Катонқарағай ауданының 2008 жылғы iv-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтыма



Дата23.02.2016
өлшемі83.42 Kb.
#3138
Катонқарағай ауданының 2008 жылғы IV-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы анықтыма

Ауданның 2008 жылғы IV-ші тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының талдау қорытындылары, аудан экономикасының барлық саласының тұрақты өсуін көрсетті. Сонымен, мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 1198,8 млн. теңгені және егін шаруашылығы - 709,8 млн. теңге құрады.


Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеумен 109 шағын цехтар айналысады, оның ішінде: 23 наубайхана, 27 май өндіру орны, 15 диірмен, 2 пантокрин және гематоген шығаратын цех.
2008 жылдың IV-ші тоқсанында 4990,8 тонна ет, 8227,1 тонна сүт, 1,6 млн. дана жұмыртқа өндірілді.
Ауданда сиырды жасанды ұрықтандыру үшін 6 жасанды ұрықтандыру пункттері ашылды. 7 бордақылау алаңдары құрылды. Мал тұқымын асылдандырумен 6 шаруа қожалықтары шұғылданады, 4 марал шаруашылығы, 1 қой шаруашылығы, 1 жылқы шаруашылығы.
2008 жылы аудан бойынша жалпы егістік көлемі 58919,8 гектар алқапқа жүргізілді. Оның ішінде 22041 гектар дәнді дақылдар, күнбағыс 17965,4 гектар, жем – шөп дақылдарының егіс алқабы 17633,4 гектар, картоп 1089 гектар, көкөніс 139,8 гектарды құрады. Өткен жылғы құрғақшылықтың әсерінен 8116 гектар егістік шығынға ұшырады, оның ішінде 5756 гектар дәнді дақылдар, 2360 гектар күнбағыс алқаптары есептен шығарылды.
Аудан бойынша 16271 га алқаптың астығы орылып, 6241 тонна астық қамбаға түсті, орташа өнімділігі гектарынан 3,9 центнерді құрады. Картоп өнімінің жалпы жиыны 8225,3 тонна болып, орташа өнімділігі гектарынан 75,5 центнерден айналды, 3584,7 тонна көкөніс алынып, орташа өнімділігі гектарынан 254,2 центнерді құрады. Күнбағыс толығымен жиналып, жалпы жиыны 3901,2 тонна болып, орташа өнімділігі гектарынан 2,7 центнерден ғана айналды.
2008 жылы мемлекет ресурстары мен облыстық тұрақтандыру қорына жоспарланған 1740 тонна астықтың 1580 тоннасы тапсырылып, жоспар 90,8 пайызға орындалды.
Ауданда малды қыстан шығынсыз алып шығу үшін, бүгінгі күні аудан тұрғындарымен 130 мың тонна шөп дайындалды, 1,25 мың тонна пішендеме, 10 мың тонна сабан, 3 мың тонна сүрлем дайындалды.
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі мен сапасын жоғарылату мақсатында 2008 жылы 84,8 млн. теңге субсидия бөлінді және толығымен игерілді.
Өңірлік бағдарламаға сәйкес агроөнеркәсіп кешені қарқынды дамуда. 2008 жылы аудан шаруашылықтарының машина-трактор паркін жаңалу үшін лизинг арқылы 149,7 млн. теңгеге 29 бірлік әр-түрлі ауылшаруашылық техникалары сатып алынды, оның шінде: 9 трактор, 7 комбайн және 13 бірлік басқа да ауылшаруашылық техникалары сатып алынды. Шаруа қожалықтарының өз қаражаттары есебінен 56,6 млн. теңгеге 19 бірлік ауылшаруашылық техникалары сатып алынды, оның шінде: 7 трактор, 1 комбайн және 1 бірлік басқа да ауыл шаруашылық техникалары.

Өнеркәсіп

2008 жылдың IV-ші тоқсанында меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындар өндірген өнеркәсіп өнім мөлшері 95,2 млн. теңгені құрады. «ШҚ АЭК» ЖАҚ-ның бөлімшесі 15,2 млн. теңгенің өнімін өндіріп іске асырды. 1-ден - 50-ге дейін адамы бар кәсіпорындар 6,9 млн. теңгенің өнімін өндірді және қосалқы кәсіпорындармен – 73,0 млн. теңгенің өнімі өндірілді.



Автомобиль жолдары және көлік

Ауданның автокөлік жолдарының көлемі 721 км, соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар көлемі 268 км, жергілікті жол қатынастарының көлемі – 453 км, оның ішінде: 5 км – асфальтты бетонмен жабылған, 54 км – қара гравиймен жабылған, 394 км - гравиймен жабылған.


2008 жылдың IV-ші тоқсанында автомобиль жолдарын қысқы және жазғы жағдайда ұстап тұру үшін 11265 мың теңге игерілді.
Ағымдағы жылдың IV-ші тоқсанында  125,7 мың тонна көлемінде әр түрлі жүк тасымалданды, жүк айналымы 1090 мың тонна/км құрады. 8 млн. 300 мың теңге кіріс түсті.
2008 жылдың ішінде «Жаңаүлгі – Жамбыл - Берел» бағытындағы тас жолдың 11 км-не, «Солоновка - Новополяковка - Ульяновка» бағытындағы тас жолдың 16 км-не, сондай-ақ «Новохайрузовка - Парамоновка» бағытындағы тас жолдың 6 км-не 17897 мың теңге қаржы бөлініп игерілді. Республикалық трассадан Солдатова ауылына дейінгі және Көктерек ауылына кіре беріс жолдарды асфальттап жөндеу үшін 14581 мың теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ «Новохайрузовка – Шірікқайың» бағыттарындағы жолға республикалық бюджеттен 295 млн. теңге қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сметалық құны 120 млн теңгенің «Сөгір - Печи» автокөлік жолдарынның 3-27 км-не орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Республикалық бюджеттен 120 млн. теңге бөлініп, Большенарым - Күршім бағытындағы 3,6 км жолға қара жамылғы төселді. Аудан орталығында Первомай, Огнева, Пушкин, Абай көшелеріне асфальт төселді.

Тұрмыстық-коммуналдық шаруашылық

 2008 жылдың IV -ші тоқсанында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың көрсеткен қызмет көлемі 12780 мың теңгені құрады, олардың ішінде жылумен қамтудың көрсеткен қызметі 12153 мың теңге, сумен қамтудан 627 мың теңге түсті. Тұрғындарға 1105 мың теңгенің қызметі көрсетілді.


«Ауыз су» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2008 жылы Большенарым, Катонқарағай ауылдарына 52 млн. 050 мың теңге жұмсалып, 4,643 км су құбыры тартылды.
Мало-Нарым және Ново-Березовка ауылдарындағы сумен қамту желілерін қайта жаңарту үшін ЖСҚ сатып алуға жергілікті бюжеттен 3 млн. теңге бөлінді.
Облыстық бюджеттен Катонқарағай ауылындағы орталық қазандықтың жылумен қамту желілерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 20 млн. теңге бөлініп, толық игерілді.

Құрылыс

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орынды құрылыс алады. Ағымдағы жылдың IV-ші тоқсанында жалпы көлемі 2100 шаршы метр 30 тұрғын үй қолданысқа берілді. Үйлер құрылысшылардың жеке қаржы есебінен салынды. Жаңа-Үлгі ауылында орталау мектеп қолданысқа берілді. 2008 жылы Берел ауылындағы тарихи-мәдени қорықтың құрылысына республикалық бюджеттен 51,0 мың теңге бөлініп игерілді. Катонқарағай ауылында жалпы құны 1 млрд. 949 млн. теңге тұратын 75 орындық аурухананың құрылысы басталды. 2008 жылы оның 429,3 млн. теңге қаржысы игерілді. Республикалық бюджет есебінен 823 млн. теңгені құрайтын 320 орынға арналған Өрел орта мектебінің құрылысы басталды. 2008 жылы оның 199,5 млн. теңгесі игерілді. Облыстық бюджет есебінен 2 млн. теңгені құрайтын Рахман қайнары аймағын кеңейтудің бірінші кезеңдік бас жоспары түзілді. Большенарым ауылында құны 20 млн. теңгелік аудандық салық комитетінің қосымша ғимаратының құрылысы аяқталды.



Шағын кәсіпкерлік

Ауданда 2009 жылдың 1-ші қаңтарына 2157 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген, оның ішінде 111 заңды тұлға, 1436 шаруа қожалықтары, 190 патент бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер, жалпы тәртіп бойынша жұмыс істейтін кәсіпкерлер - 17, оңтайландырылған декларация бойынша жұмыс ісейтін кәсіпкерлер - 273. Шағын бизнес саласында 4337 адам қызмет істейді немесе 2007 жылдың 103,4 пайызы.


2008 жылдың IV-ші тоқсанында  шағын кәсіпкерлік субъектілерінен 19942 мың теңге салықтық төлемдер түсті.
Ауданда 246 дүкен, 3 базар, 25 дәмхана, 14 жанармай құю станциялары, 21 дәріхана, 19 қызмет көрсету орындары жұмыс істейді. 2008 жылы Катонқарағай ауылында «Тұлпар» шаруа қожалығында қымыз және минералды табиғи су құю цехы ашылды. Большенарым ауылындағы бұрынғы бала бақша ғимараты сенімді басқаруға беріліп, жиһаздар және пластикалық әйнектер шығаратын цех ашылды. Өрел ауылында тәулігіне 300 бөлке нан шығаратын наубайхана, Берель, Өрел, Жамбыл ауылдарында ағаш өңдейтін цехтар іске қосылды. Белқарағай ауылында «Екі Дос» ЖШС шлакоблок шығаратын цех ашты. Аудан аймағында 9 пантымен емдеу-сауықтыру демалу орындары жұмыс істеп тұр. Катонқарағай ауылында «Ақпараттық және кеңес беру» маркетингтік орталығы ашылып, кәсіпкерлерге қызмет көрсетуде.
Ауданда туризмді өркендетуге және оның белсенділігін арттыруға барлық жағдайлар жасалынуда. Катонқарағай ауылында 20 орындық «Аққайың» емдеу-сауықтыру туристік кешені ашылып, мұнда демалушылар үшін пантымен, терапия, массаж арқылы емдеу, фитоемдеу, салт атпен серуендету, балық аулау, спортпен айналысу сияқты шаралар қарастырылған. Ақмарал ауылының маңынан бір кезеңде 150 адам қабылдайтын «Катонқарағай» сауықтыру-туристік кешенінің құрылысы жүргізілуде.
«Екі Дос» ЖШС Топқайың ауылының жанында 20 үйден тұратын 150 орындық сауықтыру-туристік кешенін және Белқарағай ауылында еуростандартқа сай жиһаз шығаратын фабриканы іске қоспақшы, оларға 125 адам жұмысқа қабылданбақ.
«Агро-Нарын» ЖШС, өнімділігі жылына 3 млн. кірпіш шығаратын кірпіш зауытын сатып әкеліп аудан орталығына орнатуда, ол ағымдағы жылы іске қосылып, оған 35 адам жұмысқа қабылданатын болады.

Еңбек нарығы

Өткен жылғы 165 адам жұмыссыз деп ресми түрде тіркелді, 2007 жылмен салыстырғанда 18,3 пайызға қысқарды. 2008 жылдың IV-ші тоқсанында 57 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, 263 жаңа жұмыс орындары құрылды. Қоғамдық жұмыстарға 33 жұмыссыз тартылды.



Әлеуметтік қорғау

Аз қамтыған адамдарға қолдау көсетудің нәтижелі түрлерінің бірі – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету ауданда табысты іске асуда.


2008 жылы 1859 адамға 37048 мың теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 2450 балаға 25930 мың теңге мөлшерінде балаларға арналған жәрдемақы, 485 отбасына 5500 мың теңге мөлшерінде тұрғын үй көмегі төленді. Мүгедектерді оңалтудың өңірлік бағдарламасына орай 40 мүгедек балаға 3456,9 мың теңге мөлшерінде материалдық көмектер көрсетілді.
2008 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұратын адамдардың саны аудан бойынша 2135 адамды құрады, немесе 2007 жылмен салыстырғанда 186 адамға азайды.

Бюджеттің орындалуы

Ағымдағы жылдың IV-ші тоқсанында бюджеттің кіріс бөлігі 101 % орындалды. Аудан бюджетіне жоспардағы 388005 мың теңгенің орнына, 391405 мың теңге түсті, оның ішінде жеке кіріс бойынша болжамдағы 73050 мың теңгенің орнына 76450 мың теңге түсті, 105 пайызға орындалды.


2008 жылғы аудан бюджетінің шығыс бөлігі 1624,7 млн. теңгеге орындалып, қаржыландырудың жиынтық жоспарының 99,9 пайызын құрады.             
Ауданда орташа айлық еңбекақы төлемі 31613 теңгеге жетті немесе 2007 жылмен салыстырғанда 112 пайызы. Осы кезең ішінде еңбекақы төлеу қоры 10,8 пайызға өсті.

Білім беру

2009 жылғы 1-ші қаңтарына ауданда 54 жалпы білім беретін мектепте 5982 оқушы оқиды, оның  29 - орта, 18 - орталау, 7 - бастауыш мектептер. Мектеп жанынан ашылған 3 интернат жұмыс істейді. Олар: Катонқарағай ауылындағы Ленин атындағы орта мектеп жанындағы 60 орындық, Жамбыл орта мектебінің жанындағы 40 орындық және Ақсу орта мектебінің жанындағы 20 орындық интернаттар.


Ауданда қазіргі уақытта 4 мектеп жасына дейінгі мекеме жұмыс істейді, оларда 9 топта 213 бала тәрбиеленуде. Малонарым ауылындағы 2009 жылы ашылатын балалар бақшасының ғимаратының төбесін жабуға қаражат бөлініп шатырланды.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау үшін психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істейді.
Барлық мектептер компьютерлендірілген, 65 компьютер сыныбы және 14 мультимедия кабинеті жұмыс істейді. Мектептердегі барлық компьютерлердің саны - 760 данаға жетті.
Аудан мұғалімдері жүйелі түрде өздерінің кәсіптік деңгейін көтеріп отырады, білім берудің сапасы артуда. Бұл өзінің оңды нәтижелерін көрсетіп, Бірыңғай Ұлттық тестілеудің нәтижесі бойынша ауданымыз облыс бойынша бірінші орынды иеленді. Аудан бойынша орташа көрсеткіш 78,6 балды құрады. 477 мектеп түлектерінің 316-сы жоғары оқу орындарына, 96 оқушы колледждерге түсті, 283 оқушы грант иегерлері атанды.
Жыл сайын білім беру саласын дамытуға қыруар қаржы жұмсалуда, өткен жылы білім беру саласына аудан бюджетінен 1 млрд. 107 млн. 467 мың теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 61542 мың теңге, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге 20452 мың теңге жұмсалды. Білім беру ғимараттарын күрделі жөндеу арқылы қалпына келтіруге төтенше жағдайлар қорынан 11943 мың теңге бөлінді. Бұл қаржыларға 8 мектептің шатырына күрделі жөндеу жүргізілді, 5 мектептің шатырларына күрделі жөндеу үшін жобалық сметалық құжаттар жасалынды. Аудан бюджетінен бөлінген қаржыға 4 мектеп, республикалық трансферт арқылы бөлінген қаржыға 9 мектеп мультимедиялық, физика және химия кабинеттерімен жабдықталды. Оқулықтар сатып алып, жеткізу үшін 17600 мың теңге қаржы бөлініп игерілді. Большенарым, Катонқарағай және Бесүй ауылдарының оқушыларын тасымалдау үшін 3 автобус алынып, қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, 10 мектеп электрмен жылыту жүйесіне көшірілді.
Аудандағы 54 мектептің 38-де ыстық тамақ ұйымдастырылып, 5580 оқушы қамтылды. Жергілікті бюджеттен ыстық тамақты ұйымдастыру үшін 6 млн. 087 мың теңге бөлінді.
Жазғы демалыста «Лотошное» демалу-сауықтыру лагерінде 195 бала кезекпен дем алды.

Денсаулық сақтау

Ауылдық денсаулық сақтау саласына белгілі бір мақсатқа бөлінетін қаражат көлемінің артқанын байқауға болады. Дәрігерлік мекемелерге 2 жедел-жәрдем автокөлігі бөлініп, 7 дана ЭКГ аппараттарын сатып алуға 2523 мың теңгенің қаржысы жұмсалды.


Стационарларда тегін медициналық көмектің кепілді мөлшері көлемінде 5 мың 155 адам емделді. Аурулардың алдын алу мақсатында жүргізілетін тексерулер кезінде 8 мың 588 балалар мен жасөспірімдер қаралды, 34 млн. 900 жүз мың теңгеге дәрі-дәрмектер сатып алынды. Тегін медициналық көмектің көлемі 330 млн. 800 жүз мың теңгені құрады.

 2008 жылдың IV-ші тоқсанында 128 бала дүниеге келді. 125 адам қайтыс болды, 2007 жылы 131 адам қайтыс болған.



Мәдениет

2008 жылы мәдениет мекемесінің бюджеті 36,4 млн. теңгені құрады.


Ауылдарды мәдениет мекемелерімен қамтамасыз ету бойынша 7 клуб иелерімен меморандумдар жасалып, аталған нысандар тегін коммуналдық меншікке қайтарылды, сонымен қатар 800 мың теңгеге Өрел ауылына клуб ғимараты сатып алынды.

Құқықтық тәртіп

Аудан аумағында қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында оперативті мақсатта «Құқық қорғау», «Допинг», «Қару», «Жасөспірім», «Мигрант», «Бақылау» және тағы басқадай алдын алу іс-шаралары өткізілді.


Сонымен қатар, 2008 жылдың IV-ші тоқсанындағы талдау мынаны көрсетті, тіркелген қылмыстық істер, 42-ден 53-ке дейін өсті немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11 қылмысқа көбейді. 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы М. Нұрғалиев

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет