«Журналистика» мамандығына арналған



бет1/3
Дата15.06.2016
өлшемі491.6 Kb.
#136326
  1   2   3

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3-деңгейдегі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042 -18-15- 1. 9/02-2013


«Шетел журналистикасы» пәнінің студентке арналған оқу-әдістемелік кешені


18.09. 2013 жылғы

№ 1 басылым







050504 «Журналистика» мамандығына арналған

«Шетел журналистикасы» пәнінің

ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

СЕМЕЙ


2013

Мазмұны

1. Глоссарий............................................................................................................3

2. Дәрістер...........................................................................................................3-37

3. Практикалық сабақтар.................................................................................38-39

4. Курс жұмысы және дипломдық жоба.............................................................39

5. Студенттердің өздік жұмысы.....................................................................39-40

1 ГЛОССАРИЙ

Директор – редакцияның техникамен қамтамасыз етілуіне, типографияға және газеттің таралуына жауап береді

Бас редактор – газеттің мазмұнына, редакциялық мақалаларға жауап береді

Редактор – эдиториалист – редакцияда отырып, тілшілер әкелген материалды әдеби өңдеумен айналысады

Концерн – бір қаржылық бақылауға бағынатын сан-салалы тізбек компаниялар

Конгломераттар – коммерциялық қызметтің әр түрін қамтитын кәсіпорындар

Тізбек – бір адамға қарайтын газет-журналдар

Гибридтік иелік – масс-медианың әр түрінің, яғни газет-журнал, радио және телестанциялардың бір адамның иелігінде болуы

Вертикальді интеграция – медиабизнестің барлық саласына ықпал етуге ұмтылыс

Информация – ақпарат

Бульварное пресса – (сары басылым) өтірік, өсек-аяң мәліметтерді таратушы мерзімді басылымдар

Лидсоңынан басына қарай қысқарту

«parel» – сөйлеу

«Information» – мағлұмат беру

«Semantikos» – құрылған

«descriptio»– баяндау, бейнелеу
2 ДӘРІСТЕР
1-Дәріс. Орыс журналистиканың бастау көздері.

ХХғ. 20ж. отар империялар сияқты Англияда енгізілген халықтардың ұлт – азаттық көтерілістері өрістеді. Осыған орай өз азаттығын сақтап қалу үшін үстеме мекемелер өз мүмкіндіктерін сарқа пайдаланды. Сондай мүмкіндіктердің ең қолайлысы радио болды. Бұл «қысқа толқынды насихат» деп аталады. Барлық елдерде отарлық мүддеге орай қысқа толқында хабар тарату жүзеге асыру болды. БИ-БИ-СИ өзінің отар елдеріне қысқа толқындағы алғашқы хабарларын 1927ж. ноябрь айында бастаған. Бұл тәжірибелік хабарлар болды. 1932 ж. бастап өз хабарларын тұрақты бере бастайды. Британ империясы осы жылдан бастап 17.12- айда Британиялық империялық қызметі құрылады. БИ-БИ-СИ-дің өз қызметін 5 аймаққа арнайды, өзіне керек шикізат бар елдерге. Үндістан, Австралия, Оңтүстік Африка, Батыс Америка, Канада болды. Мұндағы мақсаты империяның ісін

Жан – жақты насихаттай отырып, оның бірлігін сақтап қалу. БИ-БИ-СИ өмірге келгеннен бастап, Британ өмірін, салтын, мәдениетін, тілін насихаттады. Бұл өз кезегіндегі қысқа толқындағы концепция еді. Сондықтан, бұл концепция көп елдерді жаулап алды. Хабарлар тек ағылшын тілінде берілді. Радионы қаражатпен Сыртқы істер министрлігі қамтамасыз етті. Англияның халықаралық радио хабарларының басқа елдерде берілуі оның үстемдігінарттырды. 20ж. аяғы мен 30ж. басында басқа тілде хабар тарату күн тәртібіне қойылды. Сол мақсатпен Араб радио қызметі дүниеге келді. Ол Англия мен Италия арасындағы жанжалдан кейін – ақ жұмыс істеп кетті. Бұған «Кайэр» радиосы арнайы екі диктор шақырып алып, ақпарат оқытты. Осы хабарлар мен қоса сол елдің қайраткерлерінің сөзі берілді, әсіресе, діни тақырыптағы хабарлар таратылды. Олардың арнайы рубрикаларыболды, арнайы дін басыларын сөйлеткен. Рамазан айында БИ-БИ-СИ ерекше хабарлар дайындап беріп отырды. Осы діни хабарлар арқылы араб елінің сеніміне кірді.

Бақылау сұрақтары:

1. Журналистиканың бастау көздері

2. Еуропадағы кітап басу ісінің дамуы

3. Алғашқы газеттердің пайда болуы



Ұсынылатын әдебиеттер:

1. С.Қозыбаев, А.Рамазан, Қ.Аллаберген Әлем баспасөзінің тарихы

2. Папов Ю.В. Теофраст Ренодо – основатель французской журналистики /Вестник МГУ. Серия журналистики.1978 №

2-Дәріс. Ғаламдану және Ресей БАҚ-ы

БАҚ қызметін реттеу. БАҚ туралы заңдар. БАҚ туралы демократиялық он елдің: Австрия, Ұлыбритания, Германия, Испания, Канада, Нидерланды, Норвегия, АҚШ, Франция, Швецарияның конституциясы мен заңдары. Европа конвенциясындағы сөз бостандығы мен Европа Одағындағы адам құқықтары мен баспасөз туралы заң.

Батыс елдері журналистикасындағы әдеп нормалары. Журналистердің кәсіби әдеп кодексі. Батыс журналистикасында ішкі бақылау ретіндегі баспасөз жөніндегі кеңестің, омбудсменнің қызметі. Үкіметтің бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекеті: баспасөз конференциясы, брифинг т.б.

Әртүрлі елдердегі ақпаратқа қол жеткізу мәселелері. Европа одағына мүше елдердің БАҚ ашықтығына байланысты қарама-қайшылықтар.



Бақылау сұрақтары:

  1. Журналистика – батыс демократиялық қоғамның «төртінші билігі»

  2. БАҚ-ты қаржыландырудың дәстүрлі көздері мен оның қазіргі шетел БАҚ-тағы трансформациялаудағы негізгі бағыттары

  3. Аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдарының құқықтық және экономикалық аспектілері


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Материалы о зарубежных СМИ в 1990-2000. Вестник МГУ серия Журналистика 1991-2003.№ 4-6

2. Р.Бегімтаева Қазіргі шетел журналистикасы А.,1999ж.
3-Дәріс. Орыс журналистикасындағы интерактивтілік, цифрлық және бірігу процестері.

БАҚ– мемлекеттік-монополистік капитализм жүйесінің бір бөлігі. Капиталдың БАҚ-на ықпалы. Заң шығарушы, сот және орындаушы биліктің БАҚ-на әсері.

БАҚ экономикасының реттелуі. Материалды жариялау мен ақпаратқа жету құқының шектелуі. Баспасөзбен эфирді әкімшілік тарапынан бақылау, ақпараттар легіне манипуляция жасау. Мемлекеттің ақпараттық қызметі.

Мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарына ықпал ету механизмі. Мемлекеттің мемлекеттік емес ақпарат құралдарына ықпал ету тетіктері.

Бұқаралық ақпарат құралдары мен саяси партиялар арасындағы қарым-қатынас мәселесі. Саяси партиялардың бұқара санасы мен іс-әрекетіне әсер ету механизмінде БАҚ-тың алатын орны.

Дін және бұқаралық ақпарат құралдары. Діни басылымдарға тән ерекшеліктер


Бақылау сұрақтары:

  1. Нарықтық экономика жағдайында шетел ақпарат құралдары концентрациясының оң және теріс жақтары

  2. Саяси партиялардың бұқара санасы мен іс-әрекетіне әсер ету механизмінде БАҚ-тың алатын орны


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Вартанова Е.Л. Европейский Союз в поисках информационноги общества//Вестник МГУ, серия Журналистика 1998.№2,3

2. Беглов С.И. Британская печат на исходе века. М.,1995

3. Засурский Я.Н. Информационное общество в рамках международного сотрудничества // Информационное общество.2000. № 6


4-Дәріс. Ресей баспасөзінің аудиторияға ақпараттық әсер ету әдіс-тәсілдері.

Ақпараттық жарылыс: ақпараттар ағынының толассыз өсуі, оның ғаламдануы, байланыстың «ескі» құралдарын жаңарту, жаңа құралдардың пайда болуы, олардың одақтасуы (бейнетелефон, телегазет, телефакс, т.б.)

БАҚ мемлекеттік монополистік капитализм жүйесіндегі ерекше еңбек бөлінісі бар өндірістің жеке тармағы. Телевизия, радиохабар тарату және баспасөз, ақпарат және жарнама агенттіктері – ақпараттық шикізатты өндіретін және өңдейтін ерекше мекемелер; «паблик рилейшнз» - қоғаммен қатынас жөніндегі компаниялар және үкіметтік насихат ұйымдары.

Шетелдік БАҚ жүйесіне жалпы сипаттама.

Сапалы, танымал және аралас газеттер бөлінісі, олардың спецификасы.

Шетел журналдарының типологиясы. Ақпарат агенттіктері. Пресс синдикатор жүйесі. «Паблик рилейшнз» жүйесі.



Бақылау сұрақтары:

  1. Байланыстың «ескі» құралдарын жаңарту, жаңа құралдардың пайда болуы

  2. Сапалы, танымал және аралас газеттер бөлінісі

3. «Паблик рилейшнз» және үкіметтік насихат ұйымдары.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Дэннс Э., Мэррил Д. Беседы о масс-медиа. М.,1997

2. Журналистика в буржуазном обществе. /ред./ Засурский Я.Н. м., 1976

3. Материалы о зарубежных СМИ в 1990-2000. Вестник МГУ серия Журналистика 1991-2003.№ 4-6


5-Дәріс. Ресей журналистиканың теориялары мен доктриналары

Топтық журналистика. «Шикізаттық» материалды дайындау. Репортер-зерттеушілер. Журналистің өз пікірін білдіру мүмкіндігі.

Комментаторлық репортаж. Фактілерді беру тәртібі. «Ньюз стори». Иллюстрация. «Таймстайл». Сөз бен сөйлемнің инверстирленген тәртібі. Неологизмдер мен «койнаждар». Қыстырма сөз, жаргондарды пайдалану. Журналистің насихаттық қызметі.

Зерттеушілік журналистика. Статистикалық деректер мен фактілерді зерттеудегі компьютерлік бағдарламалар. Журналистік зерттеудегі социологиялық әдістер. Мичиган университетінің ғалымдары журналистикалық зерттеу туралы.


Бақылау сұрақтары:

  1. Журналистік зерттеудегі социологиялық әдістер

  2. «Ньюз стори». Иллюстрация. «Таймстайл»

  3. Топтық журналистика деген не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шиллер Г. Манипуляторы сознанием. М,1983

2. Майн Х. СМИ в ФРГ. Германия. «Коллоквиум». 1995

3. Урина Н.В. Итальянская журналистика в 1945-1990г.г. М., 1999


6-Дәріс. Әлемдік ақпарат тарату жүйесіндегі «ИТАР-ТАСС» агенттігінің рөлі

Қазіргі халықаралық қарым-қатынастарда теке-трестіктен әріптестікке қол жетіп отырған кезеңде әлем бұқаралық ақпарат құралдарына қатты назар ауып отырғандығы белгілі. Сондықтан халықаралық қарым-қатынастардағы БАҚ роліне айрықша көңіл бөлініп, жаңа халықаралық тәртіп қалыптастыру жайлы айтылады. «Информацияның екі ағымы» теориясы кеше және бүгін қалай көрініп отыр?

Баспасөздің төрт теориясы Батыс журналистикасында жетекші орын алады. 1956 жылы дүниеге келген бұл теория қазіргі түсіністік жағдайда жаңаша сипатқа ие болып отыр. әсіресе советтік коммунистік теория қазіргі кезде Батыс пен ТМД елдері ғалымдарының ортақ тақырыбына айналды. Осы теорияның әр кезеңдегі мәні.

Батыста радио мен теледидарға қатысты да өзіндік доктриналар қалыптасқан. Кезінде біз оларға сын көзбен қарағанымызбен, қазіргі кезде бұл қағидалардың бізде де көрінісі бар. Батыстағы журналистиканың дамуына үлес қосқан зерттеушілер жайлы. Олар: Петерсон, Шрамм, Фаттерелло, Довифат, т.б. АҚШ, Англия мен Франция, Италия, Жапония сияқты елдердегі журналистиканың концепциялары, олардың қазіргі жағдайы.


Бақылау сұрақтары:

  1. Батыста радио мен теледидарға қатысты да өзіндік доктриналар

  2. Петерсон, Шрамм, Фаттерелло, Довифат қағидалары

  3. Қазіргі халықаралық қарым-қатынастардағы әлем бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шарончикова Л.В. Печать Франции (1980-90 г.г.) М., 1995

2. С.Қозыбаев, А.Рамазан, Қ.Аллаберген Әлем баспасөзінің тарихы А.,1998

3. Р.Бегімтаева Қазіргі шетел журналистикасы А.,1999ж.


7-Дәріс. Ресейдің қоғамдық қарым-қатынастары жүйесіндегі журналистикасының ықпалы

Халықаралық журналистика тәжірибесі:

Бүкіл әлемде болып жатқан қазіргі заманғы зор өзгерістерге байланысты журналистика да жаңа көзқарасты, жаңа ұғымды, жаңаша ойлауды қажет етеді. Уақыт өткен сайын ішкі –сыртқы саясат баспасөз, радио мен тележурналистиканың алдына тың міндеттерқояды. Бұл орайда журналистиканың интеллектуалдық тәжірибесін қолданбай болмайды. Әсіресе, бұл салада халықаралық тәжірибелерге ерекше назар аударып отыру қажет. Мәселен, дамыған шетелдерде бүгінгі ақпарат құралдары қалай жұмыс істейді, соған назар аударған жөн. Ол үшін олардың жұмысына, журналистік творчествосына талдау жасап, қорыта білу қажет. Мұндай тәжірибе алмасуматер-р беруге пайдасын тигізеді.

Газеттің, радио мен хабар-ң мазмұны мен характерін, тақырыбын, идеясын түрлендіруге, дамытуға әсер етеді. Қоғамның моральдық-сачси ахуалын жақсартуға, ескі ұғымда қалып қоймай, жаңа-ы дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді.

Халықаралық тәжірибе мен жетістіктерге сүйену әрбір журналистің немесе коллективтің жетістігін онан сайын толықтыруға, дамытуға игі әсер етеді. Әрине, шетел журналистикасына назар аударғанда бәрін бірдей ала беру, үйрене берудің негізі жоқ. Ең жаңашыл, бұрын айтылмаған нәрселерді таңдау керек. Алдымен халыққа не қажет және нені айту керек, соны байқаған дұрыс. Бұл үшін өткен мен жаңаны, сондай-ақ өзімізде не бар, не жоқ соны біліп барып ажырата білу керек. Қажеттісін алып, қажет емесіне сын көзбен қараған дұрыс.

Бұрын біздің лде шетел журналистикасына назар аударылмайтын. Ал бүгінде бәрі басқаша. Халықтық қатынастар бейбіт түрде, бірін-бірі түсінушілік жағдайда дамыпкеледі. Бұл орайда ақпарат құралдары да өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Сондықтан мынаған назар аудару керек.



  1. БАҚ қай елде болмасын халықтық тәжірибеге сүйене отырып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста ашық жұмыс істеуі керек. Бұл ретте геог-қ, ұлттық шекаралар шеңбері тосқауыл болмауы қажет.

  2. Әр ел өзінің тарихын, мәдениетін, тілін, ұлтын сақтай отырып, жер жүзілік цивилизацияға үлес қосуы тиіс. Әділдік, шындық, достық және гуманизмді қадірлеу керек.

  3. Қоғамдық дамудың объективті заңды-н көрсетіп отыру қажет. Жер жүзілік прогресті дамытуға ақпарат құралдарыны белсенді қызметі қажет.

  4. Экология, атом қарулары зардаптарын жоюға, соғысты болдырмауға баспасөз РВ, ТВ ерекше қызмет етуі тиіс.

  5. Әлемдік хабар-ң оперативтілігін жақсартуға ұмтылу керек. Бұл орайда көптеген елдер бірлесе әрі тұрақты жұмыс атқаруы жөн.

  6. Үкіметпен бірге халықтық дипломатияны дамытуға ақпарат құралдары белсене араласуы қажет.

«Дөңгелек үстел», «телекөпірлер» арқылы жер жүзілік маңызды оқиғалар мен бейбітшілік инициативаларды дер кезінде жариялап, көрсетіп, насихаттап отырған дұрыс.

Әрбір елдің ақпарат құралдары өз тәжірибесіне қоса, халықтық журналистика тәжірибесін біліп, зерттеп, одан әрі даму жолында пайдалана білуі керек. Әсіресе, қазір жер жүзі журналистикасында орын алып келе жатқан дамыған елдер – Американың және Европаның Англия, Франция,Германия т.б. елдердің тәжірибелік жұмыстары назар аударады. Радио мен ТВ-ң тез дамитынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Мәс, осыдан 20-30 жыл бұрынғы техника мен қазіргі ақпарат құралдарындағы пайдаланатын техникалық құралдарға қарап сезінуге болады. Мұның өзі қоғамның әлеуметтік қажеттілігінен туатыны белгілі.

Планетадағы барша қауымды дүр сілкіндіріп, түн ұйқысын төрт бөлетін, кей-кейдегі келісу орнына қырғи қабақ соғыс өртінің тұтануы, терроризм мен экстремизм сияқты мәселелер қазіргі таңда бір ғана мемлекетке қатысты мәселе емес, бүкіл әлемдік проблемаға айналып отыр, оны БАҚ объективті түрде беруі керек. Әлемдік журналистиканың ең негізгі парызы осындай болмақ. Осылармен қоса қазіргі халықаралық, мемлекет аралық түйінді мәселе ол:

ХХІ ғасыр – ақпарат ғасырына айналуы жайлы, журналистикадағы жаһандану, осы тұрғыдан келгенде әр мемлекет өз ұлттық мүддесін қалай сақтап қалмақ?!

Жаһандану жолында өзіміздің журналистикамыз шетелдің БАҚ-ғы кемшіліктер яғни, саяси өтірік-өсек, жала жабу, пориография т.б. жұқтырып алмауы тиіс.

Европа мен АҚШ журналистикасының халықтық деңгейдегі алар орны мен табиғатын сараптау керек. Оның тек адамзатқа тән сипатын интеграциялық жолмен байланыстыру керек. Әсіресе, қазіргі БАҚ-тағы озық техника мен технологияның өркендеуінен шет қалмау. Журналистикадағы қазіргі демократиялық бағыт пен гуманистік бағыт барлық елге ортақ. Ендеше халықаралық журналистиканың ізденістерін байқап, сол арқылы өз жур-ды дамыта түсу. Қазіргі кезде Қазақстанда қоғ. хабар тарату арналарын ашуға дайындық шараларының да нәтижелі жүргізіліп жатыр. Қазіргі медиабизнес кеңістігі осы екі аралықтағы қалыптасу, даму процесін бір уақытта қатар ұсынып отыр. Қазір біздің мемлекетке Европадан келіп жеткен халықаралық қатынасқа жол ашқан Қазақстан медиабизнесі болып отыр. Бұл да бір екі ел аралық, мемлекет қатынастары туындайтын тағы бір жолы медиабизнес болып отыр.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қырғи қабақ соғыс, экстремизм сияқты мәселелердің әлем ақпарат көздерінде берілу ерекшелігі

  2. Журналистикадағы қазіргі демократиялық бағыт пен гуманистік бағыт

  3. Қазақстан медиабизнесі. Жаңа ізденістер


Ұсынылатын әдебиеттер:

1. Шиллер Г. Манипуляторы сознанием. М,1983

2. Майн Х. СМИ в ФРГ. Германия. «Коллоквиум». 1995

3. Урина Н.В. Итальянская журналистика в 1945-1990г.г. М., 1999



8-Дәріс. Орыс БАҚ-тың монополиялануы және шоғырлануы.

Баспасөз зерттеушілері газеттерді сапалы басылым, сары басылым, аралас басылым деп бөліп қарастырылады. Сапалы және сары басылымдар арасындағы бөлініс ХХ ғасырдың бастапқы жылдарында Англияда қалыптасып, Германияда, Америкада жалғасын тауып жатты. Италияда сапалы және сары басылым деген бөлініс жоқ, екі типтің қосынды көрінісінің белгісі бар аралас басылымдар өмір сүруде.

«Сары баспасөз» деп көпшілікке арналған бульварлық басылымдарды атайды. Бұл басылымдар негізінен қатасы жұқалтаң, талғамы төмендеу, орта білімді оқырманға арналған және айқай-шулы сенсациясы, өсек-аянды жазуға құмар, инсинуациясы мен иллюстрациясы мол газеттер.

Кейбір зерттеушілер сары басылымдардың қалыптасуына комикстар әсер етті деп тұжырымдайды. Зерттеушілердің пікірімен таныссақ, тұжырым негізсіз емес сияқты. Сары басылым терминінің қалыптасуы Америкадағы басылымдар арасындағы бәсекелестік тарихымен тығыз байланысты. 1896 жылы суретші Р.Ф. Ауткот тарихты суретпен баяндауға кірісті. Ол өзінің суреттерін Американың алғашқы баспагерлерінің бірі – Ж. Пулицердің иелігіндегі «Нью-Йорк уорлд» газетіне сатты. Міне, осылай комикстар дүниеге келіп, баспасөз тарихында өз орнын тапты. Ауткот «Тұйық көшенің Хоганы» деп аталатын комикстарында бас кейіпкерінің үстіне қап кигізіп, сары түске бояп қойды. Комикс сол кезең үшін басты жаңалық болып есептелінді әрі әдеттегі ақ-қара түсті газеттердің орнына кей жері сарыға боялған газеттің оқырманға әсерлі болғаны сөзсіз. Осы жаңалықтардың нәтижесінде «Нью-Йорк уорлд» газетінің тиражы 1 млн-ға дейін өскен.

«Джорнэл» газетінің иесі У.Р. Херст комикстардың ақша табуға қабілеттілігін бірден түсінді, әрі «Нью-Йорк уорлдтың» иесі – Пулитцер мен «Ішкі есебі» болғандықтан, суретші Ауткотты көп ақшаға қызықтырып, өз жағына шығарып алады. «Сары бала» енді Херсттің газетіне шаш етектен пайда әкелді. Пулицерде қарап қалмады, ол өз газетіне Ж.Дулкасты қызметке шақырып, «Сары баланың» оқиғасын жалғастыра берді.

Баспасөзде белең алған бұл үрдісті сынаушылар да табылды. «Нью-Йорк пресс» газетінің тілшісі Э.Вардман коимиксты қолданған газеттерге «сары баспасөз» деген ат қойып, айдар таққаннан кейін, бұл термин кеңінен тарап кетеді.

Баспасөз зерртеушісі Л.М.Землянованың пікірінше, сары басылмда қызмет ететін журналистер бас пайдасы үшін обьективті ақпарат беру принцпін бұзады.

Зерттеушіліердің кейбіреуі «сары басылым» терминінің қалыптасуына байланысты басқаша топшылауды ұсынады. Бұл нұсқа да У.Р.Херсттың атымен де тығыз байланысты. Олар «сары басылым» терминінің пайда болуын төменгі сапалы сары қағазға басылған газеттерге байланысты шықты деп есептейді. Сапасыз қағаздардың тез сарғайып кететіне қарамастан, Херст оны газет шығару үшін пайдаланған көрінеді. Біріншіден, ол газеттің өзіндік құнын түсірген, екіншіден, газетті басқаларға қарағанда арзандау бағалармен сатуға мүмкіндік берген. Осының нәтижесінде Херст компаниясы басылымдарының таралымы шарықтап өскен.

«Сары басылмдар» дәстүрі біртіндеп әлемнің түпкір-түпкірінде жалғасын тауып жатты. Бұл бастамыны Ұлыбританияда жалғастырған баспасөз корлі А.Хармворст – лорд Нордклиф болды. Лорд Нордклифтің пайымдауынша, мұндай типтегі басылмдардың негізгі тақырыбы- соғыс, қылмыс, жыныстық қатынастар болып табылады екен. Осындай криттериймен шығарылған оның «Дейли мейл» (1896ж) газеті оқырмандар арсында өтімді болып таралымы көбейген. Қарабайр тілмен жазылған газетке бірте-бірте сұраныс күрт өскен. Лорд Нортклифтің де көздегені осы еді, ол газет мазмұнын күн сайын түрлендіріп, құлшына түседі.

Ағылшын журналистикасына «жаңа бағыт» әкелген көпшілікке арналған басылымдар өзіндік өзгешеліктерін ала келді. Мұндай басылымдар қарапайым оқырманға арналғандықтан, бұқаралық сипат алды. Арзанқол басылымдар ағылшын газет-журнал рыногына ерекше серпіліс алып келді, баспасөздің қауырт дамуына негізгі тетік болды. Бұрын журналистер спрот, қаржы сияқты бірнеше тақырыптармен шектеліп қалса, енді олардың қалам тартпаған тақырыбы да қалмады. Журналистер кейде қылмысты ашуға кірісіп кетін де әдет тапты.

Сондай-ақ көпшілікке арналған «сары басылымдар» журналистикаға өзінің кері жақтарын, көлеңкелі тұстарын да ала келген. Газет беттері адамның асыл қасиеттерін көрсетуден гөрі, келеңсіз көріністерді көрсетуге жаппай бет бұрды. Жеке бастың құпияларына қол сұғушылық кең етек алды, адамгершілік нормалары бұзылды, қоғамдық санаға кері әсер ету күшейді.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындаағылшын журналистикасында өзгеше тенденция байқалды. Баспасөз жаппай тосын оқиғаларға бет бұрды: оның ішінде өлім-жетімге, ұрлық-қорлыққа, полицияның іс-әрекеттеріне ерекше көңіл бөліне бастады. Басылымдар арасындағы бәсекелестіктен қорыққандар бұндай тақырыптан қалыс қала алмады.

Сары басылымдармен қатар, жоғарғы топқа, элитаға, жоғары білімді адамдарға арналған «сапалы басылымдар» да жарық көріп тұрды. Сапалы басылымдар әр фактіні бүге-шүгесіне дейін тексеріп беруімен, сараптамалық мақалалар басуымен, яғни талғампаздығыменерекшеленеді. Өзіндік бет-бейнесі, нақышы бар сапалы басылымдарға ұқсамауға тырысты. Сапалы басылымдар әлеуметтік саяси проблемаларды басты нысанаға ала отрырып, оқырманның өз талқысына салуды жөн көреді. Ағылшынның «Таймс», американың «Нью-Йорк таймс», «Вашингтон пост» газеттерінің ақпараттарына әлем назарын аударып отыратыны сондықтан.

Ал көпшілікке арналған «сары басылымдар» дәлелсіз, логикасыз оқиғаларды жазып, сезімге әсер ете отырып, санаға сіңіруге ерекше мән берді. Назар аударарлық суреттер, «мен мұңдалып» тұратын тақырыптар, ауызекі сөйлеу тілі – бұның бәрі танымал газеттердің өзіндік ерекшеліктері. Газет аумағының тең жартысын жарнама мен хабарландырулар алып жатады, жаңалықтар өте аз беріледі. Бұндай басылымдардың иелері теледидарда берілетін жаңалықтарды газетте берудің қажеті жоқ деп есептетін көрінеді.



1920 жылы британ элитасына қызмет етіп, бағалы ақпараттар басатын «сапалы» газеттер мен көпшілікті сенсациямен қызықтыратын танымал газеттер арасында бөлініс айқын байқалады.

Газеттер ғана бөлінбей, жарнама берушілер де іштей екіге бөлінді. Жарнама берушілердің ықыласына, сұранысына қарай Англияда оқырмандарды да бірнеше топтарға бөлу дәстүрге айналды.

Оқырмандар А, В, С-1 және С-2, Д, Е деген екі топқа топтастырылады. А тобы-басқару биліктегі элита; В тобы - ірі буржуазия, айлығы жоғары интеллигенция; С-1 тобы – орта буржуазия, шенеуніктер, жоғары білікті жұмысшылар; С-2 тобы – маман жұмысшылар, шағын буржуазия, қатардағы қызметкерлер; Д тобы – қара жұмыстағылар немесе жалақысы төмен жұмысшылар; Е тобына – оқушылар, зейнеткерлер, жұмыссыздар жатқызылады.

Газеттің рейтингісін анықтау үшін және жарияланатын жарнаманың бағытын білу үшін көп жағдайда екі топқа бөлу тәжірибесі де бар. АВС-1 тобы және С-2ДЕ тобы. Жарнама берушілер үшін газеттің қай топқа жататынын анықтаудың маңызы зор. Жарнамаланатын тауар түрі оқырман бөлінісіне қарай ыңғайланады. Сапалы басылымдар – ауыр өнеркәсіп өнімдерін, қымбат құрылыс материалдарын, қозғалмайтын мүліктерді жарнамалайды, ал көпшілік қолды сары басылымдар – халық тұтынатын тауарларды жарнамалайды. Газеттердің қай топқа жататынын оқырмандар арқылы оңай анықтауға болады. Егер газет оқырманның 60 пайызын С-2ДЕ тобы құраса, онда газет танымал, «сары басылым», яғни, таблоидтық болып есептеледі. Керісінше, оқырманның 60 пайызы АВС -1 тобына жататын болса, сапалы басылым деп есептеледі.

Кез-келген ақпартты талғамсыз жұтатын көпшілікке арналған басылымдардың жаңалық берудегі негізгі критерийі: «Ергер ит адамды қапса- жаңалық» болып есептелінеді. Көпшілік қолды сары басылымдардың пайдаланатын әдіс-тәсілдері мынадай:».

1.Сенсация Сенсация – газет бизнесінің өсіп-өркендеуінің көзі. Айшықты тақырыптармен берілген қылмыс, катастрофа, соғыс – бұның бәрі көпшілік қолды басылмдардың таусылмас азығы.

2. Эротика мен порнография. Осы типтегі БАҚ- тың барлық түрі де дөрекі, арсыз, ұятсыз істерді бейнелеуден жалықпайды.

3. Өсек-аян. Жұлдыздардың, ірі шенеуніктердің іс-әрекеттері, жеке өмірі назардан тыс қалмайды.

4. Жалған ақпарт тарату немесе жала жабу.

Көпшілікке арналған сары басылмадардың қай- қайсысының да бірінші бетінен ұрлық- қарлықты, адам өліміжайлы оқиғаларды жиі көресіз. Бұндай басылмдарда жұмыс істейтін журналистер «тосын» оқиғаларды жазуға әр уақытта даяр тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет