Бағдарламасы әзірлеуге негіздеме: 2002-2010 жылдарға арналған Республикалық салалық



Дата17.06.2016
өлшемі214.59 Kb.
#142380

МАЗМҰНЫ




Бағдарламаның паспорты....................................................................................2

Кіріспе...................................................................................................................3

Салалардың қазіргі жай-күйін талдау................................................................3

Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері..........................................…..8

Бағдарламаның негізгі бағыттары және оны жүзеге асыру тетігі................…9

Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері................................12

Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже...........................................12

Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі шаралардың жоспары.......................14


Ауыл тұрғындарын ауыз суымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың негізгі көрсеткіштері...........................................................................................17

Қала тұрғындарын ауыз суымен қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың негізгі көрсеткіштері...........................................................................................18



2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасының

ПАСПОРТЫ




Аталуы:

2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы


әзірлеуге негіздеме:

2002-2010 жылдарға арналған Республикалық салалық «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру

Стратегиялық мақсат:

Тұрғындарды қажетті көлемде және кепілді сапалы ауыз сумуен қамтамасыз ету

Міндеттері:

Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін анықтау және әзірлеу.



Негізгі бағыттары және оны жүзеге асыру тетігі:

Пайдалантын судың сапасын жақсарту, жұмыс істеп тұрған сумен қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану жағдайын жақсарту үшін оларды қалпына келтіру және жетілдіру.



Қаржыландыру көздері:

Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты, су құбырларын пайдаланатын ұйымдардың қаржысы, бюджеттен тыс қаржы көздері

Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже:

Жұмыс істеп тұрған су жүйелерін қалпына келтіру және су ресурстарын басқару жүйелерін жетілдіру

Бағдарламаны іске асыру мерзімдері:

2002-2010 жылдар


Кіріспе


Осы бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 23 қантарда № 93 қаулысымен бекітілген «Ауыз су» салалық бағдарламасына сәйкес әзірленген.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету су көздерінің ластануына, санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына, сумен қамтамасыз ету жүйелерінің қанағаттанғысыз техникалық жағдайына байланысты өзекті міндеттерінің бірі болып табылады.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы «Қазахстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөніндегі бірінші кезектегі шаралар туралы» №3956 Жарлығын орындауға бағытталған.

Бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі бойынша ұзақ мерзімдіге жатады.




  1. Алматы облысындағы су ресурстарын заман талабына сай пайдалану жағдайын талдау

1999 жылғы 1 қантардағы халық санағына сәйкес облыста 1 558 534 адам, оның ішінде 451,5 мың адам қалалар мен кенттерде, 1108,0мың адам ауылды мекендерде тұрады.

Облыстың 836 елді-мекендерінің 373-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесімен қамтылған.

450 елді мекен тұрғындары суды жергілікті қайнарлардан, құдықтардан, құбырлық құдықтардан және 13 елді мекендер тасып әкелінген суды (бұлар разъездер мен алыс кенттер) пайдаланады.

Орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесімен қамтылған 373 елді мекендердің ішінде тек 19 қалалар мен аудандық орталықтарда «Водоканал» мамандандырылған коммуналдық кәсіпорындары бар.

Қалған елді мекендерді жойылған ауыл шаруашылық кәсіпорындардың (колхоз, совхоз) базасында құрылған шаруашылық субъектілері ауылдық жердегі ауыз сумен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

Ауылды, кенттерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесі қамту локалды су құбырларын салу арқылы шешілетін, және де оларды бәрін қалпында ұстау үшін мемлекеттік дотация пайдаланатын.

Көптеген су құбырлары 20-25 жыл бұрын пайдалануға берілген немесе қүрделі жөндеуден өткен. Көптеген су құбырларының және олардың бөлек жүйелерінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен, яғни апаттар саны өскен. Жоғары апатқа ұшырау қауіпінің жоғарылығы екінші рет ластануға, суды беруде ұзақ іркілістерге, кейбір жағдайларда 30 және жоғары пайызға жететін жүйедегі үлкен судың ағылуына әкеледі, бұл өз кезегінде электқуатының шығындалуына, яғни 1м3 судың өзіндік құнының өсуіне әкеп соқтырады. Нәтижесінде көптеген сумен қамтамасыз ету жүйелелері пайдалануға жарамсыз жағдайға келіп, тұрғындар орталықтандырылған су жүйесісіз қалды.

1991 жылы облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі аталған себептер салдарынан, сондай-ақ соңғы он жылдарда инвестициялық қолдаудың жоқтығынан, сумен қамтамасыз ету жүйелерді пайдалану күрт төмендеді.

Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудің орташа көрсеткіштерінің жылдық төмендеуі 3-5% жетеді.

Облыстағы көптеген жұмыс істеп тұрған су құбырлары ұзақ мерзімдер пайдалануына және суды тазалау технологиясының ескіруіне байланысты санитарлық талаптарға сай келмейді, нормативті сапалы су беруді қамтамасыз етпейді.

1999 жылы облыс бойынша әрбір тұрғынға шаққандағы шаруашылық-ауыз су қажеттіліктеріне суды тұтынудың нақты үлесі республикалық көрсеткішіне орташа 167л/тәул қарсы 206л/тәул құрады. Ауыл тұрғынының су тұтынуы 70-75л/тәул. құрады, республикалық орташа көрсеткіш 68л/тәул.

Облыс бойынша тұрғындардың орташа сумен қамтылуы (нормативтіден %) 92% құрады, орташа республикалық 85%. Ауылдарда 84%, орташа республикалық 71% қарсы.

Түрлі себептер салдарынан тұрғындарға берілген әрбір 1м3 су жекелеген аумақтарда 61 теңгеге жеткен, аудандар мен қалалар арасында ол 7 ден 61 тенге аралығында құбылады.

Жекелеген аудандарда жіберілетін 1м3 судың нақтылы өзіндік құны 90 теңгеден асады.

Ортылықтандырылған және де орталықсыздандырылған қайнарлардан тұрғындардың ішу мақсатында пайдаланатын судың сапасы санитарлық ережелер мен нормаларға ГОСТ стандарт талаптарына («Ауыз су») жауап бермейді.

Алматы облысының шеңберінде 52 жер асты суларының көздері зерттелінген, оның ішінде 44 тұщы су қайнарлары және 8 минералды су қайнарлары.

2002ж 1 қаңтарға қарағанда қалпына сай А+В+С12 категориялары бойынша жалпы пайдалану қорлары 16,4 млн.м3/тәул. (16362,5 мың.м3/тәул.) құрады.

Облыста жер асты суларын 0,8 млн.м3/тәул. (795,5 мың м3/тәул.) өндіретін 259 ірі және орта су пайдаланушылары табылған, ол бекітілген пайдалану қорларының 4,9% құрайды. 1999 жылдан 2002 жылға дейінгі өндіру көлемі 0,09млн.м3/тәул. төмендеген, бірак су тұтынушыларының саны өзгермеген. Алматы облысы бойынша анықталған су пайдаланушыларының тек 76-да ғана рұқсат құжаттары бар, бұл жалпы көлемінің 26% құрайды. Сонымен қатар, бұл су пайдаланушылар су өндірудің жалпы көлемінің 76% құрайды. Бұл бірінші кезекте ірі су пайдаланушылардың суды шығару құқын алуларымен түсіндіріледі.

Жер асты тұщы су көздерінің ең үлкен ауыртпалығын Алматы, Талғар және Талдықорған қайнарлары көтереді, олардың негізгі пайдаланушы ұйымдары Алматы қаласының «Водоканал» МКК және Талдықорған қаласының «Водоканал» МКК болып табылады.

Облыс тұрғындарын 1991 жылы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі көрсетілген себептерге, сондай-ақ соңғы он жылда инвестициялық қолдаудың жоқтығынан су құбырлары жүйелерін пайдалану күрт төмендеді.

Шығарылатын су көлемінің төмендеуі, су тұтынушыларының жер беті суларын пайдалануға көшуі, сонымен бірге суға тарифтің көтерілуіне байланысты бұқаралық су өлшеуіштерін орнату салдарынан электрқуатына бағаның өсуімен анықталады. Бұрынғы ұсақ су пайдаланушыларының көпшілігі ластанған жер беті суларын пайдалануға көшті, бұл жұқпалы аурулардың өсуіне әкеп соқтырды. Ауыл шаруашылығы саласындағы қиын жағдай суландыруға қолданатын тұщы суларының көздеріндегі жоғары қуатты скважиналардың иесіз қалуына әкеп соқтырды. Осындай пайдаланусыз қалған скважиналарды жоғалтулар көлемі 253,6 мың м3/тәул. құрайды.

Тұтынатын су көлемінің төмендеу процессі Республикадағы жалпы экономикалық жағдайға байланысты, және бұл болжау бойынша 2005 жылға дейін жалғасады. Содан кейін пайдалануға жаңа кәсіпорындарды ендіру көлеміне байланысты суды пайдаланудың өсуі байқалады. Сөйтіп 2004 жылы өндіру көлемі 744 мың м3/тәул. дейін төмендейді, 2005 жылы 724 мың м3/тәул. құрайды, ал 2010 жылдан бастап 2030 жылдар аралығында 963 мың м3/тәул. дейін өседі.

Минералды сулар бойынша суды тарту 1999 жылдан бастап 2001 жылға дейін орнықты және бекітілген запастар көлемінің 13% аспайды.

Қазіргі уақытта жер асты суларын пайдалануының өсуінен қиын жағдай туындап отыр. Алматы облысының 9 су кен орындарының пайдалану мерзімдері аяқталған: Қапшагай, Талғар, Есік, Қаскелен, Үштөбе, Сарыөзек қалаларын сумен жабдықтауға пайдаланатын Есік, Николаевка, Қаскелен, Кеген, Шығыс-Талгар, Үштөбе, Ұзынбулак, Сарыөзек, Шұбар жер асты сулары. 2004 жылға дейін Алматы қаласын сумен жабдықтауға пайдаланылатын Талар, Ұзынағаш, Нарынкөл су кен орындарының пайдалану мерзімі аяқталады. 2014 жылға дейін Алматы, Боралдай, Горный, Гигант, Ақсенгір, Шелек су кен орындарының пайдалану мерзімі аяқталады. Егер шаралар қолданбаса 2018 жылы Алматы облысының территориясында бірде бір сапасы бар ауыз су, жер асты суларының бекітілген запастарының су кен орыны қалмайды. Негізгі су пайдаланушылар мемлекеттік меншік нысанындағы водоканал кәсіпорындары болғандықтан жер асты суларының кен орындарын өз күштерімен қайта бағалаудан өткізу тарифінің өсуіне әкеледі және тұрғындардың әлеуметтік жағдайының күрт төмендеуіне соқтырады. әуелі қазіргі суға тарифтерде мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар су жүйелерін ауыстыра және жөндей алмайды, ол тасымалдауда жалпы су алымының 30% жететін жоғалтулар көлемімен айқындалады.

Облыс жұқпалы ішек аурулары бойынша эпидемиологиялық қиын жағдайда. Ауырған келетін 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы жалпы санының 59% жоғары болып қалуда. 14 жасқа дейінгі балалардың «А» вирус гепатит ауруы облыстық денгейде Балқаш ауданында 4 есе, Ұйгыр ауданында 2 есе, Жамбыл ауданында 1,6 есе, Райымбек ауданында және Талдықорған, Текелі қалаларында 1,2-1,4 есе асады. өткен жылмен салыстырғанда ересек аурулардың үлес салмағы өскенін (30дан 41% дейін) және балалар пайызының төмендегенін (70%-дан 59% дейін) атап өткен жөн. Су арқылы инфекцияларды жұқтырудың белсенділік жанама белгісі болып табылатын бұл процесс Балқаш, Иле, Райымбек, Саркан аудандарынан басқа облыстың барлық территориясында байқалады. Жұқтырудың белгіленген жолдарының ішінде су арқылы – 19,1%, тағамдық – 14,2%, тұрмыстық-контактілік – 66,6% тиесілі. Су арқылы жұқтырудың 7 аудандарда: Балқаш ауданында (2002жылы бекітілген жұқтыру жолдарының жалпы санының – 16,7%), Жамбыл ауданында (2001 ж.– 73%, 2002ж. – 58,3%), Талғар ауданында (2001ж.-56.5; 2002-53,3%), Сарқан (2001ж.- 50%, 2002ж. –40%), Ұйғыр (2001ж. – 25%, 2002ж. – 23,4%), Еңбекшіқазақ (2001ж. – 9%, 2002ж. – 10%) және Қапшағай (2001ж. – 32,5%, 2002ж. – 18,2%) құрады. Су арқылы жұқтырудың жолы жылдан жылға анықталуда. Ашық суларды коли-фагиге зерттегенде Балқаш ауданында 15%, жағымды пробалар, 2,5% Ұйғыр ауданында, 2,2% Талғар ауданында және Сарқан ауданында 1,7% анықталған. Су арқылы жұқтырудың су жолы белгіленген Талғар ауданының Тұздыбастау, Бесағаш, Қызыл-Қайрат, Нұра, Арқабай ауылдарында, Ұйғыр ауданындағы Чұнжа, Долайты, Шарын, Жамбыл ауданының барлық ауылдарында аурудың кепілденбеген сапалысыз суды пайдаланумен байланыстырады. Инфекция ошақтарын лабораториялық зерттеуде 10,3% Жамбыл ауданында, 3,2 Талғар ауданында тексеру барысы растады.

Вирустық гепатитпен ауруды талдау және облыстағы эпидемиялық процесінің өсу мәліметтері бойынша инфекция тарату фактры болып табылатын суды активтік түрде пайдалануға беріліп келе жатқанын көрсетеді. Сумен қамтамасыз ету жөніндегі жаман жағдайдағы елді мекендерде эпидемиологиялық процесс судан басталып, бір-бірімен байланысы арқылы тарайды.

Бүгінгі күнге облыс бойынша су құбырларының жағдайы өзекті мәселе болып қалуда, бір қатар мәселелер шешімін таппауда. Жыл сайын істеп тұрған су құбырларының саны қысқаруда. Егерде 2001 жылдын аяғына есепте 393 су құбыры тұрса, ағымдағы жылдың қазіргі уақытына 373 қалды, қалғандары жарамсыздыққа келді. Істен шыққан су құбырларының саны ұлғаюда, бүгінгі күнге олар 356, ең үлкен сан Алакөл ауданына – 21, Көксу ауданына – 18, Сарқан – 18, Райымбек – 6 тиесілі. 37 су құбыры иесіз болып табылады, соның салдарынан тұрғындар шахталық, құдықтық әуелі кездейсоқ су көздерінен суды пайдалануға мәжбүр болады.

Сумен жабдықтаудың ашық қоймалары болып табылатын 39 су құбырынан, тек 32-де тазартқыш қондырғылары бар, олардың 10 Райымбек, Талғар, Қарасай және Жамбыл аудандарында істемей тұр. Зарарсыздандыру қондырғылары тек 19 су құбырларында бар, нәтижесінде тұрғындар суды алдын ала тазалаусыз және дизинфекциясыз пайдалануға мәжбүр.

Ағымдағы жылдың 8 айында микробиологиялық көрсеткіштерге 6133 орталықтындырылған сумен жабдықтау сулары сынауға алынып зерттелінген, олардың ішінде 154 пробалар нормативті талаптарға сәйкес келмейді, бұл 2,5% құрайды. Жекелеген аудандарда стандартты емес сынамалар пайызы берілген көрсеткіштен асады: Ақсу ауданында стандартты емес сынамалар Жансүгіров кенті есебінен 4,4 пайыз құрайды, бұл жерде су құбырлары мен жүйелері жұмыстары мүлдем қазіргі уақыт талаптарына сай келмейтін екі шаруашылық субъектінің құзырында (қант зауыты және водоканал) болып отыр. Тазарту қоңдырғылары жоқ, хлораторлық қоңдырғылар ұзақ уақыт бойы істемейді. Ұқсас жағдай стандартты емес сынамалар пайызы 6,4-ке жеткен, Саркан ауданында да байқалады, су сапасының төмендеуі тек қайнар да ғана емес, сонымен бірге тарату жүйесінде де байқалады. Сумен жабдықтаудың күрт жағымсыз жағдай осы ауданның Лепсі аумағында байқалады. Қолда бар 4 су құбырларының біреуі де жұмыс істемейді, сондықтан халықтың бір бөлігі кездейсоқ ашық су көздерін пайдалануға мәжбүр, ал халыққа суды жеткізу ұйымдастырылмаған. Стандартты емес сынамалар орташа облыстық көрсеткіштен Жамбыл ауданында да асады және 4,3% құрайды.

Балқаш ауданында, 14 жастағы балалар арасында вирустық гепатитпен ауру 4 есе асып түседі, 13 су құбырының 1 ғана жұмыс істейді, қалғаны жарамсыз жағдайда, өйткені жүйелер және қондырғылар коррозияға ұшыраған, тазарту қондырғылары, тереңдік насостар бұзылған, электр қуатын өткізу желілері жоқ.

Қапшағай қаласының Заречный ауылы іш сүзегімен ауруы бойынша қолайсыз болып табылады, зарарсыздандару қондырғылары 1995 ж. бері жұмыс істемейді, тарату жүйелері апаттық жағдайда; Қарабұлак кентінде және Ақ-өзектегі скважиналарының қатал тәртіпті зонасы жоқ, су құдықтары мен жүйелелері қанағаттанарлықсыз жағдайда; Арна және Шенгелді кенттерінде су жүйелері 3-5 жылдан бері пайдаланылмайды.

Стандартты емес сынамаларының жоғары пайызы Көксу ауданында (6,7%) және Ақсу ауданында (4,4%) байқалады.

Орталықсыздандырылған қайнарлардан 1015 су сынамалары зерттелініп, олардың 44 нормативті талаптарға сәйкес келмейтіндігі (4,3%) анықталған.

Қалыптасқан ахуал су қайнарларының үдемелі ластануының, су құбырларының құрылыстары мен тарату жүйелерінің санитарлық-техникалық жағдайының нашарлануының, бірқатар су құбырларында қажетті тазарту құрылыстарының кешені мен зарарсыздандыру қондырғыларының болмауының, коммуналдық шаруашылық ұйымдарының материалды-техникалық базасының әлсіздігінің заңды салдары болып табылады.

Халықтың ауыз суды пайдалану мұқтаждығы тұтынатын судың сапасының және қолайлылығының төмендеуіне төмендегі факторлар әсер етеді:


  • су көздерінің, әсіресе жер үсті суларының өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық-тұрмыстық шайынды сулармен жалпы техногенді ластануы;

  • су құбырларының және кәріз желілері мен құрылыстарының суды тиісінше дайындауды әрі шайынды суларды тазалауды қамтамасыз етпейтіндей тозуы;

  • ауыз су үшін төлем жөніндегі баға саясатының, тарифтер тетігінің жетілдірілмеуі, коммуналдық-тұрмыстық секторды және ауыл шаруашылығын сумен жабдықтауды басқарудағы және пайдаланудағы кемшіліктер;

  • халықтың төлем қабілетінің және сапалы ауыз суға қолайлығының төмендігі;

  • сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуға, қазіргі жүйелерді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына мемлекеттік инвестициялырдың жеткіліксіздігі;

  • шаруашылық – ауыз сумен жабдықтау үшін арнайы барланған жер асты сулары көздерін пайдаланудың жеткіліксіздігі;

Халық тұтынатын ауыз судың сапасын және қолайлылығын қамтамасыз етумен байланысты қалыптасқан ахуал себептерін жою жөнінде мақсатты бағытталған шаралар қабылдамау мынадай жағымсыз салдарға алып келеді:

  • облыс тұрғындары денсаулығының нашарлауы;

  • аудандарда медициналық-экологиялық ортаның нашарлауына байланысты халықтың бей-берекет көшіп-қонуы;

  • коммуналдық сектор кәсіпорындарында ескірген өндірістік қорлар көлемінің өсуі;

  • пайдалану шығындарының өсуімен қатар коммуналдық қызметтерді ұсыну сапасының және іркіліссіздігінің төмендеуі;

  • жер асты сулары көздері мен ашық су қоймаларын ауыз суға пайдалану мәнінің жоғалуы;

  • суды тазалау және суды дайындауға кететін шығындардың артуы.


II. Бағдарламаның мақсаты мен негізгі міндеттері

Бағдарламаның мақсаты – халықты қажетті мөлшерде және кепілді сапалы сумен тұрақты қамтамасыз ету.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

- халықты қажетті мөлшерде және кепілді сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін айқындау және әзірлеу, сондай-ақ оларды іске асыру жөніндегі басымдықтарды анықтау.

- бағдарламаны іске асыру үшін инвестицияларды қажетті көлемі мен қаржыландыру қөздерін анықтау.

Тұрғындарды ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету төмендегі принциптер негізінде жүзеге асырылуы тиіс:

1) облыстағы барлық тұрғындарды теңдей қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру үшін мемлекет жауапты болуға тиіс;

2) суды экономикалық, элеуметтік және экологиялық құндылығы бар шектеулі табиғи ресурс ретінде қараудың қажеттілігі;

3) жер асты су көздерін пайдалануды күшейту Бағдарламаның негізгі басымдылықтарының бірі болып табылады және мыналарды көздейді:

жер асты суларының болжамды ресурстарын бағалау;

барланған жер асты су көздері мен су жинауыштарды түгендеу;

жаңа жер асты су көздерін анықтау үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу;

жұмыс істеп тұрған су алғыштарды кеңейту және қайта ұйымдастыру;

жер асты су көздерінің санитарлық ахуалын сауықтыру;

жер асты су көздерін сарқылудан және ластанудан қорғауды жүзеге асыру;

4) су шығару және жеткізу құралдарын шаруашылық жүргізуші түрлі субъектілердің меншігі болуы мүмкін;

5) суды тұтыну коммерциялық принциптерге негізделуі тиіс, суды пайдаланудың ақылы болуы суды ұтымды пайдалануға қол жеткізуге, сақтауға және кәсіпкерлік қызметке ынталандыруы тиіс;

6) менщік нысандарының сан алуандығы жағдайында инвестициялық процесті кейіннен орталықсыздандыра отырып, ауыртпалық орталығы қайтарымсыз бюджеттік қаржыландырудан қайтарымды негізде несиелеуге бірте-бірте көшіру;

7) барлық су тұтынушының су заңнамасы талаптарын сақтауы.



III. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен жүзеге асыру тетігі

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі проблемаларды шешудің негізгі бағыттар болып төмендегілер табылады:



  • қолданылып жүрген сумен қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану жағдайын қолдау үшін қалпына келтіру және жетілдіру;

  • сумен қамтамасыз етудің жаңа көздерін игеру және балама көздері мен нұсқаларын дамыту;

  • тұтынатын су сапасын жақсарту;

  • ауыз суды ұтымды пайдалану;

  • су объектілерінінің экологиялық жағдайын жақсарту;

  • тұрғындардың ауыз суды ұтымды пайдалану проблемаларын түсінуіне септігін тигізетін ақпараттық орта жасау,

  • сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметін басқаруды, үйлестіруді жетілдіру әрі оның тиімділігін арттыру.

Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары 1-қосымшада келтірілген.

1. Қолданылып жүрген сумен қамтамасыз ету жүйелерін пайдалану жағдайын қолдау үшін оларды жетілдіру және қалпына келтіру.

Бұл бағыт су жинауыш және су құбырлары жүйелер мен құрылыстарын жөндеу, қалпында ұстау, су алғыш құбырларды қалпына келтіру, төтенше жағдайларда резервтік сумен жабдықтауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыруды қамтиды.

Бағдарламаның осы бағытын дамыту үшін аз шығын жұмсай отырып, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге, материалдық және энергетикалық жабдықтаумен байланысты пайдалану шығыстарын қысқартуға мүмкіндік беретін мынадай іс-шараларды іске асыруды көздейді:



  • облыстың елді мекендеріндегі сумен жабдықтау жүйелерін кешенді жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;

  • кенттерде бұрын салынған жергілікті су құбырларын оңалту, олардың жұмыс тиімділігін арттыру, залалсыздандыру және су тазалау технологиялық процестерін жаңғырту.

Бұл жұмыстарды облыстың 300-ден астам қалалары мен кенттерінде жүргізу болжанып отыр (№2 және №3 қосымша).

2. Сумен қамтамасыз етудің жаңа көздерін игеру және балама көздері мен нұсқаларын дамыту.

Осы бағыт жер асты суларының барланған қорларын неғұрлым толық пайдалану есебінен сумен жабдықтауды жақсарту жөніндегі іс-шаралар кешенін және ауыз сумен жабдықтаудың қорғалған көздері жоқ елді мекендерде іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізгеннен кейін жаңаларын игеруді көздейді.

Жекелеген өңірлерде альтернативтік балама көздер ретінде мүмкіндіктер қарастырылып отыр:

- мейлінше төмен сапа деңгейімен жол берілетін жер асты суларын (минералдылығы 1,0-1,5 г/л минералдылығы әлсіз жер асты сулары) пайдалану;

- ауыз судың жеткізілуін ұйымдастыруды жетілдіру,

- жергілікті су тазалау құрылғыларын орнату.

3. Тұтынатын судың сапасын жақсарту


Бағыт су сапасын жақсарту жөніндегі мынадай шаралар кешенін қамтиды:

- ауыз су сапасын жақсарту жөніндегі жаңа отандық та, шетелдік те озық технологияларды әзірлеу және енгізу,

- судың екінші қайта ластану мүмкіндігін жою мақсатында су құбыры жүйелерінің тозған учаскелерін жаңарту және ауыстыру,


  • бастапқы суды тазалаудың технологиялық схемасын белгілеу және суды қамтамасыз етуді өлшемдерін нығайту.

Суды дайындаудың белгілі бір технологиялары әрбір нақты жағдайда судың сапасына қарай қолданылатын болады.

Су дайындау жөніндегі шараларды 78-ден астам елді мекенде іске асыру болжанып отыр.


4. Ауыз суды ұтымды пайдалану


Бағыт ауыз суды үнемі де тиімді пайдаланудың, оны техникалық, ауыл шаруашылық және басқа да мұқтаждарға мақсатсыз пайдалануға жол бермеу, сонымен қоса экономиканы құрылымдық қайта құруды, технологиялық жаңғыртуды және су объектілерінен су алуды қысқарту, сондай-ақ желінің тасқынды нүктелері мен тұтынушыларға су есептеуіштер мәселелеріне де қатысты іс-шаралардың кең ауқымын қамтиды.

Жекелеген аймақтарда судың тапшылығы, тұщы су қөздерінің бірте-бірте сарқылуы және ластануының күшеюі су ресурстарын ұтымды пайдаланудың кешенді жоспарлануын қамтамасыз етуді талап етеді.

Тұтас алғанда су пайдаланудың жай-күйі су ресурстарын тиімді пайдалануды дамыту және оған жағдайлар жасау, су үнемдеуші технологияларды ғылыми негіздеу, ауыз суды мақсатсыз пайдалануға жол бермеу жөнінде кезек күттірмейтін шаралар қабылдауды талап етеді.

Су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану үшін елеулі нәрсе тұрғындардың экологиялық білімін тереңдету арқылы оның жалпы санитарлық-гигиеналық және экологиялық мәдениетін қалыптастыру, көтеру болып табылады.


5. Су объектілерінің экологиялық жай-күйін жақсарту


Бағыт су ресурстарын пайдалану, қалпына келтіру және қоргау процестерінің теңдестірілуін қамтамасыз ету негізін қалайтын іс-шаралар кешенін қамтиды.

Қолданыстағы Су кодексіне сәйкес су көздерін жергілікті қорғау және шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау құрылыстарын жобалауға қойылатын санитарлық талаптар әрбір нақты жобада көзделеді.

6. Халықтың ауыз суды тиімді пайдалану проблемаларын түсінуге септігін тигізетін ақпараттық орта құру

Таза ауыз суды алу, оны тиімді пайдалану тұрғындардың барлық жіктерінің өмірлік мүдделерін қозғайтын болғандықтан, тек мемлекеттік ғана емес, жалпы адамзаттық проблема тиісті деңгейге қойылмаған. Осы проблеманы шешуге байланысты іс-шаралардың тиімсіздігінің себебі көбінесе оны шешумен айналысатын мемлекеттік органдардың арасында үйлестірудің және қалың жұртшылықпен өзара іс-қимылының нашарлығы.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мәселелері жұртшылықты кеңінен тарта отырып, ашық шешілу тиіс. Судың табиғи су объектілеріндегі, сонымен қатар сумен қамтамасыз ету жүйелеріндегі сапасы туралы ақпарат, оны тазалау мен жеткізу құны әрбір азаматқа мәлім болуы тиіс, бұл ауыз суды тиімді пайдалану проблемаларын түсінуге септігін тигізеді.

Тұрғындарды осы проблемалар бойынша кеңінен хабардар ету әрі білім беру тұрғындарды экологиялық және санитарлық-гигиеналық мәдениетін қалыптастыру үшін Бағдарламада мыналар көзделеді:


  • су ресурстарын, әсіресе ауыз суды тиімді пайдалану мәселелеріне кітапшалар, топтамалар шығаруды, радио және телехабарлардың тұрақты циклін жасауды, бұқаралық ақпарат құралдарына (БАҚ) жария етуді қамтамасыз ету;

  • ауыз суды тиімді пайдалану саясатын айқындауға қоғамдық бірлестіктер мен үкімметтік емес ұйымдарды тарту.

7. Сумен қамтамасыз ету және суды қорғау қызметін басқаруды, үйлестіруді жетілдіру әрі оның тиімділігін арттыру

Бағыт тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз етуге арналған өзара байланыстырылған шаралар кешенін қөздейді.

Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету процесін бақылау және жоспарлауды жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы жүзеге асырады.

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шаралар:



  • Үкімет, жергілікті атқарушы органдар мен суды пайдаланушылардың мемлекеттік емес бірлестіктері арасындағы ауыз сумен жабдықтау жүйесіндегі өндіріс құралдарына меншікті нақты бөлуді көздейтін сумен жабдықтау инфрақұрылымын басқару жүйесін жетілдіру;

  • су шаруашылығы объектілерінің құқықтық мәртебесін айқындау;

  • суды ақылы пайдалану жүйесін жетілдіру және бастапқы кезеңде суды пайдалануға мемлекеттік субсидиялауды енгізу негізінде суды пайдаланудың экономикалық тетігін жасау;

  • тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету, оның сапасын жақсарту жұмыстарымен қамтылған ұйымдардың, соның ішінде мемлекеттік емес ұйымдардың қалыптасуына қолдау көрсету;

  • су объектілері мониторингі жүйесін дамыту болып табылады.

Бағдарламаны іске асырудың төмендегідей тетігі көзделуде:

Ірі объектілер құрылысы сондай-ақ ауданаралық және ауылдық маңызы бар топтық су құбырлары мен сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы сияқты Қазақстан Республикасының тиісті жылдарға арналған мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына сәйкес қаржыландырылады;

Бағдарламаны «Южказнедра» Аумақтық басқармасы, Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы, «Водоканал» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар және мемлекеттік емес сектордың су шаруашылық ұйымдары жүзеге асырады.

Бағдарламаны жүзеге асыру әзірленген шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады, бұл атқарушы органдардың, су шаруашылығы ұйымдарының назарын тұрғындарды ауыз сумен жабдықтау саласындағы негізгі проблемаларға аударуға, ахуалдың өзгеруіне ден қоюға, шаралардың тиімділігін қамтамасыз етуге және нақты нәтижелер алуға мүмкіндік береді.

Бағдарламаның шараларын жүзеге асыру 2 кезеңге жоспарланып отыр:

1-кезең (2002-2005 жылдар) – тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі объектілерді салуды жалғастыру. Облыстағы елді мекендерді сумен жабдықтау құрылыстарына, жер асты су қорлары мен су алғыштарына түгендеу жүргізу жер асты суларын қарқындау пайдалану жөніндегі шаралар.

2-кезең (2006-2010 жылдар) – сумен жабдықтау жүйелерін салуға және ішуге жарамды суды дайындауға алдыңғы қатарлы технологиялардың жаңа жетістіктерін енгізу жөніндегі жұмысты одан әрі жалғастыру. Облыс тұрғындары сапалы ауыз сумен толық қамтамасыз ету үшін жүйелер мен құрылыстар салу және оларды қайта жаңарту.

4. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

«Ауыз су» бағдарламасының шараларын жүзеге асыруға инвестициялардың жалпы көлемі 2,8 млрд.теңге мөлшерінде айқындалған, бұл қаражат тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

Бағдарламаның шараларын жүзеге асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің, сыртқы заемдар мен гранттардың қаражатын басқа да су құбырларын пайдаланатын ұйымдардың қаражатын қоса алғанда, әртүрлі бюджеттен тыс көздер тартылатын болады.

5. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже

2005 жылға дейінгі кезеңде Бағдарлама сумен жабдықтау жағдайының, су сапасының – ауыз сумен жабдықтау көздерінің одан әрі нашарлауын тоқтатуды, суды пайдалану қолайлылығын қамтамасыз етуді және тұрғындардың денсаулығын сақтау мен жақсарту мақсатымен саланы сауықтырудың жоспарлы міндетін бастауды көздейді.

Бағдарламаның шараларымен 295 ауылдық елді мекеннің 816,5 мың жуық адам және саны 150,7 мың адамнан асатын қала тұрғындары қамтылған.

Сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін құру, жұмыс істеп тұрғандарын қайта жаңарту және қайта ұйымдастыру, саланы ресурстық және нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, халыққа ауыз су беру жөніндегі қызметтердің рыногін қалыптастыру және Бағдарламада көзделген бірқатар басқа да шаралар:



  • тұрғындарды сапалы ауыз суды пайдалану қолайлығын ұлғайтуға, бұл тұтастай алғанда, қамтамасыз етілу деңгейін 65%-ға арттырады;

  • орталықтандырылған сумен жабдықтау көздерінің суларын пайдаланатын тұрғындардың үлесін арттыруға, тұтастай алғанда облыс бойынша 45-50%-ға, ал жекелеген аймақтар бойынша 60%-ға және одан да көбейтуге;

  • ауыз су сапасының санитарлық ережелері мен стандарт нормаларының талаптарын толық сақтауды қамтамасыз ету арқылы су көздері мен сумен жабдықтау жүйелерінің сенімділігін арттыруға;

  • ішуге жарамды жергілікті жер асты суларын мейлінше тартуға;

  • сапасы бактериалды ластану негізінде сипатталған орталықтандырылмаған жер үсті су көздеріндегі суды ішу мақсатында пайдалануды жою;

  • тұрғындар арасында тез дамитын ішек-қарын инфекциялары тобы, бауырдың қабынуы «А» вирус бойынша берілетін су факторын 70-80%-ға төмендетуге, бұл халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз етуі;

  • қосымша 1,5 мыңға жуық жұмыс орындарын құру;

  • сумен қамтамасыз ету көздеріне қолайсыз экологиялық ықпал етудің мүмкіндігін болдырмауға;

  • жекелеген аймақтар мен өзен алаптары бойынша ауыз судың сапасына жедел мониторинг жүйелерін құру;

  • құрылыста, ауыз суды тазалау және дайындау жүйелерінде жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ бірқатар жағдайларда сумен жабдықтау көздерін баламалы көздерге ауыстыру жолымен берілетін судың бір текше метрінің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етудегі оң өзгерістер өмір сүрудің қанағаттанарлық әлеуметтік-тұрмыстық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларын туғызады, нәтижесінде, облыс тұрғындарының денсаулығына және рухани салауаттығына оң ықпал етеді.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет