2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы ақпараты Құрметті ауылдастар!



Дата23.02.2016
өлшемі67.25 Kb.
#9001
Орловка селосы әкімінің міндетін атқарушы Сейтмұханбетова А.Ж.

2012 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму туралы

ақпараты


Құрметті ауылдастар!
Президент Нурсултан Назарбаевтың қаулысына сәйкес міне осымен жетіншы рет әр жылдың бірінші тоқсаны барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруі мен өтеді. Осы жылда шетте қалмады.Кездесудің мақсаты- мемлекеттік мекемелердің қызметтерінң ашықтығын қамтамасыз ету және тұрғындарды елімізде,облысымызда, ауданда, селода жүргізіліп жатқан реформалармен таныстыру.

Өткен жыл көптеген тарихи және саяси оқиғаларға бай болды.Мемлекеттің басты дамуын сараптаған Президенттің халыққа Жолдауы біздің аппараттың басты бағдарламалық құжаты болды.

«Есіл ауданы Орловка селосы әкімі аппараты» ММ әкім, 2 бас маман, 4 техникалық қызметкер жұмыс істейді. ММ өкілеттілігі мемлекеттік басқару және бақлау болып, басты атқаратын қызметі анықтамалық, саяси, ұйымдастыруға және ҚР заңдарының орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.2012 жыл іс жоспары жасалды. Заңды және жеке тұлғалардан 11 өтініш келіп түсіп қойылған сұрақтары шешілді.
Аграрлық сектор
Ауыл аймағында негізінен «Орловка» ЖШС және 6 шаруа хожалығы бар, – бұлар:

1. «Ханша» ш/х – 707 га

2. «Еңбек» ш/х – 120 га

3. «Элита» ш/х – 300 га

4. «Аида» ш/х – 400га

5.«Бахыт» ш/х – 310 га

6.«Светлана» ш/х – 300га

Ауыл шаруашылығы жер көлемі 49728 га, жайылым 21270 га, «Орловка» ЖШС 23786 га бидай, 908 га арпа, 364 га сұлұ екті. Бидайдың орташа өнімділігі 6,5 ц/га. ЖШС құрғақшылықтан сақтау технологиясын қолданады.Егістік жерлерді өңдеуде «Джон Дир» комбайндары мен комплекстері жұмыс істейді. жүк тиеу. Бұған қоса биыл 311 га жерге тағы егілді.

2013 жыл 1 қаңтарға 179 ауладан, 141 үй шаруашылығын жүргізеді: жеке үй шаруасында: 293 бас ірі қара, одан 266 тонна сүт өндірілген, шошқа 470 бас, қой – ешкі – 290 бас, жылқы – 82 бас, құстар – 2100 бас, одан 75000 жұмыртқа өндірілген.Халыққа үй шаруашылығын жүргізу үшін жағдай жаратылуда. 2012 жылдың қыстауы үшін Орловка ЖШС көмегімен және халықтық өздерінің есебінен 1800 тонна шөп, 450тонна жем дайындалып, үйлерге жеткізілді. «Ауыл қожалығын қаржылай қолдау фонды» АҚ микрокредиттері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бір адам кредит алып қазіргі кезде қазіргі кезде толықтай қайтарылды.. Малдың ден-саулығына қараумен лицензиат-мал дәрігері айналысады. Осы жылдан бастап Республикалық бюджет есебінен бас маман-ветеринар штат бірлігі берілді және ол осы барлық алдын-алу шараларының жүргізілуін қадағалаумен айналысады..
Ден саулықты сақтау
Осы жылы 12 бала туылды, ал қайтыс болғаны 4. Ауыл адамдарына фельдшерлік пункт қызмет көрсетеді. «Саламатты Қазақстан»бағдарламасын орындау мақсатында ауылға дәрігерлер келіп тұрды. Дәрігерлер қабылдауында 73 адам болды. Осы жылы шешілмеген сұрақ мамандардың жетіспеуі. Қазіргі кезде бір дәрігер жұмыс істеп тұр. Осы жылы бюджет есебінен 28 тонна көмір беріліп, «Орловка» ЖШСнің көмегімен ағаш, отжағарға жалақы төлеуі арқылы жылу беріледі.
Мәдениет және спорт
Ауылда екі спорт залы бар, біреуі мектепте біреуі мәдени орталығында. «ОРЛОВКА» ЖШС есебінен спорт әдіскері жұмыс істейді.Спорттын кіші футбол және волейбол түрімен үйірмелер жұмыс істейді. Бұқаралық мәдение жұмыстарыда реттелуде. Мәдениет орталықта ойын – сауықтар өткізіліп, вокалдық, би үйірмелері жұмыс істеп тұр. Мерекелік шаралармен мәдениет орталығының материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында «ОРЛОВКА» ЖШС есебінен 777000 тенге қаржы бөлінді. Мәдениет орталықта кітапхана жұмыс істейді.Кітаптар саны 8219, соның ішінде таза қазақ тілінде 1324 кітап. «РАДУГА» көркем-өнер тобы жұмыс істейді. Осы жылы «ОРЛОВКА» ЖШС есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Электроэнергия және байланыс
Пошта бөлімінің жұмысында да алға ілгерлеу бар деуге болады. Жалақы, зейнетақы ұақтында жеткізіліп тұр. Кіші ғана осы ауылдан 84 адам зейнетақы мен жәрдемақы және мұғаллімдер жалақысы жалпы 4300 000 сомасында ақша алады. Бұдан басқа осы пошта арқылы мүлік және жер салықтарын төлеуге мүмкіндіктер бар.

Телефон байланысының жұмысында жақсыланып келеді. Ауылымызға жаңа 400 нөмірге арналған телефон жүйе орнатылды. Ауыл бойынша 154 абонент телефон жүйесінен пайдалануда және осы жүйе интернетке шығуға жеңілдік береді.Осы жылы жылдамдықпен жұқмыс істейтін Мегалайн атты Интернет жүйесін қосу жобалануда.

Ауыл тұрғындарын электроэнергиямен қамтамасыз ету үшін әр жылы өз ұақтында электр қондырғылары тексеруден өткізіліп тұр. Осы жылы станция ғимаратымен кейбір желілерді ауыстыру жұмыстары жүргізілді.

Сумен қамту
Халықты ауызсумен ауылға 7 шақырым жердегі, тазалау құрылғылары бар сусақтағыштан қамтамасыз етіледі. 95 %үйлерге су үй іштеріне өткізілген. Су құбырлары ескі. Су құбырларын жеке меншіктен, мемлекеттік меншіке ауыстыру жұмыстары аяқталды, енді жобалық-сметалық құжжаттар үшін 5700.000 тенге қаражат қажет.Бұдан басқа судың бар қалдығын тексеру мақсатында жерді бұрғылау жұмыстары үшін қаражат қажет.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Ауыл әкімдігі адамдардың әртурлі сұрақтармен тасымалдау үшін қызметтік көліктен пайдаланады. Жыл сайын шақырлушыларды, көктемгі және күзгі әскери шақыруға, балаларды дәрігер көрігінен өткізуге, БҰТ, жаздың күндері спартакиадаларға, емханаға, еңбек ардагерлерін әртүрлі шараларға тасымалдаймыз. Басқа ауылдар мен шектесетін жолдар тек ғана жаздың күні жүругі болады. Қыстың күні тек ғана аудан орталығына барар бір ғана жол, олда тас төселген.

Ауыл тұрғындары және меншік көлік иелерінің қызметінен пайдаланады.

Жолдың қағаттанарлық жағдайда болуы үшін «ОРЛОВКА» ЖШС есебінен қаржы бөлініп тұр.

Ауыл бойынша тұрғын қоры 10907 м2 болып, әр адамға 19 м2 құрайды. Ауыл тұрғандары толығымен қамтылған. Осы жылы «Орловка» ЖШС көмегімен бір жас отбасы тұрғынүй мен қамтамасыз етіліп бір тыл еңбеккерінің тұрғынүй жағдайы жақсыланды.

Газ ұақтында жеткізілуде. ЖШС директорының көмегімен отын, көмір жеткізіліп тұр. Бұдан басқа адамдар өздерінің есебінен сатып алады.
Шағын бизнес
Ауыл тұрғындарын азық – түлік және күнделікті қажетті тауарлар мен жеке меншік дүкендер қызмет көрсетеді. 2013 жыл 1 қаңтарға 3кәсіпкер тіркеуден өтті. Осы кәсіпкерлерде қоғамдық қызметтерге қатысып тұрады. Наубайхана ұдайы жұмыс істейді. Күніге 185 дана нан пісіріліп, әр нанның бағасы 40 тенге, салмағы 950 гр.

Білім беру
Ауылда орта мектеп бар. Білім алуға ауыл тұрғындарының мүмкіндігі бар. Мектепте тамақтану орны бар. Қазіргі ұақта мектепте 117 оқушы бар. Мектеп мұғаллімдер мен толық қамтылған жоғары білімді 16. Мектеп ұжымы және оқушылар барлық қоғамдық шаруаларға қатысады соның үшін село әкімі аппараты оларға алғысбілдіреді. Мектеп компьютермен қамтылып дербес компьютерді және программалау жүйесін игеру үйірмесі жұмыс істейді. 6 компьютер интернетке қосылған . Жаңа оқу құралы «Лингафонный кабинет» және 2009 жыл алынған «Интерактивтік тақтасымен биология кабинеті» жұмыс істеп тұр.2010 жыл бастапқы әскери дайындық сабағын өткізу үшін «Калашников автоматтары» әкелінді.

Бәрімізге белгілі қазіргі заман экономикасы жоғары білімді мамандарды талап етеді.Бұл үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған және «Орловка»ЖШС шетте қалмады. Спонсырлық көмек ретінде үш жоғары оқу орындарында оқыйтын оқушылардың төлем ақысын төлеуде. Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дайындау үшін, мектеп жанынан 30 орынға арналған. «Школа – сад» кіші ортылығы жұмыс істеп тұр.2010 қазан айынан бастап орталық жұмысшыларына аудандық бюджет есебінен жалақы төленеді. Мектеп жанында балалар ойнайтын орын жасылған.


Әлеуметтік сала
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік саясатта негізгі көңіл бөлінетіні – бұл адамдардың сұранысымен қажеттіліктері. Әлеуметтік бағдарламаларды орындау үшін қажетті жұмыстар орындалып жатыр. 2013 жыл 1 қаңтарға ауыл тұрғындарының саны 530-ді құрайды. Аз қамтылған, жан басына шаққандағы кірісі кедейшілік шегінен төмен қамтылуы нашар отбасылар жоқ. Жұмыссыздық пен есепте 3 адам тұрды, соның 2 төлемді қоғамдық жұмыспен,1 адам жастар іс тәжірибесін өтеді.

Мүгедектерге көңіл бөлінуде. Зейнеткерлерге де көңіл бөлініп тұр. Зейнеткерлер саны 64, тылда еңбек еткендер 3, ауған соғысына қатысқан 1, мүгедектер 10. «Орловка» ЖШС спонсорлық көмегімен зейнеткерлер мен мүгедектер күніне арналып мерекелік дастархан жайылып, концерт бағдарламасы қойылып,әр бір мүгедекпен зейнеткерге 2000 тенгеден сыйға тартылды

Бұдан басқа жас ұрпақты және жүкті әйелдерді қолдау мақсатында «БОТА» фондының волонтеры жұмыс істейді және өздерінің бағдарламаларына сай көмек көрсетуде.Осы фондтан 17 адам қазіргі кезде жәрдем ақы алады, соның ішінде 12 шағын орталыққа баратын балалар.

Әлеуметтік саланы қолдап көмек көрсету мақсатында «ОРЛОВКА» ЖШС есебінен жолды жөндеуге, сумен қамтуға, мектепке, медпунктке клубқа қаражат бөлінеді.



Көркейту
2012 жыл жазғы кезеңде ауыл ішін, көркейту, тазалау жұмыстары жүргізілді. Ағаштар отырғызылып, қоршаулар жөнделді. Осы жұмыстарға 2 адам қоғамдық жұмысқа тартылды. «ОРЛОВКА» ЖШС техникаларының көмегімен 4 га жердегі жусандар тазаланып,қираған үйлермен ғимараттардың қалдықтары шығарылып, дамбалар жөнделді.

2012 жылы ауыл тұрғындары жиналысы өткізілді. Онда Президент жолдауын тұрғындарға жеткізу, мал бағуды ұйымдастыру, көркейту, жылжымалы және жылжымайтын мүлікті заңдастыру мәселелері қаралды. Участкелік инспектордың істеген жұмыстары туралы есебі тыңдалды. ҚР заңдары түсіндірілді,жануарларды сәйкестік құжаттарын жасау ережесі, микрокредиттер алу тәртібі түсіндірілді және өткен кездесулерде қойылған сұрақтар қаралды.



Концепцияға сәйкес әр бір ай өзінің атауымен аталды.Осы атауларға сәйкес мерекелік шаралар өткізілді. Мысалыға, Наурыз мейрамында атшабыстар мен атүстіндегі ойындар өткізілді,маусым айында мемлекеттік символдар күні оқушылардың қатысуымен өткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет