Зайсан ауданы әкімі аппаратының
жалпы бөлімі туралы
ереже
-
Жалпы ереже
Осы Ереже «Зайсан ауданы әкімі аппараты» Мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімінің қызметін реттейді.
Жалпы бөлім аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады, аудан әкіміне және аппарат басшысына бағынады.
Жалпы бөлім Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару туралы» Заңының 38-бабына сәйкес құрылады. Жалпы бөлімді меңгеруші басқарады.
Жалпы бөлім өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерін, аудан әкімінің ережесі мен регламентін және осы ережені басшылыққа алады.
Бөлім халықаралық стандартты ИСО - 9001 - 2000 сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сай жұмыс атқарады.
II. Жалпы бөлімінің міндеттері мен негізгі
атқаратын жұмыстары
1. Аудан әкімдігінің, аудан әкімінің, оның аппаратының іс-қимылдарын құжаттық қамтамасыз ету, іс-қағаздарын жүргізу;
2. Аудан әкімдігінің, аудан әкімінің қаулылары, шешімдері мен өкімдерінің белгіленген тәртіппен әзірленуін бақылау, орындалуын ұйымдастыру, оларды орындаушыларға тарату;
3. Аппаратқа келіп түскен және жөнелтілетін құжаттар мен хат-хабарды қабылдап алу және рәсімдеу, орындаушыларға жеткізу;
4. Аудан әкімдігінің хаттамаларын рәсімдеу;
5. Қала, ауылдық округі әкімдері және дербес бөлімдер аппараттарындағы іс-қағаздарын жүргізу барысын бақылау жасау, практикалық-теориялық көмек көрсету және озық тәжірибені тарату;
6. Аудан әкімі аппараты бойынша құжаттардың көшірмелерін беру;
7. Қызметтік бланкілердің, мөр мен мөр табандардың дайындалуын, сақталуын және есебін жүргізу;
8. Іс - номенклатурасын жасау және құжаттарды іске құрастыру, істі әзірлеу, мұрағатқа тапсыру;
9. Аппараттағы құпиялық режимінің сақталуын, құпия құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, құпия құжаттармен жұмыс істеуге лауазымдық номенклатураға енгізілген қызметшілеріне құпия құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат ету материалдарын рәсімдеу;
10. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу және олардың дер кезінде қаралуын ұйымдастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы 1-ОЛ нысанды статистикалық есепті құрастыру,
11. Аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастыру;
12. Аппараттағы бірыңғай электрондық құжат айналым жүйесінің, қоғамдық қатынау пункттерінің жұмысын ұйымдастыру,
13. Аудан әкімдігінің мәжілістерін техникалық жағынан қамтамасыз ету;
14. Аудан әкімдігінің, аудан әкімінің, оның аппаратының көлік, шаруашылық, техникалық және материалдық жабдықтау, бухгалтерлік есеп жұмыстарын жүргізу:
- бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуын қадағалау;
- есеп құжаттарының сақталуын және құпиялығын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік сатып алу Заңына сәйкес өткізілетін тендерлерге құжаттар дайындау, өткізу;
- аппарат ғимаратының тазалығын, уақытында ағымдық және күрделі жөндеуден өткізілуін, материалдық - техникалық жабдықтардың, мүліктердің сақталуын, есебін жүргізу.
III. Жалпы бөлімінің құқылары
15. Аудан әкімінің, қала, ауылдық округі әкімдерінің, дербес бөлімдердің аппараттарындағы құжаттама қызметін, іс-жүргізудің жайын тексеруге, қажетті анықтама талап етуге;
16. Аудан әкіміне, аппарат басшысына іс-қағаздарын жүргізуді жақсарту жөнінде ұсыныс беруге;
17. Іс жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа сай келмейтін құжаттарды адресаттарға қайтадан қайтаруға;
18. Құжаттарды дайындаушылардың іс жүргізу туралы Нұсқауға сай емес құжаттарын қайта дайындауды талап етуге;
19. Қажетті кезде құжаттар дайындауға аппараттағы жауапты әкімшілік қызметшілерді тартуға;
20. Аудан әкімінің, оның аппарат басшысының тапсырмасы бойынша іс-қағаздарын жүргізу жөніндегі құпия іс қағаздары жөніндегі Нұсқаулықты, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініштерді қарау мерзімдерін бұзушылық фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізуге;
21. Аппаратқа өнім берушілер мен қызмет көрсетушілер арасында жасалған келісімшартта көрсетілген қызмет түрлері мен жұмыстардың толық әрі сапалы атқарылуы туралы талап қоюға;
22. Аудан әкіміне бөлімнің қызметі туралы ұсыныс беру;
23. Аудан әкімінің аппарат басшысының тапсырмасымен бөлімге қатысты мүліктік және басқа да мәселелер бойынша отырыстарға, кеңестерге, сот мәжілістеріне қатысу, бөлімнің құқығын қорғау.
IV. Бөлімді басқару
24. Бөлімді бөлім меңгерушісі басқарады, ол:
- бөлімнің жұмысын ұйымдастырады;
- бөлім қызметкерлеріне міндеттерін бөліп береді, басшылардың тапсырмаларының орындалуын қадағалайды және қызметкерлердің өз міндеттерін дұрыс атқаруын бақылайды;
- бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындауға немесе қызметінен босатуға, көтермелеуге және тәртіптік жаза қолдануға ұсыныстар енгізеді;
- бөлімнің құзіретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобасын дайындайды;
- бөлімнің күнделікті мәселелері бойынша кеңестер мен жұмыстық кездесулер өткізеді.
Шаруашылық меңгерушісінің
міндеттері
1. Аудан әкімі аппаратының ғимаратындағы, гараждағы ішкі және сыртқы тазалықты көріктендіру, көгалдандыру, өрт қауіпсіздігі, жалпы техникалық-шаруашылық жұмыстарды ұйымдастыру. Техникалық қамту қызметкерлерінің жұмысын бақылау, үйлестіру;
2. Аудан әкімі аппаратының ғимаратындағы күзет бөлімінің жұмысын бақылау;
3. Қызметтік кабинеттердің жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін жабылуын тексеру, қызметтік мүліктер мен жиһаздардың сақталуын қадағалау, есебін жүргізу, бұзылған немесе сынған жағдайда жөндеу;
4. Қызметтік автокөліктердің арнайы белгіленген уақытта гаражға енгізілуін шығуын бақылау, олардың уақытында техникалық байқаудан өтуін ұйымдастыру, бекітілген шектеуге сәйкес жанар-жағар май босату, олардың есебін жүргізу;
5. Аудан әкімі аппаратын кеңсе, шаруашылық тауарларымен, автокөліктердің қажетті бөлшектерімен қамтамасыз ету, электр желісінің жұмысын қадағалау;
6. Арзан бағаланған, жылдам тозатын тауарларға және жанар-жағар майдың есебіне байланысты материалдық жауапкершілікті атқару;
7. Аудан әкімінің ғимаратына жүргізілетін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапасына жауап беру, бақылау;
8.Аппараттың ішкі тәртіп ережесін бұлжытпай орындау.
Есепшінің міндеттері:
-
Аудан әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерінің және штаттан тыс қызметкерлерінің жұмысқа шығу табелін жүргізеді, еңбекақыларын шағу;
-
Аудан әкімі аппараты бойынша негізгі қорлар мен жылдам тозатын тауарларға байланысты материалдық жауапкершілікті атқару;
-
Аудан әкімі аппаратының мемлекеттік мекемесінің барлық мекемелермен (суға, жылуға, байланыс қызметі және басқа да түрлеріне байланысты) келісімшартқа уақытында отыруына жауап беру;
-
Статистикалық есеп және материалдық құндылықтардың қозғалысын жүргізу;
5. Аппараттың ішкі тәртіп ережесін бұлжытпай орындау.
Қабылдау бөлмесінің хатшысының
міндеттері:
-
Қабылдау бөлмесінің уақытында ашылуын және ондағы тәртіптің, тазалықтың сақталуын қамтамасыз ету;
-
Қабылдау бөлмесіне келіп түскен қызметтік құжаттарды, хат-хабарды кеңсеге тіркеуге беру, тіркелген құжаттарды аудан әкіміне ұсыну;
-
Аудан әкімінің қызметтік кабинетінің тазалығын сақтап, қызмет бабында қажетті кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру;
-
Аудан әкімінің, аппарат басшысының тапсырмасы бойынша аппарат қызметшілерін, қала, ауылдық округі әкімдерін, дербес бөлім басшыларын шақыру;
-
Аудан әкіміне шұғыл түскен оперативтік ақпараттарды енгізу;
-
Аудан әкімінің барлық қызметтік телефон байланысын жүргізу;
-
Қызметтік құпиялықты сақтау;
-
Аппараттағы кезекшілік журналдарын жүргізу;
9. Аппараттың ішкі тәртіп ережесін бұлжытпай орындау.
Программистің міндеттері:
-
Аудан әкімі аппаратындағы компьютерлердің, есептеу техникаларының, интернет және сервер желілерінің, электрондық поштаның, бейнеконференция мен селектрлік жиындардың жұмысын техникалық қамтамасыз ету, жүйедегі ақауларды жою;
-
Қала, ауылдық округтері, дербес бөлімдер мен аудан әкімі аппаратының қызметшілеріне техникалық түсіндірме беру;
-
Компьютерлермен жұмыс атқару кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау туралы ереже - естеліктер жасау, онымен тиісті адамдарды таныстыру;
-
Жаңа ақпараттық технологияларды жетік білу, лицензиясы бар бағдарламалық өнімдерді, операциялық жүйені орнату;
-
Компьютерлерде вирусқа қарсы шараларды ұйымдастыру;
6. Аппараттың ішкі тәртіп ережесін бұлжытпай орындау.
Оператордың міндеттері:
-
Аудан әкімі аппаратының жалпы бөлімінің меңгерушісіне немесе бас маманға (есепші) тікелей бағынады, тапсырмаларын орындайды;
-
Жалпы бөлімнің қаржы-шаруашылық есеп құжаттарын компьютерге басады. Қазынашылық бөлімге тапсырады.
-
Жалпы бөлімнің басқа бөлімдермен арасындағы байланысты жүзеге асырады.
-
Аудан әкімі аппаратында өтетін жиналыстар, әкімдік мәжілістер, өтетін орынды дайындайды, ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді;
5. Аппараттың ішкі тәртіп ережесін бұлжытпай орындау.
Оператор-машинисткасының
міндеттері:
-
Бастырылуға берілген құжаттардың уақытында, сапалы басылуына жауап беру және бастырылған құжаттардың қызметтік құпиялығын сақтау;
-
Өздеріне бекітілген компьютердің сақталуына және басқа мақсатқа пайдаланылмауына, кабинеттегі тәртіптің сақталуына жауап беру;
-
Көшіру – көбейту қызметін атқару;
4. Аппараттың ішкі тәртіп ережесін бұлжытпай орындау.
Қоғамдық қатынау пунктінің
операторының міндеті:
1. Қоғамдық қатынау пункттерінің жұмысын ұйымдастыру, ондағы қоғамдық тәртіптің техникалық жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ету.
2. Аппараттың ішкі тәртіп ережесін бұлжытпай орындау.
Жүргізушілердің міндеттері:
-
Өздеріне бекітіліп берілген қызметтік автокөліктердің сақталуын қамтамасыз ету;
-
Күнделікті техникалық жөндеу жұмыстарын жүргізу.
-
Қызметтік автокөліктерді гаражға қойған, шығарған кезде шаруашылық меңгерушісін ескерту және арнайы журналға қол қою;
-
Еңбек, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және өздеріне тиесілі гараждағы орынның (бокстың) тазалығын қамтамасыз ету;
5. Аппараттың ішкі тәртіп ережесін бұлжытпай орындау.
Аула сыпырушысының және бағбанның
міндеттері
-
Санитарлық - гигиеналық нормаларды басшылыққа алады, тазалығыш химиялық дезинфекция заттармен, санитарлық – техникалық жабдықтармен жұмыс істеген кезде техника, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтауға және ішкі тәртіп ережесіне сәйкес жұмыс атқарады;
-
Ғимараттың ауласын таза ұстау, көріктендіру, көгалдандыру жұмыстарын жүргізу, аула ішіндегі ағаштар мен гүлзарларды күту, суару;
-
Ауланы, гапраждың төбесін қардан және мұздан тазарлау;
4. Аппараттың ішкі тәртіп ережесін бұлжытпай орындау.
Техникалық кеңсе сыпырушылардың
міндеттері
-
Ғимараттағы өзіне бекітілген бөлікті, кабинеттерді таза ұстау, қонған шаңдарды күнделікті сүрту, тазалау, жуу;
-
Кабинеттерден шыққан қалдықтарды белгіленген жерге апарып төгу;
-
Әжетханаларды уақытында дезинфекциялау, тазалау;
-
Тазалайтын кабинеттердегі санитарлық - гигиеналық ережелерді сақтау, бөлмелердегі есік-терезелерді ашып желдету, жарықты кетерде өшіру. Қыс мезгілдерінде есік-терезелерді жылылау жұмыстарын жүргізу;
-
Санитарлық тазалау, химиялық тазалағыш сұйықтармен жұмыс істеу ережелерін сақтау;
6. Аппараттың ішкі тәртіп ережесін бұлжытпай орындау.
Жалпы бөлімнің
меңгерушісі Қ.Жағыпаров
Достарыңызбен бөлісу: |