География, 11 нұсқа
1. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең бөлігі:
A) Тонга. B) Мариан. C) Кермадек. D) Атниба. E) Рондыш.
2. Жер бетінің белгілі бір масштабпен жасалған сызбасы:
A) План. B) Карта. C) Аэрофотосурет. D) Сурет. E) Космостық сурет.
3. Жер осі өтетін нүктелер:
A) Шың. B) Полюстер. C) Солтүстік, оңтүстік. D) Эпицентр. E) Координаттар.
4. Жердің терең қабатына батқан, жоғары қысым, температураның әсерінен өзгерген тау жыныстары қалай аталады?
A) Жер қыртысы. B) Мантия. C)Шөгінді жыныстар.
Д) Магмалық. E) Метаморфтық.
5. Аллювийлік жазық:
A) Үнді – Ганг, Месопотамия. B) Каспий маңы ойпаты. C) Ұлы Қытай жазығы.
D) Месопатамия, Шығыс Еуропа жазығы. E) Шығыс Еуропа – Батыс Сібір.
6. Көлемі жағынан екінші орындағы материк:
A) Еуразия. B) Солтүстік Америка. C) Аустралия. D) Африка. E) Оңтүстік Америка.
7. Солтүстік жарты шардың ең суық полюсі:
A) Солтүстік. B) Гренландия. C) Солтүстік жер. D) Челюскин м. E) Оймякон.
8. Оңтүстік Қазақстанның басты салалары:
A) Ауыл шаруашылығы, түсті металлургия, тау-кен және машина жасау.
B) Ауыл шаруашылығы, қара және түсті металлургия.
C) Мұнай-газ өнеркәсібі, қара металлургия.
D) Энергетика, түсті металлургия . Е) Қара, түсті металлургия, отын өнеркәсібі.
9. Тропосфераның бір-бірінен температура, мөлдірлігі, ылғалдығы жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктері:
A) Климат. B) Ауа массалары. C) Ауа райы. D) Ылғалдылық. E) Булану.
10. Тұщы су қорының тұрақты болу себебі:
A) Су айналымы. B) Үгілуден. C) Ағыстардан. D) Толысу. E) Жер сілкінісі.
11. Ең үлкен арал:
А) Гренландия. B) Жаңа Зеландия. C) Кюсю. D) Мадагаскар. E) Исландия.
12. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл:
A) Сарез көлі. B) Байкал. C) Қызыл. D) Балқаш. E) Каспий.
13. Табиғат компоненттеріне жатпайды:
A) Жер бедері. B) Атмосфера. C) Су. D) Қала. Е) Өсімдіктер.
14. Африканың қай тауы Альпі тау құрылысында қалыптасқан?
A) Қап. B) Аир. C) Айдаһар. D) Дарфур. E) Атлас.
15. Жер қыртысының қозғалысын бақылайтын аспап:
A) Нивелир-деңгейлегіш. B) Компас. C) Сейсмограф. D) Барометр. E) Эхолот.
16. Қазақстан Каспий теңізі арқылы қай елдермен байланысады?
A) Армения, Әзірбайжан. B) Иран, Турция.
C) Әзірбайжан, Иран. D) Грузия, Армения. E) Иран, Грузия.
17. Платформа дегеніміз ... :
A) Тектоникалық тұрақты аймақ. B) Қатпарлы аймақ. C) Төбелі аймақ.
D) Су толған ойпат. E) Аласа таулы өлке.
18. Қазақстанның ең биік нүктесі орналасқан тау:
A) Сауыр. B) Тарбағатай. C) Жоңғар Алатауы. D) Тянь-Шань. Е) Алтай.
19. Қазақстанның қай бөлігінде ең аз жауын-шашын түседі (139 мм)?
A) Батыс Алтай. B) Зайсан ойпаты. C) Арал теңізінің солтүстік-шығысы.
D) Каспий маңы ойпаты. Е) Солтүстік Қазақстан жазығы.
20. Мамандандырудың түрлері:
A) Кооперативтендіру. B) Құрамдастыру. C) Бұйымдық, бөліктік.
D) Еңбек бөлінісі. E) Шоғырландыру.
21. Басы үлкен, қошқар тұмсық, денесі ықшам, аяғы жіңішке жануар:
A) Дуадақ. B) Бұғы. C) Елік. D) Ақбөкен. E) Марал.
22. Осы қорым арқылы Шығыс Еуропа мен Азия, Қазақстанды жалғастырған Жібек жолы өткен:
A) Тастау. B) Қотыртас. C) Жоңғар қақпасы. D) Қарақия. E) Жалаңаш.
23. Қазақстанның мемлекеттік құрылымы:
A) Монархия. B) Отар. C) Федерация. D) Конфедеративті. Е) Унитарлық.
24. «Кіші Мекке» деп қай қаланы атайды?
A) Тараз . B) Қызылорда. C) Шымкент. D) Түркістан. E) Алматы.
25. 300-500 м тереңдікте жатқан жер асты суы орналасқан жер:
A) Қызылқұм. B) Сарыесік. C) Қарақұм. D) Мойынқұм. E) Тауқұм.
26. Шығыс Қазақстанның полиметалл өнеркәсібінің орталықтары:
A) Семей, Аягөз. B) Өскемен, Зырян. C) Семей, Өскемен.
D) Риддер, Семей. E) Зырян, Риддер, Өскемен.
27. Қант зауыттарын орналастыру принципі:
A) Шикізат көздеріне. B) Тұтынушыға жақын. C) Электр энергиясы.
D) Су. E) Көлік торабы.
28. Көлемі бойынша ең үлкен облыс:
A) Батыс Қазақстан облысы. B) Ақтөбе облысы. C) Қарағанды облысы.
D) Қостанай облысы. E) Павлодар облысы.
29. Хром, никель рудаларының кен орны шоғырланған:
A) Ақтөбе облысы. B) Маңғыстау. C) Атырау.
D) Батыс Қазақстан облысы. Е) Қостанай.
30. Су буларының сұйық күйге айналуын ... дейді.
A) Абсолют ылғалдылық. B) Салыстырма ылғалдылық. C) Конденсация.
D) Жаңбыр. E) Тұман.
География, 12 нұсқа
1. Бумеранг – қай халықтың қаруы?
A) Ацтектердің. B) Кароибтердің. C) Аборигендердің.
D) Үндістердің. E) Эскимостардың.
2. Көкжиек тұстарын анықтайтың аспап:
A) Термометр. B) Деңгейлегіш. C) Флюгер. D) Анероид. E) Тұсбағдар (компас).
3. Оңтүстік полюстің географиялық ендігі:
A) 66,50 с.е. B) 23,50 о.е. C) 900 о.е. D) 00 с. E) 900 с.е.
4. Тау жыныстарын құрайтын заттар:
A) Минерал. B) Пайдалы қазбалар. C)Топырақ. Д) Қарашірік. E) Тыңайтқыш.
5. Ломоносов атты су асты жотасы бар мұхит:
A) Атлант мұхиты. B) Тынық мұхиты. C) Солтүстік Мұзды мұхиты.
D) Үнді мұхиты. E) Оңтүстік мұхиты.
6. Мазмұнына қарай карталар бөлінеді:
A) Жалпыгеографиялық, топографиялық. B) Тақырыптық, полиграфиялық.
C) Климаттық, тақырыптық. D) Жалпыгеографиялық, тақырыптық.
E) Физикалық, тақырыптық.
7. Ағыстардың әсерінен еркін қозғалатын алуан түрлі организмдер:
A) Планктон. B) Бентос. C) Балдырлар. D) Нектон. E) Маржан.
8. Солтүстік Қазақстанның 80% егістігін құрайды:
A) Астық. B) Жем. C) Техникалық. D) Бау-бақша. Е) Картоп.
9. Көкжиектің негізгі тұстары:
A) 2. B) 4. C) 5. D) 8. E) 10.
10. Құрлық жағалауы жоқ, ашық мұхитта орналасқан теңіз:
A) Арабия. B) Кариб. C) Солтүстік. D) Баренц. E) Саргасс.
11. Солтүстік Американың теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан нүктесі:
А) Өлі теңіз. B) Турфан. C) Афар. D) Өлім аңғары. E) Катара.
12. Су өткізбейтін тау жыныстары:
A) Еспе су. B) Құм, тастар. C) Гранит, құмтас. D) Саз,құм. E) Тас, қиыршықтас.
13. Ең үлкен табиғат кешені:
A) Тау, жазық. B) Географиялық қабық. C) Мұхиттар, теңіздер.
D) Таулар, теңіздер. Е) Биоценоз.
14. Анды тауының ең үлкен құсы
A) Кондор. B) Тырна. C) Страус. D) Қоқиқаз. E) Бүркіт.
15. «География» сөзінің авторы кім?
A) Тараган. B) Эратосфен. C) Бехайм. D) Армстронг. E) Птолемей.
16. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын үкімет органы:
A) Парламент. B) Мәжіліс. C) Әкімшілік. D) Үкімет. E) Сенат.
17 Тау жыныстарының салыстырмалы жасын анықтау үшін ... білу қажет:
A) Радиактивті элементтердің ыдырау заңын. B) Тектоникалық құрылымын білу.
C) Қазіргі жер бедерін. D) Геологиялық даму тарихын.
E) Шөгінді тау жыныстарын құрайтын қабаттардың ретті орналасуын.
18. Құм, кристалды тақтатастардан түзілген батыстағы таулар:
A) Баянауыл. B) Ұлытау. C) Маңғыстау. D) Қызыларай. Е) Мұғалжар.
19. Воейков белдеуі Қазақстан жерін қандай ендік бойымен кесіп өтеді?
A) 400 с.е. B) 450 с.е. C) 500 с.е. D) 500 о.е. E) 50 ш.б..
20. Құрал-жабдық жасайтын «А» тобына жататын өрнекәсіп салалары:
A) Жеңіл. B) Ауыр. C) Ауыл шаруашылығы. D) Қызмет көрсету. E) Көлік.
21. Жауын-шашын мол түсетін табиғат зонасы:
A) Орман. B) Орманды дала. C) Дала. D) Шөлейт. E) Шөл.
22. Герцин қатпарлығында пайда болған палеозойлық таулы өлкеге жатпайды:
A) Мұғалжар. B) Сарыарқа. C) Тянь-Шань. D) Жалпы сырт. E) Маңғыстау.
23. Шаруашылықты, халықтың аумақ бойынша таралуын, табиғат байлықтарын зерттейтін ғылым:
A) Әлеуметтік география. B) Экономикалық география. C) Физикалық география. D) Экономикалық және әлеуметтік география. Е) Экономикалық және саяси география.
24. Өз атамекеніне оралуы:
A) Эмиграция. B) Иммиграция. C) Реэмиграция. D) Депортация. E) Көш-қон.
25. Тектоникалық көлдер:
A) Каспий, Арал. B) Арал, Теңіз. C) Зайсан, Марқакөл.
D) Балқаш, Сілеті. E) Арал, Балқаш.
26. Шойын, болат, прокат шығаратын кәсіпорынды ....
A) Толық емес циклді комбинат. B) Толық циклді комбинат. C) Қайта балқыту зауыты. D) Кен байыту комбинаты. E) Ферроқорытпа зауыты.
27. Бидай өсіретін белдеу:
A) ОҚО, Жамбыл, Алматы. B) Павлодар, Ақмола, Қостанай. C) СҚО, Павлодар.
D) Қостанай, Ақмола, СҚО. E) БҚО, Қостанай, Ақмола.
28. Кеме көлігі қай өзендерде дамыған?
A) Жайық, Есіл. B) Іле, Сырдария. C) Ертіс, Жайық.
D) Жайық, Сарысу. E) Іле, Есіл.
29. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданының түсті металлургия орталығы:
A) Қаратау, Шымкент, Тараз. B) Жезқазған, Балқаш. C) Зырян, Риддер, Өскемен.
D) Семей, Өскемен. Е) Саяқ, Қоңырат, Балқаш.
30. Жер қыртысының терең жарықтарында орналасқан көл:
A) Балқаш. B) Чад. C) Зайсан. D) Эри. E) Каспий.
География, 13 нұсқа
1. Биіктіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызықтар:
A) Абсолют биіктік. B) Қар сызығы. C) Салыстырма биіктік.
D) Горизонтальдар. E) Бергштрихтер.
2. Бүкіл жерді қандай картадан бірден көруге болады?
A) Глобус. B) Атлас. C) План. D) Жарты шар картасы.
E) Түгелдей жерді көруге болмайды
3. Мантияның астыңғы қабатындағы тау жыныстары қандай күйде?
A) Балқыған. B) Қатты. C) Жұмсақ. D) Газ тәрізді. E) Қоймалжың.
4. Солтүстік Американың шығыс жағалауында, Атлант мұхитымен өтетін жылы ағыс:
A) Лабрадор. B) Бразиль. C)Куросио. Д) Мексика. E) Гольфстрим.
5. Ең соңғы ашылған материк:
A) Америка. B) Аустралия. C) Африка. D) Азия. E) Антарктида.
6. Ең ежелгі тау түзілу процесі
A) Альпілік. B) Герциндік. C) Каледондық. D) Мезозойлық. E) Байкалдық.
7. Еуразияның ежелгі платформасы:
A) Шығыс Еуропа. B) Үндістан. C) Тұран. D) Арабия. E) Каспий маңы.
8. Еуразия халқының саны:
A) 1 млн. B) 4 млрд. C) 6 млрд. D) 4 млн. Е) 1 млрд.
9. Солтүстік Еуропа елі:
A) Дания. B) Польша. C) Португалия. D) Ирландия. E) Эстония.
10. Ньюфаундленд аралы мен Лабрадор түбегінің жағалауын кім ашты?
A) А. Виспуччи. B) Ф. Магеллан. C) Г. Гудзон. D) Х.Колумб. E) Д. Кабот.
11. Солтүстік Американың байырғы халқы:
А) Самбо. B) Мулаттар. C) Иракездер. D) Метистер. E) Үндістер мен эскимостар.
12. Оңтүстік Американың ең биік нүктесі:
A) Мак-Кинли. B) Монблан. C) Белуха. D) Эверест. E) Аконкагуа.
13. Қай материк барлық жарты шарларда орналасқан?
A) Солтүстік Америка. B) Африка. C) Антарктида.
D) Оңтүстік Америка. Е) Еуразия.
14. Вельвичи өсімдігі қай шөлге тән?
A) Атакама. B) Сахара. C) Намиб. D) Гоби. E) Қарақұм.
15. Тынық мұхиттың аралдары:
A) Британ. B) Шпицберген. C) Антиль. D) Камор. E) Жапон аралдары.
16. «Арал теңізі» (1908 ж) атты монографияның авторы:
A) И.В. Мушкетов. B) П.П. Семенов. C) Л.С. Берг. D) В.А. Обручев.
E) Н.А. Северцов.
17 Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар аралығында ... жатыр:
A) Жалпы сырт. B) Торғай үстірті. C) Орал үстірті. D) Бетпақдала. E) Үстірт.
18. Қазақстан климатына қандай ауа массалары әсер етеді?
A) Арктикалық. B) Арктикалық, қоңыржай. C) Қоңыржай. D) Қоңыржай, тропиктік. Е) Арктикалық, қоңыржай, тропиктік.
19. Қазақстанның таулы бөлігі өзендерінің қоректену типі
A) Қар суымен - мұздықтармен. B) Қар-жаңбыр. C) Қар. D) Еспе суы. E) Жаңбыр.
20. Қара қоңыр топырақтың оңтүстігіндегі топырақ:
A) Қара. B) Қызыл қоңыр. C) Сұр. D) Күлгін. E) Қоңыр және сұр қоңыр.
21. Бұл жазық Қазақстанның жіңішке алабын алып жатыр:
A) Тұран. B) Шығыс Еуропа. C) Солтүстік Қазақ жазығы. D) Балқаш. E) Сарыарқа.
22. Атыраулық су-батпақты ланшафтылары бар Алматы облысының қорығы:
A) Алматы. B) Қорғалжын. C) Марқакөл. D) Алакөл. E) Ақсу-Жабағылы.
23. Қай облыста жас адамдар көп?
A) Батыс Қазақстан. B) Ақтөбе. C) Маңғыстау. D) Атырау. Е) Қызылорда.
24. Бір-бірімен тығыз байланысқан және ортақ ақырғы өндіріс нәтижесі бар салалардың үйлесімі:
A) Сарааралық кешен. B) Экономиканың салалары. C) Территориялық кешен.
D) Өнеркәсіп. E) Біріккен кәсіпорын.
25. Теледидар шығаратын, келешекте компьютер жасайтын зауыт:
A) Қарағанды, Астана. B) Алматы, Астана. C) Алматы. D) Петропавл. E) Тараз.
26. Суды, ағашты көп пайдаланатын сала.
A) Полиграфия саласы. B) Целлюлоза-қағаз саласы. C) Құрылыс. D) Жиһаз фабрикасы. E) Ағаш өндеу саласы.
27. Қатпайтын басты «теңіз» порты:
A) Атырау. B) Құрық. C) Ақтау. D) Баутино. E) Орал.
28. Шығыс Қазақстан шекараласатын экономикалық аудандар:
A) Солтүстік, Орталық, Оңтүстік. B) Солтүстік, Орталық.
C) Батыс, Солтүстік, Орталық. D) Батыс, Оңтүстік. E) Орталық, Оңтүстік.
29. Солтүстік Қазақстанның қала халқының үлесі:
A) 38%. B) 47%. C) 58%. D) 65%. Е) 75%.
30. Қазақстанның экономикалық-географиялық орнының тиімді жағдайы:
A) Материктің ортасында. B) Еуропаның оңтүстік-шығысында.
C) Азияның батысында. D) Транзиттік орны. E) Каспий теңізінің жағалауында.
География, 14 нұсқа
1. 1 см-де 10 м деп сөзбен көрсетілген масштаб:
A) Атаулы. B) Сызықтық. C) Сан. D) Ірі. E) Ұсақ.
2. Климаттық фактор емес:
A) Географиялық ендік. B) Мұхиттар, теңіздер. C) Жер бедері. D) Ауа массасы. E) Жануарлар әлемі.
3. Жер қыртысын толтырып жатқан заттар:
A) Минералдар. B) Топырақ. C) Тыңайтқыш. D) Пайдалы қазбалар.
E) Тау жыныстары.
4. Литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі және гидросфера мен биосфераның өзара байланысы нәтижесінде қалыптасатын ғаламшарлық табиғат кешені:
A) Мұхит. B) Географиялық қабық. C)Топырақ. Д) Материк. E) Табиғат кешені.
5. Ең үлкен дүние бөлігі:
A) Еуропа. B) Азия. C) Аустралия. D) Америка. E) Африка.
6. Ежелгі эра ол -
A) Кайнозой. B) Протерозой. C) Палеозой. D) Архей. E) Мезозой.
7. Арабия мен Еуразия литосфералық тақтасының соқтығысынан пайда болған тау:
A) Орал. B) Гималай. C) Карпат. D) Кавказ. E) Альпі.
8. Жауын-шашын мөлшерін анықтайтын аспап:
A) Гигрометр. B) Жауын-шашын өлшеуіш. C) Барометр.
D) Термометр. Е) Анемометр.
9. Батыс Еуропаның елі:
A) Франция. B) Испания. C) Норвегия. D) Португалия. E) Испания.
10. Өзеннің ағып шығатын жері:
A) Сағасы. B) Жайылма. C) Саласы. D) Бастауы. E) Аңғары.
11. Солтүстік Американың қорығы:
А) Йеллоустон. B) Үстірт. C) Крюгер. D) Серенгетш қорығы. E) Наурызым қорығы.
12. Топырақ құнарлығының негізгі көрсеткіші:
A) Күл. B) Су. C) Қарашірік. D) Бактериялар. E) Ауа.
13. Бразилия үстіртінің саваннасы:
A) Гилея. B) Льянос. C) Сельва. D) Пампа. Е) Кампос.
14. Африканың ең терең көлі:
A) Виктория. B) Танганьика. C) Чад. D) Байкал. E) Эйр.
15. Үлкен Суайрық жотасының биік нүктесі:
A) Чогори. B) Белуха. C) Митчелл. D) Витсон. E) Косцюшко.
16. Орталық және Солтүстік Тянь-Шаньға бірнеше экспедиция жасап, Хантәңірі шыңының мұздықтарын анықтаған ғалым:
A) Ш.Уәлиханов. B) И.В. Мушкетов. C) Л.С. Берг. D) П.П. Семенов.
E) Н.А. Северцов.
17. Жер бедерінің орташа биіктігі 300-350 м, солтүстік-шығыс бөлігі Сарыарқаға ұласатын 400-700 м биіктеу келеді:
A) Үстірт. B) Орал үстірті. C) Бетпақдала. D) Жалпы сырт. E) Торғай үстірті.
18. Қандай мұхиттар Қазақстанның климатына әсер етеді?
A) Солтүстік Мұзды мұхит, Тынық. B) Солтүстік Мұзды, Атлант.
C) Атлант, Тынық. D) Атлант, Үнді. Е) Тынық, Үнді.
19. Бұқтырма бөгені қай өзенде салынған?
A) Сырдария. B) Ертіс. C) Жайық. D) Іле. E) Есіл.
20. Бұл топырақтың гумусы 2,0%– 1,0 %:
A) Қоңыр және сұр қоңыр. B) Қызыл қоңыр. C) Сұр. D) Күлгін. E) Сұр қоңыр.
21. Орта Азияның ең үлкен құмды шөлі:
A) Мойынқұм. B) Сарыесік. C) Қарақұм. D) Қызылқұм. E) Бетпақдала.
22. Батыс Алтай қорығы орналасқан облыс:
A) Батыс Қазақстан. B) Шығыс Қазақстан. C) Павлодар. D) Алматы. E) Қарағанды.
23. Туу төмен облыс:
A) Солтүстік Қазақстан. B) Қостанай. C) Павлодар.
D) Ақмола. Е) Шығыс Қазақстан.
24. Шаруашылықтың үшінші денгейіндегі буыны:
A) Қызмет көрсету. B) Кәсіпорын, мекеме. C) Экономикалық салалары.
D) Салааралық өндіріс кешені. E) Акционерлік қоғам.
25. Ауыл шаруашылық машина жасау орталығы:
A) Қарағанды, Тараз, Шымкент. B) Астана, Қостанай. C) Павлодар, Астана.
D) Павлодар, Көкшетау. E) Жезқазған, Балқаш.
26. АӨК құрамы:
A) Ауыл шаруашылығы, машина жасау. B) Ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсететін салалар. C) Машина жасау, химия. D) Жеңіл, тамақ өнеркәсіптері. E) Ауыл шаруашылығы.
27. Табиғаттың маусымдық өзгерістеріне тәуелді көлік түрі:
A) Әуе. B) Өзен. C) Құбыр. D) Темір жол. E) Автомобиль.
28. Полиметалл кен орындары:
A) Голубокое, Зырян. B) Большевик, Риддер.
C) Зырян, Риддер. D) Зырян, Риддер, Өскемен. E) Орлов, Николаев.
29. Солтүстік Қазақстанның қай облысында ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін адамдардың үлесі 61%?:
A) Қостанай. B) Павлодар. C) Ақмола. D) Солтүстік Қазақстан. Е) Қарағанды.
30. Қай мемлекеттер Қазақстанға өз капиталдарын экспорттайды:
A) АҚШ, Ұлыбритания, Ресей. B) АҚШ, Ұлыбритания,Қытай, Түркия.
C) Жапония, АҚШ, Үндістан. D) Швейцария, Италия, Ресей.
E) АҚШ, Германия, Ресей.
География, 15 нұсқа
1. Орта Азия мен Орталық Азияда ірі географиялық зерттеулер жүргізген ғалым:
A) Х. Колумб. B) Ф. Магеллан. C) Ш. Уәлиханов.
D) Н. Прежевальский. E) Ф. Беллинсгаузен.
2. Ылдидың бағытын горизонтальға кесе-көлденең қойылған сызықша:
A) Ендік. B) Бойлық. C) Параллель. D) Бергштрих. E) Тропик.
3. Жер шарының бетіндегі нүктенің экватордан градус есебімен алынған қашықтығы:
A) Географиялық координата. B) Географиялық бойлық. C) Географиялық ендік.
D) Азимут. E) Температура.
4. Судың тұздылығы не арқылы өлшенеді?
A) Градус. B) Грамм. C) Мм. Д) Пайыз. E) Промилле.
5. Бетінде қыраттары немесе ойыстары жоқ, алыстан көкжиек сызығы көрінетін жазықтың түрі:
A) Төбелі. B) Қыратты. C) Тегіс. D) Ойлы-қырлы. E) Ойпаңды.
6. Ең үлкен дүние бөлігі:
A) Еуропа. B) Азия. C) Аустралия. D) Америка. E) Африка.
7. Жер бедерінің қалыптасуына әсер ететін эндогендік процесс:
A) Сел тасқындары. B) Эрозия. C) Температура. D) Жер сілкінісі. E) Аңыздар.
8. Қытай тілінен аударғанда «сары өзен»:
A) Амур. B) Хуанхэ. C) Үнді. D) Янцзы. Е) Меконг.
9. Славян тіл тобына жатады:
A) Поляктар. B) Норвегтер. C) Румындар. D) Гректер. E) Албандар.
10. Мексика шығанағы қай мұхиттың бөлігі?
A) Солтүстік Мұзды. B) Тынық. C) Оңтүстік.
D) Атлант. E) Үнді мұхиты.
11. Өзеннің құяр жері:
А) Арна. B) Бастауы. C) Сағасы. D) Сабасына түсуі. E) Тасқын.
12. Жасанды су қойма:
A) Бөген. B) Бұғаз. C) Шығанақ. D) Теңіз. E) Өзен.
13. Жапырағының диаметрі 2 м-ге дейін, ақ гүлді Амазонканың өсімдігі:
A) Виктория-регия. B) Папоротник. C) Ряска. D) Орхидея. Е) Пальмалар.
14. Африканың көлемі (млн км2):
A) 1738. B) 24,2. C) 30,3. D) 50,3. E) 28.
15. Аустралияның үлкен табиғат зонасы:
A) Дала. B) Орман. C) Саванна. D) Шөл мен шөлейт. E) Тайга.
16. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы:
A) 3000 км. B) 8000 км. C) 12000 км. D) 15000 км. E) 18000км.
17 Жер қыртысының қозғалысы мен өзгерісін зерттейтін ғылым:
A) Сейсмология. B) Тектоника. C) Минералогия. D) Палеонтология. E) Геология.
18. Қазақстан қандай пайдалы қазбалар қоры жөнінен дүние жүзінде бірінші орында?
A) Мырыш. B) Хром. C) Қорғасын. D) Вольфрам. Е) Марганец.
19. Қазақстанның ең көп жауын-шашын түсетін жері (1600 мм):
A) Балқаш көлінің батысы. B) Сарыарқа. C) Солтүстік Қазақ жазығы.
D) Батыс Алтай. E) Арал көлінің солтүстік-шығысы.
20. Мұздықтар ең көп шоғырланған аудан:
A) Алтай. B) Тянь-Шань. C) Жоңғар Алатауы. D) Сауыр. E) Тарбағатай.
21. Қазақстанның 27% аумағын алып жатыр:
A) Шөл. B) Дала. C) Шөлейт. D) Орманды дала. E) Орман.
22. Алтайдың ірі өзені:
A) Лепсі. B) Қаратал. C) Есіл. D) Ертіс. E) Іле.
23. Қай жылы Қазақстан ҚСРО-да өнеркәсіп өнімін жасауынан 6-шы орында болды?
A) 1938 ж. B) 1940 ж. C) 1954 ж. D) 1965 ж. Е) 1962 ж.
24. Қазақстандағы ірі тіл семьясы:
A) Алтай. B) Үндіеуропа. C) Тибет. D) Кавказ. E) Орал-юкагар.
25. Жоғары технологиялы ғылымды көп қажет ететін өндірістер орналасқан территория:
A) Технопарк. B) Салалық кешен. C) Кластер.
D) Агломерация. E) Өнеркәсіп торабы.
26. Алюминий өндірілетін шикізат:
A) Магний. B) Темір рудасы. C) Полиметалл. D) Боксит. E) Мырыш.
27. Кондитер фабрикалары:
A) Алматы, Қарағанды, Жамбыл. B) Семей, Орал, Қостанай. С) Алматы, Қарағанды, Қостанай. Д) Орал, Ақтөбе, Өскемен. E) Жамбыл, Қостанай, Орал.
28. Қазақстанның қай экономикалық ауданы дүние жүзінде вольфрам қорынан – 1 ші, молибденнен 4-ші орында?
A) Солтүстік. B) Оңтүстік. C) Орталық. D) Шығыс. E) Батыс.
29. Батыс Қазақстанның ірі өзені:
A) Ертіс. B) Сырдария. C) Ембі. D) Жайық. Е) Қаратал.
30. Қаратау жотасының байлығы:
A) Мыс рудасы, мырыш. B) Полиметалл, фосфорит.
C) Көмір, марганец. D) Көмір, мұнай. E) Темір рудасы, фосфорит.
География, 16 нұсқа
1. Жердің пішіні қандай?
A) Тегіс. B) Шеңбер тәріздес. C) Дөңес. D) Шар тәріздес. E) Диск тәріздес.
2. 2250 азимут қандай көкжиек тұсына сәйкес келеді?
A) Солтүстік. B) Солтүстік-батыс. C) Оңтүстік-батыс.
D) Шығыс. E) Солтүстік-шығыс.
3. Біртекті қасиеттері бар үлкен көлемдегі ауаның атауы:
A) Су массасы. B) Жел. C) Ауа райы. D) Ауа массалары. E) Климат.
4. Кесек шөгінділер:
A) Құм. B) Гранит. C) Мәрмәр. Д) Әктас. E) Тас тұзы.
5. Ең биік тау орналасқан материк:
A) Солтүстік Америка. B) Африка. C) Антарктида.
D) Оңтүстік Америка. E) Еуразия.
6. Африканы алғаш рет айналып, Үндістанға баратын теңіз жолын ашқан саяхатшы:
A) Ф. Магеллан. B) Д. Ливингстон. C) Васко да Гама. D) Д. Кук. E) Х. Колумб.
7. Ең суы тұщы мұхит:
A) Тынық. B) Атлант. C) Үнді. D) Солтүстік Мұзды мұхит. E) Оңтүстік.
8. Қай өзен бойында 7 ірі бөген салынған:
A) Орал. B) Сырдария. C) Еділ. D) Іле. Е) Амудария.
9. Иран тіл тобына жатады:
A) Қытайлар. B) Өзбектер. C) Моңғолдар. D) Тәжіктер. E) Татарлар.
10. Оңтүстік Азия елі:
A) Оман. B) Вьетнам. C) Ауғанстан. D) Непал. E) Лаос.
11. Солтүстік Американың климатына әсер ететін мұхит:
A) Солтүстік Мұзды мұхит. B) Тынық мұхит. C) Оңтүстік мұхит.
D) Атлант мұхиты. E) Үнді мұхиты.
12. Жердің терең қабатындағы қысымды су:
A) Артезиан суы. B) Сулы қабат. C) Еспе су. D) Термальдық су. E) Минералды су.
13. Ежелгі егіншілік орталықтарын анықтаған орыс ботанигі:
A) А. Воейков. B) Н . Вавилов. C) Г. Гудзон. D) А. Гумбольдт. Е) П. Семенов.
14. Әлемдегі ең үлкен шөл:
A) Гоби. B) Намиб. C) Виктория. D) Сахара. E) Нарын.
15. Аустралияның эндемигі:
A) Кенгуру. B) Гиена. C) Қоян. D) Қасқыр. E) Қойөгіз.
16. Қазақстан Республикасының халқы:
A) 18 млн. B) 22 млн. C) 25 млн. D) 13 млн. E) 15 млн.
17 Радиактивті элементтердің ыдырауы арқылы тау жынысының ... жасын анықтауға болады:
A) Салыстырмалы. B) Геологиялық. C) Абсолюттік. D) Ғаламшарлық. E) Тарихи.
18. Тарбағатай жотасының ең биік нүктесі:
A) Тастау. B) Мұзтау. C) Сарышоқы. D) Азутау. Е) Бесшоқы.
19. Қазақстанның ең суық жері:
A) Петропавл. B) Павлодар. C) Қостанай. D) Атбасар. E) Өскемен.
20. Арал суының тартылу себебі:
A) Көлдің жасы. B) Сырдария мен Амурдария өзендерінің мүлдем сарқылуы. C) Шөл ауданда орналасуы. D) Тұздылығының көбеюі.
E) Пайдалы қазбаларды өндіру.
21. Даланың 16 кг-дық құсы:
A) Тырна. B) Қаз. C) Дуадақ. D) Шағала. E) Гагара.
22. Бұл тау қытай тілінде «аспан тау»:
A) Ұлытау. B) Қаратау. C) Тарбағатай. D) Алатау. E) Тянь-Шань.
23. Қазақстан неше әкімшілік облысқа бөлінеді:
A) 10. B) 12. C) 14. D) 16. Е) 18.
24. Қазақстанда неше қала бар:
A) 60. B) 181. C) 86. D) 19. E) 90.
25. Кенді тазартқаннан кейін алынатын өнім:
A) Консервант. B) Концентрат. C) Шикізат. D) Окатыш. E) Агломерат
26. Түсті металлургия салалары:
A) Мыс өнеркәсібі. B) Мырыш-қорғасын өнеркәсібі. C) Алюминий. D) Титан-магний. E) Барлығы.
27. Қай экономикалық ауданды «витамин цехы» дейді?
A) Солтүстік. B) Оңтүстік. С) Орталық. Д) Шығыс. E) Батыс.
28. Экономикалық аудан салалары:
A) Маманданған салалары. B) Қызмет ететін салалары. C) Көмекші салалары. D) Маманданған, қосымша, қызмет ететін салалар. E) Аймақтық салалар.
29. Қазақстанның ең үлкен экономикалық ауданы:
A) Солтүстік. B) Оңтүстік. C) Орталық. D) Батыс. Е) Шығыс
30. Қаратау жотасының байлығы:
A) Мыс рудасы, мырыш. B) Полиметалл, фосфорит.
C) Көмір, марганец. D) Көмір, мұнай. E) Темір рудасы, фосфорит.
Достарыңызбен бөлісу: |