Жүк көтергіш механизмдер құрылғысы мен қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар



бет1/12
Дата11.07.2016
өлшемі1.83 Mb.
#190166
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2009 жылғы «21» қазандағы

№ 245 бұйрығымен

бекітілген

Жүк көтергіш механизмдер құрылғысы мен қауіпсіз пайдалануға қойылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптар٭

1-тарау. Жалпы талаптар
1. Осы Талаптар жүк көтергіш машиналар мен тетіктерді, жүк қармауыш органдарды, құралдар мен ыдыстарды жобалауға, құруға, дайындауға, орнатуға, жөндеуге қолданылады.

2. Осы Талаптар мыналарға:

1) кран-манипуляторларды қоса алғанда, барлық түрдегі жүк көтергіш крандарға;

2) жер бетіндегі рельс жолдары арқылы басқару кабинасымен бірге қозғалатын жүк электрлік арбаларына;

3) арқанға асылған ілмекпен немесе электр магнитпен ғана жұмыс істеуге арналған кран-экскалаторларға;

4) электр тальдарына;

5) жүкті және (немесе) адамдарды көтеруге арналған шығырлар;

6) ауысымдық жүк қармауыш органдарына (ілмектерге, грейферлерге, жүк көтеру электр магниттері мен өзге де органдарға);

7) алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдарына (арқандарға, қармауыштарға, траверсерлерге және өзге де құралдарға);

8) технологиялық үрдістерде, теңіз және өзен порттарында қолданылатын арнайы ыдыстардан (шөміштерден, мульдалардан, металл қалыптар мен өзге де ыдыстан) басқа, көтергіш ыдыстарға (бұдан әрі мәтін бойынша-ыдыс) қолданылады.

3. Осы Талаптар:

1) шахталарда, теңіз және өзен кемелерінде және өзге де жүзгіш құрылыстарда орнатылған жүк көтергіш машиналарға;

2) жер қазатын жабдықпен немесе грейфермен жұмыс істеуге арналған экскаваторларға;

3) тек аспалы жабдықпен (діріл батырғыштармен, шпунт жұлғыштармен, аспа бесіктермен, бұрғылау жабдығымен және өзге де жабдықпен) жұмыс істеуге арналған крандарға;

_____________________

٭ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 22.09.2010 жылғы № 324 бұйрығына сәйкес өзгертілген.

4) арнайы мақсаттағы жүк көтергіш машиналарына, жер орналасқан, тиеу және отырғыз машиналарына, құбыр орнатқыштарға, электр және авто тиегіштерге, қатарлағыштарға, жол және көпір төсеуші машиналарға, манипуляторлар мен өзге де машиналарға;

5) олар асылатын монтаждау полиспасталар мен құрылымдарға (мачталар, шевралар, біліктер мен өзге құрылымдар);

6) әскери ведомствоның арнайы жүк көтергіш машиналарына;

7) қолмен басқарылатын тальдарға қолданылмайды.

4. Осы Талаптарда қолданылатын негізгі терминдер мен анықтамалар 1-қосымшада келтірілген.

2-тарау. Техникалық талаптар
5. Жүк көтергіш машинасының жарылу, өрт шығу қаупі бар ортада (ортаның санатын көрсете отырып) жұмыс істеу қабілетін паспортта, пайдалану жөніндегі әдістемелік ұсыныстарда көрсетіледі.

6. Есептік температурасы 40°С төмен аймақтарда пайдалануға арналған жүк көтергіш машиналарын жобалау және дайындау температуралық режимге сәйкес жүзеге асырылады.

Сейсмикалық аймақтарда (6 балдан жоғары) пайдалануға арналған жүк көтергіш машиналарын жобалау және дайындау ҚР ҚНжәнеЕ 2.03-30 сәйкес сейсмикалық тұрақты күйде жүзеге асырылады.

7. Жүк көтергіш машиналарын жобалау ИСО 4301/1 стандартына және басқа да нормативтік құжаттамаға сәйкес орындалады.

8. Жебелік өзі жүретін, теміржол және тіркеме крандар, кран экскаваторлар, мұнара және порталды крандар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін күйде және тасымалданған күйде тұрақты болады.

Кранның тұрақтылығының есебі сынақ жүктемесі әсер еткенде, жүк әсер еткенде (жүк тұрақтылығы), жүк болмаған кезде (өзіндік тұрақтылық), жүктемені кенет алғанда және монтаждау (бөлшектеу) кезінде жүргізіледі.

Пайдалану шарттары бойынша жүктемесі жоқ жебені көлденең күйге түсіру қажет болған болатын крандарда жебенің осындай күйдегі тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.

9. Жұмыс жүгі ең көп арба едәуір қолайсыз тұрғанда қармауыш және консоль крандарда жүк арбалары жолдарының еңісі 0.003 аспайды. Еңістің көрсетілген нормасы арбаларының қозғалыс тетігі қалыпты жабық түрдегі автоматты тежегішпен жабдықталған немесе арбасы арқанды тарту күшімен қозғалатын крандарға жатпайды.

10. Жүкті көтеру және ұшуды өзгерту тетіктері жүкті немесе жебені түсіру тек қана қозғалтқышпен жүзеге асырылатындай етіп орындалады.

11. Жұдырықша, фрикциялық немесе басқа да механикалық аспаптармен жабдықталған жүк көтергіш машиналардың тетіктері жұмыс қозғалысының жылдамдықтарын іске қосу және ажырату үшін тетіктің өздігінен іске қосылуы немесе ажыратылуы мүмкін болмайтындай етіп орнатылады. Жүк пен жебені көтеру шығырларында, сонымен қатар тежеуіш бермей-ақ жетектің ажырау мүмкіндігін болдырмайды.

Адамдарды көтеруге арналған тетіктерде, электр жетегі бар тетіктерде мыналардан:

1) бір жылдамдықтан келесісіне ауыстыру үшін бірнеше жылдамдық диапазоны бар қозғалыс немесе бұрылыс тетігінен;

2) әрқайсысын бөлек басқару үшін ортақ жетегі бар шынжырлы крандардың қозғалыс тетігінен басқа, іске қосатын фрикциялық және жұдырықша муфталарды, балқыған металды немесе шлакты, улы және жарылғыш заттарды қолдануға болмайды.

1) және 2) тармақшаларда көрсетілген жағдайларда тежеуіште кранның бұрылатын бөлігімен, шынжыр табандармен немесе дөңгелектермен ажыратылмайтын кинематикалық байланыс болады.

12. Айналдырып беретін жүк көтергіш машиналардың тетіктерінің тораптарында шлицті, шпонды және бұрандалы қосқыштары болады.

13. Жүк көтергіш машиналардың бұрандалы, шпонды және сыналы қосқыштары өздігінен бұралуынан немесе ажыратылуынан сақтандырылады.

14. Жылжымалы жебелері мен мұнаралары бар крандарда шыққан құрылымды бекіткіші қарастырылады.

15. Шөмішті крандардың көтергіш тетіктерінде амортизатор құрылғысы болады.

16. Жүк көтергіш машинасының арқанды және шынжырлы тальдары мен полипласттарында тальдан арқанның (шынжырдың) өздігінен шығып кетуі, блок мен шүлдік арасында (жұлдызша мен шүлдік арасында) арқанның (шынжырдың) оралып қалуы болмайды.

17. Қос полипластты қолданған кезде теңестірілген блокты немесе теңгергішті орнату міндетті.

18. Қол жетегі бар жүк көтергіш машиналардың тарту күші дөңгелектерінде жұмысшылардың құлауын болдырмау үшін бағыттайтын шынжырлары болады. Тарту күші шынжыры оның төменгі бөлігі машинаны басқаратын жұмысшы отырған жерден шамамен 500 мм биіктікте болатындай етіп орналасады.

19. Жүк көтергіш машиналардың металл құрылымдары мен металл бөлшектері тотығудан сақталады.

Ашық ауада жұмыс істейтін қорапты және құбырлы металл құрылымы крандарында оған ылғалдың жиналуына қарсы шаралар қолданылады.

20. Техникалық қызмет көрсетуді қажет ететін жүк көтергіш машиналардың тетіктеріне, сақтандыру құрылғыларына, электр жабдығына, металл құрылымдарының элементтеріне қауіпсіз қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Осы мақсатта галереялар, алаңдар, сатылар қарастырылады. Блоктар мен аспаптарға қауіпсіз қызмет көрсету үшін алаңдар мен сатылар болмаған жағдайда жебеде оны түсіру мүмкіндігі қарастырылады.

21. Жүк көтергіш машиналардың электр жабдығы, оны монтаждау, ток бөлу және жерге қосу электр қондырғыларын орнату талаптарына сәйкес болады.

Жүк көтергіш машиналардың электр жабдығын пайдалану электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес жүргізіледі.

22. Гидравликалық жетегі бар крандар үшін құбырлар жарылған кезде немесе гидро жүйедегі қысым төмендегенде тетіктерді (жүк және бағыттаушы шығырды бұру, жебелер мен көтергіш тіректерді көтеру, жебе секцияларын жылжыту) автоматты тоқтату және бекіту қамтамасыз етіледі. Кран-манипуляторлар үшін иілгіш құбырлар үзілген кезде тетіктерді автоматты тоқтату қамтамасыз етіледі.

23. Крандардың гидро жүйесі әрбір жұмыс контурындағы қысымды бақылау мүмкіндігі мен гидро агрегаттарды, шлангілерді, сүзгіштерді бактан жұмыс сұйықтығын құймай, ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

24. Жүк көтергіш крандар мото сағаттардағы жұмысты есепке алуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Құрылғы кранды пайдалану кезінде оның қалдық ресурсін пайдалануға мүмкіндік береді.

25. Болат арқандардан жасалған жүк асатын арқандарды есептеу арқандардың тармақ сандарын және олардың тігінен көлбеу бұрышын ескере отырып жүргізіледі.

Бірнеше тармақтары бар жалпы мақсаттағы арқандарды есептеу кезінде олардың арасындағы есептік бұрыш 90° тең болып қабылданады. Белгілі бір жүкке арналған арқандарды есептеу кезінде нақты бұрышты қабылдауға болады.

Арқандарды есептеу кезінде арқандардың төзімділік қорының коэффициенті кемінде 6 қабылданады. Көп тармақты арқандардың құрылымы барлық тармақтардың біркелкі тартылуын қамтамасыз етеді.

26. Кендір, капрон және мақта маталы арқандардан (таспалардан) жасалған арқандарды есептеу арқандардың тармақтарының саны мен олардың тігінен көлбеу бұрышын ескере отырып жүргізіледі. Бұл ретте төзімділік қорының коэффициенті кемінде 8 қабылданады.

3-тарау. ЖКМ٭ мен жүк қармауыш бұйымдарды дайындау, монтаждау, қайта құрастыру, жөндеу
27. ЖКМ және олардың элементтері бекітілген жобалық-құрылымдық құжаттамаға сәйкес дайындалады.٭

28. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу үшін ұйым мынадай

___________________

٭ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 22.09.2010 жылғы № 324 бұйрығына сәйкес өзгертілген.

құжаттарды ұсынады:

1) кран мен оның негізгі тораптарының жиынтық сызбалары;

2) дайындауға арналған ұйым стандарттары;

3) аттестатталған дәнекерлеушілердің бар-жоғы туралы анықтама.

29. Жеке элементтер ретінде шығарылатын крандардың металл құрылымдарының, шығырлар мен қауіпсіздік аспаптарының өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу үшін дайындаушы ұйым мынадай құжаттарды ұсынады:

1) дайындалатын тораптардың жиынтық сызбалары, кинематикалық, гидравликалық және электрлік сызбалар;

2) ұйым стандарттары;

3) аттестатталған дәнекерлеушілердің бар-жоғы туралы анықтама.

30. Кранды бірнеше ұйым дайындаған тораптармен және бөлшектермен жинақтау кезінде дайындау сапасын, техникалық құжаттаманы рәсімдеуді кранды жинақтайтын дайындаушы қамтамасыз етеді. Кран паспорты жеке тораптарды дайындайтын ұйымдардың құжаттары бойынша құрылады. Осы ұйымдардың құжаттары кранды жинақтаған ұйымда сақталады.

31. Кранды немесе жекелеген металл құрылымдарын дайындауға арналған ұйым стандарттарында осы Талаптарды ескере отырып, дәнекерлеу сапасын бақылау талаптары мен брактау көрсеткіштері, тораптар мен дайын бұйымды қабылдау тәртібі, дайындау үшін қолданылатын металл мен дәнекерлеу материалдары туралы мәліметтер қарастырылады.

Крандарды дайындау сапасын тексеру үшін дайындаушы алдын ала, қабылдау сынағын өткізеді. Алдын ала сынаққа крандардың озық үлгілері тартылады.

33. Кранның озық үлгісін алдын ала сынауды жобаны әзірлеуші дайындаған бағдарлама мен әдістеме бойынша дайындаушы ұйым ұйымдастырады және өткізеді.

Кранды сынауға жұмыс құжаттамасын дайындаған ұйымның өкілінің міндетті түрде қатысуы қажет.

34. Кранды қабылдау сынағы жобаны әзірлеуші дайындаған бағдарлама бойынша жүргізіледі.

35. Алдын ала және қабылдау сынақтарының бағдарламалары жобалау құжаттамасына сәйкес сынауды, көзбен тексеруді, статикалық және динамикалық сынауды, өздігінен жүретін жебелі крандарды тұрақтылығына сынауды, кранның барлық тораптарының жұмысын тексеруді қарастырады.

36. Алдын ала және қабылдау сынақтарының нәтижелері актімен ресімделеді, онда комиссияның ұсыныстары мен қорытындылары көрсетіледі.

37. Крандарды мерзімді сынау бағдарламасы көзбен бақылауды, бос жүрісте сынауды, статикалық және динамикалық сынауды, қауіпсіздік аспаптары мен кран өлшемдерін тексеруді қарастырады.

38. Мерзімді сынау 3 жылда бір рет жүргізіледі.

39. Кранды мерзімді сынау нәтижелері комиссияның ұсыныстары мен қорытындылары көрсетілген актімен ресімделеді.

40. Барлық сынақ нәтижелері кранның паспортына жазылады.

41. Әрбір дайындалған жүк көтергіш машинасы:

1) паспортпен;

2) пайдалану нұсқаулығымен;

3) монтаждау нұсқаулығымен (егер кранды монтаждау қажет болса);

4) тұтынушының өтінімі бойынша құрылымдық құжаттамамен жарақталады.

Крандардың жекелеген металл құрылымдарын, тетіктері мен қауіпсіздік аспаптарын дайындау кезінде олар паспорттармен жарақталады.

42. Әрбір жаңадан дайындалған жүк көтергіш машинасын дайындаушы ұйым шығарылатын машиналарды есепке алу кітабына жазады және көрінетін жерде дайындаушы ұйымның атауын және оның тауарлық белгісін, жүк көтергіштігін, шығарған мерзімін, реттік нөмірін көрсете отырып, бекітілген көрсеткіш тақтайшамен жарақтайды. Тақтайша кранның қызмет атқарған тұтас мерзімі бойында сақталады.

Жылжымалы жүк арбасы бар крандарда тақтайша кранға немесе арбаға, өздігінен жүретін жебелі, мұнаралы және порталды крандарда көрінетін жерде бекітілген тақтайшадан басқа, мұнаралар мен жебелердің әрбір секциясында дайындаушы ұйымның таңбасы жазылады.

Жекеленген металл құрылымдары мен тетіктерді дайындау кезінде олар жөніндегі мәлімет есепке алу кітабына жазылады.

43. Кранның паспорты 3-қосымшада көрсетілген нысан бойынша, электр таль паспорты 4-қосымшада көрсетілген нысан бойынша құрылады.

Кранды пайдалану және монтаждау жөніндегі нұсқаулықта мыналар көрсетіледі:

1) тораптар мен тетіктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету мерзімділігі;

2) металл құрылымдарының ықтимал ақаулары мен оларды қалпына келтіру әдістері;

3) қауіпсіздік аспаптарын тексеру мерзімділігі мен әдістері;

4) тежеуіштерді реттеу әдістері;

5) тез тозатын бөлшектердің тізбесі мен олардың тозу шектері;

6) техникалық куәландыру жүргізу тәртібі;

7) грейферлік және магниттік крандарға арналған грейфер мен магнитті қолдану шарттары;

8) рельстік кран жолдарын пайдалану жөніндегі құрылғы мен талаптар;

9) кранды жұмыс істемейтін күйде қауіпсіз күйге келтіру нұсқаулығы;

10) авариялық жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары;

11) кранды күрделі жөндеуге жіберу үшін оның шекті күйінің талаптары;

12) кранның қызмет мерзімі;

13) кранның жұмысын есептеу құрылғысымен есептелетін ақпарат негізінде кранның қалдық ресурсін есептеу әдістемесі;

14) кран құрылымының ерекшелігін ескере отырып, оны пайдалан және қызмет көрсету жөніндегі өзге де нұсқаулар.

Дайындаушы ұйым пайдалану барысында анықталатын жүк көтергіш машиналары құрылымы мен оны дайындау бойынша кемшіліктерді ескеріп, оларды қалпына келтіру шараларын қолданады. Анықталған ақаулықтар жүк көтергіш машиналарын қауіпсіз пайдалануға кедергі келтіретін болған жағдайда дайындаушы ұйым мұндай кемшіліктерді қалпына келтіру қажеттілігі мен әдістері туралы барлық ұйымдарға хабарлайды, техникалық құжаттама мен қажетті материалдарды, ауыстырылуға тиіс бөлшектерді немесе тораптарды жібереді.

44. Жүк көтергіш машинаның иесі монтаждау және пайдалану кезінде құрылымында немесе оның дайындалуында осы Талаптарға сәйкес келмейтін ақаулықтарды анықтағанда дайындаушы ұйымға наразылық жібереді, оның көшірмесін машинаны дайындауға рұқсат берген уәкілетті органға жібереді.

45. Дайындаушы ұйым наразылықты алғанда анықталған кемшіліктерді қалпына келтіреді.

Дайындаушы ұйым келіп түскен наразылықтарды есепке алу журналын жүргізеді, онда наразылық беруші туралы мәлімет, жүк көтергіш машиналарының зауыт нөмірі, наразылықтың қысқаша мазмұны жазылады.

46. Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдары мен ыдыстарын ұйымдарда дайындау құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

47. Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдар (арқандар, шынжырлар, траверстер, қармауыштар мен өзге де бұйымдар) дайындалғаннан кейін дайындаушы зауытта сыналады, ал жөндеу жүргізілгеннен кейін жөндеу жүргізген ұйымда сыналады.

Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдары олардың нормативтік жүк көтергіштігінен 1,25 есе артық жүктемемен тексеріледі және сыналады.

Жүк көтергіш машиналармен шағын даналы, сусымалы және өзге де жүктерді тасымалдауға арналған ыдыс дайындалғаннан кейін тексеріледі. Ыдысты жүкпен сынау міндетті емес.

48. Дайындалған алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдар мен ыдыс туралы мәліметтер журналға жазылады. Журналда бұйымдардың немесе ыдыстың атауы, жүк көтергіштігі, құрылымдық құжаттың (технологиялық картаның) нөмірі, пайдаланылған материалға сертификат нөмірі, дәнекерлеу сапасын бақылау нәтижелері, жүк көтергіш бұйымды сынау немесе ыдысты тексеру нәтижелері көрсетіледі.

49. Алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдары таңбамен немесе нөмірі, жүк көтергіштігі мен сынау датасы көрсетілген, мықтап бекітілген металл биркамен жарақталады. Басқа ұйымдар үшін дайындалған алмалы-салмалы жүк қармауыш бұйымдар, таңбалардан (биркадан) басқа паспортпен жарақталады.

50. Ыдыста оның мақсаты, нөмірі, дербес массасы мен жүк көтергіштігі көрсетіледі.

51. Дәнекерлеуді пайдалана отырып, крандарды қайта жасауды, қауіпсіздік аспаптарын жөндеу мен баптауды осы жұмыс түрін орындауға аттестатталған ұйымдар жүргізеді. ٭٭

52. ЖКМ٭ қайта жасау және жөндеу ЖҚҚ٭ бойынша жүргізіледі.

ЖҚҚ٭ әзірлеу кезінде ЖКМ٭ нақты жай-күйі (тозу дәрежесі, зақымының болуы және тағы басқа) көрсетіледі.

Арнайы мақсаттағы машиналарды (экскаваторларды, құбыр төсегіштерді және өзге де машиналарды) ЖКМ٭ ауыстыру ЖҚҚ٭ бойынша оларды осы Талаптардың талаптарына сәйкестендірген жағдайда жүргізіледі.

Арнайы мақсаттағы машиналарды крандар ретінде пайдалану мүмкіндігін өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы куәландырады.

53. Жүк көтергіш крандарын жөндеу мен қайта жасауды жүргізетін ұйымда қолданылатын металл мен дәнекерлеу материалдары,дәнекерлеу сапасын бақылау тәсілдері туралы, дәнекерлеу қосқыштарының брактау нормалары және жекелеген тораптар мен бұйымдарды қабылдау тәртібі туралы, құжаттарды ресімдеу тәртібі туралы нұсқаулықтарды қамтитын нормативтік-техникалық құжаттамасы болады.

54. Жүк көтергіш кранына жөндеу және қайта құрастыру жүргізген ұйым паспортта жүргізілген жұмыс сипатын көрсетеді және оған сертификат нөмірін көрсете отырып, қолданылған материал туралы мәліметті енгізеді.

Қолданылатын материалдың және дәнекерлеудің сапасын куәландыратын құжаттар дәнекерлеу жұмыстары ұйымдарында сақталады.

55. Иегердің күшімен жөндеуді немесе қайта қалпына келтіруді осы жұмыс түрін орындауға ЖҚҚ٭ болған жағдайда жүргізуге болады.

56. Жүк көтергіш машиналарын дайындау, қайта жасау және жөндеу кезінде қолданылатын материалдың сапасы дайындаушының сертификатымен және бастапқы бақылаумен куәландырылады.

Сертификат болмаған жағдайда материалды тек бастапқы бақылау жүргізгеннен кейін ғана пайдалануға болады. Материалдарды таңдау жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін кран үшін қоршаған ортаның төменгі шекті мәндерін, элементтердің жүктеме дәрежесін және қоршаған ортаның агресивтігін ескере отырып, жүргізіледі. Қолданылатын материалдың маркасы туралы деректер мен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін кран үшін төменгі шекті температуралар құрылымдық құжаттамада және кранның паспортында көрсетіледі.

57. Сапасы жағынан МСТ 1412 бойынша СЧ15 маркасынан төмен шойын балқымаларын мыналарды:

_____________________

٭ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 22.09.2010 жылғы № 324 бұйрығына сәйкес өзгертілген.

٭٭ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 22.09.2010 жылғы № 324 бұйрығына сәйкес алынып тасталды.

1) қол жетегі бар жүк көтергіш машиналарының тістері бар, червякті және жүріс дөңгелектерін;

2) дөңгелектің айналдыра жылдамдығы 1,5 м/с артық болмағанда тетік жіктегіші (режимі) М5 артық емес топқа арналған машина жетегі бар жүк көтергіш машиналардың червякті дөңгелектерін;

3) жүк көтергіш машинаның тетік жіктегіші (режимі) тобына және жетектің түріне қарамастан, қоладан жасалған доғасы червякті дөңгелектерді;

4) жебелі және мұнаралы крандардың блоктарынан басқа, барабандарды, редуктор корпустары мен блоктарын;

5) тежеуіштердің қалыптарын, барабандардың кронштейндерін және мойынтіректердің корпустарын дайындау үшін қолдануға болады.

Жүк көтергіш машиналардың қозғалыс және бұрылыс тетіктерінің тежеуіш шкивтері үшін сапасы жағынан МСТ 1412 бойынша СЧ20 маркасынан төмен емес шойын балқымаларын қолдануға болады. Теңгергіштерді және тарту күші жоқ бөлшектерді дайындау үшін балқымалар маркасы ұсынылмайды.

58. Жүк көтергіш машиналарын дайындау, қайта жасау және жөндеу үшін бұрын қолданылмаған материалдарды олардың өлшемдері құрылымдық құжаттамада көрсетілгеннен төмен болмаған жағдайда пайдалануға болады.

59. Жүк көтергіш машиналардың металл құрылымдарының көтергіш элементтерін дәнекерлеу және дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бақылау құрылымдық құжаттамаға сәйкес орындалады.

60. Крандардың болат құрылымдарын дәнекерлеу, жік металы мен дәнекерлеу қосқышының (төзімділік шегі, ағу шегі, салыстырмалы ұзындығы, иілгіш бұрышы, соққы тұтқырлығы) механикалық қасиетін қамтамасыз ету үшін қолданылатын дәнекерлеу материалдары осы болат маркасы үшін белгіленген құрылымның негізгі металдың тізімделген қасиеттерінің төменгі шекті көрсеткішінен төмен болмайды. Бұл талап қанаттарды, сатыларды және алаңдарды дәнекерлеу үшін қолданылады.

Бір қосқышта әр түрлі маркалы болаттарды қолдану кезінде балқыма металдың механикалық қасиеті төзімділік шегі ең үлкен болаттың қасиеттеріне сәйкес болады.

Ендірме материалдардың, флюстердің және қорғағыш газдардың маркалары крандарды дайындауға, жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған құрылымдық құжаттамада көрсетіледі.

61. Қаңылтырдан жасалған құрылым элементтерін, кескін беттерін, құбырлар мен өзге де элементтерді дайындау үшін құрылымдық құжаттамаға сәйкес осы элементтердің қалыптары мен өлшемдерін сапалы алуды қамтамасыз ететін барлық кесу түрлерін қолдануға болады.

62. Құрылымдарды дәнекерлеу үшін жинау кезінде құрылымдық құжаттамада белгіленген өлшемдер мен рұқсат шегінде қосқыштардың дәлдігі қамтамасыз етіледі.

63. Крандардың металл құрылымдарын дәнекерлеу қолайсыз атмосфералық жағдайлардың дәнекерлеу қосқыштарының сапасына әсерінен басқа жағдайларда жүргізіледі.

64. Ауа температурасы 0°С төмен болмағанда дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі мен тәртібі құрылымдық құжаттамада белгіленеді.

65. Белгілі бір торапта әр түрлі дәнекерлеу әдістерін қолдана отырып, дәнекерлеу элементтерін пайдалануға болады, ол жөнінде құрылымдық құжаттамада айтылады.

66. Құрылымды жинау барысында орындалатын қармауыштар егер дәнекерлегенде олар толықтай балқитын болса, онда олар шығарылмайды. Қармауыштар дәнекерлеу алдында шлактардан тазартылады.

67. Дәнекерлеу қосқыштарында дәнекерлеуді жүргізген дәнекерлеушіні анықтауға мүмкіндік беретін таңбасы немесе өзге шартты белгісі болады. Дәнекерлеу қосқыштары үшін қолданылатын таңбалау әдісі таңбаланатын бұйымдарды нашарлатпайды. Таңбалау кранды пайдалану барысында оның сақталуын қамтамасыз ететін әдістермен орындалады. Таңбалау әдісі мен орны құрылымдық құжаттамада көрсетіледі.

68. Кран құрылымдарының көтергіш элементтерінің дәнекерлеу қосқыштарын термиялық өңдеу қажеттілігі құрылымдық құжаттамада белгіленеді.

69. Крандарды дайындау, монтаждау, қайта жасау және жөндеу кезінде өткізілетін дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бақылау ішкі бақылау және өлшеу, механикалық сынау арқылы және құрылымдық құжаттамада көзделген бұзылмайтын бақылау әдістерімен жүзеге асырылады.

70. Дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бақылау термиялық өңдеу жүргізгеннен кейін (егер ол осы дәнекерлеу қосқышы үшін міндетті болып табылатын болса) жүргізіледі.

Дәнекерлеу қосқыштарының нәтижелері журналдарда жазылады.

71. Мынадай:

1) қосқыш элементтердің шүлдіктерінің сынуы мен перпендикуляр болмауы;

2) қосқыш элементтердің жиектерінің ығысуын;

3) жік өлшемдері мен нысандарының сызбалардан (жіктің биіктігі, катетімен ені бойынша, үдеудің біркелкілігі және басқа да ауытқушылықтар бойынша) ауытқуы;

4) барлық түрдегі сызаттардың және жолдардың болуы;

5) балқымалардың, кесіктердің, күйіктердің, қайнамаған кратерлердің, балқымаған бөліктердің, көпіршіктер мен басқа да технологиялық ақаулар сияқты ықтимал сыртқы ақаулықтарды анықтау мақсатында барлық дәнекерлеу қосқыштары сыртынан тексеруге және өлшеуге болады.

Сыртынан тексеру алдында дәнекерлеу жігінің және ені 20 мм кем емес негізгі металдың жапсарлас учаскелерінің беті екі шлактан, шашырандыдан, металдың ағуынан және өзге де ластанудан тазартылады.

Жапсарлас дәнекерлеу қосқыштарын тексеру және өлшеу қосқыштардың тұтас ұзындығы бойымен екі жағынан жүргізіледі. Дәнекерлеу қосқыштарының ішкі қабатын тексеру үшін қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда тексеру және өлшеу тек сыртқы жағынан ғана жүргізіледі.

72. Дәнекерлеу қосқыштарын тесу арқылы бақылау МСТ 7512, ультрадыбыстық бақылау МСТ 14782 сәйкес жүргізіледі.

Металл құрылымдардың есептік элементтерінің дәнекерлеу қосқыштарын бақылау сыртқы бақылаумен анықталған ақауларды жойғаннан кейін жүргізіледі. Бұл ретте белбеулердің жапсарлас қосқыштарының дәнекерлеу жіктерінің басы мен соңы және бағандардың, біліктердің, жебелердің, шынжырлардың қорапты металл құрылымдардың қабырғалары бақылауға тартылады.

Дәнекерлеу қосқыштарының бақыланатын учаскелердің жалпы ұзындығы құрылымдық құжаттамамен анықталады және мынадай шамалардан кем болады:

1) қорапты немесе торлы металл құрылымының созылған белдігінің әрбір жапсарында-жапсардың ұзындығынан 50 %;

2) қысылған белдіктің әрбір жапсарында немесе қабырғалардың қысылған учаскелерінде-жапсардың ұзындығынан немесе қабырғалардың қысылған учаскелерінде 25 %;

3) жебелердің, шынжыр табандардың және порталды крандардың рейкалы қораптардың әрбір жапсарында-жапсардың ұзындығынан 75 %;

4) «1», «2», «3» тармақшаларда көрсетілмеген барлық қалған қосқыштар үшін-жапсардың ұзындығынан 25 %;

5) ультра дыбыстық әдіспен бақыланатын өзге де дәнекерлеу қосқыштары үшін-жапсардың ұзындығынан 25 %.

Рентген немесе гамма бақылау жүргізу алдында дәнекерлеу қосқыштарының тиісті учаскелері оларды бақылау рентген және гамма түсірмелерінде ажырату оңай болатындай есеппен таңбаланады.

73. Сыртқы тексеру мен бұзылмайтын бақылау нәтижелері бойынша дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бағалау құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі, онда олардың төзімділігі мен пайдалану сенімділігін төмендететін ақаулары бар бұйымдарды шығаруды болдырмайтын дәнекерлеу қосқыштарының сапасын бағалау нормаларын қамтиды.

74. Дәнекерлеу қосқыштарында мынадай ақауларға жол берілмейді:

1) металл жігінде орналасқан, балқыма желісі мен негізгі металдың жік жанындағы аймағындағы барлық түрдегі және бағыттағы сызаттар, оның ішінде микроскопиялық зерттеу кезінде анықталатын микро сызаттар;

2) дәнекерлеу жігінің қимасы бойынша жер бетінде орналасқан саңылаулар (балқымаған жерлер);

3) жиектері бөлінбей орындалған бұрыштық және тавро дәнекерлеу қосқыштарының бастарындағы (түбіндегі) дәнекерленбеген жерлер;

4) тұтас тор түрінде орналасқан тесіктер;

5) кесіктер мен қалқымалар (ағындар);

6) қайнамаған кратерлер;

7) қуыстар;

8) металл жігіндегі қайнамаған күйіктер;

9) негізгі металдың күйіктері мен балқымалары (құбырлардың жапсарлас түйістіргіш дәнекерінде);

10) жиектердің сызбаларда көзделген нормалардан жоғары ығысуы.

75. Бұзбай бақылау кезінде дәнекерлеу қосқыштарында жол берілмейтін ақаулар анықталғанда барлық қосқыштар бақыланады. Бақылау кезінде анықталған дәнекерлеу жіктерінің ақаулы учаскелері механикалық тәсілмен шығарылады және қайта дәнекерленеді.

76. Механикалық сынақ металл құрылымдарының элементтерін дайындау шарттарына толықтай сәйкес келетін (дәл сол қосалқы материалдар, дәл сол дәнекерлеу режимі, дәл сол дәнекерлеу күйі) жағдайларда дәнекерленген бақылау үлгілерінде дәнекерлеу қосқыштарының төзімді және пластикалық сипаттарына сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізіледі.

77. Крандарды дайындау, жөндеу және қайта қалыптастыру кезінде механикалық сынақ мерзімді түрде құрылымдық құжаттамаға сәйкес жүргізіледі.

78. Дәнекерлеу қосқыштарының механикалық қасиеттерін бақылау үлгілерінде тексеру үлгілердің, дәнекерлеу жапсырмаларының керілуіне сынау арқылы бұйымның дәнекерлеу қосқыштарының түріне байланысты жүргізіледі.

Механикалық сынақ нәтижелері егер:

1) уақытша кедергі болаттың осы маркасы үшін белгіленген металдың уақытша кернеуінің төменгі шекті көрсеткіштерінен төмен болмаса;

2) көміртекті болаттардың иілгіш бұрышы кемінде 120°, элементтің қалыңдығы 20 мм болғанда қоспасы аз болаттар үшін кемінде 80°С, 20 мм артық болғанда кемінде 60° болса, қанағаттандырылған деп саналады.

79. Егер дәнекерлеу қосқыштарында кез келген бақылау түрінде осы Талаптармен және крандарды дайындауға, монтаждауға, қайта жасауға арналған құрылымдық құжаттамада белгіленген нормалардан тыс ішкі және сыртқы ақаулықтар анықталған болса, дәнекерлеу қосқыштарының сапасы қанағаттандырылмаған деп саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет