Жүзден жүйрік (спорттық интеллектуалды сайыс)



Дата04.07.2016
өлшемі70.99 Kb.
#177418
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы

3 орта мектеп



Жүзден жүйрік

(спорттық интеллектуалды сайыс)

Өткізген : Жанжигитова Гульнар

Орыс тілі пәні мұғалімі

2011-2012 оқу жылы
Ж ү з д е н ж ү й р і к.

Мақсаты: : Оқушылардың өз ұлтына, өз еліне, өз тарихына деген сүйіспеншіліктерін ояту, ана тіліміздің қадір-қасиетін дамыту, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айтуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу, Оқушылардың шапшаңдыққа, дәлдікке баулу денсаулықтарының шымыр да мықты болуына ықпал ету, салауатты өмір салтына, әдемілікке тәрбиелеу.

Түрі:Көңілді старт

Көрнекілігі: Шарлар: Доп, қапшық, скакалка, әр түрлі фигуралар ,.корзина т.б
Жүргізуші: « Қазақстанның болашағы – білімді ұрпағында » демекші,сендер сол болашаққа бүгінгі білімдеріңмен, бастау алып отырсыңдар. Бүгінгі сайысымыз сіздердің білімдеріңізді, ұшқыр ойларыңызды өрнектеп ортаға салу. Олай болса, «Жүзден жүйрік» атты сайыс-ойынымызға қош келдіңіздер!.
Бүгінгі кешімізге қатысушы топтармен таныс болыңыздар. «Қарлығаш» 5Г тобы-ойыншылары

«Барыс» 5 Б тобы-ойыншылары:

«Бәйтерек »5 А тобы-ойыншылары:.

«Жасулан» 5 Ә тобы-ойыншылары:.
Бүгінгі ойынымыздың бөлімдерімен таныстырып өтейін:

1. «Таныстыру»(Әр топ өзің таныстырады)

2. «Кім білгір ?» (Салт дәстүрге байланысты сұрақтар)

3 «Кім жылдам?»(Мақал-мәтел жалғастыру)

4 «Ойланып көр?»(Наурыз нақыштары)

5 «Қателеспе?»(Қамбақ шар)
Енді біздің ойынымызды бақылап, сараптап отыратын әділқазы алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.Тәрбие жұмыс орынбасары:Боранқулова Айгүл

2.Дене пәні мұғалімі:Шабаева Нүргүл

3.Дене пәні мұғалімі: Өтебаев Рақымжан.
Жүргізуші:

Мінекей залда тыныштық,

Естілмейді дыбыс түк.

Мұны біз де қоштаймыз

Жүзден жұйрік атты

Кешімізді бастаймыз.
1 бөлім «Таныстыру»(Әр топ ұраның айтып ,төс белгісімен таныстырады)

Ойнайық, ойнайықта та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймаық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!
Жүргізуші: Кезекті ойынға береміз. 1- бөлім «Кім білгір?» деп аталады. Бұл болімде әр топ мәре сызығына дейін доппен ойнап барып,кері қайтарында скакалкамен секіріп келеді. Сұраққа жауап береді(салт-дәстүрге байланысты) .
Сүйінші
Қуанышты хабар жеткізуші адам «сүйінші-сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанышты үй иесі «қалағаныңды ал» дейді. Немесе оған риза болатындай сыйлық ұсынады. Бұл қуанудың, ризалықтың белгісі. Сүйінші сұраудың да, оның сүйіншісін алудың да ешқандай сөкеттігі жоқ.



Сәлемдеме

Сәлемдеме (дәстүр) – адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме әкелген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.

Көрімдік
Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте көрімдік сұрау халықтың ежелгі және лайықты дәстүрі. Мұның маңызы алып,беруде ғана емес жақын-жуықтың адамгершілігін, ниетін, ашыққолдығын да танытудың белгісі ретінде қаралады. Байғазы мен көрімдік екеуі екі басқа ұғым. Көрімдік адамға, жандыға, байғазы көбінесе жансыз дүниелерге қатысты айтылады.



Базарлық
Алыс сапарға саяхатқа, сауда жолына шыққан адамдар жерлестеріне, көрші-көлемдеріне, сыйлас адамдарына, жас балаларға ірілі-ұсақты сыйлықтар әкеледі. Оны «базарлық» деп атайды. Бұл жақсы көрудің, сыйластықтың белгісі және ескерткі ретінде қабылданады.



Жеті ата
Жеті атасын білмеген – жетесіз (мәтел). Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Қазақ халқы жеті атаға дейін қыз алыспаған. Бұрынғы адамдар бір-бірімен танысқанда, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан.
Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Олай болса жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3.Ата. 4. Арғы ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. (Ата-тек деген сөз осыдан шыққан). Жеті атаны тарату осылай жіктеледі.

Араша
Екі адам жанжалдасқанда немесе төбелескенде оның жанындағы адамдар «араша, араша!» деп басу айтуға тиіс. «Араша» деген сөзді естіген адамдар араша беруге яғни жанжалды дереу доғаруы керек. Араша бермей жанжалдасу қазақ әдетінде жоқ. Ондай адамға айып бар.
Құтты болсын айту
Бала туған, келін түсірген т.б. сол сияқты қуанышқа «қайырлы болсын» айту ата салтымыз. Ол сол адамдарға деген ыстық ықыластың, қуанышқа ортақ екендігінің белгісі.



Ал енді «Кім білгір?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады)
Жүргізуші: 2 бөлім Жүйрік болса кім,

Күлімдейді күн.

Жарыста жүгір, алға ұш,

Қане, сапқа тұр-деп «Кім жылдам »сайысымызды бастаймыз.Бұл бөлімде қаппен секіріп барып мәре сызығына дейін ,қайтар жолда обручпен айналып келу керек.Топ жиналғаннан кейін сұраққа жауап беру.(Мақал-мателді жалғастыру)
1 Оқу - білім азығы,

Білім – ырыс қазығы.

2 Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

3 Жердің сәні - егін,

Ердің сәні - білім.

4 Өнер - ағып жатқан бұлақ,

Бі лім - жанып тұрған шырақ.

5 Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.

6 Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

7 Жеті жұрттың тілін біл,

Жеті түрлі білім біл.

8 Ел ағасымен жарасады,

Киім жағасымен жарасады.

9 Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

10 Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

11 Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

12 Отан – елдің анасы

Ел – ердің анасы.

13 Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

14 Отанды сүю – от басынан басталады.

15 Батыр болсаң – жауыңа найзаң тисін,

Бай болсаң – еліңе пайдаң тисін.

Ал енді «Кім жылдам?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде. (Берілген бағалар тыңдалынады)
Жүргізуші: 3 бөлім. «Ойланып тап? » деп аталады .Бұл бөлімде арқан тартысады және сураққа жауап береді(наурыз туралы сұрақтар)

Наурызтөл деп нені айтады

Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал- жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.

Наурызкөк дегеніміз не ?

Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе?» деп шақырады, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді, оны бақыт құсы қатарына қосады.

Наурызесім дегеніміз не?

Наурыз күні туғандарды халық бақытты, ерекше адамдар деп ұғынған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімін берген. Мысалы, қазақ халқында. Алтын ордада Наурыз есімді хан (1859 – 60) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген адам аттары да жиі кездеседі.

Наурызшешек дегеніміз не ?

Наурыз шешек – Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік (шөп). Әсемдік үшін үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрін кездеседі. Наурыз шешек Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.

Наурызша деп нені айтады ?

Наурыз айында ашық күндері қолдан жасаған ою-өрнекті әрі жұп-жұқа қиыршық қар түседі. Ол күн көзіне шашырап, жылтылдап құбылады. Анықтап қарағанда басқа қар қиыршықтарындай емес жеңіл де үлпілдек болады. Мұны халық «наурызша» деп атаған. «Наурызша» жаң жылдағы жылылықтың белгісі.
Ал енді «Ойланып тап?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде. (Берілген бағалар тыңдалынады)

Жүргізуші: Келесі соңғы бөліміміз «Қателеспе!» деп аталады. Бұл бөлім қаңбақ шар деп аталады Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп,

қайтар жолда жүгіріп келу керек. Алақанынан ұрып эстафетаны береді.

(Ойыншылар жарыса бастайды) Эстафета аяқталған соң сұраққа жауап береді.

1.Ұлттық киімдерді ата?

Тақия,саукеле,тон,камзол,шапан,етік,кебіз т.б.

2. Жыл қайруын ата?

Тышқан,

3.Күнделікті тұрмыста қолданылатын өлшем түрлері?

Қарыс,сүйем,тұт,қадам,елі т.б.

4.Ұлттық ы дыс-аяқ түрлерін ата?

Саба,торсық, мес, келі, күбі, ожау,кесеқап, қазан.

5.Мүшел жастарды ата?

13,25,37,49 т.б.
Ал енді «Қателеспе !» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын тыңдайық. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)
Жүргізуші: Ұрпақ керек ертеңгі алда,

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!
Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Алда келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын! Деніміз сау болсын, . Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет