Каменка ауылдық округ әкімінің есебі Құрметті Каменка ауылдық округінің тұрғындары, шақырылғандар! 2005 жылдың 5 сәуірінен «Жергілікті атқару органдардың бастықтарының халықпен есеп беру кездесулерінің өткізуі туралы»



Дата29.02.2016
өлшемі85.51 Kb.
#33580
Каменка ауылдық округ әкімінің есебі
Құрметті Каменка ауылдық округінің тұрғындары, шақырылғандар!
2005 жылдың 5 сәуірінен «Жергілікті атқару органдардың бастықтарының халықпен есеп беру кездесулерінің өткізуі туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасын атқаруы бойынша, Ұлан ауданында сеніп тапсырған аумақтарда жыл сайын әкімнің есеп беру кездесулері өткізіледі. Тап осы жұмыс елде өткізілетін әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар туралы халық хабарлылығы жоғарылауына бағытталған, сонымен қатар сол қатысу үлесі,біз саламыз, ел экономикасын дамытуға Каменка ауылдық округінің тұрғындары.

Құрметті жерлестер, 2010 жыл саяси оқиғаларға қанық болды. Ол Ұлы Отан соғыс Жеңісінің 65-жылдығын тойлау, Қазақстанның ОБСЕ-ге төрағалық етуі және Еуропамен ынтымақтастығы және ОБСЕ-ге кіретін мемлекет басшыларының Саммит өткізілуі, осы Саммитте Астана декларациясы қабылданды. Ол - Өскемен қаласында қыркүйек айында екі мемлекеттің басшыларының Ресей және Қазақстан қатысуымен өткен жетінші форумы.

Ең маңызды оқиғаларының бірі, ол Өскемен қаласында мәжіліс өтті, бұнда Астана және Алматы қалалары және барлық облыс өкілдері қатысты, бұнда референдум өткізу бойынша, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін өкілеттігін ұзартуы туралы шешім қабылданды.

Каменка ауылдық округінің тұрғындары өздерінің қолдарымен шешімді қолдады және 824 сайлаушылардан 673 қол жинады. (82%)

Каменка ауылдық округінің аумағында 1155 халық тұрады, оның ішінде 175 зейнеткерлер, 131 оқушы, 31 мектепке дейінгі балалар, 34 мұғалімдер, 37 студент, 18 жеке кәсіпкерлер, 178 негізгі дара жұмыс істейтіндер, 320 адам шаруа қожалықтар жұмысшылары.

Аумақтың ең басты саласы ауыл шаруашылығы, округте 1 «Каменское SP» ЖШС ұйымдастырылған, онда 1300 гектар егістік жері бар, 62 шаруа қожалықтар, оның ішінде 32 ш/қ егістік жерлері бар. 6 шаруа қожалығы өз күшімен жұмыс істейді, ал техникасы жоқ 26 шаруа қожалығы бірге қызмет ету туралы келісім-шарт бойынша жұмыс істейді. Айтылған шаруа қожалықтарымен себілді және жиналды:




Аты

га

өнімділігі

вал

бидай

10929 га

5 ц

64481

арпа

985

сызылған

сызылған

күздік қара бидай

129,2

10

1292

күнбағыс

4231

5,5

23270,5

Былтырғы жылдың 1620 га көп жылдық шөбі бар және жамылғының астына 177 га егілді, сонымен қатар сүр шөптің үстіне 63 га жүгері егілді, 694 га булардың астына қалдырылды. ҚР Президенті өзінің «Жаңа онжылдықта - Жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мумкіндіктері» жолдауында 2014 жылға агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігі 2 есе жоғарылату мақсатын қойды. Алдымызға қойылған мақсатты орындау үшін бүгінгі күні бір ғана жол бар - ол ауыл шаруашылықты қалыптастыруды нығайту. Округта ауыл шаруашылықты қалыптастыру жұмыстарын талдай отырып, нақты біріктіру болды деуге болады. Техникасы жоқ 26 шаруалар және келісім-шарт бойынша жұмыс істейтіндер қазіргі уақытта өз күштерімен жұмыс істейтін «Степное», «Қайрат», «Тройницкое», «Синельников», «Алимбаев» шаруа қожалықтарымен құрылды. Сенім басқармасына жерді тапсырумен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасап, сол кезде техника, тұқымдар және тыңайтқыштарды біреулер кетіп қалады деп, қорықпай сатып алуға болады. Аумақтағы шаруа қожалықтар дәнді-дақылдар мәдениетін жоғарлату және өнімнің өзіндік құның төмендету үшін жаңа техника - тракторлар, комбайндар, сепкіштер, культиваторлар, күнбағыс жинауға арналған егін оратын машиналар сатып алынды.

Сонымен қатар асыл тұқымдар сатып алынды, жартылай азоттық-фосфорлық тыңайтқыштар еңгізілді. Ластанған егістік учаскелерінде арамшөпті жою мақсатында, гербициттермен өңделеді. Жақсы өнім алу үшін технологияны сақтау және барлық агротехникалық шараларды дер кезінде өткізу керек. Талдау көрсетті, техникасы жеткілікті барлық шаруаларда агротехникалық шаралар сақталады. Қазіргі уақытта барлық агротехникалық шараларды техникасы бар «Степное», «Қайрат», «Тройницкое», «Синельников», «Алимбаев» «Құнжыра» шаруа қожалықтары дер кезінде өткізеді.

Аумақта өсімдік шаруашылығы дамуымен, мал шаруашылығы дамып келеді, жеке меншік шаруашылында да және шаруа қожалықтарында.

Округте мал шаруашылығы көп салалы болып саналады. Сонымен, «Қайрат» ш/қ сүтті бағыттағы ірі қара мал дамытуда, «тұқымдық саулық үйір» мәртебесін алу бойынша жұмыс істеуде және қой шаруашылығы дамып келеді.

«Құнжыра» ш/қ «ет бағытындағы асыл тұқымды шаруашылық» мәртебесін алу мақсатында жұмыс істеуде және де шаруашылықта сонымен қатар қой және жылқы шаруашылығы дамуда.

Шаруашылық жөніндегі кітапқа сәйкес 2011 жылдың 1 қаңтарына жеке меншік шаруашылығында: ІҚМ - 1289 бас, оның ішінде 636 - сиыр, 1548 - қой және ешкі, 181- жылқы, 183 - шошқа, 3660 құс бар.

Шаруа қожалықтарының есеп кітабына сәйкес: ІҚМ - 901 бас, оның ішінде 372 - сиыр, 1601 бас - қой, 827 - жылқы бар.


2010 жылы округте:

Өндірілді Іске асырылды

Ет 2 609 ц 2 084 ц

Сүт 16 332 ц 13 013 ц


Сүт жинау үшін тұрғындарда 4 сүт қабылдау пункті, мал сою үшін «Қайрат» ш/қ базасында мал сою алаңы бар.

«Құнжыра» ш/қ 500 басқа жемдеу алаңын салып жатыр, бұнда жемдеу бойынша ең жаңа технологиялар қолданылады және және мал сою цехын ашу жоспарда бар.

ІҚМ өнімділігін жақсарту үшін, «Қайрат» шаруа қожалығында ұрықтандыру пункті ашылды және жұмыс істейді.

Тұрғындарды азық-түлікпен және күнделікті қажетті тауарлармен қамтамасыз ету үшін округ аумағында 9 сауда орындары, 2 кіші наубайхана бар, бұнда күніне 274 нан және нан өнімдері өндіріледі, наубайхана тұрғындарды қажетті нан мөлшерімен қамтамасыз етеді.

Күнделікті қажетті тауар түрлерінің инфляциялық пайызын қалыпты жағдайда ұстап тұру үшін, сауда орындарымен тауар түрлеріне 10 % аспайтын меморандумға қол қойылды.

Округ аумағында 2 мектеп бар ол - Каменка орта мектебі және Тройницкое негізгі мектебі. 2009-2011 оқу жылында Каменка орта мектебінде 101 оқушы оқыды. Өткен жылы 7 оқушы мектеп бітірді, оның ішінде 5 оқушы ҰБТ тапсырды, орташа бал 73 құрады, ал аудандық-81.

«Степное» ш/қ басшысы С.В.Бельчуевский, «Қайрат» ш/қ басшысы А.Р.Усмаевтың, демеушілік көмек көрсеткеннің арқасында, мектептің спорттық залы жөнделді, баннер сатып алынды. Мектепте мультимедиялық бөлме жұмыс істейді, физика және биология бөлмелері келді. Интернетқа шығатын мүмкіндік бар, шағын орталық жұмыс істейді, бұнда 14 бала келеді. Ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Тройницкое ауылының негізгі мектебінде 2009-2011 оқу жылында 1 сыныптан 9 сыныпқа дейін 35 оқушы болды, 7 бала мектепке дейінгі дайындық сыныбында және 7 бала шағын орталыққа келіп жүреді. Мектепте оқитын барлық балалар саны 49 оқушы. 2010-2011 оқу жылының 1 қыркүйегінде мектепте қазақ тіліне оқытатын мектепке дейінгі дайындық сыныбы ашылды, онда 5 бала оқиды және орыс тілінде оқитын 2 бала. Шағын орталыққа 10 бала қатысады. 1 сыныптан 9 сыныпқа дейінгі оқушылар саны 28, I жартыжылдықта 3 бала келді, сонымен бүгінгі күнде 1 сыныптан 9 сыныпқа дейінгі оқушылар саны 31 болды.

2010 жылдың қазан-қараша айында, мұғалімдер ұжымымен және тұрғындармен патронаттық тәрбиелеу сұрақтары бойынша жұмыс жүргізілді. Барлығы патронат туралы Жағдаймен таныс болды, осыдан кейін 8 отбасы патронаттық тәрбиеге бала алуды қалады. Өтініш беретін кезде жинайтын және тапсыратын құжаттар тізімімен барлық қалаушылар танысты. Бүгінгі күнге дейін өтініштер түскен жоқ. Бірақ осы сұрақ бақылауда тұр.

Округ аумағында 3 медициналық қызметкер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді, 2 мед.қызметкер Каменка ауылынан және 1 Тройницкое ауылынан, оған қызметтік пәтер бөлінді. Аумақтағы мед.пункте қажетті дәрі-дәрмектер сатылады. Өткен жылы 12 адам қайтыс болды, 14 адам дүниеге келді.

Медициналық көмек көрсету мәселесі бойынша жағдай қиындау, өйткені округ республикалық жолдан өте алыс, сондықтан бізге медициналық жедел жәрдем көлігі қажет. Осы мәселе бойынша мен алдыңғы аудан әкіміне айттым, ол көлік түскен кезде Каменка ауылдық округіне бір көлік бөліп беремін деген. Бұл сұрақ әлі күнге дейін шешілмеді.

Аумақтағы әкім аппаратының ең негізгі бағытының бірі ол тұрғындармен жұмыс істеу. Сонымен, өткен жылы түскен және қаралған 127 арыз, 2 - жазбаша, жазбаша арызға жазбаша жауап беріледі. Әкімшілік бекітілген типтік жайға сәйкес жұмыс істейді.

Округтың әкім аппаратының мамандары барлық жәрдемақы түрлеріне, зейнетақыға құжаттар дайындауға көмектеседі және аудандық орталық бөлімдеріне Молодежный кентіне тапсырады.

ҚР Қарулы күштер қатарында қызмет етуге, әскер қатарына шақырылған адамдармен медициналық комиссия өтуге және құжаттар дайындау бойынша жұмыс жүргізіледі.Аумақта әскер міндеттілері 134 адам, әскер қатарына шақырылғандар 82, әскер қызметшілері 2 адам.

Жалғыз басты зейнеткерлерге біржолдық пәтерлік көмекті алуға және құжаттар дайындауға жыл сайын көмек көрсетіледі. Өткен жылы 19 іс дайындалды.

Округтің әйелдер және ардагерлер кеңесі жыл бойы өз жұмыстарын жүргізеді. Тіршілік маңызды сұрақтар осы мәжілісте қаралады және шешіледі.

Қазақстан Республикасының саяси әлеуметтік басты тапсырмалары ол - кедейлікті төмендету, халықтың әл-ауқатын жоғарлату, азқамтылған азаматтарды және әлеуметтік-сезімтал азаматтарды қолдау болып саналады.

ҚР «Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы туралы» және «Мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек туралы» Заңын орындау бойынша әйелдер кеңесінің төрайымы Л.В.Руденко жұмыс істейді, ол берілген өтініштерді қарастырады және жәрдемақы беру туралы шешім қабылдайды, ал округ мамандары жәрдемақыға керекті құжаттарды дайындауға көмектеседі.

Адрестік әлеуметтік көмекті тоқсан сайын: I тоқсанда - жоқ, II тоқсанда - 2 отбасы алды, III және IV тоқсандарда - жоқ. Балалық жәрдемақыны I тоқсанда - 2 отбасы, II тоқсанда - 3 отбасы, III - тоқсанда 1 отбасы және IV тоқсанда - 2 отбасы алды.

Жыл арасында жаңа туған балаларға біржолғы жәрдемақы және ай сайынғы баланы күтуіне берілетін жәрдемақы алуға құжаттарды дайындауға көмектеседі.

Округте аудандық қаражат есебінен 22 газетке мүгедектер және зейнеткерлерге тегін жазылу ұйымдастырылды.

Округ аумағында нотариус жоқ болғандықтан, облыстық территориалық әділет Департаментінде нотариалдық әрекеттерді іске асыруына, округтағы бас маман, 2 жыл сайын іскерлік сараптаудан өтеді. 2010 жылы 6 797 теңге сомаға 60 нотариалдық әрекеттер жасалды.

2010 жылы жергілікті салықтар есептелді және жиналды: мүлік салығы - 29 361 100 % , жер салығы - 145 599 теңге 100 %. Бір жолдық талон: жоспар бойынша 12 200 теңге, жиналды 15 197 теңге.

Тұрғындардың көп бөлігі салықтарды төлеуге түсінушілікпен қарайды, ал дер кезінде салықтарды жинаған Е.Д.Покасьтың еңбегі көп екенін айту қажет.

Макажанов Арсен Болатович жаңа учаскелік полиция инспекторы округке 2010 жылдың аяғында белгіленді. Жұмысы үшін маркасы «Нива» қызметтік көлік, учаскелік полиция инспекторы пунктінде телефон бар, қажетті болғанда компьютер бөлінеді. 2010 жылдық криминогенді жағдайды айтсақ, округте 7 қылмыс тіркелді, оның ішінді 5 қылмыс ашылды.

Ұлан ауданы әкімінің «Елді мекендерде абаттандыру, жасылдандыру және санитарлық тазалау бойынша екіайлықты жүргізу туралы» бұйрығын орындауға округтың барлық тұрғындары қатысты.Асу-Бұлақ орман шаруашылығынан 70 шыршамен 70 қарағай әкелініп, округтың ұйымдарына және тұрғындарға таратылды. Тұрғындардың тұрмыстық және қыстық қоқыстарын шығаруға С. В. Бельчуевский, А. Р. Усмаев, Д. Е. Алимбаев шаруа қожалық басшыларымен маханикалық отряд ұйымдастырылды.

Тұрғындармен өткен кездесулерде ауылдардағы АТС жаман жұмысы туралы сұрақтар қозғалды. Сондықтан, Каменка ауылында ЭМС-240 электронды-автоматты станция орналастырылды және жұмыс істейді, оның арқасында телефондық байланыс сапасы жақсарды, Интернетке сапалы шығатын мүмкіндік туды. Тройницкое ауылының телефонизация туралы сұрақ аздап шешілді, бірақ мына сұрақ бойынша әлі жұмыс істеу қажет.

Жыл арасында мәдениетті-бұқаралық шаралар өткізілді, осы шараларды өткізуге округтың шаруа қожалықтары, кәсіпкерлер қатысты, мектеп оқушыларының концерттік бағдарламалары және оған қатысқан ауыл тұрғындарын өзгеше белгілеуге болады.

Аумақтың ең қиын мәселелерінің бірі - ол біздің жолдар.

2008 жылы «Жол картасы» бойынша аздан жөндеу жұмыстары өткізілді, күрделі жөндеуге ЖСҚ құрастырылған, бірақ бұл мәселе ары қарай шешілген жоқ. 1965 жылы жіберілген сумен жабдықтау жүйесі, бүгінгі күні қатты ескірді. Сумен жабдықтау жүйесін толық қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.



Округтың елді мекендерінде жарықтандыру аз. Ағымды жылдың округтағы әкім аппаратының ең негізгі жұмыстары осы.

2011 жылы Қазақстан Республикасының барлық халқы «Біздің жалпы үйіміз Қазақстан Республикасының 20 жылдық Тәуелсіздігінің» мерейтойын атап өтеді. Аумақтағы барлық тұрғындарының мақсаты - мерекені еңбек жетістігінің жоғарлауымен, халықтың тіршілік деңгейі жақсаруы, біздің округтың мейірбан даңқын қайта өркендеуі үшін, бізде барлық қорлар бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет