ӘӨЖ 372.8:574 Қолжазба құқығында
КАЛЕКЕЕВА МЕРУЕРТ СМАТОВНА
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ
6М011200 –Химия мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2012
Магистрлік диссертация жұмысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Химия және химияны оқыту әдістемесі» кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекшісі техника ғылымдарының кандидаты,
аға оқытушы Еспенбетова Ш.О.
Ресми оппоненті химия ғылымдарының кандидаты,
аға оқытушы Тоғызбаева Н. Ә.
Қорғау 2012 жылдың «___» маусым күні сағат «_______» Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. Мекен-жайы: 120014 Қызылорда қаласы, Амангелді көшесі, 66, Жаратылыстану факультеті, 9-оқу ғимараты, дәрісхана 303.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 120008 Қызылорда қаласы, К.Байсейітова көшесі, 100.
Мемлекеттік аттестаттау
комиссиясының хатшысы Арынова К.Ш.
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, технологиялық және мәдени жаңару жағдайында мектеп оқушыларының берік химиялық және экологиялық білімдерін қалыптастыру, олардың ойлау қабілеттерін дамыту жалпы білім берудің басым мақсаттарының бірі болып табылады. Жаңа химиялық, экологиялық, өндірістік-техникалық ақпараттардың үнемі ұлғайып отырған көлемі оқушылардан көптеген теориялар мен заңдарды, түсініктерді меңгеруін қажет етеді. Соған қарамастан көптеген бақылаулар мен зерттеулердің көрсеткеніндей, оқушылардың пәнге деген, әсіресе химияны оқуға деген қызығушылығы төмендеп отыр. Оқушылардың химиялық білім деңгейін көтерудің мүмкін жолдарының бірі химия курсында экологиялық компонентті енгізу болып табылады.
Білім беруді экологияландыру мәселелері В.М.Назаренко, Д.П.Ерыгина, Г.В.Мисичкина, Л.А.Коробейников, Г.М.Чернобельская, Н.Е.Кузнецова т.б. жұмыстарында қарастырылған. Олар мектеп химия курсының негізгі бөлімдері бойынша экологиялық білім беруді қалыптастыруға мүмкін болатын бөлімдерді көрсеткен болатын. Қоршаған орта, ондағы адамның қызметі нәтижесінде жүретін процестер мен өзгерістер туралы нақты түсініктерді түсіну оқушылардың химиялық білімдерінсіз мүмкін емес. Бұл жұмыстарда экологиялық білім беруді тиімді етудің түрлі әдістері мен формалары қарастырылады.
Қазақстан Республикасында экологиялық білім беру мен тәрбие берудің мемлекеттік және қоғамдық жүйесі жасалынып, дамуда. Экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасының білім беру орындарында үздіксіз экологиялық білім берудің принциптері, мазмұны мен құрылымын, оларды жүзеге асыру жолдары мен құралдарын анықтайтын экологиялық білім беру концепциясы жасалынды.
Орта мектепте және жоғарғы оқу орындарында химия пәнін оқыту кезінде экологиялық білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жасауда Қазақстандық ғалымдар Қ.А.Аймағанбетова, Ж.Ә.Шоқыбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Ж.Жайлау, Н.Н.Нұрахмтеов, У.Маканов, Қ.О.Шайхеслямова, А.Г.Сармурзина, Т.К.Длимбетоваларды айтуға болады.
Орта мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру күрделі педагогикалық процесс. Сондықтан оқу процессі кезінде белгілі бір пәннің бағдарламасы сол талаптарды ескере отырып, қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында «мектеп пәндерін экологияландыру дегеніміз – дәстүрлі пендерді оқыту барысында тақырыптардың мазмұнына қосымша жаңа экологиялық меліметтерді кірістіру» - деп көрсеткен.
Мектеп химия курсында оқушылардың химиядық білімді меңгеруге экологиялық компоненттердің әсерін зерттеу және химиялық және экологиялық білімдерді бүтіндей біртұтас жүйе ретінде қарастыру проблемасы маңызды да, өзекті болып табылады.
Сондықтан да, ұсынылып отырған зерттеу төменде көрсетілген қарама – қайшылықтармен байланысты:
- қоғамның жоғары деңгейдегі химиялық және экологиялық дайындықтағы бітірушілерге деген сұранысы мен химиялық білімдер жүйесін терең меңгеруге химия курсы мазмұнының экологиялық компоненттерінің әсерін зерттеудің жеткіліксіздігі;
- химиялық және экологиялық білімдердің жүйесін өзара байланысты қарастырудың қажеттілігі мен бұл мәселенің әдістемелік әдебиеттерде жетліксіз талдануы.
Зерттеу мақсаты - орта мектеп химия курсында химия пәнін оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесін жасау.
Зерттеу нысаны - орта мектептегі химия курсы.
Зерттеу пәні - орта мектепте химия пәнін оқыту үрдісінде экологиялық білім беру.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер орта мектептегі химия пәнін экологияландырудың теориялық негізі жасалып, оқыту әдістері мен құралдары жасалса, экология мәселелері химия курсының сәйкес тақырыптары бойынша қисында кірістірілсе, химия сабақтарында экологиялық мазмұндағы есептер мен жаттығулар, тест тапсырмалары, өзіндік жұмыстар тақырыптары дайындалсы, экологиялық сипаттағы оқушылардың оқу - зерттеу қызметі тиімді ұйымдастырылса, онда оқушыларда жүйелі химиялық және экологиялық білім қалыптасады.
Зерттеу міндеттері
1.Мектеп химия курсында экологиялық білім берудің теориялық негіздерін саралау;
2.Мектеп химия курсында экологиялық білім берудің әдістемелік аспектілерін саралау;
3.Химиялық білімдерді меңгеруге көмектесетін экологиялық мазмұнның әсерін нақты көрсететін химия курсының тақырыптарын таңдау;
4.Орта мектеп химияны оқыту кезіндегі оқушылардың экологиялық білімдерінің күйін анықтау үшін нақты зерттеу жүргізу;
5.Таңдалған тақырыптар бойынша химияны оқуға ынталандыруды және химиялық білімдерді меңгеруді күшейтуге экологиялық компоненттердің әсерін зерттеу мақсатында педагогикалық зерттеу жүргізу.
Бұл міндеттерді шешу үшін мына төмендегідей зерттеу әдістері қолданылады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу мәселесі бойынша әдіснамалық, психология-педагогикалық, оқу - әдістемелік әдебиеттерді талдау, мектеп химия курсын оқыту үрдісінде экологиялық білім беру мәселелерін зерттеу мақсатында мектеп химия пәні мұғалімдерін анкеталау, оқушылардың білім деңгейін тестілеу әдісімен анықтау, педагогикалық зерттеу нәтижелерін өңдеу.
Зерттеудің әдістемелік негіздері:
- оқытудың жүйелік әдісі (Н.Ф.Талызина, Л.Я.Зарина, О.С.Зайцев, Т.А.Сергеева, З.А.Решетова т.б.);
- экологиялық білімдерді қалыптастыру проблемасы бойынша еңбектер.
Сонымен қатар ресми құжаттар Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995ж); Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы (1997ж); «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң (1997ж); «Қазақстан Республикасында экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы» (1998ж); «Экологиялық білім беру бағдарламасы» (1999ж), Қазақстан Респупликасының экологиялық кодексі» (2007ж), зерттеу меселесі бойынша жазылған ғылыми - педагогикалық еңбектер.
Зерттеу кезеңдері. Зерттеудің бірінші кезеңінде (2010-2011жж) зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталды, зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік, оқу және ғылыми әдебиеттер талданды. Зерттеу мәселесін нақтылап зерттеуінде экологиялық білімдердің қалыптасуын, оны қалыптастыру кезіндегі кездесетін проблемаларды зерттеу мақсатында оқушылардан тестілеу және мұғалімдерге анкета жүргізілді.
Осы кезеңде химияны орта мектепте оқытуды экологияландырудың моделі және әдістемелік ұсынымдары жасалынды. Екінші кезеңде (2011-2012жж) ұсынылған әдістемелік ұсынымдар бойынша оқушылардың химия-экологиялық білімдерінің меңгерілу тиімділігі зерттелді, орта мектеп 8-11-сыныптарындағы экологияландырылған химия курсының бағдарламасы жасалынды. Педагогикалық зерттеудің сапалық және сандық анализі жүргізіліп, нәтижелері өңделді, негізгі зерттеу қорытындылары жасалынды.
Зерттеудің ғылыми және теориялық маңыздылығы: химияның білім материалдарын меңгеруге экологиялық компоненттің оң әсері көрсетілді; мектеп химия курсының 8-11-сыныптарындағы химия пәнінің мазмұнына экологиялық компоненттерді енгізу мүмкіншілігі айқындалды.
Зерттеудің сарамандық маңыздылығы: орта мектеп оқушыларында химиялық және экологиялық білімдерін тиімді қалыптастыруға арналған мұғалімдер үшін әдістемелік материалдар - бағдарлама, химия курсының әдістемелік даярламалары, оқыту және бақылау есептері мен жаттығулары, түрлі арнайы курстар, факультативтер, үйірмелер өткізу үшін әдістемелік ұсынымдар жасалынды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлдігі мен негізділігі зерттеу проблемасының психология-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден сараланып, талдануымен, зерттеудің мақсаты мен әдістерін таңдаумен, педагогикалық зерттеу нәтижелерімен, тәжірибелік мәліметтерді өңдеу және жекеленген мектептерде әдістемелік ұсынымдарды енгізумен сипатталды.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Орта мектеп химия мен экологиялық білім негіздерін кірістіре оқытудың мүмкіндігі;
2. Орта мектеп химияны оқыту кезінде экологиялық білім беру әдістемесі;
3. Химия курсы мазмұнының экологиялық компонентінің оқушылардың химиялық білімдерді меңгеруге оң әсер ететін ынталандырушы фактор болып табылады;
Зерттеудің жариялануы мен алынған нәтижелердің енгізілуі. Зерттеу нәтижелері Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының академигі, п.ғ.д., профессор Әли Мүсілімұлының 70 жылдығына арналған «Сапалы білім беру – Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізі» атты республикаылқ ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарында және Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университетінің «Хабаршысында» 2011ж., №2 жарық көрген. Диссертация материалдары бойынша 2 мақала баяндама тезистері әдістемелік нұсқау, ұсынымдар жарияланды.
Диссертация құрылымы. Диссертция кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі негізделіп, зерттеу мақсаты мен мәселелері тұжырымдалған, жұмыстың ғылыми және сарамандық құндылықтары көрсетілген.
«Мектеп химия курсында экологиялық білім берудің теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде осы проблема талданып, экологиялық компонентті кіріктірудің негізгі жолдары: фрагментарлы, компактылы және фрагментарлы-компактылы көрсетілді.
Химия пәнінен орта білім берудің негізгі міндеттерінің бірі - табиғатты аялай білуге баулу, химияны және химия өнеркәсібін өркендетуге байланысты ауаның, судың және топырақтың ластануын болдырмау.
Мектептік химиялық білімнің негізін органикалық және бейорганикалық заттар, олардың құрамы, құрылысы мен қасиеттері, химиялық реакциялар, олардың мәні мен өту заңдылықтары, заттарды қолдану мен химиялық айналулар, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдары туралы білімдер жүйесін құрайды.
«Химия» пәні стандарт талаптарында көрсеткеніндей жалпы, бейорганикалық және органикалық химия білім аймағында іргелі білім бере отырып, оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктерін арттыру, қазіргі қоғамдағы химия ғылымы мен практикасының маңызын түсіндіру, теориялық ойлау мен практикалық дағдыларын дамыту, қоршаған орта туралы ғылыми көзқарастарын, экологиялық мәдениеттерін және жеке тұлғаға тән әлеуметтік құндылықтарын қалыптастыру міндеттерін орындайды.
Қазіргі кезеңде оқушыларды химиялық әзірлеудің жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін химиялық білім беруді дамытуда айқындалған жалпы әлемдік тенденциялардың бірі - бұл химиялық білім берудің мазмұнын экологияландыру, басқа жаратылыстану ғылымдарымен кіріктіру болып табылады. Химиялық білім мазмұны инвариантты (жылжымайтын) және вариантты (жылжымалы) бөліктен құралады. Инвариантты бөліктің мазмұны Мемлекеттік стандартқа (ГОСО-2002) сай анықталады. Бұндағы оқу материалы химиялық білім берудің басым міндеттерін шешудің минималды талаптарын іске асырады. Инвариантты (жылжымалы) бөлік мазмұны оқушылардың қызығушылығы мен қабілетін, сұранысын, химия ғылымының соңғы жетістіктерін, республиканың аймақтық ерекшеліктерін ескереді. Жылжымалы бөліктің мазмұнын әзірлеу және оны анықтау білім мекемесінің құзырлығына жатады. Соған байланысты мектеп химия курсында экологиялық компоненттердің енгізілуі фрагментарлық, компактілі, фрагментарлы-компактілі болып келеді.
Экология ғылымның дамуы экология ғылымындағы ойлар мен мәселелердің ғылымның басқа салаларына енуіне байланысты экологияландыру түсінігін туғызды. Экологиялық білімнің ғылыми негізі экология ғылымы, сондай-ақ философиялық ойларға сүйенудің, яғни қоғам мен табиғаттың біртұтастылық принципін басты назарда ұстау, сонымен қатар, педагогикалық оқыту және тәрбие теорияны оқушыларда экологиялық білім негіздерін қалыптастырудың іргетасы болып саналады. Бұл бағытта Верзимин Н.М., Шибанов А.А., Сухомлинский В.А., Захлебний А.Н., Зверев И.Д., Сарыбеков Н., Фролов И.Т., Шкарбан Н.В., Дерябо С.Д., Бейсенова А.С., Длимбетова Г.К., Шайхеслямова Қ.О. т.б. еңбектерінде экологиялық білім мәселесіне қатысты негізгі идеялармен ұғымдардың мәнін нақтылауға, өзара байланысының әдіснамалық негізін анықтауға себеп болды. Жоғарыда аталған ғалымдардың еңбектерінде оқушыларда қалыптастырылатын экологиялық білім мен тәрбиенің педагогикалық және ғылыми-теориялық негіздері «білімді экологияландыру», «экологиялық білім», «экологиялық тәрбие» ұғымдарымен тікелей байланысты екенін көрсетіп отыр. «Білім беруді экологияландыру дегеніміз - экологиялық идеялар, түсініктер мен принциптердің басқа пәндерге ендіру тенденциясының сипаттамасы, сонымен қатар экологиялық сауатты адамдарды дайындау» болып табылады.
Педагогтардың еңбектерінен экологиялық білім беруді әр түрлі тұрғыдан қарайтындықтарын көреміз. Атап көрсетсек: пәнаралық байланыс, оқушылардың табиғатты зерттеуі, бақылауы, оны жақсартудағы іс - әрекеті, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлесімдігі мен тиімді пайдаланудың жолдары, оқу үрдісінде ғаламдық, ұлттық және өлкетану мәселелерін шешудің өзара байланысы ескеріледі.
Экологиялық білімнің мектеп оқу пәндерінің мазмұнына өңдеу - бұл білімді экологияландырудың бірінші міндеті, екіншісі - пәндерді оқытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау. Пәндерді экологияландыру республикамыздағы жаңа буын оқулықтарында көрініс тапқан. Дегенмен бұл оқулықтардағы экологиялық мәліметтер әр түрлі тақырыптарда және әр түрлі көлемде енгізілген. Бүгінгі таңдағы бар оқу әдістемелік құралдарда, оқу басылымдарында көптеген экологиялық проблемалардың химиялық аспектілерін, оларды қарастырудың жүйесіздігіне орай, қарастырмайды, бұл өз кезегінде химия пәні мұғалімдеріне оқушыларда химия-экологиялық білімдерді қалыптастыру кезінде айтарлықтай қиындық тудырады.
Мектеп химия курсын экологияландыруды жасау мақсатында оны бес блоктар жүйесі арқылы құру ұсынылады. Ондағы блоктар мазмұнын таңдау мен курсты меңгеруді химия-экологиялық нысандарды жан-жақты қарастыру негізінде ұйымдастыруға негізделген. Химиялық термодинамика, кинетика, зат құрылысы, элементтер мен олардың қосылыстарының қасиеттері мәселелерін қарастыру экологиялық маңызды нысандар мысалында жүзеге асырылады, ал экологияның химиялық аспектілеріне қатысты материалдарды баяндау кезінде химия мазмұнының төрт блоктарының теориялық қағидалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысында шамамен бірдей ақпараттық сыйымдылық, өзара бірдей байланыс тығыздығы бар. Бөлімдерді көлемі бойынша теңестіру және оларды оқыту блогына айналдыру материалдың дәстүрлі мазмұннан пәнішілік байланыстар арқылы блоктарды байланыстырмайтын материалдарды алып тастау, блоктар арасындағы пәнішілік байланысты көрсететін байланыстырушы материалды енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Зат құрылысы туралы блок
Химиялық процестер бағыты туралы блок
Химиялық экология туралы блок
Элементтер мен олардың қосылыстарының қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі туралы блок
Химиялық процестердің жылдамдығы туралы блок
1-сурет Жүйелі құрастырылған экологияландырылған химия курсы
Экологиядандырылған химия курсында экологиялық білімдерді проблемалардың мазмұнына, оның шешілуіне орай, жүйелеуге болады; оларды:
- экологиялық проблемалардың себептері мен салдарын көрсететін;
- тірі организмдер үшін маңызы бар элементтер мен олардың қосылыстарының мәнін ашатын;
- химиялық өндірістердің экологиялық қауіпсіз ұйымдастырылуы туралы;
- ауыл шаруашылығында қосылыстарды тиімді пайдаланудың негіздері туралы білімдер түрінде қарастыру ұсынылады.
Химия пәнінің мазмұнына экологиялық компонентті енгізу бірнеше жолдармен жүзеге асырылады:
- материалды теориялық баяндау кезінде түрлі химиялық қосылыстардың тірі организмдер мен адамға әсері жөніндегі экологиялық білімдерді қарастыру;
- қоршаған ортада түрлі қосылыстардың айналуларын термодинамикалық және кинетикалық сипаттамаларды қарастыру кезінде экологиялық білімдерді қалыптастыру;
- экологиялық бағытталған лабораториялық практикум жүргізу мен экологиялық мазмұндағы есептер шығару.
Химиялық білім беру үшін жалпы экологиялық білімдер мазмұнының проблемасы шешілген жоқ. Өмірдің барлық салаларына химияландыру енген. Химияландырудың зардаптары әлемдік масштабтағы табиғи құбылыстармен бірдей, бұл қоғам мен табиғаттың өзара байланысуы мәселесін қойып отыр. Бұл қатынастарды саналы реттеу оқушылардың санасына дейін жеткізуі тиіс:
- қоғам өмірінің өнімдері толық утилизациялануы керек, жинақталмауы және адаммен қоршаған ортаға зиянды әсерін көрсетпеуі тиіс;
- қайта қалпына келетін табиғи шикізаттарды жылдық тұтыну көлемі оны жылдық өсімінен аспау қажет;
- қайта қалпына келмейтін табиғи шикізат үнемді, кешенді пайдаланылуы өңдеу кезінде қалдық қалдырмауы тиіс;
Химиялық білім берудің ғылыми және практикалық аспектілері осындай болуы қажет.
Табиғатқа, оның құрылымдық элементтеріне әсер ету өнеркәсіппен, транспортпен, ауыл шаруашылығымен жүзеге асырылады да, мынадай түрлі бағыттарда әсер етеді:
-
табиғаттағы химиялық заттарды тұтыну;
2) адам қызметінің қалдықтарымен табиғатты ластау;
3) табиғатта, әсіресі биосферада табиғи көздерден немесе адаммен синтезделген жаңа жоғарғы активті химиялық қосылыстардың пайда болуы;
4) бірінші бағыт бейорганикалық және органикалық химияның мазмұнында қарастырылған, онда табиғи қосылыстар химиялық өнеркәсіптің, т.б. Негізгі химиялық процестер болып табылатын салаларда шикізат ретінде қарастырылады сонымен қатар табиғи заттарды тыңайтқыштар мен улы химикаттар ретінде пайдалану мәселелері қарастырылады.
Ластану туралы білімдерді дамыту мен қалыптастыру мақсатында «ластаушылар», «ластану көздері», «табиғи және жасанды ластану», «тазалықтың санитарлық нормалары», «заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясы» (ПДК) сияқты түсініктерді енгізу қажет. Ластану көздерін қарастыру керек. Оқушылардың ластану проблемасының шешімі-жаңа техника мен технологияны жасау және жетілдіру, өкімнің шығымын арттыру, өндіріс қалдықтарының түзілуін төмендету, сумен қайта айналмалы қамтамасыз ету, қалдықтарды қайта жарату жүйесін жасау, тұйық технологиялық циклдерге көшу екендігіне көз жетілдіріп отыру сонымен қатар, қорғалатын зоналарды пайдалану сипаттамасы, атмосфераның сауығу процестеріндегі өсімдіктердің мәнін көрсетіліуі тиіс.
Қорғау шаралары туралы білімдерді дамыту өндірістік процестерді оқыту кезінде қазіргі заманауи өндірістің негізгі экологиялық принциптерін ашу маңызды болып табылады.
Қоршаған ортаны қорғау проблемасын оқыту кезінде мектеп химия курсының маңызды құрамды бөліктерінің бірі химиялық эксперименттің ролі өте зор. Мектеп химиялық эксперименттің қалдықтарын қайта өңдеу тәсілдерін іздеу қажет және қайта өңдеу кезеңдерін барлық мектеп тәжірбиелеріне кең құқылы және ажырамас бүтіндей компонент ретінде қосу қажет. Бұл жағдайдағы қайта өңдеу дегеніміз қалдық заттарды жою, оларда залалсыздандыру немесе қайта жарату (оқу процесіне тура немесе жанама қайта пайдалану) деп түсіну қажет.
Қоршаған ортаны қорғау идеясы мектеп химиялық эксперименттерін орындау кезінде барлық сыныптардағы барлық эксперменттердің түріне енуі қажет. Барлық эксперименттер таза болуы, оны оқушылардың түсінуі маңызды. Мектептегі химия кабинеті оқу орны ретіндегі ғана қарастырылуы дұрыс емес. Бұл орын «әсер ету орны», өзінше бір «химиялық өндіріс», улы қалдықтар шығаратын және оны эксперимент кезінде табиғатты қорғау талаптарын жүзеге асыруға қажет ететін орын деп түсіну қажет.
Осындай етіп қарағанда барып біз оқушылардың экологиялық сауатты ойлау қабілетін, «экологиялық тазалық рефлексін тудыра аламыз. Қоршаған ортаны қорғау мәселесін қарастыра отырып, оқушыларға химия-экологиялық сұрақтар мен есептер беруге болады.
Оқыту кезінде оқуға ынталандыру мәні зор. Әсіресе оқушылардың өзінің ішкі мотивациясы маңызды, ол олардың пәнге деген қызығушылығының дамуына әсер етеді. Оқыту процесі мен оқытылатын курс мазмұны оқушыларда қызығушылық тудырып, әлеуметтік және жеке мәні болуы қажет. Бұған жету үшін химиялық және экологиялық білімдерді біртұтас жүйе ретінде қарастыру арқылы, дәрістік және семинар сабақтарында проблемалық әдіс пайдалану, лабораториялық жұмыстар орындау кезінде кезеңдердің реттілік тәртібімен жүргізу және есептерді шешкенде олардың экологиялық жақтарын талдаудан бастап барып шешу қажет.
Химиялық білімдер жүйесінде экологиялық компоненттерді қарастырудың маңызды шарты туындаған экологиялық проблемаларды шешудің түрлі жолдарын көрсетуге мүмкіндік беретін ғылымдар жүйесі негізінде экологиялық сана, ойлау қалыптастыру. Курстың мазмұнын таңдау және меңгеруді ұйымдастыру жалпы қабылданған ғылымилық, қолжетімділік, жүйелік, систематикалық оқушылардың саналы және творчествалық белсенділіктері, көрнекілік, оқыту мотивациясы, оқытудың өмірмен байланысы принциптеріне негізделуі тиіс. Мектеп жағдайында және жоғарғы оқу орындарында химиялық бағытта экологиялық білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздерін талдауда Ж.Ә.Шоқыбаев, И.Н.Нұғыманов, С.Ж.Жайлау, Н.Н.Нұрахметов, У.Маканов, Қ.О.Шайхеслямова т.б. еңбектерін атауға болады. Сонымен қатар, С.К.Еримбетова, Г.Н.Мукушова, Р.С.Абекова, АД.Болтаев, Ж.Қ.Қуанышева оқушыларда экологиялық білім беруді қалыптастырудың практикалық-әдістемелік мәселелерімен айналысқан. Мектепте факультативтік сабақтар, сондай-ақ жекелеген тақырыптарда экологиялық білім негіздері кіріктірілген сабақтар, сыныптан және мектептен тыс жағдайда оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстары, экологиялық акцияларды өткізу оң нәтижелерге қол жеткізетін алдыңғы қатарлы ұстаздардың еңбектеріндегі іс-тәжірибелерінен көруге болады.
Жоғары оқу орындарында экологиялық бейінді мамандар даярлау, оның негізгі мәселерін шешу жолдарын көрсету, химиялық пәндерді экологияландырған аспектіде оқытудың әдістемелік тұрғыдан зерделеу, студенттерге экологиялық тәрбие беру жолдары мен ұйымдастыру әдістері көптеген ғылыми еңбектерге түрткі болған. Атап айтқанда, А.Т.Сармурзина химиялық экологиядан бірқатар оқу құралдарын, Т.К.Длимбетова химия ғылымын экологияландыру үрдісінің теориялық–әдістемелік негіздерін, радиоэкологиялық білімдердің дидактикалық жүйесін жасады. Ш.Ш.Хамзина, Қ.О.Шайхисламова, К.Б.Тлебаева болашақ химия мұғалімдерін экологиялық білім беруге даярлау мәселелерімен айналысқан. Жоғарғы оқу орында химияны пәнаралық байланыс арқылы оқытуда студенттердің экологиялық білімін қалыптастыру әдістемесінің ерекшеліктерін С.К.Идрисова, Э.Ж.Әлімқұлова, Н.А.Чуйкова, З.С.Даутова зерттеді.
«Мектеп химия курсында экологиялық білім берудің әдістемелік аспектілері» атты екінші бөлімде химияны оқыту кезінде химия-экологиялық білімдерді қалыптастырудың әдістемелік негіздері көрсетілген, экологиялық компоненті бар химия курсының мазмұнын жүйелі қарастыру негізінде оны қалыптастырудың ұйымдастыру формалары, әдістері мен құралдары негізделген. Химия сабақтарында экологиялық мазмұндағы есептер шығару мен эксперименттік жұмыстарды пайдаланудың әдістемелік ұсынымдары көрсетілген. Мектеп химия курсының бөлімдері бойынша, 5- және 6-шы негізгі топша элементтерінің және олардың қосылыстарын, қаныққан көмірсутектер және олардың туындыларын оқытуға байланысты әдістемелік ұсынымдар берілді.
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымында «пәндерді экологияландыру дегеніміз – дәстүрлі пәндерді оқыту барысында тақырыптардың мазмұнын қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен байыту» - деп көрсеткен.
Экология ғылымының негіздерін оқу пәндерінің мазмұнына өңдеу – бұл білімді экологияландырудың бірінші міндеті, екінші – пәндерді оқытудың тиімді әдістемелік жүйесін жасау.
Химия пәнінің тақырыптары мен олардағы материалдар бойынша пәнаралық байланыста беруге болатын ғылыми экологиялық ұғымдар, экологиялық білім, оларды мүмкіндігінше тиімді пайдалану негізге алынған оқу құралдарының мазмұны, оқутудың формалары, мұғалімнің оқытудағы іс-әркетімен тұлғаның оқу әрекеттерінің қабысуы негізінде олар теориялық біліммен қатар адамгершілік, инабаттылық тәрбиесін жоғары деңгейде көтеру мақсаты жүзеге асады.
Химия пәнінен экологиялық білім беру пәнаралық байланысты тудыра отырып, керекті қосымша әдебиеттер және күнделікті ақпарат құралдарынан алынатын мағлұматтар мен ғылыми-экологиялық матералдар жүйесі дайындалуы тиіс. Ал оқулықтан және жинақталған оқу материалдарынан оның тиімді тұстарын анықтап, таңдап алуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Химияны пәнаралық байланыста оқыту үдерісіне мына міндеттер іс жүзіне асырылады:
1. химияның жаратылыстану пәндерімен байланысын үздіксіз қолдана отырып, экологиялық білім алуда, зертханалық, сарамандық жұмыстарға шығармашылық деңгейде көңіл бөлу;
2. зертханада, өндірісте, қоршаған ортада, табиғатта, және күнделікті тіршілікте байқалатын сандық, сапалық өзгерістерді бақылауда өзінің білімін қолдана білу және сол арқылы экологиялық проблемалардың мәнін түсіну;
3. пән бойынша алған білім жүйесін басқа пәндерден алынған білім қорымен байланыстырып, табиғат туралы материалистік көзқарас қалыптастыру;
4. ағзалармен, табиғи заттармен оларды зерттеп-танып білуге қажетті көрнекі және техникалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасай білудің білімнің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру:
5. экологиялық білім, білік, дағдыны оқу үрдісінде, өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте жүзеге асыра білуге үйрету;
6. тұлғаның экологиялық білім, білік қалыптастырудағы шығармашылық дербестігін қалыптастыру, табандылығын тәрбиелеу;
7. тұлғаның пәнге көзқарасын, икемі мен құштарлығын пәнаралық негізінде экологиялық білім бере отырып дамытп, болашақ мамандықтарына бағдар беру.
Мектеп химия курсын экологияландырып оқытуда жүйелілік келісті пайдалану ұсынылады.
Жүйелі келіс – затты жүйе ретінде қарастыратын және логикалық зерттеу кезіндегі бағардаламаға сәйкес жасайтын қазіргі ғылымдағы негізгі методологиялық бағыт-бағдар. Мұнда негізгі принцип кез келген заттың тұтастығын меңгеру, басқалармен өзара әрекеттесу болып табылады.
Осы келіс (Зайцев О.С., Решетова З.А., Томилин О.Б., Сергеева Т.А., Кузьмина М.Г.) жоғарғы оқу орындарында химия пәнін оқытуда сәтті қолданылады және (Бессонова И.А. Зорина Л.Я., Тыльдсепп А.А) мектепте оқытуда,сонымен қатар Мулдагалиева химия-экологиялық арнайы курсты қалыптастыруда қолданды.
Оқытылып жатқан пәнге оқушының тұтас көзқарастарының жоқтығынан білім элементтернің арасындағы өзара қатынасып сонымен қатар әдістемелік жұмыстың мәселерінің жеткіліксіздігі химия-экологиялық білімінің жүйәсін қалыптастыруды қиындатып отыр.
Ғылыми, оқу-әдістемелік және психолого-педагогикалық әдебиеттерді талдау негізінде орыс әдіскерлері О.С.Зайцев, Л.Ю.Зюзина, О.В.Тарасовалар ұсынған химия-экологиялық білім жүйесін қалыптастырудың әдістемелік моделі ең тартымды модель болып есептеледі (1-сызбанұсқа). Химиялық және экологиялық білімдерді жүйелі қарастыратын мақсатты, мазмұндық, іс-әрекеттік, диагностика-нәтижелік компоненттерден тұрады.
Мақсатты компоненттің міндеттерін шешу ең басты мақсатқа жетуге алып келеді: химико-экологиялық білімдерді қалыптастырады, химиялық тілді және химиялық, экологиялық нысандарды жан-жақты қарастыруға қабілеттіліктерін дамытады.
Мазмұндық компонентке химиялық және экологиялық білімдер, оларды сандық есептер, шешуде практикада пайдалану қабілеті, проблемалық және шығармашылық тапсырмалар, лабораториялық практикумды орындау кіреді.
Іс-әрекеттік компонентке экологиялық және химиялық білімдерді меңгеру кезінде мазмұндық компонентті жүзеге асыру үшін оқу жұмысының белсенді әдістері, формалары көмегімен химико-экологиялық білімдерді меңгерудің белгілі сатылы кезеңдері қамтамасыз етеді.
Диагностика-нәтижелік компоненті химико-экологиялық білімдерді меңгеру процесінің тиімділігі көрсеткіштерін құрайды. Нысанды сипаттау үшін пайдаланылған салдары, бір жұмыста пайдаланылған ғылыми терминдер орташа саны, басқа түсінікпен осы түсініктің байланысы мен қатынасын меңгеру толықтыгын сипаттайтын коэффициент, білімді меңгеру коэффициенті.
Бұл модель химиялық білімдер жүйесін меңгерудің барлық кезеңдеріне экологиялық компоненттерді кездестіруді ұсынады. Экологиялық компонентті кіріктірудің негізгі жолдары оның теориялық баяндау кезінде, демонстрациялық эксперимент, лабораториялық жұмыстар және экологиялық мазмұндағы есептер шығару кезінде жүзеге асырылады.
Осы модель негізінде дайындалған дәріс-сабақтары химиялық және экологиялық білімдерді қалыптастыру жүйесіндегі химия ғылымының негіздерін меңгеруді, оның ішкі пәнарлық байланыстарын химия-экологиялық нысандарды жүйелі, жан-жақты іздестіру жолымен қарастырады, материалды меңгеру үшін мотивация жасайды, проблемалық ситуацияларды шешудің алғы шарттарын жасайды да, ол болашақ танымдық қызметтің негізін түсіндіреді.
Оқушыларды мотивациялау танымдық және әлеуметтік мотивтерді құрайды, онда қарастырылатын экологиялық компонентті химиялық мазмұн жекелік, әлеуметтік мәнді, оқушыларды қоршаған ортаның түрлі экологиялық құбылыстары мен проблемаларын көрсетуге мүмкіндік береді, осы құбылыстардың химиялық аспектілерін түсіндіретін заңдылықтарға қызығушылығын туғызады.
Лабораториялық сабақтардың зерттеушілік сипаты бар, табиғи нысандармен жұмыс жасаудың дағдыларын игертіп, түрлі экологиялық ситуацияларды моделдеуге көмектеседі.
Мақсатты компоненті
↓
|
Химияны экологияландырып оқытудың мақсаты: оқушылардың химия-экологиялық білімдерін қалыптастыру, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту
|
↓
|
Химияны экологияландырып оқытудың негізгі міндеттері
↓
|
Химия ғылымының маңызды заңдылықтары туралы, кейбір экологиялық проблемалардың пайда болу себептері, қоршаған орта нысандары мен адамға түрлі қосылыстардың және өндірістік әсерінің зардаптары, экологиялық проблемаларды шешудегі химияның рөлі
|
Химиялық тіл мен оқушылардың химиялық және экологиялық нысандарды жан-жақты қарастыра білу қабілетін дамыту
|
Заттармен жұмыс жасағанда, тәжірибелер орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру
|
↓
|
Мазмұндық компоненті
↓
|
Химиялық және экологиялық білім
|
Экологиялық мазмұндағы демонстрациялық тәжірибе
|
Экологиялық мазмұндағы есептер мен жаттығулар
|
Экологиялық мазмұндағы лабораториялық практикум
|
↓
|
Іс-әрекет компоненті
↓
|
Химия-экологиялық білімдерді меңгеру кезеңдері
|
Оқуға ынталандыру (мотивациялау)
|
Іс-әрекет-тің негізгі бағытын түсінді-ру
|
Іс-әрекеттің материалдық формада қалыптасуы (экологиялық бағытталған химиялық экспериментті жүргізу
|
Қатты дауыспен әрекетті қалыптастыру (алынған білімді бекіту мен қорыту)
|
Ішкі дауыспен әрекетті қалыптастыру (аудито-риядан тыс үй жұмысы)
|
Саналы іс-әрекетті қалыптастыру (аудито-риядан тыс жұмыс)
|
Дәріс сабақтары (жаңа материалды түсіндіру сабақтары)
|
Экологиялық проблемалық элементтері бар, мазмұндағы лаборатория-лық практикум сабақтары, оларды талдау, қорыту
|
Семинар-сабақтар (проблемалық ситуацияларды шешу негізінде білімдерді бекіту мен қорыту, экологиялық проблема және оны шешу, талдау)
|
Теориялық сипаттағы экологияландырыл-ған сұрақтарға жауапты өз бетінше іздеу, экологиялық мазмұндағы есептерді шешу.
|
↑
|
Оқытудың формалары мен әдістері
↓
|
Диагностика – нәтижелік компоненті
↓
|
Химиялық шығарма жазу
|
Өз бетінше және бақылау жұмыстарын жүргізу
|
Нысанды сипаттау үшін пайдаланған мазмұн блогының орташа саны
|
Бір жұмыста пайдаланылған ғылыми терминдердің орташа саны
|
Түсінікті меңгерудің толықтығын сипаттайтын коэффициент
|
Білімді меңгеру коэффициенті
|
Достарыңызбен бөлісу: |