Фонтанды арматрураны монтаждау мен демонтаждауды орындау. Фонтанды арматура əр түрлі үш жақ, айқаспа жəне тығындаушы
қондырғылар байланыстарынан тұрады. Фланецтер аралығына тығыздауыш
материал ретінде қимасы сопақша болып келетін болат сақина орнатылады.
Фланецті байланыс болттармен бекітіледі. Сорапты комперссорлар құбырын
екі элеватор көмегімен түсіреді. Құбырларды қолмен ашып-жабу үшін
Халатяна элеваторлары қолданылады. Элеваторды құбыр муфтысына іліп,
штроп көмегімен ілмекке іледі. Құбырларды шешу кезінде оның резьбасын
майлайды.
Құбырларды ағытып- шешу жұмыстарын жеңілдету мен жылдамдату
үшін АПР механизмдер кешені қолданылады. Бұл кешенге электржетегі бар
автомат жəне элеватор, құбырлық кілттер сияқты құралдар қолданылады. АПР
кешенімен жұмыс жасау кезінде элеватор ЭГ қолданылады, ол үнемі ілмекке
ілініп тұрады. Құбырлар тізбегін түсіру алдында АПР автоматы
орталықтандырылады, тізбек фланеціне бекітіледі де, оған клин ілгішін қояды.
Бұл автомат ЭОТСҚ жабдықтарына арналмаған. Құбырлар тізбегін түсірудің
ең соңғы операциясы, құбырларды сағада ілу əдісіне байланысты болады.
Құбырларды резьбасынан ілу кезінде қажетті жұмыстар:
- көтергіш құбырды орталық ысырмаға немесе катушкаға
байланыстыру қажет.
- Үш жақты катушкасымен бірге еденнен көтеріп құбырлар тізбегіне
байлап, одан кейін құбыр басының айқаспасына отырғызу қажет.
- тізбекті үш жақпен байланыстырамыз;
- көтергіш құбырды ағытамыз;
- арматура шыршасын тежеуіш арқанмен ұстап, орталық ысырма
немесе катушкаға орнатамыз;
- арматура шыршасын орталық ысырмамен болттар арқылы бекітеміз;
- арматураның желілерін де осылайша бекітеміз.
Құбырды фланец-планшайбаға ілгенде оған көтеру құбыршасы
жалғанады. Планшайбаны көтеріп, оны құбыр тізбегімен жағастырып,
айқаспаға қояды. Одан кейін көтергіш құбыршаны шешіп, оны арматура
шыршасына орнатады.