Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы «28» сәуірдегі № 495
бұйрығына 1-қосымша
«Туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм
обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар туралы туристік ақпарат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні;
2) рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;
3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз жүзінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.
7. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Өініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусіз кезек тәртiбiмен көрсетіледі.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес өтінішпен жүгінеді.
10. Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беруден мынадай:
- осы стандартта ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының өтінішінің мәліметіне сәйкес болмаған жағдайларда бас тартылады.
11. Өтінішті қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, қабылдау күні көрсетілген талонды беру өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.
3. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық
мемлекеттік органдардың, көрсетiлетiн қызметті берушiнiң және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарытының 14-тармағында көсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Шағым пошта арқылы жазбаша нысанда не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, шағымды тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағым жасай алады.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмысы күні ішінде қаралуға жатады.
13. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген
өзге де талаптар
14. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының арнайы интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің мәртебесі мен тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 44 39, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
«Туристік ақпарат, оның ішінде
туристік әлеует, туризм обьектілері
және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша
Заңды тұлғаның және (немесе) дара кәсіпкердің толық тегі,
аты, әкесінің аты өтініші
______________________________________________________________
______________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы және (немесе) дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты)
Сізден туристік ақпарат, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы туристік ақпарат беруді сұраймын.
Электронная поштасы ___________________________________________
Телефондары __________________________________________________
Факс _________________________________________________________
Банктік шоты __________________________________________________
(шот нөмірі, банктің атауы және мекенжайы)
Қызметті жүзеге асыру мекенжай(лар)ы ___________________________
(пошталық индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық мекеменің) нөмірі
____________ парақта қоса беріліп отыр.
Осы арқылы:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатыны;
қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сай келетіні және жарамды болып табылатыны расталады.
Басшы _________ ________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны
Толтырылған күні: 20 __ жылғы «___» _________
Достарыңызбен бөлісу: |