К. Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық



Дата08.09.2023
өлшемі33.54 Kb.
#476916
ммммм


К.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық
Колледжінің «Шетел тілінен бастауыш білім беру
мұғалімі”»мамандығының 2 курс студенті
Орынбасарова Нейлаға

МІНЕЗДЕМЕ


Орынбасарова Нейла №21 Жамбыл Жабаев орта мектебінде 2 «Ә» сыныбында 20.01.2020 – 01.03.2020 жж. аралығында «педагогикалық мамандыққа кіріспе тәжіибесі» бойынша байқау машығынан өтті .
Бірінші күннен бастап – ақ өз ісіне ұқыптылығымен, жауаптылығымен, тиянақтылығымен көрінді. Берілген жұмысты уақытылы және сапалы орындай білді. Мектепте, мектептен тыс болған іс – шараларға белсене қатысты, біліктілігін көрсетті. Мектептегі мұғалімдер ұжымымен жақсы қарым – қатынаста болды. Орынбасарова Нейла тәжірибе барысында мектепке үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Студент – практиканттың орындауға міндетті қызметтерді: мектептің ішкі – тәртіп ережелерін, қауіпсіздік техникасы мен санитарлық техника ережелерін қатаң сақтады.
Ұйымдастырушылық қабілеті бар, мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мектептің барлық мұғалім – қызметкерлерімен тез тіл табыс алды. Ең бастысы, табиғатынан педагог мамандығы бойына беріле отырып, өз мамандығын таңдауда қателеспегендігі. Методикасы мықты педагог біле білді. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзетуге тырысады. Сабақтарында тест тапсырмалары, топтық тапсырмалар, қызықты өткізе білуімен оқушыларды өзіне тарта білді. Өз сабағымен қатар, 2«ә» сыныбына жетекшілік жұмысты да атқарды. Әрбір тәрбие жұмыстары жаңашылдықпен өткізіліп, оқушылар құрметіне ие болды.
Машықкер Орынбасарова Нейланың машығын «5»деген бағамен бағалаймын.

Мектеп директоры: Заузабаев.Е.А.


Бастауыш оқу меңгерушісі: Сабирова.А.Е
Сынып жетекшісі: Габдулова.А.М

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет