Кардиология Ашық атериалдық түтіктік (Боталлов) жағдайға не тән?



Дата02.07.2016
өлшемі148.99 Kb.
#173018
Кардиология
1. Ашық атериалдық түтіктік (Боталлов) жағдайға не тән?

А. қанның аортадан өкпелік артерияға құйылуы

В. қан тек диастола кезінде құйлады

С. қан тек систола кезінде құйылады

Д. қан сол жақ жүрекшеден оң жақ жүрекшеге құйылады

Е. қан сол жақ қарыншадан оң жақ қарыншаға құйылады


2. Ашық атериалдық түтікке (Боталлов) көбінесе не тән:

А. артериалдық гипертонияның пайда болуы тән емес

В. өкпелік гипертонияның пайда болуы тән емес

С. ерте сатыларында көбінесе жүректің сол жақ бөліктері кеңейеді

Д. ерте сатыларында екі қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясының пайда болуы

Е. ерте сатыларында оң қарыншаның гипертрофия мен делатацияның пайда болуы


3. Ашық атериалдық түтікке (Боталлов) тән белгіні таңда

А. сол жақ төстің төртінші қабырға аралығында систолалық шу

В. төстің сол жақ екінші қабырға аралығында және арқада систолодиастолалық шу

С. жүрек ұшында систолодиастолалық шу

Д. жүрек ұшында диастолалық шу

Е. семсер тәрізді өсіндіде диастолалық шу


4. Ашық атериалдық түтіктің (Боталлов) асқынған ағымында не дамиды:

А. миокард инфаркты

В. асқазан ойық жарасы

С. коронариит

Д. инфекциалық эндокардит

Е. хордалардың үзілуі


5. Ашық атериалдық түтікке (Боталлов) көбінесе тән асқынуды таңда:

А. жүрек жеткіліксіздігі

В. миокард инфаркты

С. миокардит

Д. трикуспидалдық қақпақшаның жетіспеушілігі

Е. сол жақ атриовентрикулярлық қуыстың таралуы


6. Ашық атериалдық түтік (Боталлов) диагностикалауда нақты мәлімет беретін зерттеу:

А. кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

В. ЭКГ

С. контраст ық ЭхоКГ



Д. сфигмография

Е. фонокардиография


7. Ашық атериалдық түтікті (Боталлов) анықтауға көмектесетін зерттеу түрін таңда:

А. фонокардиография

В. ЭКГ

С. коронароангиография



Д жүрек катетеризациясы

Е. велоэргометрия


8. Төменде аталғандардың қайсысы ашық атериалдық түтікті (Боталлов) диагностикалауда қолданылады:

А. сфигмография

В. ЭКГ

С. велоэргометрия



Д. кеуде қуыс ағзаларының рентгенографиясы

Е. аортография


9. Ашық атериалдық түтікің (Боталлов) диагнозын анықтау үшін келесі зерттеу түрі қолданады:

А. жүрек рентгенографиясы

В. ЭКГ

С. допплер ЭхоКГ



Д. тәуліктік ЭКГ мониторингі

Е. вентрикулография


10. Ашық атериалдық түтікке (Боталлов) күмандануда қандай зерттеу түрін қолданасыз:

А. жүрек рентгенографиясы

В. ЭКГ

С. контрастық ЭхоКГ



Д. ФКГ

Е. тәуліктік ЭКГ мониторингі


11. Келесі аталғандардың қайсысы ашық атериалдық түтік (Боталлов) диагнозын дәлелдеуде шешуші рол атқарады:

А. тәуліктік ЭКГ мониторингі

В. ЭКГ

С велоэргометрия



Д. жүрек рентгенографиясы

Е. магниттірезонанстық томография


12. Туа пайда болған жүрек ақауын анықтаудың зерттеу түрі:

А. жүрек рентгенографиясы

В. ЭхоКГ

С. Тәуліктік ЭКГ мониторингісі

Д. ЭКГ

Е. перикардтың пункциясы


13. Ашық артериалдық түтіктің (Боталлов) ренгенографиясындағы көрінісі:

А. отырған үйрек қалпына ұқсас жүрек

В. өкпе артериясының кеңейуі мен ісінуі

С. қабырғаның өонектелуі

Д. өкпе эмфиземасы

Е. жүректің митралдық кофигурациясы


14. Ашық атериалдық түтік (Боталлов) ренгенографиясына тән белгіні таңдаңыз:

А. ошақтық көленкелер

В. плевралдық швартар

С. кардиомегалия

Д. өкпе эмфиземасы

Е. аорталдық жүрек конфигурациясы


15. Ашық атериалдық түтік (Боталлов) ренгенографиялық көрінісіне не тән:

А. өкпелік гипертензияның белгілері

В. ұяшықты өкпе суреті

С. «бұлыңғыр әйнек»

Д. өкпе эмфиземасы

Е. тамшы тәрізді жүрек


16. Ашық атериалдық түтік (Боталлов) рентгенологиялық көрінісіне келесі аталғандардың қайсысы дұрыс болады:

А. «ұяшықты өкпе»

В. өкпе сабауының кеңейуі

С. жүрек көлемінің кішіреуі

Д. өкпе тіні мөлдірлігінің жоғарлауы

Е. тамшы тәрізі жүрек


17. Жүрекше аралық перде дефектісін анықтаудағы қолайлы зерттеу түрі

А ЭКГ


В. ЭхоКГ

С. кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

Д. іш қуыс ағзаларының УДЗ

Е. коронароангиография


18. Қарынша аралық перде ақауының ЭКГ көрінісі

А. оң жақ қарыншаның гипертрофиялық белгісі

В. оң және сол жүрекшелердің гипертрофиялық белгісі

С. патологиялық Q тісшесі

Д. PQ интервалының қысқаруы

Е. ST-нің горизонталдық депрессиясы


19. Қарынша аралық перде ақауында ЭКГ-да не анықталады

А. екі қарыншаның да гипертрофиялық белгілері

В. оң жүрекшенің гипертрофиясы

С. патологиялық Q тісшесі

Д. PQ интервалының қысқаруы

Е. ST сигментінің күмбез тәрізді көтерілуі


20. Қарынша аралық перде ақауының ЭхоКГ- да не анықталады

А. қан ағысының сол қарыншадан оң қарыншаға өтуі

В. трикуспидалдық саңылаудың тарылуы

С. митральді саңылаудың

Д. қарынша аралық перденің гипертрофиясы

Е. өкпе артериясы қақпақшаларының қысқаруы мен деформациялануы


21. Науқас қан қысымымен ауруханаға келді. Науқастың қолындағы қан қысымы, аяғындағыдан жоғары. Бұл қандай ауруға тән?

А.  Иценко-Кушинг ауруы

В. Иценко-Кушинг синдромы

С. Біріншілік гиперальдостеронизм

Д. қолқаның коарктациясы

Е. эссенциальді артериалдық гипертония


22. Қан ағысы оң жақ қарыншадан сол жақ қарыншаға ағатын қарынша аралық перде ақауының ең қолайлы емі?

А. физиотерапияға бағыттау

В. санаторияға бағыттау

С. симптоматикалық терапия көрсетілген

Д.оперативтік емдеу көрсетілген

Е. Диспансерлік бақылау


23. Қарынша аралық перде ақауы бар науқасқа қай кезде отеративтік ем қарсы көрсеткіш болып табылады?

А. егерде қан ағымы сол қарыншадан оң қарыншаға өтсе

В. егерде қан ағымы оң қарыншадан сол қарыншаға өтсе

С. 25 жастан жоғары

Д. аритмиясы болса

Е. жүрек жетіспеушілігі болса


24. Қолқа коартациясы және симптоматикалық гипертензиясы бар науқасқа қолайлы емдеу тәсілін таңда:

А. ангиотензивті препараттармен емді жалғастыру

В. физиотерапияны қосу

С. оперативтік емге жолдама беру

Д. санаторияға жолдама

Е. антибактериалды ем тағайындау


25. Жүрекше аралық перденің ақауына тән:

А. оң жүрекше мен оң қарыншаның ұлғайуы

В. екі қарыншаның ерте ұлғайуы

С. сол жақ III-IV қабырға аралығында систолалық шу

Д. оң жақ II-III қабырға аралығында систолалық шу

Е. барлық науқастарда өмірінің бірінші күнінен жүрек жеткіліксіздігі дамиды


26. Жүрекше аралық перде ақауының асқынуы:

А. өкпе туберкулезі

В. оң қарыншалық түрде жүрек жетіспеушілігі

С. Сол қарыншалық түрде жүрек жетіспеушілігі

Д. миокард инфаркты

Е. өкпе инфаркты


27. Жүрекше аралық перде ақауын анықтаудағы диагностикалық зерттеу түрін таңданыз

А. ЭКГ


В. жүрек рентгенографиясы

С. қан тамыр УДДГ (ультрадыбыстыдопплерографиясы)

Д. ЭхоКГ

Е. коронарография


29. Жүрекше аралық перде ақауының ЭКГ көрінісі:

А. электрлік остің солға жылжуы

В. оң қарыншаның гипертрофиялық белгілері

С. сол қарыншаның гипертрофиялық белгілері

Д. III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

Е. II атриовентрикулярлық блокада


30. Жүрекше аралық перде ақауына тән ЭКГ өзгерісі:

А. электрлік остің оңға ығысуы мен оң қарыншаның гипертрофиясы

В. электрлік остің солға ығысуы мен оң қарыншаның гипертрофиясы

С. ST сегментінің жоғарлауы

Д. III дәрежелі атриовентрикулярлық блокада

Е. екі жүрекшенің және екі қарыншаның гипертрофиясы


31. Жүрекше аралық перде ақауының отеративтік емге қарсы көрсеткіштері:

А. жүрек жетіспеушілігі

В. физикалық өсуінің жетіспеушілігі

С. жүрек ырғағының бұзылуы

Д. науқастың жасы

Е. қанның оңнан-солға құйылуы


32. Жүрекше аралық перде ақауының ренгенологиялық зерттеуінде анықталады:

А. өкпелік гпертензияның белгілері

В. плевральдық өзгерістер

С. «ұяшықты өкпе»

Д. отырған үйрек тәрізді жүрек

Е. қолқа склерозы


33. Жүрекше аралық перде ақауының ренгенографиясында анықталады:

А. артериалдық түрде өкпе суретінің ұлғайуы

В. қолқаның жоғары өрмелеген бөлігінің дилитациясы

С. ұяшықты өкпе суреті

Д. жүрек көленкесі шар тәрізді

Е. ошақты көлеңкелер


34. Жүрекше аралық перде ақауына қандай ренгенологиялық белгілер тән?

А. митралдық жүректің конфигурациясы

В. өкпе артериясы доғасының кеңейуі

С. шар тәрізді жүрек

Д. өкпе тіні мөлдірлігінің күшейуі

Е. өкпе түбірлерінде петрификаттар


35. Жүрекше аралық перде ақауының ренгеналогиялық зерттеуінде анықталады:

А. өкпеде ошақтық көленкелер

В. оң жақ қарыншаның шығу жолы мен өкпе артериясы бағанасының дилатациясы

С. қолқа доғасының жоғарылау және төмендеу бөлімдерінің дилатациясы

Д. жүрек мыыны тегістелген

Е. Гон ошағы


36. Жүрекше аралық перде ақауының ренгенологиялық басты симптомдары:

А. оң жақ бөлімдерінің есебінен жүрек көлденеңі ұлғайады

В. жүрек көленкесі шар тәрізді

С. сол жақ бөлімдерінің есебінен жүрек көлденеңі ұлғайады

Д. жүрек көленкесі үш бұрыш тәрізді

Е. өкпенің эмфиземасы


37. Ауруханаға қатты шаршағыштықпен, ентігуге, жүрек соғуына, жөтелге шағымданып 17 жасар қыз түсті. Бала кезінен ауырады. Анасыда туа пайда болған жүрек ақауы бар. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары қалыпты. Жүрек өлшемдері оң жақ бөлімдері есебінен ұлғайған. I тон семсер тәрізді өсінді маңында күшейген, өкпе артериясында II тон қосарланған. Төстің сол жағында 2-3 қабырға аралықта систолалық шу. ЭКГ- да: ЭОС оңға ығысуы, оң қарыншаның гипертрофиясы. Гисс шоғыры аяқшаларының толық емес блокадасы. Науқастың диагнозы қандай болуы мүмкін?

А. жүрекше аралық перденің дефектісі

В. қарынша аралық перденің дефектісі

С. ашық артериалдық түтік

Д. қолқа коарктациясы

Е. оң атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы


38. Ауруханаға қатты шаршағыштықпен, ентігуге, жүрек соғуына, жөтелге шағымданып 17 жасар қыз түсті. Бала кезінен ауырады. Анасыда туа пайда болған жүрек ақауы бар. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары қалыпты. Жүрек өлшемдері оң жақ бөлімдері есебінен ұлғайған. I тон семсер тәрізді өсінді маңында күшейген, өкпе артериясында II тон қосарланған. Төстің сол жағында 2-3 қабырға аралықта систолалық шу. ЭКГ- да: ЭОС оңға ығысуы, оң қарыншаның гипертрофиясы. Гисс шоғыры аяқшаларының толық емес блокадасы. Диагнозды дәлелдеуге қандай зерттеу түрі қолайлы?

А. контрастық ЭхоКГ

В. ЭКГ

С. кеуде қуысының компьютерлік томографиясы



Д. жүрек рентгенографиясы

Е. коронарография


39. Ауруханаға қатты шаршағыштықпен, ентігуге, жүрек соғуына, жөтелге шағымданып 17 жасар қыз түсті. Бала кезінен ауырады. Анасыда туа пайда болған жүрек ақауы бар. Қарап тексергенде тері және шырышты қабаттары қалыпты. Жүрек өлшемдері оң жақ бөлімдері есебінен ұлғайған. I тон семсер тәрізді өсінді маңында күшейген, өкпе артериясында II тон қосарланған. Төстің сол жағында 2-3 қабырға аралықта систолалық шу. ЭКГқандай өзгерістер болады?

А. жүректің оң бөлімдерінің гипертрофиясы

В. сол қарыншаның гипертрофиясы

С. сол жүрекшенің гипертрофиясы

Д. толық атриовентрикулярлық блокада

Е. сол қарыншаның миокард инфаркты


40. Ауруханаға 15жасар қыз түсті, шағымдары: шаршағыштық, жүрек қағуы, жөтел. Бала кезінен ауырады. Зерттеу кезінде: тері және шырышты қабаты қалыпты жағдайда. Жүрек көлемі оң жақ бөлімдерінің есебінен ұлғайған. Семсер тәрізді өсіндіде I тон күшейген, өкпе артериясында II тон қосарланған, II-III қабырға аралығында систолалық шу. Жүрекше аралық перде ақауы күмандануда. Рентгенологиялық зерттеуде қандай өзгерістер көреміз?

А. өкпе түбірі мен мен өкпе артериясының кеңейуі

В. өкпе суреті кедейленген

С. Жүректің сол жақ бөлімдерінің гипертрофиясы

Д. жүрек мықыны тегістелген

Е. жүрек конфигурациясы шар тәрізді


41. Ауруханаға 15жасар қыз түсті, шағымдары: шаршағыштық, жүрек қағуы, жөтел. Бала кезінен ауырады. Зерттеу кезінде: тері және шырышты қабаты қалыпты жағдайда. Жүрек көлемі оң жақ бөлімдерінің есебінен ұлғайған. Семсер тәрізді өсіндіде I тон күшейген, өкпе артериясында II тон қосарланған, II-III қабырға аралығында систолалық шу. Жүрекше аралық перде ақауы күмандануда. Қандай ем қолданасыз ?

А. оперативтік

В. антибактериалдық

С. зәр айдағыш

Д. АПФ ингибиторлары

Е. антиаритмиялық


42. Ауруханаға 15жасар қыз түсті, шағымдары: шаршағыштық, жүрек қағуы, жөтел. Бала кезінен ауырады. ЭхоКГ: оң қарыншаның қуысы кеңейген, оң қарыншаға көлеммен күш түсу, жүрекше аралық перденің атриовентрикулярлы қақпақшалар бөлігінен дистальді жерінде эхо-сигнал үзіледі, ақаудың екі қыры көрінеді. Науқаста қандай ауру болуы мүмкін?

А. жүрекше аралық перденің ақауы

В. қарыншааралық перденің ақауы

С. ашық артериальді түтік

Д. қолқа коарктациясы

Е. оң атриовентрикулярлы саңылаудың тарылуы


43. Қолқа коарктацияснда клиникалық симптоматика қолқаның тарылған жеріне байланыты болады. Осы кезде байқалады:

А. артериальді қысым қолдарда жоғарылаған

B. артериальді қысым қолдары мен аяқтарда төмендеген

C. артериальді қысым аяқтарда жоғарылаған

D. артериальді қысым қолдарда төмендеген

E. оң және сол қолдардағы артериальді қысымның асимметриялы


44. Қолқа коарктациясына тән болады:

А. артериальді қысым қолдары мен аяқтарда жоғарылаған

B. артериальді қысым аяқтарда төмендеген

C. артериальді қысым аяқтарда жоғарылаған

D. артериальді қысым қолдарда төмендеген

E. оң және сол қолдардағы артериальді қысымның асимметриялы


45. Жүрекше аралық перде ақауындағы негізгі аускультативті белгі систолалық шу, оның келесі ерекшеліктері бар:

А. төстің сол қырында II – III қабырға аралығында естіледі

Б. жүрек ұшында жақсы естіледі

В. дөрекі, сықырлы голосистолалық шу

Г. семсер тәрізді өсіндінің негізінде жақсы естіледі

Д. науқас түргеп тұрғанда жақсы естіледі


46. Жүрекше аралық пердеге тән асқынуды көрсетіңіз:

  1. өкпелік гипертензия

Б. артериальді гипертония

В. Сол қарыншаның жедел аневризмасы

D. қолқаның аневризмасы

E. миокард инфаркты


47. Қарыншааралық перде ақауына келесі белгілеер тән:

    1. пальпацияда систолалық діріл байқалады (төстің сол қырында III-IV қабырғы аралығында «мысық пырылы»)

B. семсер тәрізді өсіндінің негізінде систолалық шу

C. шудың эпицентрі төстің сол қырында Iiқабырға аралығында

D. жүрек ұшында I тон күшейген

E. систолалық діріл (төстің оң қырында II – III қабырғы аралығында «мысық пырылы»)


48. Ашық артериальді түтік ақауына келесі белгілер тән:

  1. II–III қабырға аралығында дөрекі «машиналық» систоло-диастолалық шу

  2. Жүрек қшында дөрекі систоло-диастолалық шу, көзге перифериялық пульсация көрінеді, «биші адам»

C. аяқтар мен қолдардағы артериальді қысымның асимметриясы

D. рентгенограммада қабырғалардың «өрнектелуі»

E. рентгенограммада ошақты өзгерістер
49. Ашық артериальді түтікақауының асқынуларын атаңыз:


  1. үдемелі өкпелік гипертензия

B. жүректің жедел аневризмасы

C. Мюсси синдромы

D. жүректің созылмалы аневризмасы

E. Дресслер синдромы


50. Қолқа коарктациясына тән:

  1. Мюсси симптомы

B. аяқтар мен қолдардағы артериальді қысымның асимметриясы

C. екі қолдардағы артериальді қысымның асимметриясы

D рентгенограммада шар тәрізді жүрек

E. Плеш симптомы


51. Қолқа коарктациясына келесі аускультативті белгілер тән:

  1. шу жүрек неізінде жақсы естіледі, оның punctum maximum тқстің оң қырында II- III қабырға аралығында

B. жүрек ұшында айқын систоло-диастолалық шу, өкпе артериясында II тон қатайған

C. жүрек ұшында диастолалық шу

D. «бөдене» ырғағы

Д. шабыс дүбірі


52. Қолқа коарктациясына тән белгіні көрсетіңіз:

А. рентгенограммада қабырғалар «өрнектелген»

B. екі аяқтағы АҚ асимметриясы

C. екі қолдағы АҚ асимметриясы

D. Плеш симптомы

E. Мюсси симптомы


53. Қолқа коарктациясында жиі кездесетін асқыну:

А. ауыр артериальді гипертензия

B. экссудативті перикардит

C. дилятациялық кардиомиопатия

D. миокард инфаркты

E. өкпе инфаркты


54. Қолқа коарктациясындақандай асқыну дамиды:

А. асқазан-ішектен қан кету

B. асқазанның жедел ойық жарасы

C. дилятациялық кардиомиопатия

D. экссудативті перикардит

E. инфекциялық эндокардит


55. Қолқа коарктациясына тән асқыну:

А. бүйрек амилоидозы

B. атеросклероз

C. дилятациялық кардиомиопатия

D. гипертониялық нефроангиосклероз

E. экссудативті перикардит




  1. 16 жастағы жасөспірім бас ауруына, көз алдында шіркейлерге, АҚ жоғарылағанда жүрек айнуы. Об-ті: денеснің жоғарғы бөлімі жақсы дамыған, аяқтарының бұлшықеттік массасы төмен, қолдарындағы АҚ 160/90 мм.сн.бғ, аяқтарында 90/60 мм.сн.бғ. Науқастың диагнозы қандай болуы мүмкін?

А. эссенциальді артериальді гипертония

B. қолқа коарктациясы

C. қолқа аневризмасы

D. ашық артериальді түтік

E. жүрекше аралық перде ақауы


  1. 16 жастағы жасөспірім бас ауруына, көз алдында шіркейлерге, АҚ жоғарылағанда жүрек айнуы. Об-ті: денеснің жоғарғы бөлімі жақсы дамыған, аяқтарының бұлшықеттік массасы төмен, қолдарындағы АҚ 160/90 мм.сн.бғ, аяқтарында 90/60 мм.сн.бғ. Диагноз қойуда нақты мәлімет беретін зерттеу әдісін көрсетіңіз:

А. ЭКГ

B. ангиография

C. коронаграфия

D. ЭхоКГ


E. вентрикулография


  1. 16 жастағы жасөспірім бас ауруына, көз алдында шіркейлерге, АҚ жоғарылағанда жүрек айнуы. Об-ті: денеснің жоғарғы бөлімі жақсы дамыған, аяқтарының бұлшықеттік массасы төмен, қолдарындағы АҚ 160/90 мм.сн.бғ, аяқтарында 90/60 мм.сн.бғ. Науқасты емдеу әдісін көрсетіңіз:

А. спазмолитиктер

B. оперативті

C. гипотензивті

D. зәр айдағыштар

E. ауыру сезімін басатын дәрілер
59. 17 жастағы қыз шаршағыштыққа, ентігуге, жүрек қағуына, жөтелге шағымданады. Бала кезінен ауырады. Анасында – жүректің туа пайда болған ақауы бар. Объективті қарағанда: аздаған акроцианоз. Жүрек шекаралары оңға және солға ығысқан. Төстің сол қырында III-IV қабырға аралығында айқын систоло-диастолалық шу. Науқастың диагнозы қандай болуы мүмкін?

А. қарынша аралық перде ақауы

В. жүрекше аралық перде ақауы

С. ашық артериальді түтік

Д. өкпе артериясының стенозы

Е. митральді қақпақша жетіспеушілігі


60. 17 жастағы қыз шаршағыштыққа, ентігуге, жүрек қағуына, жөтелге шағымданады. Бала кезінен ауырады. Анасында – жүректің туа пайда болған ақауы бар. Объективті қарағанда: аздаған акроцианоз. Жүрек шекаралары оңға және солға ығысқан. Төстің сол қырында III-IV қабырға аралығында айқын систоло-диастолалық шу. Диагноз қойуда нақты мәлімет беретін зерттеу әдісін көрсетіңіз.

А. ЭКГ


В. ЭхоКГ

С. коронарография

Д. агниография

Е. коронарография


61. 17 жастағы қыз шаршағыштыққа, ентігуге, жүрек қағуына, жөтелге шағымданады. Бала кезінен ауырады. Анасында – жүректің туа пайда болған ақауы бар. Объективті қарағанда: аздаған акроцианоз. Жүрек шекаралары оңға және солға ығысқан. Төстің сол қырында III-IV қабырға аралығында айқын систоло-диастолалық шу. Науқасты емдеу әдісін көрсетіңіз.

А. зәр айдағыштар

В. антибиотиктер

С. оперативтік



Д. метаболиктер

Е. спазмолитиктер

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет