Асан қАЙҒы толғауларында көрінетін ел мұраты, ер мұраты, халық МҮддесі



Дата12.04.2024
өлшемі15.73 Kb.
#498459
түріДиплом
Асан қайғы туралы эссе


АСАН ҚАЙҒЫ ТОЛҒАУЛАРЫНДА КӨРІНЕТІН ЕЛ МҰРАТЫ, ЕР МҰРАТЫ, ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ
Артыңда қалған атақ жоқ,
Тіріде даңқың болмаса.
Асан қайғы
Кейінгі ұрпақ əулие деп танып, аты аңызға айналған, Шоқан Уəлиханов «көшпелілер философы» атаған Асан қайғы ХҮ ғасырда өмір сүрген. Өз заманының үлкен ойшылы болған жыраудың философ-утопист, ақын, дипломат болғаны тарихтан аян. Асан Қайғының ұрпағына қалдырған аңыздары, нақыл сөздері, толғаулары осы күнге жетіп отыр. Ал жыраудың толғауларында жырау халық мүддесі мен ел мен ердің мұраты қалай көрініс тапты?
Өкініштісі, Асан бабамыз айтқан нақыл сөз бен толғаулардың бізге кейбір жұқаналары ғана жеткен. Сонда да әр сөзінде зіл мен өсиет барын байқаймыз. Ел мүдддесі мен жұрт қамын өз міндетім деп санаған жырау қашанда өмір шындығынан ой түюге, жинақтаулар жасауға бейім. Жыраудың толғауларында қоғамдық мəні бар ірі мəселелермен қатар, адамдар арасындағы əр алуан қарым-қатынастар мен солар туралы сын-бағалары да қоса айтылған. Мəселен, адамгершілік пен зұлымдық, байлық пен кедейлік, достық пен жаулық, адалдық пен опасыздық, əділдік пен жауыздық, білімділік пен надандық, ізеттілік пен əдепсіздік секілді аса күрделі мəселелер жан-жақты сөз болып сарапталған.
Өнегелі, ұлағатты тəрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқының қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастағанын көреміз. Сондықтан да ол жас болса да өз тұсындағы хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосады. Ой, пікір жарыстырып, тайталасып ер жетеді. Сол бозбала кезінен-ақ ақындық, жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, əдет-ғұрып мəселесін шешерде оның ақылдығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді.
Артыңда қалған атақ жоқ,
Тіріде даңқың болмаса, -деп халықтан өзің жоғары қоятын хандарға да қарсы шыққан, халықтың қамын ойлап, ханның өзіне сөзін өткізді, теріс қылығын бетіне басты. Әділікті ту етуді кейінгілерге тапсырды. Асан қайғының өзіндік азаматтық ұстанымын жүзеге асыруға тырысып, Қазақ мемлекеттігінің қалыптасуы үшін қызмет етуі жəне сөйтіп өзінің интеллигенция, элита өкілі ретіндегі міндеті оның жеке бас мүддесін ойламай, басты орынға халықты қоюынан анық көрініс тапқан. Ханның кеңесшісі болған Асан Ата ен даланы елсіз қалдырмау үшін, көшпелі елден мемлекет, біртұтас держава құру үшін, хан мен халық арасындағы мəмілегер, саясаткер ретінде жаңа мемлекетті өз қолымен құруға ат салысқан. Желмаясымен жер шолып, қазақ елінің мемлекеттік шекарасын айқындап, даланың əрбір түкпіріне географиялық сипаттама беруінде оның елінің ертеңін ойлағанының белгісі емес пе?!
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, хан ордасына лайықты жер іздеп, қазақ халқының тағдырына бей-жай қарамай, жеке мемлекет болуды аңсаған Асан бабамыздың елдің мұрат-мақсатына жету жолында тілеген арманы бүгін орындалды десек артық емес. Өз алдына Тәуелсіз ел болып, «Жерұйықта» өмір сүріп жатқан бізде арман жоқ деп ойлаймын. Тек даналарымыз бен билеріміз айтқан өсиет сөзден үлгі алып, өз болашағымыздың іргетасын дұрыс қалай білуді мақсат етуіміз керек. Елдің болашағы жастардың қолында, халықтың ертеңі біздің ертеңіміз екенін естен шығармайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет