«кадастр» кафедрасы



Дата24.04.2023
өлшемі92.8 Kb.
#472652
Жақып Н.Р. практикалық жұмыс 1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ДИЗАЙН ФАКУЛЬТЕТІ


«КАДАСТР» КАФЕДРАСЫ


Орындаған: Жақып Н.Р.
Тексерген: Казбеков.Г.К.
Астана, 2023 жыл
Бұл практикалық жұмыс жасау барысында біз жерге орналастыру жобасын жасауды және өз кезегінде қандай құжаттардан құралатынын қарастырған болатынбыз.Ең алдымен жерге орналастыру жобасы деген не және қандай жағдайларда қолданылатыны жайлы айтып өткен жөн деп есептеймін.


Жерге орналастыру жобасы – жер учаскесінің схемасы (жоспары), жер учаскесінің алаңы, оның шекаралары мен орналасқан жері туралы мәліметтер, жер учаскелерінің аралас меншік иелері мен жер пайдаланушылары туралы және жер учаскелеріне шектеулер, ауыртпалықтар мен сервитуттар туралы мәліметтер деп білеміз


Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру кезінде жерге орналастыру жобасын әзірлеу жер учаскесін ретке келтіруге мүдделі тұлғаның (бұдан әрі – тапсырыс беруші) өтініші негізінде, және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат болған жағдайда орындалады.
Қолданыстағы жер учаскелерін ретке келтіру бойынша жерге орналастыру жобаларын әзірлеу:
1) жер учаскесін бөлу;
2) жер учаскелерін біріктіру (қосу);
3) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою;
4) жер учаскесінің (шекараның) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерту;
5) желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жер беті, жер үсті және жер асты құбырлары, әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жер беті құрылысжайлары алып жатқан жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын өзгерту кезінде жүзеге асырылады.
Келесі кезекте біз жерге орналасытру жобасын жасау тәртібіне тоқталатын боламыз.
Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау тәртібі заңға сүйенетін болсақ мынадай бірізділікпен жүзеге асырылады:
1) дайындық жұмыстары (камералды және танаптық);
3) жерге орналастыру жобасын жасау;
3) жерге орналастыру жобасын қарау және келісу;
4) жерге орналастыру жобасын бекіту.

Жерге орналастыру жобасын жасау және мазмұны


11. Жерге орналастыру жобасы екі бөліктен қалыптасады: мәтіндік және техникалық.
12. Жерге орналастыру жобасының мәтіндік бөлігі қамтиды:
1) нысан бойынша титул парағын;
2) нысан бойынша жерге орналастыру жобасының тізімдемесін;
3) нысан бойынша тапсырыс берушіден қабылданған құжаттар тізбесін;
4) нысан бойынша жерге орналастыру жобасын әзірлеуге арналған өтінішті;
5) жеке тұлғалар үшін: жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама.
Тапсырыс беруші уәкілетті өкіл арқылы жүгінген кезде:
заңды тұлғалар үшін: өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесін;
жеке тұлғалар үшін: сенімхаттың нотариалды куәландырылған көшірмесін қамтиды;


Жерге орналастыру жобасының техникалық бөлігі мыналарды қамтиды:
1) нысан бойынша жерге орналастыру жобасына түсіндірме жазбаны;
2) нысан бойынша жер учаскесін танаптық зерттеп-қарау актіні;
3) нысан бойынша теодолиттік жүрістерді қиыстыру ведомосін (теодолитті пайдаланған кезде);
4) нысан бойынша өлшемдер журналын (теодолитті пайдаланған кезде);
5) нысан бойынша абристы (теодолитті пайдаланған кезде);
6) нысан бойынша елді мекендер (қалалар, кенттер мен ауылдық елді мекендер) шегінде орналасқан жер учаскесін жобалау кезінде жер учаскесінің схемасын (жоспарды) (бұдан әрі – жер учаскесінің схемасы (жоспары));
7) нысан бойынша елді мекендер шегінен тыс жерде орналасқан жер учаскесін жобалау кезінде жер учаскесінің схемасын (жоспарды) (бұдан әрі – жер учаскенің схемасы (жоспары));
8) нысан бойынша желілік объектілері, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жер беті, жер үсті және жер асты құбырлары, әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жер беті құрылысжайлары алып жатқан жер учаскесінің схемасын (жоспарды) (бұдан әрі – жер учаскесінің схемасы (жоспары));
9) еркін нысанда жер учаскесін бөлу, біріктіру (қосу) схемасын.
Жер учаскесін бөлу кезінде жерге орналастыру жобасы жаңадан құрылған әрбір жер учаскесіне жасалады.
Жер учаскесінің схемасын (жоспарын) қарындашпен жазуға, түзетуге, тазалауға, қосып жазуға, дұрыстауға жол берілмейді.
10) нысан бойынша жерге орналастыру процесіне қатысушылардың жер учаскесін келісу схемасын (жоспарды) (бұдан әрі – келісу схемасы (жоспары)).

Қорытындылай келе , Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобасын жасау қағидаларын бекіту туралы заңнамасына сәйкес жасалған практикалық жұмыстың , яғни жерге орналастыру жобасының жасалу процесін толықтай меңгердік деп ойлаймын

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет