К. И. Сатпаев а кадемик ан казахской



Дата03.07.2016
өлшемі391.5 Kb.
#175756
Мектеп басшыларына!

11.01.2013жыл



С.Бәйішова атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында 2013 жылдың қаңтар айының 14 күні сағат 15-00 де «Өлке тарихының өзекті мәселелері» атты ғылыми тәжірибелік конференциясы және тарих ғылымдарының докторы, профессор,сенат депутаты, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Өмірзақ Озғанбай мен белгілі ғалым, өлкетанушы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Беркін Құрманбековтің қазақ халқының ардагер ұлы, Ресей мемлекеттік думасының депутаты Бақытжан Қаратаев туралы тұсаукесері өткізіледі.

Сіздерден, осы шараға тарих және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінен

(1 мұғалімнен), мектеп кітапханашылары міндетті түрде қатысуын қамтамасыз етулеріңіз сұралады.
А. Куржикова

АКТЮБИНСКИЙ ОБЛАСТНОЙ ПЛАНЕТАРИЙ
Заочный тур V – ой Астрономической олимпиады
В 2013 году, астрономическая олимпиада посвящена памяти

КАНЫША ИМАНТАЕВИЧА САТПАЕВА

(1899 – 1964)

К. И. Сатпаев - Академик АН Казахской ССР (1946), первый президент Академии наук Казахской ССР, доктор геолого-минералогических наук, профессор. Получил известность как выдающийся организатор науки Казахстана, а также ученый - геолог, один из основателей советской металлогенической науки. В 1926 году успешно закончил Томский технологический институт, получив квалификацию горного инженера. Научные исследования Каныша Сатпаева охватывают в основном такие отрасли, как геология, история и культура. Одной из самых примечательных заслуг Сатпаева в области геологии является то, что 1930-х открыл Улутау-Джезказганское меднорудное месторождение, на момент обнаружения считавшееся крупнейшим в мире по прогнозируемым запасам. К заслугам Сатпаева также относится то, что по его поручению и под его руководством в годы войны в Казахстане было открыто и разработано Джездинское месторождение марганцевых руд, позволившее стране продолжить выпуск броневой стали.

В 1935 году, исследуя Джезказганскую область, Каныш Сатпаев обнаружил камень с надписью, оставленный Тамерланом в 1391 году. В 1924 г. Каныш Сатпаев составил первый школьный учебник по алгебре для казахских школ. За свою жизнь Сатпаев написал свыше 640 научных работ. К заслугам К. Сатпаева относится также то, что он привёл в науку и воспитал ряд научных кадров, впоследствии ставших крупными учёными и существенно повлиявших на развитие казахстанской науки. Помимо научных исследований и воспитания научных кадров, К.Сатпаев получил известность как крупный организатор науки Казахстана. Его именем названы: институты, город и улицы, канал и ледник, минерал (сатбаевит )и малая планета №2402.
Правила проведения заочного тура V – ой Астрономической олимпиады
1. Основными целями проведения олимпиады являются повышение интереса школьников к астрономическим наукам и физике космоса и дальнейшее углубленное изучение предмета.

2. Для участия в олимпиаде приглашаются учащиеся 7-8-9 классов городских школ, проявляющие активный интерес к астрономическим знаниям.

3. Заочный тур олимпиады будет проходить с 10 января по 10 февраля 2013 г. Участникам заочного тура для решения предлагается несколько астрономических задач, разной сложности. Готовые ответы должны быть оформлены на листах белой бумаги (формат А 4) в печатном виде. Рисунки и схемы должны быть выполнены аккуратно, с помощью циркуля, линейки и карандаша. Отдельно на титульном листе, необходимо указать: Ф. И. О. участника, школа, класс, домашний телефон; Ф. И. О. учителя, подготовившего участника и контактный телефон.

(листы с ответами не подписывать, работа остается анонимной).

При оформлении следует придерживаться следующей последовательности: приводится текст задачи или вопроса, затем решение или ответ на вопрос.

4. Работы должны быть сданы самими участниками, которым жюри имеют право дополнительно задать тестированные вопросы.



5. Участники заочного тура, набравшие наибольшее количество баллов, участвуют далее в очном туре, которая пройдет в феврале 2013 г. (дата и время сообщается дополнительно).
Работы необходимо предоставить до 10 февраля 2013 г. в Областной планетарий по адресу:

г. Актобе, ул. Жанкожа батыра, 50 А.

Список участников от школ необходимо предоставить до 20 января 2013 г.

по факсу: 211- 322 или по вышеуказанному адресу.


АКТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ПЛАНЕТАРИЙІ
V Астрономиялық олимпиаданың сырттай туры
2013 жылы өтетін астрономиялық олимпиада

ҚАНЫШ ИМАНТАЙҰЛЫ СӘТБАЕВТЫҢ

құрметіне арналады

(1899- 1964)
Қ.И.Сәтбаев - Қазақ КСР академиясының Академигі(1946), Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, геолог-минералдық ғылымының докторы, профессор. Аса көрнекті қазақ геологі, қоғам қайраткері, қазақстандық металлогения мектебінің негізін қалаушы. 1926 жылы геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітірді. Кейін Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеалогиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да, мәдениет саласында да, тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр. Қазақ КСР Ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне белсене араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше.

1935 жылы Жезқазған облысын зерттей отырып, Қ.И.Сәтбаев 1391 жылы Тамерлан жазған жазуы бар тасты тапты. 1924 жылы Қаныш Сәтбаев қазақ мектептеріне арналған алғашқы алгебра кітабын шығарды. Сәтбаев өз өмірінде 640-тан астам ғылыми жұмыстар жазған. Қаныш Сәтбаевтың бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбегінің нәтижесінде көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді. Қазақстан жас ғалымдарының зор ақылшысы, тәрбиешісі болды. Оның есімі институттар мен кен-металлургия комбинаттарына, Қазақстан қалаларының көшелеріне, мектептер мен шаруашылық аттарына берілген. Сондай-ақ, Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады. Оның атымен аталған бірнеше мұражайлар және №2402 кіші ғаламшар да бар.

V- ші астрономиялық олимпиаданың сырттай турының өткізілу ережесі


  1. Олимпиаданы өткізудің негізгі мақсаты – оқушылардың астрономиялық білімге деген қызығушылығын арттыру және де осы пәнді тереңірек меңгеруге үйрету.

  2. Олимпиадаға астрономиялық білімді үйренуге белсенділігі мол, қызығушылығы бар қала мектептерінен 7-8-9 сынып оқушылары қатыса алады.

  3. Олимпиаданың сырттай туры 10.01-10.02.2013 ж. аралығында өтеді. Сыртай турға қатысушыларға күрделілігі әртүрлі бірнеше астрономиялық есептер беріледі. Дайын жауаптар ақ бет қағазға (формат А4) терілген түрде тапсырылады. Суреттер мен схемалар циркульдің, сызығыш пен қарандаштың көмегімен мұқият орындалуы қажет. Жеке ақ бет қағазға қатысушының аты-жөні, мектебі, сыныбы, үй телефоны, қатысушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні мен байланыс телефоны міндетті түрде көрсетілуі керек, (жауап парағына қатысушының аты-жөні жазылмауы керек, тапсырма жасырын).

Толтыру кезінде мыналарды еске сақтау керек:

Алдымен есептің немесе сұрақтың мәтіні, содан кейін есептің шешуі немесе сұрақтың жауабы жазылады.



  1. Қатысушылар, жұмыстарын өз қолдарымен тапсыруы қажет, өйткені әділ-қазылар мүшелері қосымша тест сұрақтарын қоюға құқылы.

  2. Жоғарғы ұпай алған, сырттай турға қатысушы 2013 жылдың ақпанында өтетін екінші турға қатыса алады (күні мен сағаты қосымша хабарланады).


Жұмыстарды 2013 жылдың 10-шы ақпанына дейін тапсыру керек.

Мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 50А.

Мектептерден қатысушылардың тізімін 2013 жылдың 20-шы қаңтарына дейін тапсыру керек. Факс: 211-322 немесе жоғарыда көрсетілген мекен-жайға.
Задания заочного тура V-ой Астрономической олимпиады 2013 г.
7 класс
1. Что притягивает Луну сильнее — Земля или Солнце?

2. Почему нам «позволено» любоваться только одной стороной Луны? Почему

именно этим боком, а не другим?



3. Сколько звёзд имеют собственные наименования? Сколько Вы можете назвать?

4. Перечислите галактики, которые видны на небе невооружённым глазом.

5. Внимательно изучите рисунок и ответьте на следующие вопросы:




1. Какие звёзды и созвездия вы сможете

отыскать на данной фотографии?

2. Как получают подобные изображения?

3. В каком месте сделан этот снимок?

4. Какова высота полюса мира в данной

местности?


8 класс
1. Где горы выше — на Земле, Венере, Марсе или на Луне? С чем это связано?

2. Могут ли звезды не мерцать? Могут ли планеты мерцать?

3. Как известно, Земля вращается вокруг Солнца. А стоит ли Солнце на одном месте?

4. С Земли невооруженным глазом мы можем увидеть далеко не все тела Солнечной

системы. Как вы считаете, находясь в каком месте Солнечной системы, можно

увидеть наибольшее количество объектов Солнечной системы? Свой ответ

обоснуйте.



5. Пролетая мимо Плутона, космонавт решил немного прогуляться в открытом космосе и

заодно почитать вечернюю газету. Сможет ли он это сделать? Свой ответ обоснуйте.


9 класс
1. Может ли Луна на небе двигаться в обратную сторону? Как это будет выглядеть?

2. Какова максимально возможная на Земле скорость ветра?

А на других планетах (Марс, Венера, Юпитер)? Свой ответ обоснуйте.



3. В 1987 году зарегистрирована вспышка сверхновой звезды в Большом

Магеллановом Облаке. Сколько лет назад произошел этот взрыв, если расстояние

до Большого Магелланова Облака составляет 55 кпк (килопарсек)?

Каковы особенности этой сверхновой?



4. Атмосферное давление на Марсе примерно в 160 раз меньше атмосферного давления на Земле. Считая, что средняя плотность Земли равна 5,5 ∙10 -3 кг/м3 , а средняя плотность Марса равна 4∙10 -3 кг/м3, диаметр Марса вдвое меньше диаметра Земли, определите во сколько раз масса земной атмосферы больше массы марсианской атмосферы.

5. Почему считается, что Вселенная расширяется?

V-ші астрономиялық олимпиаданың сырттай турының тапсырмалары.
7 класс


  1. Айды өзіне күшті тартатын Жер ме, әлде Күн бе?

  2. Не себепті біздерге Айдың бір бетін көруге «бұйырған»? Не себепті осы бүйірін көреміз, екінші бүйірін көрмейміз?

  3. Қанша жұлдыздарға атаулары берілген? Сіз қаншасын атай аласыз?

  4. Жай көзбен аспан күмбезінен көрінетін галактикаларды атаңыз.

  5. Төмендегі суретке мұқият қарап келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Бұл суреттен Сіз қандай жұлдыздар мен

шоқжұлдыздарды тауып атай аласыз?

2. Мұндай кескінді қалай алған?

3. Бұл сурет Жер шарының қай жерінде түсірілген?

4. Осы Жер бетіндегі дүние полюсінің биіктігі

қандай?


8 класс


  1. Мына аспан денелерінің қайсысында таулар биік: Жерде, Шолпанда, Марста немесе Айда? Таудың биіктігі неге тәуелді?

  2. Жұлдыздардың жыпылықтамауы мүмкін бе? Ғаламшарлар жыпылықтай ала ма?

  3. Жер Күнді айналатыны белгілі. Ал Күн бір орында тұрады ма?

  4. Жерден біз жай көзбен Күн жүйесінің барлық денелерін көре алмаймыз. Сіз қалай ойлайсыз Күн жүйесінің қай орнында тұрып Күн жүйесіндегі денелерді көбірек көре аламыз? Жауабыңызды негіздеңіз.

  5. Плутон маңынан ұшып бара жатқан ғарышкер ашық ғаламда кешкі газетті оқып, қыдырғысы келді. Ол осыны жасай алады ма? Жауабыңызды негіздеңіз.


9 класс



  1. Аспанда Ай кейін қарай қозғала алады ма? Бұл қалай байқалады?

  2. Жер бетіндегі мүмкін болатын ең максимал желдің жылдамдығы қандай? Ал басқа (Марс, Шолпан, Юпитер) ғаламшарларда қандай? Жауабыңызды негіздеңіз.

  3. 1987 жылы Үлкен Магелан Бұлтында аса жаңа жұлдыздың жарқ етеуі тіркелді. Егер Үлкен Магелан Бұлтына дейін арақашықтық 55 кпк (килопарсек) болса, бұл жарқ ету неше жыл бұрын болған? Бұл аса жаңа жұлдыздың ерекшелігі қандай?

  4. Марстағы атмосфералық қысым Жердегіге қарағанда шамамен 160 есе кіші. Жердің орташа тығыздығы 5,5∙10 -3 кг/м3 деп есептесек, ал Марстың орташа тығыздығы 4∙10 -3 кг/м3, Марстың диаметрі Жердің диаметрінен екі есе кіші екенін біліп, жер атмосферасының массасы марстың атмосферасынан неше есе үлкен екенін анықтаңыздар.

  5. Неліктен Әлем кеңейеді деп есептелінеді?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет