, кодекстер журналистке бағыт береді, дұрыс пен бұрыстың шекарасын ажыратуға көмектеседі. Кейінгі бірнеше ондаған жылдар ішінде журналистердің халықаралық ұйымдары, федерациялары құрылып, журналистік эдеп осы ұйымдардың бақылауындағы өзекті мэселелердің біріне айналды. Мундай ұйымдардың негізгі міндеттерінің қатарында баспасөз бостандығы мен тәуелсіздігі, журналистік эдеп пен кәсібилік мэселелерінің қойылуы кездейсоқ емес. Өйткені, кэсіптік эдеп журналист шеберлігінің ажырамас бөлігі эрі айқын шарттарының бірі болып табылады. 12 Жаңсылыңбаева Р.С. Журналист

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет