Кафедра: Стоматология Топ: стр-105 Қазақ тілі пәні бойынша презинтация Практикалық сабақтың тақырыбы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата18.02.2024
өлшемі1.65 Mb.
#492293
түріСабақ
  1   2
през --- казакский язык



ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ 
АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: 
Стоматология
Топ: 
СТР-105
Қазақ тілі пәні бойынша презинтация
Практикалық сабақтың тақырыбы: 
Қандай көркем - туған өлкем!
Грамматика: 
Күрделі атаулардың тәуелденуі, жіктелуі, септелуі.
Орындаған
Мисирбек кызы Шахсанам,Тишдикбаева Улбулсин
Доцент: 
Қарсыбекова Шолпан П.


Қандай көркем - туған өлкем!

Әрбір адам үшін өзінің туған жері, туып өскен отаны, өз өлкесі өте қымбат. Әр 
адам өз өлкесін гүлдендіргісі келеді. Мен де өз өлкемді гүлдендіргім келеді. 

Өткен істі қумаса, — дегендей кезінде өмір сүрген Асан қайғының Жуалы жері 
туралы айтқан ойын айта кетсем: «Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, 
топырағы май екен қадіріңді егін салған ел білер» -деген екен. Осындай киелі де, 
шұрайлы мекенімді қалай өзгертсем екен деп көп ойланамын. Мен өлкемнің 
бұлыңғыр болашағын өзгерткім келеді.

Өз қиялымдағы өлкемнің болашағын құруды мақсат етемін. Мен құрған 
болашаққа барша ел сенімді көзқараспен қарайтын болады. Мен өз өлкемде нені 
өзгерткім келеді? Ойлана келе адамдардың білімділігін арттырып, бойларындағы 
өнерлерін дамытсам деймін. Өз жоспарларымды құрып, салым –салушыларды 
шақыру арқылы ауылдан шығып жатқан көптеген елеусіз өнімдерді жаңғыртқым 
келеді. Мәселен, қойдың жүнінен адамдарға қажетті дүние жасап шығару, 
ауылдың табиғи сүт-өнімдерін пастерлеп, сатылымға шығару арқылы одан түскен 
қаржыға балалардың бойындағы қабілеттерін әрі қарай дамыту үшін ауылға өнер 
мектебінің бой көтергенін қалар едім. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» демекші, 
еліміздегі барлық елді мекен гүлденетін болса, Қазақстанымыз одан әрі 
көркейер еді.



Әлемге әйгілі Шарын шатқалы! 



Жетісудағы ең әсем әрі талай тарихты басынан өткерген,ашылмаған 
сырларымен,қойнауы әлі де талай құпияға толы,біршама ғасырға дейін 
тарихтың қайнар көзі болатын Шарын шатқалы.Шарын шатқалы-
Алматы облысында орналасқан.Өзінің тылсым жаратылысымен тек 
Қазақстанды ғана емес барша әлемді ойландырып,зерттеу 
нысанына,ірі туристік ортаға айналған.Жыл сайын жылдың қай мезгілі 
болмасын еліміздің түпкір-түкпірінен,әлемнің сан-алуан аймағынан 
сан мыңдаған адамдар келіп шатқалды тамашалап,естелікке суретке 
түсіп кетеді.Тіпті жыл сайын шатқалға келуді әдетке айналдырған 
адамдар да бар десек болады.Шатқалда биіктігі 150-300 
метрге,ұзындығы 2 шақырымға дейін жететін қамалдар аңғары 
бар,сол себептен де Шарынды Қамалдар аңғары депте 
атайды.Шатқалда ежелгі суреттер бейнеленген,және бұл суреттер 
ерте тас дәуіріне тиесілі суреттер.Міне,осыдан-ақ Шарынның 
тарихтың тұнып тұрған мекені екені анық емеспе.Бұл жер көптеген 
оқиғаны,түрлі қанды соғыстарды басынан өткеріп,талай қасіретті ішіне 
сақтап жатыр.Шарын шатқалы жайында түрлі аңыздар мен әңгімелер 
өте көп. 


Осы аңғыздардың бірінде шатқал маңында саяхатшылардың 
жоғалып кетуіне себеп болатын Шарындағы параллель өлшемдерге 
арналған порталдар бар екені жайында да айтылып,оны шатқал 
лабиринттерінде өмір сүретін мыстандармен байланыстырған,тіпті 
шатқалы бұрын «шайтандар қаласы»деп аталған.Шарынның қызғылт 
топырағы, өзгеше ойылымдық өрнектері, табиғи жақпар 
құздары мен өзені бөлек бір әңгіме. Шарын өзені Теріскей Алатауы 
мен Күнгей Алатауындағы мұздықтардан басталып, Шарын ауылынан 
20 км-дей төмен тұста Ілеге құяды.Өзен үлкен шатқал арқылы 
Жалаңаш ойпатының шығыс бөліктері мен Торайғыр тауларынан 
өтедіШарын шатқалы – қазақ елінің кеудесін керіп тұрып мақтана 
алатынын,төбесі көкке тиіп тұрған үлкен тастар өздігінен салынған 
ертегілер қаласын еске түсіретін,құдды бір қас шебердің қолынан 
шыққан ғимараттарға ұқсайтын өте тылсым мекен.Әлемнің екінші 
жартысындағы жалпақ жұртқа кеңінен танымал Колорадо каньоны 
Шарынның домалақ жердің арғы бетіндегі екінші нұсқасы десекте 
болады.Колорадоның ауқымды демесеңіз Колораданың сұлулығы 
Шарынның қасында дым да емес!




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет