Журналист мамандығы менің арманым



Дата02.01.2022
өлшемі13.57 Kb.
#452078
Журналист мамандығы


Журналист мамандығы – менің арманым
Мамандық таңдау – өмірдегі басты әрі өте маңызды қадамдардың бірі. Ел ішінде жиі айтылатын «Кәсібің – таусылмас нәсібің» деген сөз бар. Ұғынған жанға, ойланған адамға берер ғибраты терең. Кәсіп негізі – мамандық иемдену. Өз мамандығын сүйген жан, жүрек таңдауымен қадам жасаған адам қоғам мен адамзат дамуына үлес қосып қана қоймай, өз ғұмырыңды мағынасын сезініп, мәнін табады.

Мен де өз өміріме аса қажет мамандық туралы көп ойландым. Ұлылардың ұлағатына, өзім өскен ортадағы адамдардың өмір тәжірибесіне көп үңілдім. Заманымызға қарай болар, көбіне теледидар сырлас серігім болды. Әлемдегі ақпараттарды тануға себепкер болған БАҚ өкілдерінің жұмысына қызықтым. Ойымды толғантқан сұраулардың жауабын журналистер мақалаларынан таптым. Солай өз таңдауымды жасадым. Иә, журналист мамандығы – менің арманым. Ол – менің армандарымның көкжиегі, болашаққа межелеген мақсат-мұратымның діңгегі. Өмірімнің арқауы болар асқар шыңдарым.

Журналист мамандығы – армандарға бастар жол, алысқа шақыратын көкжиек мен үшін. Бала кезімнен жол үстіндегі жолаушыдай көрінеді. Шынында да журналист шындықтың сапарында, әділдіктің жолында жүреді. Ойын екі бағытта өрбітеді: бірі – көрген, білгенін өмірмен байланыстыра қарастырса, екіншісі – оның тіршіліктегі шешімін бағдарлай жасайтын байламы. Өз ойыма О. Бөкейдің «Журналистика – жол үстіндегі әдебиет» деген сөзін негіз етер едім.

Осы мамандықты таңдаған адам – болашақтың болжамын жасайтын, мақсатты межесін айқын көретін жан. Болашақ – беймәлім әлем. Таныс емес әлемге жүрегінің түгі бар адам қадам жасайды. Ол үлкен мақсат‑мұратты көздейді. Елі үшін қызмет етіп, өмірдің даму нүктелерін тапқысы келеді. Қоғамның дамуына үлес қосуды азаматтық мұраты, мақсаты етіп межелейді. М. Гандидің сөзімен айтқанда: «Журналистің жалғыз мақсаты – қоғамға қызмет етуі». Ол осы мақсатта әділдік туын, адамзат шындығын, қоғам тынысын өзіне серік етеді.



Адам өмірінің асқар шыңы ‑ не? Ол – ұлы Абайдың сөзімен айтқанда: «Атымды адам қойғасын, қайтып надан болайын?» деген ұстанымы. Ол – өмірді шынайы түсіну. Ақиқатқа байланған мүлтіксіз түсінік. Ендеше, журналист адамгершілік атты шыңның биігін бағындыратын жауынгер. Ол – стратег, логикалық зерделеу шебері, адамдардың ой‑санасына рухани серпіліс пен жаңашылдық сыйлайтын мамандық иесі. А.Нортлифф сөзімен айтқанда, «Журналистика – өзіңіз түсінбеген нәрсені басқаларға түсіндіру өнері». Демек, журналист – таңғажайып өнер иесі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет