Мазмұны
Кіріспе
Катализатор туралы түсінік
Катализатор
Ингивитор
Каталитикалық процесс
Ферменттер
Негізгі бөлім
Ферменттер - биологиялық катализаторлар
1.1. Ферменттер туралы түсінік
1.2. Ферменттер белсенділігін
анықтаудың жалпы әдістері
1.3. Ферменттердің активтігіне температура әсері
1.4. Ферменттердің жалпы қасиеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
Өзі реакцияға түспейтін және өнім құрамына енбейтін, бірақ
химиялық реакцияның жылдамдығын
өзгертетін затты катализатор
(өршіткі) деп атайды.
Бірқатар катализаторлар реакцияны күшті тездетеді - оң катализ
немесе жай катализ дейді. (мысалы: күкірт қышқылының алынуы,
платиналық катализатор көмегімен аммиактың азот қышқылына тотығуы
және т.б.); басқалары - реакцияны баяулатады –
бұл теріс катализ
(мысалы: шамалы күкірт қышқылының қатнасуымен сутек асқын
тотығының ыдырау жылдамдығының төмендеуі және т.б.).
Теріс катализді жиі ингибирлеу деп, ал реакция жылдамдығын
төмендететін катализаторды
ингибитор деп атайды.
Катализде автокатализ деп аталатын ерекше жағдай бар.
Оның мәні
реакция өнімдерінің бірі процесті тездестіреді.
Ферменттер (энзимдер) - биологиялық катализатор – ерекше рол
атқарады. Олардың қатысуымен өсімдік пен жануарлар организмінде
күрделі химиялық процестер жүреді. Ферменттердің әрекетін
түсіндіретін теория, субстрат молекуласымен әрекеттесетін,
олардың
молекуласында реакциялық центр (орталық) болады дегенмен тірек
жасайды.
Мұндай орталықтардың белсенділігі витаминдер мен кейбір
микроэлементтердің (Mn, Cu, Fe, Ni) қатынасуымен жоғарылайды. Барлық
ферменттер белоктық қосылыстар тобына жатады,
яғни бірімен бірі
каваленттік байланыс арқылы спираль (бұрандалы) сияқты құрылымда
байланысқан ферменттердің
ең үлкен белсенділігі
+ 37
0
С
шамасында
байқалады.
Ферметтік катализ тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолданыс тапқан
(нан пісіру, сыра қайнату, айран ұйыту т.б.).
Химиялық өндірістегі катализатордың ролі ерекше үлкен күкірт
қышқылының алынуы, аммиактың синтезі қатты көмірден сұйық отын алу,
пластмассаларды алу, өсімдік
майларын сутекпен қанықтыру
(гидрогендеу), түрлі дәрі-дәрмек пен косметикалық заттар өндіру және
көптеген т.б. салалар – бұлар катализатор қолданылатын маңызды
өндірістің бірсыпырасы ғана.