Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет1/3
Дата07.08.2023
өлшемі0.57 Mb.
#475985
түріСабақ
  1   2   3
ҚМЖ курс


Сабақ тақырыбы:
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығы

Мұғалімнің аты-жөні: Таурбаев А.М

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу
мақсаты (мақсаттары)

6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Жоспарлан ған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде
жоспарланған жаттығулармен қатар,
ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут



Топқа бөлу. 2 минут
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
3 минут
«Қызыл гүлім-ай» би

1-топ «Сары кәмпиттер»
2-топ «Көк кәмпиттер»
3-топ «Қызыл кәмпиттер»




Ортасы 20 минут

Білу және түсіну 10 минут
Топтарға тапсырма:
(Мәтін бөліктерін тарату)
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарға бөлу
Зерттеу сұрағы: Көшпелілердің дәстүрлі шаруашылығының ерекшелігі неде?
Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі


Жалпыға арналған тапсырма:
Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.
1. Қазақ ауылы. Тұрғын үйлері.
2. Мал шаруашылығы. Мал емдеу тәсілдері.
3. Егіншілік кәсібі. Шөп шабу.
4. Аңшылық. Балық аулау кәсібі.
Аталмыш кезеңде қазақтар шағын елді мекендерде – ауылдарда тұрды.Көп малды бағу үшін олар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр еді. Әр ауылдағы шарушылық 5-20 отбасынан аспады. Әдетте ауыл ең жақын туыстардан құралды. Әр отбасындағы жан саны орта есеппен 5-7 адамнан келді.
Қазақтар жаз кезінде киіз үйлерде тұрды. Киіз үй кей жағдайларда кедей қазақтардың қысқы баспанасы болды. Неміс ғалымы Ф. Фон Щварц былай деп жазды: Қырғыз-қайсақтардың қысы-жазы бірдей тұра беретін бірден –бір баспанасы киіз үй болып табылады. Киіз үйдің ағаштан жасалатын бөліктерін арнаулы шеберлер – үйшілер, ал киізден жасалатын жабдықтарын киіз басатын әйелдер әзірлейтін.
Мал шаруашылығы. Қазақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болды. Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанды. Қазақтардың көші-қонының қашықтығы әр түрлі болып келеді. Жылқы тебіндеп жайылған соң ол жерлердегі ірі қара, түйе және уақ мал – қой, ешкі жіберілетін. Мал басы көшпелі қазақтардың ішіп-жем, тағаммен қамтамасыз етті.
Қазақтар үшін ең ауыр кез жұт жылдары болды. Кейде көктайғақ мұздардаң немесе шөп шаппай қалудың салдарынан бүкіл мал қырылып қалатын.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет