Катонқарағай ауданы бойынша 2014 жылдың 1 қаңтарына 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың жалпы саны 5858 адамды құрайды. Қазіргі заманғы қоғам құрылымында жастар ауыл тұрғындарының жалпы саныныан 20,3% құрайды. Оның ішінде 1256 (21,4%) жоғарғы сынып оқушылары, 1797 (30,7%) студенттер, 2805-і (47,9%) ауыл жастарын құрайды. Жұмысы бар жастар саны аудан бойынша 1695 (28,9%), өзінің жеке кәсібі бар жастар саны 393 (6,7%), жұмыссыз жастар саны 422 (7,2%).
2013 жылдың 1 сәуірінен бастап біздің ауданда «жастар орталығы» құрылды. «Жастар орталығымен» бір жарым жыл көлемінде қайырымдылық акциялары, тренингтер, профилактикалық іс – шаралар, кештер, конкурстар, дөңгелек үстелдер, жарыстар ұйымдастырылды.
2014 жылдың 1 жартыжылдығында жастар орталығы 40 – тан аса іс – шара өткізді: соның ішінде 7 дөңгелек үстел, 2- форум, агро – техникалық колледж студенттерінен жасақталған волонтерлық топтармен ай сайын соғыс және тыл ардагерлеріне көмек көрсетеді, 2- жастар ісі жөніндегі кеңес, аудан әкімшілігі, прокуратурасы, ішкі істер бөлімінің қатысуымен агро – техникалық колледж студенттеріне заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел, экскурсия және шығармалар сайысын ұйымдастырды, аудан жастарын қолдау мақсатында «Аяулы жас келін», «Көктем аруы», «Алтай дауысы», «Жігіт сұлтаны», «Жас отбасылар сайысы», «Папа, мама, я спортивная семья» атты конкурстар өткізілді, 1 мамыр күні – веложарыс, автошеру, 20 спорттық жарыстар өткізілді.
Ауданда жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі формада профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде аймақтық бағдарлама негізінде атқарылады. «Біз өмірді таңдаймыз» республикалық акция шеңберінде «Есірткіден қорғап қалу», «Жастар есірткіге қарсы» дөңгелек үстел өткізілді. «Жасөспірім», «Допинг», «Түңгі қала», «Денсаулық», «Нашақорлыққа жоқ деп айт» атты профилактикалық жұмыстар жыл көлемінде жүргізіледі.
Жаз айларында біздің ауданда жүзеге асырылып жатқан жобалар ретінде «Жасыл ел» және жастар кадрлық резервісі туралы айтуға болады. Мемлекет басшысының бастамасымен 2005 жылы Қазақстан Республикасында «Жасыл ел» бағдарламасы кеңінен жайылды.
«Жасыл ел» бағдарламасына ауданымыздың 3 ауылдық мекені (Үлкен Нарын, Катонқарағай және Аққайнар) қатысты. Бағдарламаға 60 студент пен оқушы қатысты. Жастар кадрлық резервісіне 7 жас маман резервке тұрды.
Тамыз айында Катонқарағай ауылдық округінде облыстық жастар саясаты мәселелерінің басқармасы мен президент әкімшілігінң және Катонқарғай жастар орталығының ұйымдастыруымен 8 күндік халықаралық «Nomad» реалити шоуы түсірілді.
Жобаға 6 мемлекеттен 6 жұп қатысты: Моңғолия, Венгрия, Корея, Түркия, Ресей және Қазақстан.
Достарыңызбен бөлісу: |